- •Мазмұны
- •1 Курстық жұмысты орындауға арналған тапсырма
- •1. №1 Тапсырма
- •2. №2 ,№3 Тапсырма
- •1. Есептеу
- •1.1. Техникалық тапсырма:
- •1.2 Аралықтың ұзындық бойынша профилін құру
- •3.3. Антеннаны ілу биіктігінің ең тиімді таңдауы
- •1.6. Радиотолқындардың субрефракциясы үшін байланыс нашарлауының уақытын есептеу
- •1.9. Көпсәулелі тарату себебінен байланыс бұзылуының уақыт нормаларын тексеру
- •3. Жерсеріктік жүйедегі электромагниттік сыйымдылықты есептеу
- •Әдебиеттер тізімі
2. №2 ,№3 Тапсырма
1 Кесте Тапсырма нұсқалары
|
|
Сынақ кітапшасының соңғы саны |
||||
0,6 |
1,7 |
2,3 |
4,8 |
5,9 |
||
Сынақ кітапша-ның соңғы Санының алдыңғы саны |
0,5 |
A→B |
A→C |
A→D |
B→E |
B→C |
1,6 |
B→D |
C→B |
D→B |
C→A |
C→D |
|
2,7 |
D→C |
D→A |
A→B |
A→C |
A→D |
|
3,8 |
B→A |
B→E |
C→E |
D→E |
D→E |
|
4,9 |
B→D |
C→D |
C→A |
D→C |
B→E |
|
Жер және ғарыш станцияларының техникалық параметрлері (Б қосымшасы)
1. Есептеу
1.1. Техникалық тапсырма:
13 ГГц диапазонында жұмыс істейтін NERA аппаратурасындағы аралық ұзындығы R0=30 км болатын байланыс тұрақтылығын анықтау.
1.2 Аралықтың ұзындық бойынша профилін құру
Аралықтың ұзындық бойынша профилі екі көршілес радиорелейлі станцияларды қосатын линия бойынша жердің белгілі бір масштабта вертикальды қиығы болып табылады. Радиорелейлі линиялардың аралықтардың ұзындық бойынша профилдері толық және көрнекті түрде байланыстың әрбір аралығында жердің релефін сипаттайды және негізгі жұмыс құжаттары болып табылады.
Ұзындық бойынша профилдердің құрылуы горизонталь және вертикал бойынша әртүрлі масштабтарды қолданатын тікбұрышты координат жүйесінде жүзеге асады. Жер бетіндегі бөгеттердің биіктігі метрмен, ал олардың радиорелейлі станциялардың арасы –километрлермен өлшенеді, Сонымен, биіктіктер Жердің ортасы (Жердің радиусы бойынша) арқылы өтетін линиялар бойынша емес, вертикал бойынша (ординат өсі бойынша) өлшенеді, және де олардың саналуы профилдың гризонталь линиясынан бастап емес, жер бетінің қисық линиясынан бастап саналады. Станциялар арасындағы қашықтық қисық сызықты бет бойынша емес, горизонталь бойынша (абцисса осьі) есептеледі. Бұндай түрде профильді құрғанда жердің беті шеңбер түрінде емес, парабола түрінде суреттеледі, Жердің параболасы станциялар арасындағы қашықтықты анықтағаннан кейін барып құрылады.
Станциялар арасындағы арақашықтық, сонымен бірге ең төменгі (hmin) және ең жоғарғы (hmax) РРЛ байланыс аралығының профил нүктелері топографиялық карта деректерімен анықталады, кейін максималды биіктіктер айырымы есептелінеді.
Масштабтар таңдалғаннан кейін жер қисығының доғасын құру басталады.
Профилде теңіз деңгейін (жер қисығының доғасы) немесе шартты нөлдік деңгейін (шартты горизонт) көрсететін және парабола түріндегі линия, келесі формула бойынша есептелінеді:
(1.1)
мұндағы у – нөлдік деңгей доғасының координатасы, м;
Ro аралық ұзындығы, км;
R1 – аралықтың сол жағынан бастап, км, у шамасы анықталатын нүктеге дейінгі арақашықтық.
Rз
= 6370 км = 6.37
6
м – Жердің
радиусы.
Жер бетінің дөң болуымен пайда болатын, R1=R/2 болған кезде R кез келген аралықтың ұзақтығына, кедергінің максималды биіктігіне тең.
хмакс=R2/8Rз (1.2)
Rз=6370км болған кезде практикалық түрдегі есептеудің жеткілікті нақтылық деңгейін былай алуға болады
хмакс=1.96
-2
2,
м,
мұнда R км түрінде берілген.
Сызбаның мөлшерін кішірейту үшін жоғары белгілер мекеннің релефіне байланысты таңдалатын шартты горизонт линиясымен есептеледі. Алынған қисық берілген байланыс аймақ аралықтардың профилін сипаттайды.
1- сурет.РРС (РРЛ) аралық (пролет) профилі
