- •Қазақстан жер бедерінің басты ерекшеліктері – 4 түрлі.
- •Пайдалы қазбалары.
- •Өзендері мен көлдері.
- •Қазақстан топырағы.
- •Табиғат зоналары, табиғатты қорғау.
- •Юнеско қорғауға алған батпақты, көлді-шөлді қорық- Қорғалжын.
- •Ұлттық табиғи парктер - 5 .
- •Халқы және еңбек ресурсы
- •Қазақстан шаруашылығы.
- •Машина жасау кешені .
- •Астана - «Ақмола Сельмаш»
- •Химия өнеркәсібі.
- •Құрылыс материалдары.
- •Агроөнеркәсіптік кешендер.
- •Жеңіл және тамақ өнеркәсібі.
- •Көлік және коммуникация.
- •Экономикалық аудандар.
- •Қазақстанды 5- экономикалық ауданға бөлген н.Н. Баранский.
- •Еркін экономикалық аймақтың мағынасы – салық жеңілдігі мен кеден режимі.
- •1500 М.Биікте радиоактивті -Рахманов бұлағы бар.
- •Оңтүстік Қазақстан Ақсуда – кока-кола, сіріңке, Сұлтан макароны .
Пайдалы қазбалары.
Қазақстан жер қойнауында Менделеев кестесіндегі 99 элемент кездеседі, 70 элементтің мол қоры барланған, оның 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық кен орындары ашылған.
Вольфрам қоры бойынша 1-орын, хромит пен фосфор кенінен 2-орын, марганецтен 3-орын, қорғасын мен молибденнен 4-орын, темір қорынан 8-орын, алтыннан 6-орын ( ТМД бойынша 3-орын ) . Мыс пен қорғасын жартысынан астамы, мырыштың 70%-тен астамы Қазақстанда шоғырланған.
Жанатын пайдалы қазбалар –мұнай мен газ, көмір кен орындары жатады. 1899 жылы Ембі мұнайы Қарашүңгілде ең алғашқы мұнай шұңғымасы. 1911 жылы Доссор, 1915 жылы Мақат, 60-шы жылдары Маңғыстаудан Өзен, Жетібай кен орындары қосылды. Атырау облысында- Доссор, Мақат, Теңіз.1979 жылы Атырау облысында «Теңіз» мұнайы ашылды, қоры 3 млрд 133 млн.т .Жылына 12 млн.т .мұнай өндіреді. Теңіз-Шеврон. Теңіз-Шевройл 1993 жылдан Теңіз бен Королев мұнайы игерілуде, 2001 жылы Теңіз- Новороссиск мұнай құбыры салынды..Маңғыстау облысында - Өзен, Жетібай, Теңге, Бозашы түбегіндегі Қаламқас пен Қаражамбас. Батыс Қазақстан облысында – Қарашығанақ газ конденцаты 1980 жылдан игерілуде,Қазақстан газының 70 % осында.ЭНИ (Италия ). Лукойл (Ресей ). Шеврон. Бритишгаз. Орынбор газ өңдеу зауытына тасымалданады. Ақтөбеде облысында – Кеңқияқ, Жаңажол. Қытай компаниясы. Қызылорда облысында- Құмкөл ( мұнайы Шымкент мұнай өңдеу зауытына тасымалданады.).Канада Харрикейн компаниясы. ПетроҚазақстан. Қоры- 45,2 млн.т.
14 алап, 207 кен орнынан жылына 45 млн.т мұнай, 7,5 млрд. т газ өндіреді. Шет елге жылына 17 млн.т өңделмеген шикі мұнай экспорттайды.
Қазақстандағы ең алғашқы мұнай құбыры- Доссор- Ракуша.
Ембі мұнайының күкірті мен парафині аз, технологиялық сапасы жоғары алынған жанармай өте жоғары бағаланады.
Маңғыстау мұнайының күкірті жоқ, қарамайы аз, бірақ парафині көп ,
( 18-20%, парафинді мұнай тез қатады.)
Ембі мұнайымен салыстырғанда Маңғыстау мұнайын өндіру және тиімді болу себебі- қоры аз, жер бетіне жақын.
Каспий қайраңында мұнайдың қоры-4,5 млрд.т/ газ конденцаты-1,6 млрд.т/ табиғи газ -5,9 трлн.т.
