- •Нарықтық биліктің мәні, көздері және маңыздылығы.
- •Нарықтық билік деңгейін бағалау.
- •Нарықтық биліктің көрсеткіштері.
- •Херфиндаль-Хиршман индексі.
- •Бейне индексі.
- •Тобин индексі.
- •Нарықтық биліктің көрсеткіштері.
- •Лернер индексі.
- •Нарықтық биліктің мәні, көздері және маңыздылығы.
- •Нарықтық билік деңгейін бағалау.
- •Жбн фирманың қысқа мерзімдегі іс-әрекеті: өндірісті жалғасытру немесе тоқтату жағдайларын талдау.
- •Фирманың әрекеті
Жетілген бәсекелестік нарықтағы фирма мен салалар.
Фирмалар қызметінің мақсаты. Пайда:экономикалық, бухгалтерлік.
Жетілген бәсекелестік нарықтағы фирма мен салалардың пайдасы мен шығынын графиктік әдістер арқылы анықтау.
ЖБН-дағы фирмалардың пайдасын мейлінше арттыру немесе шығынын мейлінше азайту.
Жбн фирманың қысқа мерзімдегі іс-әрекеті: өндірісті жалғасытру немесе тоқтату жағдайларын талдау.
Лекция мазмұны:
Жетілген бәсекелес нарығы дегеніміз – төмендегідей шарттар орындалатын нарық;
нарықта сатып алушыға стандартты немесе біртекті өнім ұсынатын тәуелсіз сатушылар саны өте көп болған жағдай. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімнің нарықтары;
әр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесі елеусіз. Сондықтан, оның өнім көлемі туралы өндірістік шешімдері жалпы ұсынысқа ықпал етпейді, соған орай ол өнімнің нарықтық бағасына да әсер ете алмайды;
баға, технология және ықтимал пайда жөніндегі ақпараттар белгілі болады;
жаңа фирмалардың салаға кіруіне немесе одан шығуына тосқауылдар қойылмайды.
Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайтын болғандықтан, ол бағаны сырттан белгіленген баға ретінде қабылдайды. Жеке өндірушінің сұраныс қисығы горизонталь сызық болып табылады.
1-сурет. Бәсекелес фирманың сұраныс қисығы.
Жетілген бәсекелес фирманың қысқа мерзімді кезеңде пайданы мейлінше арттыруы. Пайда дегеніміз жалпы түсім (ТR) мен жалпы шығындар (ТС) арасындағы айырма:
П = ТR – ТС (1)
Бұл тәуелділікті түсіндіру үшін формуланы мына түрде жазайық:
П = Р Q - АС Q = (Р - АС) Q (2)
Бірінші жағдайды қарастырайық – пайданы мейлінше арттыру. Баға орташа жалпы шығындардың ең төменгі деңгейінен жоғары делік, яғни Р > АС min
Онда, (2) формула бойынша есептесек фирма экономикалық пайда алады. Оны мейлінше арттыру үшін өндіруші өндірісті әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігінің жалпы түсімге (R) қосатын өсімі оның жалпы шығындарға (ТС) қосатын өсімінен артық немесе тең болғанша ұлғайтуға қажет: МR ≥ МС немесе жетілген бәсеке жағдайында Р≥ МС, өйткені МR = Р. Сондықтан фирма менеджерлері әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы шекті шығындарды өнім бағасымен салыстырулары тиіс. Бұл жағдайда осы өнім бірлігін сату (1) формулаға сәйкес, жалпы пайданы өсіреді.
Мейлінше көп пайда мынадай теңдік орындалған жағдайда шығарылатын өнім көлеміне Q* сәйкес келеді.Р = МC. Бұл шарт жетілген бәсекелес фирма үшін пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізетін шарт болып табылады.
2-сурет. Жетілген бәсекелес фирманың пайдасын мейлінше арттыру.
