- •Мазмұны
- •1.Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері
- •2. Пәннің құрылымы мен тақырыптары
- •3. Пән бойынша дәрістер кешені
- •1. Маркетинг ортасы туралы түсінік.
- •2. Микроорта және оның құрамдастары.
- •3. Макроорта және оның негізгі факторлары.
- •1. Стратегиялық жоспарлау мәні мен мағынасы.
- •2. Маркетинг мүмкіндіктерін талдау.
- •4. Практикалық сабақтарға дайындалу үшін әдістемелік ұсыныстар
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс 1 Кәсіпорын әрекетіндегі маркетинг концепциясы
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс 2 Тоңазытқыштар нарығындағы тұтынушылардың қарым-қатынасы
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс 3 Венгерлік нарықтағы жаңа тіс пастасы
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс 4 Ескі тауар – жаңа нарық
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс: Тауарлық маркаға нарық үлесін және тұтынушылардың адалдылығын бағалау.
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Іскерлік ойынды өткізу әдісі 4 кезеңнен тұрады:
- •«Топтар сайысы » ойыны
- •Кейсты топпен талқылау: Кейс: ақ «Қайрат» «Сары-Арқа» фирмасындағы коммуникациялар
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Іскерлік ойынды өткізу әдісі 4 кезеңнен тұрады:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс «Жұмысшылардың меншігі арқылы Саратов авиациялық зауытын (саз) жекешелендіру»
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талқылау: Кейс Үш бәсекелес шешім
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Кейс «Химфарм» акционерлік қоғамын жекешелендірудің жеке жобасы»
- •«Химфарм» ақ дамуының экономикалық көрсеткіштері
- •«Химфарм» ақ инвестициялық бағдарламасы
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Төмендегі берілген кейсты талқылау: Кейс Автомобиль фирмасының ресей нарығына шығу
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •5.Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •6. Студенттердің ғылыми баяндамаларының үлгілік тақырыптары
- •7. Пән бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі
Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Тоңазытқыштардың япондық нарығының сегментациясының белгілерін болжаңдар және ең көлемді сегменттерін сиапттаңдар.
Европалық және американдық фирмалар үшін Япониядағы тоңазытқыштардың сатылымын ұлғайту орынды ма?
Қандай “қолдау” және “қарсы” аргументтерін сіз келтіре аласыз?
Егер жоғарыдағы сұраққа сіз жағымды жауап берсеңіз, онда шетел фирмаларына тоңазытқыштардың япондық нарығында мақсаттық сегментті ұсыныңдар және олардың тауарлары үшін позициялауды жасаңдар.
Тақырып №3. «Маркетинг ортасы» 3-апта, 1-сағат:
1. Маркетинг ортасы туралы түсінік.
2. Микроорта және оның құрамдастары.
3. Макроорта және оның негізгі факторлары.
Негізгі әдебиеттер: 2,3,4,5,6,22,23.
Қосымша әдебиеттер: 3,4,6.8.
Әдістемелік нұсқау: Жоғарыда берілген тапсырмаларға конспекті жасау, маркетингтің макро және микроорталарына байланысты схемалық кесте құрастыру. Глоссарий жазу.
Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс 3 Венгерлік нарықтағы жаңа тіс пастасы
“Фико” косметикалық кәсіпорыны өзінің жоғары сапалы өнімдерімен атақты. 80-жылдардың аяғында кәсіпорын директоры табысты көбейтуге ерекше назар аударуды мақсат қойды. Бәрінен де тез жаңа тіс пастасын шығару мүмкін болып шықты. Барлық зерттеулер мен талдаулар жасалынып, енді қолайлы атты табу керек болды.
Жаңа тіс пастасы тамаша компоненттерден жасалынды.Талдау қорытындылары бұл паста сатылымда бар тіс пасталарының орнын баса алатындығын және оның ерекше қасиеттері, хош иісі, кариеске қарсы және никотинді жою қасиеттері барлық шығарылатын пасталардан әлде қайда жақсы екенін көрсетті. Бұл өніммен мүмкіндігінше тез Венгрияның нарығына шығуға болады деп шешім қабылданды. Кәсіпорын бұрын да ең жақсы маркалар мен арзан өнім арасындағы кеңістікті толтыру мақсатымен Венгрияда мұндай саясатты табысты қолданылған болатын.
Жаңа тіс пастасына “Квалиташ” деген ат берілді және көз тартымды орауыш таңдап алынды. Маркетинг бөлімшесі пастаны одан бұрын сатылымға шығарылған ұқсас өнімдердің бағасынан әлде қайда жоғары бағамен сатуды ұсынды. Басшылық талаптары жоғары тұтынушылар жақсы өнім үшін жоғары бағаны төлеуге келіседі деген оймен бұл ұсынысты қабылдады. “Фико” кәсіпорынның көтерме сауда кәсіпорындарымен бұрынғы уақыттан бері тығыз байланыстары болғандықтан, жаңа пастаның өткізімділігі кезінде қиындық туған жоқ.
