- •5. Жүрек физиологиясы
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің зерттеу әдістері. Жүректің жиырылу циклы
- •IV. Сабақтың мақсаты. Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Клиникалық әдістер
- •Негізгі функциялық көрсеткіштерінің қалыпты мөлшерлері:
- •Балалардағы экг-ның ерекшеліктері:
- •Балалардың экг-сын жазу әдісінің ерекшеліктері
- •6 Жұмыс. Эхокардиография
- •Жүрек құрылымдарының эхолокациясы
- •Жүрек қызметінің физиологиялық зерттеу әдістері
- •VII. Сабақтың мазмұны.
- •1. Бақа кардиограммасын тіркеу.
- •I.Тақырып: Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
- •II.Оқу сағаты: жоспар бойынша
- •IV. Сабақтың мақсаты: Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Станниус тәжірибесі
- •Экстрасистола
- •VI. Сабақтың мазмұны.
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің жүйкелік-рефлекстік және гуморальдық реттелуі.
- •IV. Сабақтың мақсаты: Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Vі. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Гольц рефлексі
- •Кезеген жүйкенің бақа жүрегіне әсері
- •Viі. Сабақтың мазмұны.
- •Жүрек физиологиясына арналған тест сұрақтары
I.Тақырып: Жүрек қызметінің жүйкелік-рефлекстік және гуморальдық реттелуі.
II. Оқу сағаты:жоспар бойынша.
III. Тақырыптың маңыздылығы: Жүрек жұмысының қалыпты қызмет істеуі оның көп деңгейлі реттелу механизмдеріне байланысты. Реттелудің бір ғана буындарының (звеносының) бұзылуы патологияға келтіреді. Реттелу принциптерін білу болашақ дәрігерлердің жүрек ауруларын дұрыс емдеу мен түсінуге мүмкіндік береді.
Студенттерде жүрек жұмысының жүйкелік-гуморальдық реттеуінің бірлігі туралы көзқарас туындайды.
Педиатрия факультеті студенттері сонымен бірге кезеген жүйке тонусының онтогенездегі қалыптасуына назар аударулары керек.
Стоматология факультетінің студенттері мен дәрігерлері үшін тіс емдеу жағдайында жүрек қызметінде болатын өзгерістерді білу қажет.
Санитариялық-гигиеналық факультеттің студенттері салауатты өмір сүруде жүрек қызметі реттелуінің бұзылуын алдын алудағы маңызын ескеруі керек.
Фармацевтикалық факультетінің студенттері кейбір активті заттар мен дәрі-дәрмектердің жүрек қызметінің реттеуіндегі ролін ерекше білулері керек.
IV. Сабақтың мақсаты: Студент білуі қажет:
Жүрек қызметінің реттеу механизмдері (ішкі және сыртқы);
Жүрек қызметіне кезеген және симпатикалық жүйкелердің әсері;
И.П.Павлов бойынша жүректің орталықтан тепкіш жүйкелері;
Кезеген жүйке орталығының тонусы оны сақтап тұратын факторлары;
Данини-Ашнер және Гольц рефлекстерінің доғалары;
Жүрек қызметінің гуморальдық реттелуі (тікелей және орталықтан әсері) .
Студент орындауы қажет:
Данини-Ашнер және Гольц тәжірибелерін орындау;
Бақаның вагосимпатикалық жүйкесін тауып және оның электрлік тітіркендірудегі жүрек қызметінің өзгерістерін байқау;
Штраубе әдісімен бақа жүрегін оқшаулап электролиттердің, гормондардың және медиаторлардың әсерін анықтау.
V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
Жүрек қызметінің реттелу механизмдері (жасуша ішілік, интракардиалдық, экстракардиалдық).
Кезеген (парасимпатикалық) және симпатикалық жүйкелердің жүрек қызметіне әсері.
И.П.Павлов бойынша жүректің орталықтан тепкіш жүйкелері.
Кезеген жүйке орталығының тонусы және оған әсер ететін факторлар.
Жүрек қызметінің рефлекстік реттелуі (Данини-Ашнер және Гольц рефлекстері).
Жүрек қызметінің гуморальдық реттелуі (Штраубе тәжірибесі). Гуморальдық факторлардың тікелей және орталық әсері.
Жүрек қызметінің жүйкелік және гуморальдық реттелуінің тұтастығы (О.Леви тәжірибесі).
Vі. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
Зертханалық жұмыстардың өткізу әдістері мен аннотациясы
Жүрек қызметі жүйкелік, гуморальдық және рефлекстік түрде реттеледі. Жүрек қызметінің реттелуінің түрлері мен механизмдері өзара бірлесіп, үйлесіп өтеді
1- жұмыс. Данини-Ашнер рефлексі
Вегетативтік
жүйке орталығының күш-қуатының (тонусының)
өзгеруі әртүрлі жағдайға, сонымен қатар
рефлекторлық әсерге де байланысты
болады. Сондықтан өзіне келетін жүйке
импульстерінің түріне байланысты жүрек
өз қызметін тез, анық реттейді . Кезеген
жүйке орталығының тонусына рефлекторлық
әсерін Данини-Ашнер тәжірибесі
дәлелдейді. Бұл жұмысты екі адам бірігіп
жасайды.
Жұмысты орындау: Зерттелуші адамның білезігінің тұсындағы артерия тамырын ұстап 1 минуттағы қалыпты пульс жиілігін санап алады. Содан кейін зерттеуші зерттелуші адамның жұмылған көздерін бармақтарымен 5-8 сек. ауыртпай басыңқырап тұрады да, тез босатып қайтадан тамырдың соғуын санайды. Алынған санды қалыпты жағдайдағымен салыстырады. Көзді басқаннан кейін пульстің жиілігі (10-20-ге) азаяды. Осы рефлекстің рефлекстік доғасы: көзді қозғалтатын жүйкенің сезгіш талшықтары, ортаңғы және сопақша ми, кезеген жүйке, жүрек арқылы өтеді. Кезеген жүйкенің әсерінен жүрек жұмысы тежеледі.
2 -жұмыс.
