Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6. кАН ТАМЫРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
994 Кб
Скачать
☆

Гемодинамика көрсеткіштерінің жас ерекшеліктері:

    1. Бала тамырының соғуының (пульсінің) жиілігі

Баланың жасы

Минутына тамыр соғуы /пульс/

Туған бойда

1 жасар нәрестеде

3 жасар сәбиде

5 жасар балада

8 жасар балада

10 жасар балада

12 жасар жеткіншекте

120-140

120

105

100

90

85

80

2) Баланың артериялық қан қысымы /АҚҚ/

Баланың жасы ұлғайған сайын көбінесе систолалық /ең жоғарғы/ қысым арта түседі. Диастолалық /ең төменгі/ қысымда тек көбею тенденциясы байқалады.

Қан қысымы алғашқы рет 2 – 3 жастағы балада сонан соң жынысы жетілуге жақын /препуберттық / және жынысы жетілген /пубертаттық/ балаларда яғни осы аталған кезеңдерде өсу тез көбейеді. Балада АҚ- ның аз болуы қан ағысының систолалық көлемінің аз болуымен, қан тамырларының кенересінің қан ағысына кедергі жасай алмауына байланысты. Артериялық қан қысымының көлемі баланың өсіп, ер жетуіне қарай өзгеріп отырады. 1 жастан асқан ер баланың АҚҚ-н мына формула бойынша анықтауға болады:

СҚ=(90± 15) +2п мм-сынап бағанасымен

ДҚ= (60± 15)+ 2п мм-сынап бағанасымен

Мұнда /п/-баланың жасы.

VII. Сабақтың мазмұны:

Студенттердің өздері орындайтын жұмыстар

  1. Пульсті пальпация әдісімен зерттеу .

  2. Пульсті пульсотахметр әдісімен зерттеу.

  3. Бақаның жүзу жарғағындағы қан айналысын микроскоппен бақылау.

Оқытушының қатысуымен бірлесіп жұмыс жасау:

1. Капилляроскопия

Студенттердің бастапқы және қорытынды білімдерінің деңгейін тексеру(мәселелік тапсырмалар және тест сұрақтары).

Тамырлар физиологиясына арналған мәселелік тапсырмалар.

1. Иттің ұйқы артериясындағы қысымды әдейі сынап бағанасымен 190 мм дейін арттырғанда жануардың жүрегінің жұмысы қалай өзгереді? Неліктен?

2. Иттің ұйқы артериясындағы қысым сынап бағанасымен 15 мм төмендеді. Жүрек жұмысында қандай өзгерістер болады? Неге?

3. Систолалық қысым 100 мм с. б. тең, диастолалық қысым 80-мм с.б. тең.Пульстік қысым неге тең? Ол нені көрсетеді?

4. Қан ағуының систолалық көлемі 60 мл тең. Жүрек жиырылу жиілігі минутына 70-ке тең болғанда минуттық қан көлемі неге тең болады?

5. Егер систолалық қысым 120 мм с.б. тең болса, диастолалық 70 мм с.б. тең болса, орта динамикалық қысым неге тең болады?

6. Минуттық қан көлемі 5 л тең, ал дене беті 2,5 м² тең болғанда, жүрек индексі неге тең болады?

7. Төменде көрсетілген заттар тамырлар тонусын өзгерте алады. Қандай заттар вазодилататорға және вазоконстрикторларға жатады; адреналин, ацетилхолин,ренин,вазопрессин,гистамин,норадреналин,брадикинин,

медуллин,серотонин,сүт қышқылы.

8. Қыша қағаз қойған жерде гиперемия(тері қызарады) байқалады. Неліктен?

9. Сол қарынша жиырылғанда қолқаға 60мл қан айдалынады, ал оң қарынша жиырылғанда өкпе бағанасына қанша қан айдалынады?

Тамырлар физиологиясы тақырыбына арналған тесттер

1. Көлемдік тамырларға жатады:

1. Қолқа

2. Ірі артериялар

3. Капиллярлар

4. Веналар

5. Артериолалар

2. Капиллярлардағы қан ағуының сызықтық жылдамдығы тең:

1. 50 мм/сек

2. 25 мм/сек

3. 0.5 мм/сек

4. 0.05 мм/сек

3. Қан айналымының толық мерзімі тең:

1. 1.5 - 2мин

2. 40 – 45 сек

3. 20 – 23 сек

4. 30 – 35 сек

4. Үлкен қан айналым шеңберіндегі капиллярлардағы қысым тең:

1. 70 – 80 мм. с.б.

2. 3 – 5 мм. с.б.

3. 15 – 30 мм. с.б.

4. 6 – 8 мм. с.б

5. Заттар және олардың қан тамырларға әсер ету арасындағы сәйкестікті табыңыз:

1.Адреналин А. Кеңеюі.

2. Вистамин Б. Тарылуы.

3. Вазопрессин

4. Брадикинин

6. Негізгі тамыр қозғалтқыш орталығының орналасуы:

1. Жұлында

2. Варолий көпірінде

3. Сопақша мида

4. Мишықта

5. Таламуста

7. Қан тамырларының саңылауына әсер ететін гипофиздің гормоны:

1. Норадреналин

2. Гистамин

3. Брадикинин

4. Окситоцин

5. Вазопрессин

6. Альдостерон

8. Микроциркуляцияның негізгі звеносы:

1. Венула

2. Артериола

3. Майда артерия

4. Капилляр

5. Вена

9. Гистамин қан тамырлар саңылауын:

1. Өзгертпейді

2. Тарылтады

3. Кеңейтеді

4. Алдымен кеңейтеді, кейіннен тарылтады

10. Сфигмограмма тістері мен олардың пайда болу себептері арасындағы сәйкестікті табыңыз:

1. Анакрота

2. Катакорта

3. Дикроттық тіс

А. Айшық қолқа қақпақшасының қайта қалпына келіп қанды қолқаға итеруі

Б. Систола кезінде қысымның жоғарылауы

В. Диастола кезінде қысымның төмендеуі

11. Жүйке аталуы мен олардың тамырларға әсерінің арасындағы сәйкестікті табыңыз:

1. N.pelvicus А. Кеңеюі.

2. N.lingualis Б. Тарылуы.

3. N.sympaticus

4. N.thympani

12. Пульс қисық сызығының аталуы мен олардың тістерінің арасындағы

сәйкестікті табыңыз:

А. Сфикмограмма

В. Флебограмма

1. Волюмдық

2. Дикроттық

3. Анакроттық

4. Каротидтік

13. Қоян құлағының симпатикалық жүйкесін тітіркендірсе:

1. Құлақ бозарады

2. Құлақ қызарады

3. Құлақ температурасы көтеріледі

4. Құлақ температурасы төмендейді

14. Қоян құлағының симпатикалық жүйкесін кессе:

1. Құлақ тамырлары кеңейеді

2. Құлақ тамырлары тарылады

3. Құлақ температурасы көтеріледі

4. Құлақ температурасы төмендейді