Мұнай өңдеу зауыттыры : Атырау, Павлодар, Шымкентте.( Ақтау)
Газ өңдеу зауыттары : Жаңаөзен мен Теңіз мұнай кен орнында.
Қазақстандағы мұнай қоры 13 млрд.т , ал газдың қоры 2,5 трлн.т .
Қазақстандағы мұнай мен газ алаптары : Каспий маңы мұнайлы-газды , Маңғыстау-Үстірт мұнайлы-газды, Шу-Сарысу газды облыстары.
Газ ілеспе және табиғи болып екіге бөлінеді.
Қазақстанда Каспий қайраңымен қосқанда 6 трлн. т газ қоры бар, әлемде 12 орында.
2002 жылы салынған Қарашығанақ-Атырау газ құбыры ұзындығы 635 км. Қарашығанақтағы мұнай қоры- 1,1 млрд.т . Қарашығанақтан Ақсай- Красный Октябрь-Қостанай-Астана газ құбыры салынған.
Газ өндіру мөлшері- 7 млрд м³, әлемде 25 орында.
Түрікменстаннан-6,8/Өзбекстаннан—7,2/ Ресейден- -2 млрд.м³ газ алады.
Қазақстан оңтүстігін газбен қамтамасыз ететін Мүбәрак-Алматы газ құбыры.
Қазақстанда әлемдік көмір қорының 3,3% шоғырланған. Көмір өндіруден дүние жүзінде 8 орында, ТМД бойынша 3 орында.
Көмірдің 10 алабы ,300 кен орны, қоры 162 млрд.т ,(республика аумағындағы жалпы қоры 176,6 млрд.т), жылына 100 млн.т (қазір 80 млн.т) көмір береді..Көмір қоры 248 жылға жетеді. Қарағанды көмір алабы- ауданы 3600 км² , жалпы қалыңдығы 120м, тереңдігі 50-300 м, көмірдің қалыңдығы 1,5-15 м, құрамында күкірт пен фосфор аз сапасы өте жоғары болғандықтан кокстелетін көмірдің 100% береді. Қарағанды аумағынан алғаш көмірді 1831 жылы Аппақ Байжанов тапқан. Еліміздегі өндірілетін көмірдің 45 % тиесілі, өндірілген көмірдің 50%-ы Қарағанды металлургия комбинаты үшін отын. Орал және Орталық Азияға экспортталады.
Қазақстанда көмір өнеркәсібі 1931 жылдан дами бастады.
Кокс - тас көмірді жоғарғы температурада ауа жібермей қыздырудың нәтижесінде алынатын отын.
Қарағанды көмірі мен Теміртауда Үндістанның Миттал Лакшми басқарған компаниясы.
Екібастұз көмір бассейні - 1867 жылы Қасым Пішенбаев тапқан.Ауданы 160км², көмір қабатының қалыңдығы 100-120 м( 150 м), геологиялық қоры 12 млрд. т. Екібастұз көмірі ашық әдіспен өндіріледі, «Алып – Богатырь» кеніші жылына 50 млн т көмір өндіреді. Көмірдің күлі көп тасымалдауға тиімсіз болғандықтан, ЖЭС,МАЭС-терде пайдаланады.
Екібастұз көмір бассейні негізінде қуаты 20-25 млн.кВт ЖЭС салуға болады.
Батыс Сібір, Қазақстан, Оралдың 20-дан астам ЖЭС-тері үшін отын.
Екібастұз көмірін американдық Аксесс Индастриз компаниясымен бірге өндіруде.
Көмір алаптары : Қарағанды тас көмір, Екібастұз тас көмір, Торғай- Обаған қоңыр көмір, Майкүбі қоңыр көмір, Теңіз-Қоржынкөл тас көмір, Жыланшық қоңыр көмір, Оңтүстік Зайсан қоңыр көмір, Оңтүстік Балқаш қоңыр көмір, Шу және Іле қоңыр көмір, Қаратау қоңыр көмір, Жайық-Каспий қоңыр көмір .
Кендірлік көмірін –Михаэлис ашқан.
Семей полигоны аумағындағы Қаражыра көмір кенінің қоры-1 млрд.т, 1995 жылдан ашық әдіспен алынатын көмір 93 жылға Шығыс Қазақстан облысын толық қамтамасыз етеді.
