Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kasipkerlik_tauekel айд.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
245 Кб
Скачать
☆

1 Тарау кәсіпкерлік тәуекелді төмендету тәсілдері

1.1 Кәсіпкерлік түсінігі, түрлері

Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде кәсіпкерлік теория әртүрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды да олар бірте-бірте кәсіпкерлік бұл адамның тәуекел мен жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта келгенде кәсіпорын құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді.

Алғашқыда кәсіпкерлік термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алатын адаммен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Кантиллион кәсіпкерлікті өз мойнына тәуекелді алумен байланыстырды, сонымен қатар ол капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, ресурстарын қолданушыларды ажыратып отырды. Ол кәсіпкерді өзіне өзі жұмыс орын жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы сыйақы үшін жұмыс істеу қанағаттандырмаса ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантиллонның пікірінше кәсіпкерлердің басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеуі.

Кейінірек ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Квинсей сияқты физиократтар кәсіпкерлік концепциясын кеңейте түсті. Олар Кантиллион сияқты кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ ілгері жылжи отырыпр бұл анықтамаға өндіріс процесін енгізді, демек сонымен бірге кәсіпкерлердің пайда табуы үшін белгілі экономикалық ресурстарға ие болу қажеттілігі де енгізілді. Олардың түсінігінше кәсіпкер өнім өндірісін ұйымдастыру, жаңа әдістерді енгізу және жаңа өткізу нарықтарын іздестіруі қажет.

Отандық және шетелдік әдебиеттерде кәсіпкерлікті жіктеудің нақты анықталған жүйесі жоқ. Оны әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Кәсіпкерлік көлеміне қарай шағын, орта, және ірі болып табылады. (қосымша №1) Мұндағы негізгі критерий қызметкерлер саны мен активтерінің орташа жылдық мөлшері болып табылады. Мысалы, шағын кәсіпкерлікке жатқызу үшін жұмыскерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан, активтерінің мөлшері 60 000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Ал орта кәсіпкерлікте жұмыскерлері 50 адамнан 250 адамға дейін, активтерінің орташа жылдық құны 325 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Меншік нысаны бойынша мемлекеттік жеке және шетелдік болып бөлінеді. Осы меншік ныснадарына байланысты кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ұйымдық құқықтық нысандарын бөліп көрсетуге болады.

Ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша:

  • дара кәсіпкерлік

  • өндірістік кооператив

  • толық серіктестік

  • командиттік серіктестік

  • жауапкершілігі шектеулі серіктестік

  • қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

  • акционерлік қоғам

  • мемлекеттік кәсіпорындар

Территориялық орналасуы бойынша жергілікті, аймақтық және халықаралық болып бөлінсе, салалық бағытына қарай өнеркәсіптік, аграрлық, құрылыс, сауда және басқа да салалар бойынша бөлінеді.

Жүзеге асыратын қызмет түріне қарай кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық, қаржылық және кеңес берушілік болып бөлінеді. Олар өз ішінен тағы бірнеше түрге бөлінеді.

Кәсіпкерлік процесін қозғаылсқа келтіретін іргелі күштерге біріші кезекте, фирманы құруды және негізіні салушы болып табылатын кәсіпкердің өзі және бизнесті жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік пен қажетті қор жатады. (қосымша 2)

Тағы да ескеретін маңызды фактор ол кәсіпорынның болжамсыздығымен қарама-қарсылықпен және тұрақсыздықпен сипаталатын нақты әлемде өмір сүруі. Сондықтан кәсіпкерлік процесс бұл технологиядағы маркетингтегі, менеджменттегі әрдайым болып жататын өзгерістер процесі, сәтсіздіктер және қателіктер арқылы дұрыс инвестциялық шешімдерді интеративті іздестіру процесі. Жаңа фирманың шешуші мезеттері тек қоршаған әлемге ғана емес, сонымен қатар бір-біріне де бейімделген болулар қажет. Кәсіпкер жаңа бизнес мүмкіндіктерін ұғынып қана қоймай, сондай-ақ осы мүмкіндіктерді іс жүзінде қалай жүзеге асыра білетін жаттықан пікірлер командасына ие болуы тиіс. Соңында олардың бәрі фирма жұмысын бірге баста уүшін және оның әрі қарай жұмыс істеуін жалғастыра беру жеткілікті қорларға ие болулары керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]