- •1. Қозғыш тіндер физиологиясы. І. Тақырып: Қозғыштық. Қозғыштықтың көрсеткіштері. Қозғыш тіндердің биоэлектрлік құбылыстары
- •Студент білуі қажет :
- •Студент орындауы қажет :
- •V. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •Vі. Ақпараттық дидактикалық жиынтық.
- •4.1. Гальванидың бірінші тәжірибесі.
- •4.2. Гальванидың екінші тәжірибесі (металсыз жиырылу).
- •І. Тақырып: Бұлшық еттің физиологиялық қасиеттері. Еттің жиырылу түрлері
- •- Жұмыс. Ауыз қуысындағы микротоқты зерттеу және
- •Vіі. Сабақтың мазмұны.
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •Vі. Ақпараттық дидактикалық жиынтық. Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.
- •Vіі. Сабақтың мазмұны.
- •I.Тақырып: Қозудың жүйке талшығы бойымен өту заңдары. Парабиоз. Синапстардың физиологиялық қасиеттері
- •Студент білуі қажет :
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтары:
- •Vі. Ақпараттық дидактикалық жиынтық.
- •Vіі. Сабақтың мазмұны.
- •Қозғыш тіндер физиологиясы бойыншы тест сұрақтары
Vі. Ақпараттық дидактикалық жиынтық.
Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.
1 - жұмыс. Жүйке талшығы бойымен қозудың жеке өтуі
Әрбір жүйке талшығы қозуды қатар жатқан жүйке талшығына өткізбей өз бойымен жеке өткізеді. Себебі, жасуша аралық саңылаудағы сұйықтықтың кедергісі жүйке талшығы мембранасына қарағанда төмен.
Жұмысты орындау. Қимылсызданған бақаның кеуде омыртқасының төменгі аймағынан көлденең кесіп, оны ішкі мүшелермен бірге алып тастайды да, артқы аяқтары терісін сыдырып алады. Дайын болған препаратты жұлыннан шыққан жүйке бағаны көрінетіндей етіп, операция столына орналастырады (13-сурет). Шонданай жүйке талшықтары астына жеке-жеке жіп өткізіп, оны байламай бос күйінде қалдырады. Сонан соң әрбір жіпті бөлек тартып жүйке талшығын көтереді де, оны кезек-кезек әлсіз тоқпен тітіркендіреді. Қозу бір жүйке талшығынан басқа жүйке талшығына тарамай белгілі бір бұлшық ет топтарын жиырылтады.
13 - сурет. Қозудың жүйке талшығы бойымен жеке өтуі
2 - жұмыс. Жүйке талшықтарының қажымауы
Жүйке талшықтарына қажымау қабілеті тән. Себебі, жүйкеде зат алмасу қарқыны өте төмен және қайта синтездеу (ресинтез) өте жоғары деңгейде жүреді. Сонымен қатар қуатты өте аз пайдаланады.
Жұмысты орындау. Даярланған жүйке-ет препараттын миографқа бекітіп (немесе операциялық тақтайша), жүйкеге жалғасқан омыртқа бөлігін тығын үстіне орналастырады. Қозу табалдырығын тауып, тоқ күшін жоғарлатады. Электрод пен бұлшық ет арасындағы жүйке талшығына мұз қояды. 2-3 минуттан кейін салқындатылған аймақта (мұз қойған жерде) жүйке талшығының физиологиялық тұтастығы бұзылады, яғни "суық блок" пайда болады. Жүйкені жиілігі 1 Гц-ке тең тоқ күшімен 8-10 минут бойы үздіксіз тітіркендіреді. Сонан кейін мұзды алып тастайды, бірақ электродтарға тимей жүйкеде қалдырады. Біраз уақыттан кейін бұлшық ет қайтадан жиырыла бастайды. Бұл жүйке талшығының қажымайтындығын көрсетеді.
3 - жұмыс. Парабиоз
Егер жүйкеге қандайда бір химиялық тітіркендіргіш (эфир, хлороформ, кокаин, кейбір тұз ерітінділері және т.б.) ұзақ әсер етсе, онда оның лабилдігі төмендейді. Яғни жүйкенің тітіркендіру аймағында әрекеттік қозғалғыштығы төмендеп, "парабиоз" құбылысы туады. Бұл қозғыш ұлпаның өмір мен өлім арасындағы (немесе шалажансар) жағдайы. Парабиоз құбылысын Н.Е. Введенский зерттеп, тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Парабиоз құбылысының дамуы бірнеше кезеңімен сипатталады. Бұл тітіркендіру жиілігі мен күші және оған беретін жауап реакциясы арасындағы қалыпты жағдайының өзгерісі (14-сурет).
Қалыпты
жағдай
14 - сурет. Парабиоз кезеңдері
Бірінші – теңестіру кезеңі. Бұл кезеңде тітіркендіргіштің төменгі, орташа және жоғары жиілігі мен күшіне бұлшықет бірдей жиырылып жауап береді.
Екінші – парадоксалды кезеңі. Бұл кезең - жүйкеге әлсіз тітіркендіргіш әсер етсе бұлшықет жоғары, ал күшті тітіркендіргішке төмен жиырылып жауап береуімен сипатталады.
Үшінші – тежелу кезеңі. Бұл кезеңде бұлшықет ешқандай тітіркендіргіш күшіне жауап қайтармайды.
Қазақ ғалымы Атшабаров Б.А. және оның шәкірттері жүйке талшығындағы парабиоз үрдісінің даму себебі мен механизмін зерттеді. Олар, парабиоз жағдайында Nа-насосының қызметі тікелей бұзылмайтынын, бірақ энергия (АҮФ – мөлшерінің) тапшылығынан жүйке талшығы қызметінің тежелетінін анықтады. Сонымен қатар АҮФ жүйке талшығының қозғыштық және өткізгіштік қызметін қайта қалпына келтіріп, парабиоз үрдісінің дамуына жол бермейтінін тәжірибе жүзінде дәлелдеді.