Кенді пайдалы қазбалар :
Темір - ТМД бойынша Ресей мен Украинадан соңғы 3-орында. Қоры-16,6 млрд.т. Қостанай жерінде темірдің 85% шоғырланған. Соколов-Сарыбай кен орны жылына 30-40 млн.т өндіреді. Магнитті теміртас құрамында 50-60% темір бар. Лисаков, Аят, Қашар кен байыту комбинаты шойын өндіруге қажетті шикізат береді, шөгінді жыныстардан пайда болған кенде 37-42 % темір бар.
Темір кен орындары : Қостанай облысындағы Торғай қолатында Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар, Аят. Орталық Қазакстанда Атасу мен Қаражалда, Жәйрем мен Кентөбеде. 1957 жылдан игеріле бастады.
Соколов-Сарыбай кен орнын 1949 жылы ұшқыш М. Сургутанов ашқан.
Темір кен орындары ағылшынның Транс Уорлд Групп компаниясымен бірге өндіруде.
Марганец- Атасу мен Жездіде , Қаражал мен Үшқатын кен орындарында бар.Кенде 27 % марганец бар. Ұлытау, Сарыарқа, Қаратау, Маңғыстау өңірлерінде кездеседі. Қоры 408.100 мың.т, дүние жүзі бойынша 3- орында.
Хром- 99 % -і Мұғалжар тауындағы Кемпірсай мен Дөң кен орындарында. Хромтау қаласында өндірілген хром тоттанбайтын болат қорытуға қажет, 40 елге экспортталады. ТМД хромитінің 97% -і Қазақстанда.Феррохром—Ақтөбеде өндіріледі.
Хром өндіруде Жапония компаниялары жұмыстар атқаруда.
Никель—Ақтөбе облысында Мұғалжар тауындағы Кемпірсай кен орнында Бұрақтал кеніштерінде шоғырланған. Қостанай облысында Аққара мен Ақтау кендерінің қоры мол, сапасы жоғары.
Алюминий—негізгі шикізаты боксит , ХІХ ғасырдан бастап өндіреді. Қостанай облысы мен Торғайдың Амангелдісінде бар. Алюминий зауыты Павлодарда, 1 т алу үшін 18000 квт/сағ электр энергиясы қажет. ( 14000 квт/сағ. 10кл.) Ферросилицум зауыты Ақсуда.(темірдің кремниймен құймасы.)
Павлодар алюминий зауыты алюминий тотығы яғни глинозем шығарады, одан таза алюминий алу үшін Батыс Сібірдің Новокузнецк зауытына жібереді.(одан таза алюминий алады.)
Мыс—Жезқазған, Балқаш, Қоңырат, Саяқ, Бозшакөл, Жыланды, Ұлытауда кездеседі.Негізгі мыс кені- мыс колчеданы, мыстың мөлшері 1,5-8%. Мысты құмтастың ірі қоры Жезқазғанда,ТМД бойынша І-орында, ал дүние жүзі бойынша ІІ-орында. Қазақстан мыс өндіруден дүние жүзінде 7-орында, өнімнің 92 % шет елге шығарылады. 1995 жылдан Оңтүстік Кореяның «Самсунг» компаниясымен бірге, ал 1997 жылдан «Қазақмыс» .
Ертіс мыс қорыту зауыты Шығыс Қазақстандағы Глубокое поселкасында.
Түсті металлургия кәсіпорындарын Шығыс Қазақстанға орналасуы шикізат көзі мен арзан электр энергиясына байланысты.
Жезқазған мыс кенін ашушы Қ.И.Сәтбаев . Балқаш мысы сапасы өте жоғары, дүние жүзілік стандартқа сай болғандықтан Лондондағы металдар көрмесіне қойылған.
Түсті металдар: ауыр- қорғасын, мырыш, мыс, қалайы, никель. Жеңіл- алюминий, магний, титан. Қымбат- алтын, күміс, платина. Баяу балқитын- молибден мен вольфрам. Сирек кездесетіні- уран, германий, рений, осмий, кадмий, индий,висмут, селен, сынап . Коррозияға төзімді- титан, никель, қалайы, қорғасын.
Титан- атом, ракета жасаудағы коррозияға өте төзімді метал.
Полиметал- қорғасын, мырыш, мыс, алтын, күміс т.б металдар қоспасы. Риддер, Зырян, Текелі, Жәйрам, Байжансай, Мырғалымсай, Ащысай.
Алтын- 190 кен орны бар, ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан соңғы ІІІ- орында, қоры бойынша ондыққа кіреді. Ақбақай, Ақсу, Жолымбет, Бестөбе, Майқайың, Бақыршақ,Степняк – негізгі кен орындары.
