Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
грам.тапсырмалар.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
159 Кб
Скачать
☆

2. Грамматикалық минимумдарды әзірлеудің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған тілдің грамматикалық құрылымын қамтитын минималды қорын қалыптастыру.

Міндеттері:

- ҚР СТ 1925-2009, ҚР СТ 1926-2009, ҚР СТ 1927-2009, ҚР СТ 1928-2009, ҚР СТ 1929-2009 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары, тіл меңгерудің деңгейлеріне анықталған тақырыптар мен Тест спецификациясы негізінде қазақ тілінің ерекшеліктерін ескеріп, қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейі бойынша практикалық грамматиканы нақтылау;

- халықаралық тіл меңгеру талаптарына арналып жасалған грамматикалық минимумдармен біріздендіру мақсатында қазақ тілінің меңгеру деңгейлеріне сәйкес практикалық грамматиканың нақтылық сараптамасын жасау;

- қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейі бойынша анықталған практикалық грамматика арқылы үйренудің ережелерін, тапсырмаларын орыс тіліндегі аудармасын әзірлеу;

- қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейі бойынша анықталған практикалық грамматика арқылы үйренудің ережелерін, тапсырмаларын орыс тіліндегі аудармаларының сараптамасын жасау;

- жаттығу жұмыстары жүйесін әзірлеу;

- анықталған грамматикалық тапсырмалардың, жаттығулардың, тест тапсырмаларының деңгейлік тақырыптармен жүйелеп, сараптамасын жасау;

- сөздік қорларды қолдану барысында контексттерді пайдалануына сараптама жасау;

- қазақ тілін меңгеру деңгейлерінің лексикалық тақырыптары бойынша грамматикалық тақырыптарды анықтау.

3. Грамматикалық минимумдарды әзірлеуге қойылатын талаптар

Қазақ тілін меңгерудің деңгейлеріне арналған грамматикалық минимумдар әзірлеу барысында келесі талаптар қойылады:

- грамматикалық минимумдар мен тест тапсырмаларының мазмұны қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттарға, ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмаларын қалыптастырудың спецификациясына, тіл меңгеру деңгейінің тақырыптарына, лексикалық минимумдарға қатаң түрде сәйкес болуы тиіс;

- грамматикалық минимумдардың құрылымдық бөліктерін сақтау қажет;

- диалект сөздер пайдаланылмауы керек;

- Қазақстан Республикасында құзырлы мемлекеттік органдар ресми мақұлдаған сөздіктер мен анықтамалықтар ғана пайдаланылуы керек;

- шет тілдерін үйренудегі практикалық грамматика құрастырудың тәжірибелері негізге алынуы керек (Мысалы, ағылшын тілінің практикалық грамматикасын үйренудің Cambridge University Press (Raymond Murphy) баспасы әзірлеген оқу-әдістемелік құралдарының озық үлгілері);

- минимумдағы сөздер мен сөз тіркестерінің топтамасы қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне арналған тақырыптардан ауытқымауы және сөйлемдердің күрделілігі деңгейге байланысты болуы қажет;

- сөз немесе сөз тіркесінің қосалқы мағыналары болса, оны толығырақ сілтеме беру арқылы немесе «түсіндірме» арқылы түсіндіруі керек;

- барлық тілдік заңдылықтардың, ережелердің, мысалдардың түсіндірмелерінің, тапсырма орындаудың талаптарының орысша аудармалары болуы қажет;

- аударманың дұрыстығы күмән туғызбауы қажет;

- тіл меңгеруді бағалаудың еуропалық портфелінде анықталған жағдаяттар мен тақырыптарға қосымша әрбір деңгейге сәйкес ұлттық құндылықтар қосылуы қажет. Мысалы, тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер тақырыбындағы сөздер мен сөз тіркестері және т.б;

- қазақ тілінің тілдік обьектілері, грамматикалық тақырыптары жіктеліп берілуі қажет және бөліктер латын әріптерінің бас әріптермен A, B, C, D, E және с.с. белгіленуі қажет;

- тілдік заңдылықтар, ережелер түсінікті тілмен берілуі керек;

- бөлік бойынша мысалдар келтірілуі қажет (1-қосымша үлгіде көрсетілген);

- жаттығу тапсырмалары берілуі тиіс (2-қосымша үлгіде көрсетілген);

- бөлікке тиісті тест тапсырмаларын әдістемелік құралдың соңында келтіру қажет;

- тест тапсырмалары ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған Тест спецификациясы негізінде әзірленуі керек.

Жаттығу тапсырмалар берудің мысалдары келесі түрде болуы мүмкін:

- жаттығу жұмысы;

- тыңдау, қайталау, салыстыру, сөйлемдердің айырмашылығын табу;

- кестені толықтыру, оның ішінде тіл қолданушы қаламды пайдалану арқылы өзін-өзі тексеру мақсатында жазуға болатындай мүмкіндік қарастырылған жаттығулар. Оларды да басқа шрифтпен теру керек;

- үлгілерді пайдаланып, сөйлемдерді ауыстыру;

- үлгідегі кестенің көмегімен сөйлем құрастыру;

- сөйлемді толықтыру;

- оқу құралының соңында жаттығулардың, қосымша жаттығулардың, тест тапсырмаларының жауабы берілуі керек;

- әрбір деңгейге сай грамматикалық минимумның соңында тақырыптың, ереженің емлесін, ерекшеліктерін беру керек;

- пайдаланылған және ұсынылатын әдебиеттердің тізімі берілуі керек;