- •Тасты шөл – хамада, сазды шөл – тақыр, құмды шөл – эргтер.
- •Материкте 4 млрд-тан астам, яғни Жер шары халқының ¾ бөлігі тұрады.
- •Әлемнің 7-і кереметінің 5-еуі Еуразияда:
- •Микромемлекеттер: Андорра, Лихтенштейн, Монако, Сан-Марино, Ватикан.
- •Ең бірінші аэс – Ресейдегі Обнискіде.
- •Латын Америкасы елдері 4 аймаққа бөлінеді.
- •1960 Жылдан астанасы - Бразилиа. 22 штаттан тұратын федерациялы ел.
- •Сахара ең таза экологиялық аудан.
- •Антарктидадағы оазистер материк жағалауларында пайда болады.
- •Мұхиттық аралдардағы алғаш тәуелсіздік алған – Жаңа Зеландия (3 рет ашылған).
Жерінің ауданы аралдарымен 18,3млн. км², аумағы бойынша 4 орын.
Жер шарындағы ең мол сулы, су жинау алабы өте үлкен Амазонка өзені бар. Жылдық ағыны 7000км³, су жинау алабының ауданы 7млн.км². Ұзындығы 6400км, 1 сек. 220000м³ су ағады (амазуну - кері ағыс).
Ориноко өзенінің Чурун саласында дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель орналасқан, ол 1054м биіктен құлап ағады.
Анд таулары – дүние жүзіндегі ең ұзын тау, ұзындығы 9000км-ден астам (мысты тау).
Анд тауында дүние жүзіндегі биік тау көлі - Титикака көлі, теңіз деңгейінен 3812м, ауданы 8300км² , тереңдігі 304м (үндіс тілінде-қалайы алаңы).
Оңтүстік Америка – Жер шарындағы ең ылғалды және жасыл материк, жерінің жартысына жуығы ормандар. Оңтүстік шығысындағы Патагония жері ғана құрғақ, оның себебі Фолькленд суық ағысына байланысты.
Парана мен Уругвай өзендерінің Атлант мұхитына құяр жерінде ұзындығы 320км, ені 220км болатын дүние жүзіндегі ең ірі эстуарийлық өзен сағасы – Ла-Плата орналасқан.
Амазонка ойпаты – Гвиана мен Бразилия таулы қыраттары аралығында орналасқан.
Шығысында Атлант мұхиты, ал батысында Тынық мұхитпен шектеседі.
Перуан суық ағысы әсерінен Чили жерінде ұзындығы 1000км, Атакама шөлі орналасқан. 10-12 жылда Перуан ағысы мұхитқа ығысып Эль-Ниньо жылы ағысы қалыптасады.
Ендік бағытта шығыстан-батысқа қарай ең енді бөлігі 5ºо ендікте.
Америка дүние бөліктеріне шығысы жазықты болғандықтан Атлант мұхиты әсері мол. Батыстарында литосфералық тақталар түйісуінен биік таулар орналасқан.
Материк ежелгі гондваналық Оңтүстік Америка платформасында жатыр.
Анд таулары орталық бөлігіндегі тау аралық үстірттер - пуна деп аталады, үстірт бетіндегі тұзды батпақтар - саларес.
Анд тауларында 10-15 жылда апатты жер сілкінулер қайталанып тұрады. 1970 жылы Перуде жер сілкінуден 70 мың адам қаза тапқан.
Пайдалы қазбалар: темір, марганец, уран, никель, алмас, алтын, боксит, мұнай, газ, тас көмір, мыс, қалайы, қорғасын, мырыш, күміс, асыл тастар өте көп. Боливия жерінде 940км-лік қалайы белдеуі орналасқан.
Игуасу сарқырамасы – Аргентина мен Бразилия шекарасындағы Парана өзеніндегі, биіктігі 72м, 300 тармаққа бөлінген, ені 2700м, 275 сарқырамадан тұратын, сарқырамалар жүйесі.
Күн сәулесін мол алғанымен ондағы мол ылғал материкті қызып кетуден сақтайды.
6 климаттық белдеу бар, экваторлық, 2 субэкваторлық (льянос пен кампос), тропиктік, субтропиктік, қоңыржай.
Льяноста (с.ж.ш) – пальма, акация, биік шөптесін өсімдіктер. Гвиана саваннасы
Кампоста (о.ж.ж) – ағаштар аз, онда тікенекті кактус, мимоза өседі. Бразилия саваннасы
Амазонкада 1500-3000мм, субэкваторлық белдеуде 1000-2000мм, бұл жауын-шашын Атлант мұхиты ылғалды ауа массаларына байланысты. Бразилия таулы үстірті солтүстік-шығысында 250мм, оның себебі жылы ағыстардың екіге бөлінуіне байланысты.
Тынық мұхит жағалауының солтүстік батысы мен қиыр оңтүстік батысында 3000мм жауын-шашын, ал Атакама шөлінде 100мм-ден де аз.