1996 жылы Қазақстан алтын кесектері Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында шығарды. Риддерде ірі полиметал комбинаты жұмыс істейді.
Күміс кені – Кенді Алтайда , Зырян кен орны Ресейдің метал ақшасының 75% берген.
1717 жылдан Алтайда қорғасын мен мырыш бар екені анықталған.
Жезқазған кен орнында рений, осмий, галий сияқты сирек металдар кездеседі.
Вольфрам қоры бойынша дүние жүзінде І-орында. Қараоба, Ақшатау, Жоғарғы Қайрақты, Бөгеті,Көктемкөл кен орындарында вольфрамның 85%-ке жуығы бар. 16 кен орны бар.
Кенсіз пайдалы қазбалар :
Асбест - Жітіқара (Қостанай облысы), Хантауда, Қарағанды-Жезқазған жерлерінде, Мұғалжардың оңтүстігінде Бөгетсайда, Шу-Іле тауларында.
Фосфорит- қоры жөнінен АҚШ-тан соңғы ІІ-орында. Қаратау, Алғада мол қоры бар. Ақсай, Жаңатас, Шолақтау кен орындары.
Қаратау жотасындағы ең көп кездесетін қорғасын мен фосфорит .
Тұз- Қызылорда мен Павлодарда. Каспий маңы ойпатында Бэр тұз төбешіктері бар.
Құрылыс материалдары: бор, мәрмәр, әктас, мергель, кварцты құм, минералды бояулар.
Климаты.
Күн радиациясы- Күннен шығатын сәулелі энергия. Дж/м ².
Күннен шыққан сәуленің 20 % атмосфера кері шағылыстырады.
Тура күн радиациясы- жер бетіне түсетін күн сәулесі.
Шашыранды күн радиациясы- атмосферадағы су булары, шаң-тозаңдар, бұлттар күн сәулесін өзіне сіңіретін немесе шашырататын күн радиациясы.
Жиынтық радиация- Жер бетіне келетін тура және шашыранды радиацияның жиынтығы.
Жұтылған радиация- жер бетіндегі топырақ, су, қар жамылғысы бойына сіңірген бөлігі. Қара жер 95 % жұтып,5 % шағылыстырады.
Шағылысқан радиация- Жер бетінің кері шағылыстыруындағы радиация.Жауған қарлар мен мұздар 95 % -ін кері шағылыстырып, 5 % жұтады.
Атмосфера жылуды Жерден алады. Қыста күн сәулесі түсу бұрышы аздығы, күннің қысқалығы, қардың шағылыстыруына байланысты күн суытады. Күн радиациясының Жер бетіне жетуі географиялық ендікке, атмосфера тазалығына, күн сәулесі түсу ұзақтығына байланысты.
Солтүстікте жиынтық радиация- 100 Дж/м ²
Оңтүстікте жиынтық радиация - 155 Дж/м ²
Тропосфераның қысқа мерзімдегі жай-күйі – ауа-райы, ал оның жиынтығы – климат деп аталады.
Қазақстан климатына әсер ететін ауа массалары : арктикалық, тропиктік, қоңыржай.
Қоңыржай климаттық белдеудің, шұғыл континенті климатында.
Климаттың континенттігі-- температура ауытқу амплитудасы жоғары, жауын-шашын аз, яғни қысы суық, жазы ыстық, жауын-шашын аз болады.
Солтүстік мұзды мұхиттың арктикалық ауа массалары қыста көлденең таулар болмауынан оңтүстікке дейін еркін өтіп кетеді.Суық әрі құрғақ ауа массалары келеді.
Көктемгі және күзгі үсіктер арктикалық континентті ауа массалары әсерінен болады.
Тропиктік ауа массалары –жазда оңтүстіктен, Орта Азия мен Ираннан келеді.Құрғақ әрі ыстық, қапырық ,жауын-шашын жоқ.
Қоңыржай ауа массалары- батыстан Атлант мұхитынан жауын-шашын әкелетін ауа массасы. Ең мол жауын-шашын Батыс Алтайда 1600 мм.
Қыста 50 º с.е. бойымен жоғарғы қысымды «Воейков белдеу» өтеді. Ол- Сібір антициклонының оңтүстік- батыс тармағы.