Жетілген бәсекелес фирманың зиянын мейлінше азайту. Өнім бағасы мүмкін болатын жалпы орташа шығындардың ең төменгі мөлшерінен төмен, ал орташа айнымалы шығындардың ең төменгі шамасынан жоғары деп жорамалдайық.АVС min < Р < АС min. (5)
Бұл жағдайда фирма зиян шегеді және оның алдында өндірісті тоқтату немесе қысқа мерзімді кезеңде қызметін жалғастыру сияқты екі таңдау тұрады. Барлығы да зиян мөлшеріне байланысты болады. Өндірісті тоқтатқан кезде, фирма тұрақты шығындарға тең зиян шегеді, яғни, Ү = ТFC. Бұл жағдайда өндірісті жалғастыра отырып, фирма өз өндірісін тоқтатқаннан гөрі аз зиян шегеді. Зиян мөлшері өте аз болатын өндіріс көлемі (4) теңдеу арқылы анықталады.
Г
рафик
түрінде оны былайша көрсетуге болады:
3-сурет. Жетілген бәсекелес фирманың зиянын мейлінше азайту.
Қысқа мерзімді кезеңде фирманың қызметін тоқтатуы. Үшінші жағдайды қарастырайық – фирманы жабу. Баға ең ықтимал орташа айнымалы шығындардың ең төменгі деңгейінен аз делік, яғни: Р ≤ АVС min. Өндірісті жалғастыратын болса, ол тұрақты шығындарының құнынан да көп зиян көреді, яғни зиян барлық шығындар шамасына ТС-ға тең болады. Сондықтан, фирма өз жұмысын тоқтатқаны жөн. Зиянның ең аз мөлшері FC-т құрайды. Бұл жағдай 4-суретте көрсетілген, ондағы баға сызығы АVС қисығынан төмен орналасқан.
Қысқа мерзімдегі жетілген бәсекелес фирманың ұсыныс қисықтары. Р > АVС min (Р > Ро) бағасына сәйкес МС қисығына дейін көлденең сызық жүргізу қажет, мысалы Р1 бағасында – Р = Р2 сызығын.
4сурет. Жетілген бәсекелес фирманың ұсыныс қисығы.
Нарықтық ұсыныс дегеніміз – саладағы фирмалардың кез келген мүмкін болатын бағамен сатқысы келетін нарықтағы өнім көлемінің сомасы. Нарықтық ұсыныс қисығы дегеніміз фирмалардың шекті шығын қисықтарының көлденең жиынтығы. Қысқа мерзімді нарықтық ұсынысқа ықпал ететін факторлардың бірі осы саладағы фирмалар қолданатын айнымалы ресурстар бағасы және салада қолданатын технология болып табылады. Осы факторлардағы өзгерістер фирманың шекті шығын қисығының ауысуына әкеліп соғады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Фирма қызметінің мақсаты. Экономикалық, қалыпты бухгалтерлік пайда.
Орташа және шекті табыс, бәсекелес фирмалардың сұраныс кисығы.
Қысқа мерзімді кезеңде өндірісті тоқтату шарты.
Қысқа мерзімді ксзеңдегі фирманың ұсыныс қисыгы.
Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер
Есенғалиева Қ.С. Микроэкономика: қысқа лекциялар, тест сұрақтары, есептер мен жаттығулар, іскерлік ойындар: Оқу құралы.- Аоматы,2007.
Есенғалиева Қ.С., Тастандиева Н.Б., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика және микроэкономика (Орысша –қазақша терминдерінің түсіндірме сөздігі). Алматы, 2003
Мухамедиев Б. М. Микроэкономика. Уч.пособие. Алматы: Қазақ Университеті, 2001 г.
Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. М., Экономика, Дело,1992 г.
Тарануха Ю.В. Микроэкономика (тесты, гоафические упражнения, задачи): Учебное пособие. М.: «Дело и Сервис», 2006.
Емцов Р. Г.,Лукин М.Ю. Микроэкономика. Учебник.-Москва: МГУ им Ломоносова, ИС;1999 г.