Бірақ “Квалиташ” пастасы нарықта сұранысқа ие болған жоқ. Тұтынушылардан сұрау келесіні көрсетті (әдеттегі жауаптар келтірілген):
мен қазіргі кезде қолданылып жүрген тіс пастасы өте жақсы;
әдеттегі нәрселерді сатып алатын дүкенде “Квалиташ” пастасын ешқашан көрген жоқпын. Қазіргі кезде қолданылып жүрген паста өзіме ұнайды. Оны ауыстыруды қайтемін?
мұндай қымбат пастаны сатып алуды ойламаймын; қаншалықты қымбат болып, соншалықты жақсы болатыны мүмкін емес.
Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
“Фико” жұмыскерлерінің алдында қандай міндет қойылды?
Венгерлік нарықта кәсіпорын қандай саясатты жүргізді?
“Квалиташ” тіс пастасын қалай позициялады?
“Фико” нарықтың қай сегментіне бет ұстады?
Венгерлік нарықта тіс пастасының табысқа жетпегенінің себептері неде?
Тақырып №4. «Тауар нарығындағы тұтынушылардың мінез құлқы» 4-апта, 1-сағат:
1. Қажеттілік ұғымы және оның түрлері.
2. Тұтынушылар түрлері.
3. Соңғы тұтынушының мінез-құлқы.
4. Тұтынушы-ұйымдардың мінез-құлқы.
Негізгі әдебиеттер: 2,3,4,5,6,22,23,15,16,18.
Қосымша әдебиеттер: 3,4,6,12.
Әдістемелік нұсқау: Жоғарыда берілген тапсырмаларға студенттер топпен бөлініп тақырыптарға мәлімет жинақтай отырып дебат өткізу. Дебат өткізудің шарты: Төрешіні таңдау. Төреші дебаттың шарттарымен таныстырады (1 минут) Дебат (20 минут) Резолюция: «Нарықтағы тұтынушылардың мінез-құлқын басқару оңай»!
Шарты:
а) әр топ өз тұжырымын өмірімен сабақтастыра дәйектеу керек;
ә) бір-біріне сұрақ қоюы, жауап беруі;
б) бір-бірінің пікіріне сын айтуы, өз пікірлерін дәлелдеуі.
Мақсаты; Нақты тапсырма бойынша өз пікрін дәйектеп жеткізуге және қарсыластарымен пікірсайысуға, сұраққа қысқа да нұсқа жауап беруге дағдыландыру.
Бағалау шрттары:
-пікірлерін түсінікті әрі жүйлі жеткізе алуы;
- өзгелердің пікірлерін сараптай алуы:
- өз тұжырымдарын дәлелдей білу дағдылары;
-өз мәдениеті және сөйлеу мәдениеті.
Тапсырма: Қарсы топ студенттері «Тауар нарығындағы тұтынушылардың мінез құлқы» бойынша бес сұрақ дайындаңыздар (2 минут)
Мақсаты: студенттердің сұрақ-жауап негізінде өзара сұқбаттасуға, бір-бірінің жауабындағы мәнді немесе басы артық пікірлерді саралауға төселдіру
Бағалау шарттары:
- сұрақты дұрыс қоя білу іскерліктері;
- өзгелердің сөзіне сын көзбен қарап, бағалай алу дағдылары:
- өз пікірін әдеппен жеткізе білуі.
Төреші қай топтың жауабы дұрыс болғанын айтады.
Тақырып №5. «Нарықты сегменттеу» 5-апта, 1-сағат:
1. Нарықты сементтеудің мәні.
2. Сегменттеу түрлері.
3. Тұтынушылар нарығын сегменттеу.
4. Өнеркәсіп тауарлар нарығын сегменттеу.
5. Тауарлар нарығының жіктелуі.
Негізгі әдебиеттер: 2,3,4,5,6,22,23.
Қосымша әдебиеттер: 3,4,6,12.
Әдістемелік нұсқау: Жоғарыда берілген сұрақтар бойынша глоссарий жазу. Әр студент белгілі бір Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер бойынша нарықтық сегменттеу жүргізу керек. Презентация ретінде жасақтайды.
Тапсырмаға қойылатын талаптар:
Банктің қалыптасу кезеңі;
Нарықты сегменттеудің негізіне банктік қызмет көрсету сипаты (несиелік, операциялық, инвестициялық), клиентуралық белгісін (заңды және жеке тұлғалар, корпорация, үкімет) анықтау;
Банктің тұтынушыларды тартудағы негізгі іс әрекеттер кешіні;
Банктің күшті және әлсіз жақтарын, банк өз қызметіне алдағы 3-5жыл ішінде кездестіруі мүмкін қолайлы және жағымсыз факторларды детальды түрде талдау жүргізу;
Банк жұмысы туралы қоғамның пікірін анықтау;
Тақырып №6. «Маркетинг жүйесіндегі тауар» 6-апта, 1-сағат:
1. Маркетингтегі тауар түсінігі.
2. Тауардың өміршендік кезеңі.
3. Тауарды таңбалау.
4. Тауар орамасы.
Негізгі әдебиеттер: 2,3,4,5,6,22,23,15,16,18.
Қосымша әдебиеттер: 3,4,6,12.
Әдістемелік нұсқау: Жоғарыда берілген сұрақтар бойынша конспекті және глоссарий жазу. Осы тақырып бойынша презентация жасау.