Атмосфералық қысым әртүрлі, орташа жылдық ауа қысымы Астанада 977мбар, Атырауда 1022 мбар, Қызылордада 1003 мбар. Тауларда ауа қысымы аз, Алматыда 920 мбар, Жоғары Күнгейде 776 мбар.( тауда жоғарылаған сайын ауа қысымы азаяды)
Жоғарғы қысым белдеуінен алыстаған сайын желдің жылдамдығы баяулайды. Жылдамдығы 15-20 м/сек немесе сағатына 72 км/сағаттан асатын қатты соққан желді – дауыл деп атайды.
Тау аңғарлық желдер- тау аңғарлары мен қазаншұңқырларда болады.
Сайқан желі - солтүстік-батыстан оңтүстік- шығысқа қарай соғатын суық жел, қыркүйек пен көкек айларында 2-3 тәулік тұрады. Осы кезде Алакөл ойысында-30-37 ºС-ге төмендейді.Желдің жылдамдығы 50-60 м/сек, Алакөлде судың деңгейі 1 м-ге дейін көтеріледі. Жауған қарды ұшырып, топырақты құрғатады, мал шығынға ұшырап, жол қатынасы қиындайды, балық аулауға зиянын тигізеді.
Ебі желі - Қытайда орналасқан Эбі-Нұр көлінен солтүстікке қарай соғатын жылы жел. Желдің жылдамдығы 60-80 м/сек, жыл ішінде орта есеппен 70-100 күндей соғады.
Ебі желін алғаш сипаттап жазған Ш.Уалиханов.
Жоңғар қақпасы - ені тар тектоникалық жарық, ені 20 км-ден 40 км-дей, ең тар жері 10км болады.
Шілік желі- Шілік өзені басталатын мұздықтардан Іле аңғарына соғатын жел, жылдамдығы 8-10 м /сек.
Арыстанды-Қарабас желі- Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінен Арыстанды өзені аңғарымен соғатын жел, жылдамдығы 35 м/сек.
Қордай желі- Жетіжол жотасы мен Кіндіктас тау аралығындағы Қордай асуының үстінен соғатын жел. Жылына шамамен 55 күн күшті жел, жылдамдығы 40м/сек. Қыста Сібір антициклоны орнаған кезде жылына 55 күн соғатын, жылдамдығы 40 м/сек.( сағатына 144км)
Мұғалжар желі - Мұғалжар тауынан соғатын, жылдамдығы 50 м/сек жел.
Қазақстан желдерінің энергетикалық қоры 1 млрд.квт.
Климат қалыптастырушы факторлар – радиация, ауа массасы, жер бедері, географиялық орны, мұхиттан алыс- жақындығы.
Ең суық жер- Атбасар өңірі -57 ºС, оңтүстікте +47 ºС. Қаңтарда- солтүстікте -19 ºС, ал оңтүстікте -2 ºС. Шілдеде – солтүстікте +14+19 ºС, ал оңтүстікте +28+30 ºС .
Инверция - қыста салқын ауаның әсері тимеген тау беткейлеріндегі температураның жоғары болуы.
Жауын-шашын: Жоңғар Алатауында 600-800 мм. Солтүстікте 400 мм. Шығыс Еуропа жазығында 140-350 мм. Шөлдерде 80-100 мм.
Оңтүстікте жауын-шашынның 50-60% қыста түседі, ол циклондарға байланысты.
Солтүстікте жауын-шашын жазда көп жауады, қыста қар мол болады.
Солтүстікте қардың қалыңдығы 20-30 см, 125-165 күндей жатады. Оңтүстікте қардың қалыңдығы 10-15 см, 40-60 күндей жатады.
Биік таулардағы қардың қалыңдығы мен жатуы тау биіктігіне байланысты. Оңтүстікте 3600 м, солтүстікте 2600 м-ден басталады.
Ылғалдану коэфиценті- жауын-шашынның булануға қатынасы. К-1-ге тең болса ылғал жеткілікті, К- 1-ден үлкен болса ылғал мол, К-1-ден кіші болса ылғал жеткіліксіз. Шөлдерде ылғал жеткіліксіз.
Шаңды дауылдың ең көбі 55-60 күндей Балқаш-Алакөл алабында болады.(ылғал өте аз).
Вегетациялық кезең солтүстікте 130-135 күн, оңтүстікте 180-185 күн.
Қазақстандағы ең ұзақ күн - Петропавлда.