8--Тақырып. Монополия жағдайындағы фирманың әрекеті
Лекцияның мақсаты:
Жетілген бәсекелестік пен жетілмеген бәсеке нарығының айырмашылықтарын талдау. Монополияның түрлеріне шолу. Монополияның оптималды өнімі мен бағасын анықтауды үйрену.
Лекция жоспары:
Жетілмеген бәсеке нарығы: Монополия.
Монополияның түрлері.
Монополияның оптималды өнімі мен бағасын анықтау.
Монополиялық билік. Монополиялық билік және тұтынушы ұтымы.
Лекция мазмұны:
Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады. Монополистің үлкен билікке ие болуына оның тауарының ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерін тигізеді. Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ – монополист деп аталады. Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды.
Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның төмендегідей түрлері болады:
Жабық монополия. Ол бәсекелестің заңды шектеулер көмегімен қорғалған.
Табиғи монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру, оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс саласы.
Ашық монополия. Берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай.
Монополистің өнім көлемін белгілеу. Монополистің өнім шығарушы ретінде бәсекелес фирма сияқты өндіріс мақсаты – пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу болып табылады. Монополист жалғыз өндіруші болғандықтан, нарықтық жағдайды толығымен бақылап, өз шешімі бойынша тауардың нарықтық бағасын белгілей алады. Өнім бірлігінің бағасы монополиялық жағдайда өзгермелі шама болады және өндіріс көлемінің функциясын көрсетеді: Р = Р (Q).
Монополист өндірушінің пайдасы төмендегідей формуламен анықталады:
π = ТR – ТС = Р (Q) * Q – ТС (Q). (1)
немесе МR = МС.
Бұдан монополистің пайдасы өндірістің шекті шығындары (МС) шекті түсімге (МR) тең болғанда ғана ең көп болатынын көреміз. Бұдан, пайданы мейлінше көбейту шартын мына түрде көрсетуімізге болады: (1/ ЕР + 1) = МС. Монополист барынша көп пайдаға МС = МR болғанда жететін болғандықтан, өндіріс көлемі ұтымды болу үшін, ол кез келген өнім көлеміне сәйкес болатын шекті түсім оң сан болатын жағдайды көздейді, яғни , МR > 0 немесе Р ( 1 + 1/Ер) > 0. Егер өнімге деген сұраныс икемді болса, шекті табыс оң болады, яғни - ∞ < Е < -1.
Монополистің ұтымды өндіріс көлеміне қатысты шешімін шама – баға мен өнім көлемі бар екенін ескеруіміз керек. Осы себептен пайданы барынша көбейту есебінің шешуі 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде, шығарылатын өнімнің ұтымды көлемі (Qm), ал екінші кезеңде тауардың монополиялық нарық бағасы (Рm) анықталады. Берілген есептің графиктік шешімін көрсетеміз.
1-сурет. Монополистің пайдасын барынша көбейту.
П
айданы
барынша көбейту шартын МR = МС болғанда
шығарылатын ұтымды өнімнің санын
анықтаймыз. 1-суретте ол Qm көлеміне
сәйкес келеді. Екінші кезеңде монополиялық
нарық бағасы анықталады. Ол үшін өндіріс
көлемі мен (Qm) сұраныс қисығының АR
қиылысу нүктесін тапса болғаны. 1-суретте
нарықтың монополиялық бағасы Рm әрпімен
көрсетілген. Бағаны Рm нүктесінен кез
келген ауытқуы монополистің пайдасын
көбейтеді. Монополиялық өндірушінің
зиян шегуші және пайдасы нольге тең
фирмалардың жағдайы бейнеленген:
2-сурет. Экономикалық пайда алу.
3-сурет. Фирма экономикалық зиян шегеді.