Сондықтан толық парабиоз кезінде, әсер еткен жерде жергілікті және тарамайтын ерекше қозу жағдайы (немесе стационарлық қозу) пайда болады.
Жұмысты орындау. Жүйке-бұлшық ет препаратын даярлап, оны миографқа бекітеді. Жүйкені стимуляторға қосылған электродпен тітіркендіріп, қозу табалдырығын анықтайды. Сонан кейін жүйкеге ырғақты тоқтың үдемелі жиілігімен әсер ете отырып, айналып тұрған кимограф барабанына бұлшық еттің биіктігі әр түрлі үш сіреспе жиырылуын жазып алады. Бұлшық еттің сіреспе жиырылуының биіктігі тітіркендіру жиілігіне тікелей тәуелділігі, яғни "күш заңы" байқалады. Содан кейін электрод пен бұлшық ет арасындағы жүйкенің үстіне кокаин, эзерин немесе КСІ ерітіндісімен дымқылданған мақтаны қояды. Жүйкені қайтадан тоқтың сол жиілік тітіркендіргішімен әсер етсе, парабиоздың әрбір кезеңдерінің дамуы байқалады. Толық парабиоз кезеңі пайда болысымен жүйкеден дымқылданған мақтаны алып тастап, оны физиологиялық ерітіндімен шаяды. Жүйкені жиілігі әр түрлі тоқпен тітіркендірсе, парабиоз кезеңдерінің кері дамуы байқалады. Яғни жүйке қозғыштығы қалыпты жағдайға келеді.
4 - жұмыс. Қозудың жүйке талшығы бойымен екі бағытта таралуы
Жекеленген жүйке талшығына тітіркендіргішпен әсер еткенде пайда болатын қозу әсері екі бағытта таралады. Бұл өзгерісті байқау үшін тәжірибені жүйке-бұлшықет препаратын жасайды.
Жұмысты орындау. Бақаның артқы аяқтарынан жүйке-ет препараттарын дайындайды. Сан еттерін ығыстырып арасынан шонданай жүйкесін табады. Жүйкені ажыратып босатқаннан кейін, ортан жілік пен оның бұлшық еттері кесіледі. Бірақ сан мен балтыр еттері байланысын қамтамасыз ететін жүйке талшықтары сақталады. Сонда сан мен балтыр еттері бір бірімен тек шонданай жүйкесінің талшықтарымен ғана байланысады (14-сурет). Препаратты шыны пластинкаға орналастырып, жүйкені стимулятормен қосылған электродпен тітіркендіргенде, сан мен балтыр еттерінің бір уақытта жиырылуы байқалады.
14 - сурет. Қозудың жүйке бойымен екі бағытта таралу тәжірибесінің схемасы
5 - жұмыс. Жүйкенің тұтастығы туралы заң
Қозудың жүйке талшықтарының бойымен таралуы оның анатомиялық және физиологиялық тұтастығына байланысты. Егер жүйке талшықтары созылса (қысылса), салқындатылса немесе дәрі-дәрімектер әсер етсе, оның физиологиялық тұтастығы мен өткізгіштік қасиеті жойылады.
Жұмысты орындау. Жүйке-бұлшық ет препаратын даярлағаннан кейін, жүйкені стимуляторға қосылған электродпен тітіркендіргенде балтыр етінің жиырылуы байқалады. Сонан кейін, жүйкенің үстіне 2%-тік новокаин ерітіндісімен дымқылданған мақтаны 5 минутке қояды. Осындай әсерден кейін препаратты қайтадан тітіркендіргенде, бұлшық еттің жиырылуы байқалмайды. Егер жүйкенің үстіндегі мақтаны алып тастап, оны Рингер ерітіндісімен шайып, 5 минуттан кейін тоқпен тітіркендірсе, бұлшық еттің жиырылуы қайтадан көрінеді.
6 - жұмыс. Жүйке-бұлшық ет түйіспесіндегі қозу өтуінің бұзылуы
Жүйке-бұлшық ет түйіспесі химиялық заттарға, оның ішінде миорелаксанттарға (кураре, листенон және т.б.) өте сезімтал болады. Бұл заттардың әсерінен қозу жүйкеден етке өтпейді, яғни бұлшық етті жанама тітіркендіргенде ол жиырылмайды, бірақ тікелей тітіркендіруге жауап қайтарады.
Жұмысты орындау. Қимылсыздандырылған бақаны тақтайшаға жатқызады. Артқы аяқтарының терісін ұзына бойы кесіп, сан еттерінің арасынан шонданай жүйкесін тауып (қан тамырларын зақымдамай) оны жіпке іліп алады. Сонан кейін, бір аяғындағы қан айналысын тоқтату үшін, жіппен сан еттерін қысып байлайды (жүйкені байламай жіптің үстіне қалдырады). Бақаның лимфалық қапшығына 1,0-1,5 мл листенон ерітіндісі егіледі де, 10-20 минут өткеннен кейін шонданай жүйкелерін кезекпен ырғақты тоқпен тітіркендіріп, сан мен балтыр бұлшық еттерінің жиырылуының өзгерістерін бақылайды. Сонан кейін электродпен бақаның екі аяқтарының балтыр еттерін кезекпен тікелей тітіркендіріп, олардың жиырылуын байқау керек.
Тәжірибені болғаннан соң, байқалған өзгерістерді талдап, қорытынды жасалады.