Монополиялық биліктің көрсеткіштері. Бәсекелестік нарықта жеке өндіруші тауардың нарықтық бағасына әсерін тигізе алмайды, баға шекті шығын деңгейінде белгіленеді.. Ал монополиялық биліктің күшін бағалау үшін, Абба Лернер көрсеткішін қолданады. Ол былай анықталады: L = (Р – МС)/Р
Берліген коэффициент нарықтағы тауардың бағасының шекті шығындарын ауытқу деңгейін анықтайды және оның мәні 0-ден 1-ге дейін өзгеріп отырады.
Көрсеткіштің мәні неғұрлым жоғары болса, монополиялық билік солғұрлым күшті
Монополиялық бағаны қалыптастыру ережелері. Нақты өмірде фирма басқарушылары өз фирмаларының орташа және шекті түсім қисықтары туралы шектеулі апараттар алып отырады. Соған қарамастан, олар МR = МС болғандағы өнім шығару көлемі мен бағаға қатысты анықтау барысында осы шартты пайдалануды практикада жеңілдету үшін, «Бас бармақ» ережесін қолданады. Бұл ереженің негізі: шекті шығындарға белгілі мөлшерде үстеме баға қосу арқылы тауардың бағасын анықтау болып табылады және төмендегідей тәсілмен есептеледі: Р = МС /(1+1/ЕР)
Ұзақ мерзімді кезеңдегі монополиялық тепе-теңдік. Ұзақ мерзімді кезеңде монополиялық тепе-теңдікті зерттеу, келесі сұрақтардың мазмұнын түсінумен тығыз байланысты. Тауардың бағасы монополистің ұзақ мерзімдегі орташа шығындарынан жоғары болған жағдайда ғана, өндіруші оң экономикалық пайда алады. Жалпы жағдайда монополист өндірісте (MR) шекті түсім LRACmin-ға тең болған жағдайға сәйкес келетін өнім көлемін шығарады және бұл өнім шығару кезінде шекті шығындары шекті түсіміне болатындай етіеп орналыстырады:
LRACmin = LRMC = MR.
Бағалық дискриминация. Егер монополиялық билігі бар фирма, тұтынушылардың сұраныс икемділігін ескере отырып, бір тауарды тұтынушылардың әр түрі категориясына әр түрлі бағамен сатса онда, ол бағалық дискриминация (құқын шектеу) саясатын жүргізеді деп атаймыз. Монополист жетілген бәсеке саясатын жүргізу нәтижесінде тұтынушы ұтымын түгелдей иемденіп алады. Бірде-бір тұтынушы ұтымын ала алмайды, себебі монополист сатып алушының әрқайсысына төлей алатын ең жоғары деңгейдегі бағаны белгілейді (6-сурет).
6-сурет. Жетілген бағалық дискриминация.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Монополия. Монополияның түрлері .
Монополистің өнім көлемін белгілеу. Монополистің пайдасы .
Монополистің пайдасын барынша көбейтуі. Экономикалық пайда алуы.
Монополиялық биліктің көрсеткіштері.
Монополиялық бағаны қалыптастыру ережелері.
Ұзақ мерзімді кезеңдегі монополиялық тепе-теңдік.
Бағалық дискриминация. Нарықты сегментгеу.
Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер
Есенғалиева Қ.С. Микроэкономика: қысқа лекциялар, тест сұрақтары, есептер мен жаттығулар, іскерлік ойындар: Оқу құралы.- Аоматы,2007.
Есенғалиева Қ.С., Тастандиева Н.Б., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика және микроэкономика (Орысша –қазақша терминдерінің түсіндірме сөздігі). Алматы, 2003
Мухамедиев Б. М. Микроэкономика. Уч.пособие. Алматы: Қазақ Университеті, 2001 г.
Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. М., Экономика, Дело,1992 г.
Тарануха Ю.В. Микроэкономика (тесты, гоафические упражнения, задачи): Учебное пособие. М.: «Дело и Сервис», 2006.
Емцов Р. Г.,Лукин М.Ю. Микроэкономика. Учебник.-Москва: МГУ им Ломоносова, ИС;1999 г.
9--Тақырып. Монополиялық бәсекелестік жағдайындағы