Климатына экваторлық, қоңыржай, тропиктік ауа массалары әсер етеді.
Амазонка - 500-ден астам саласы бар,ең мол сулы өзен, ені 5км-ден 80км-ге жетеді. Ірі ақ гүлді, жапырағы диаметрі 2м-ге жететін Виктория-регия өседі. Тұщы судағы ең ірі балық – арапайма, (ұзындығы 4м, салмағы 200кг) мен жыртқыш пиранья балығы, электрлі су жыланы, тұщы су дельфині - иния, кайман қолтырауыны тіршілік етеді.
Өзендері 3 алапқа бөлінеді. Тынық, Атлант мұхит, ішкі тұйық алап.
Маракайбо – лагуналық көл, одан мұнай өндіріледі.
Гилея - Амазонка бойында өсетін ылғалды экваторлық орман, 2 мыңнан астам ағаштар өседі. «Ғаламшар өкпесі. Қалың орманды жергілікті халық - сельвас деп атайды.
Пампа – Ла-Плата жазығындағы ауыл шаруашылығы үшін қажетті құнарлы қара топырақты дала.
Гуано - 30м-лік Чили жеріндегі Атакама шөліндегі «құс базарынан» пайда болған, құстың саңғырығы. Бұл азотты тыңайтқышты Чили басқа елдерге сатады.
Гаруа - Атакама шөлінде тәулікте 25-30ºС температура ауытқуынан мамыр мен қараша аралығында бриз желдерінен пайда болатын «соқыр тұмандар».
Ломас - ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдіктер (Атакамадағы осы тұман түнде шыққа айналады).
Тауда 2500м биікте кактус пен опунциядан тұратын тікенекті ксерофитті бұталар белдеуі. 3500-3900м биікте жауын-шашын мол болуына байланысты биік таулы шөптесінді пуна белдеуі басталады. Белдеудегі ерекшесі - Раймонд пуйясы өседі.
Кондор - салмағы 9-12кг, қанатын жайса 3м-ге жатетін. Кондор мен лама Анд тауының символы.
Орталық және Оңтүстік Америка – картоп, тәтті картоп - батат, мақта, жүгері (маис), үрме бұршақ, бұрыш, асқабақ, күнбағыс, қызанақ, темекі, какаоның отаны.
Эквадорда 30 әрекет етуші жанартау бар.
Оңтүстік археологиялық музейі - Перу (онда Титикака көлі, жерінің 60% орман).
ХVІ ғ. еуропалықтар жаулағанға дейін Инктер империясы болған.
Материкке алғашқы адамдар 15-17 мың жыл бұрын Панама мойнағы арқылы Солтүстік Америкадан келген.
Материкте 320млн. адам, үндістер 10%. Аралас нәсіл өкілдері көп. Метис, мулат, самбо, креолдар (испандықтар мен португалдықтар ұрпағы).
Халқы негізінен латын тілдеріне жататын испан тілінде сөйлейді, себебі Ұлы географиялық ашылулардың нәтижесіне байланысты. Бразилияда ғана португал тілі - мемлекеттік тіл.
Латын Америкасы елдері Испан, Португал отарынан ХІХ ғасырда ғана босады.
Латын Америкасында 46 ел бар, солтүстіктен-оңтүстікке 13 мың.км, ал батыстан- шығысқа қарай 5 мың км.
Латын Америкасы елдері 4 аймаққа бөлінеді.
1) Орталық Америка.
2) Бразилия.
3) Анд елдері - Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили.
4) Ла-Плата елдері - Парагвай, Уругвай, Аргентина.
Материктегі ең үлкен агломерация – Буэнос Айрес, халықтың 1/3 бөлігі осында.
Латын Америкасы халқының этникалық құрамы 3 түрден тұрады.
1)Байырғы халқы үндістер 15%.
2) Креолдар.
3) Негрлер ұрпағы.
Халқы 1 км²-20 адамнан, урбандалуы - 72%. Млн. қала – 30.
Парагвай мен Боливия теңізге шыға алмайды, Венесуэла мен Мексика мұнай өндіреді.
Куба - аралда 1250км-ге созылған, кесіртке елі, 150-ден астам қант зауыты бар. Қанттың 60%-ін қант құрағынан алып,саудаға шығарады.
Банан Республикалары - Коста Рика, Эквадор, Колумбия, Гондурас, Панама. Бұл плантацияларға «Юнайтед фрут компани» компаниясы иелік етеді.
Үндістер іргесін қалаған ацтектер мемлекетінің астанасы - Теночтитлан 1176ж, Мексика жерінде.
Багам аралдары – жалға пәтер берушілер.
Мехико - 35 млн. адам тұратын, «түтін қала».
Бразилия атауы – сүрегінде қызыл түсті бояуы бар паул ағашы атынан аталған.
Рио-де-Жанейро – «қаңтар өзені» деген мағына білдіреді олай атаған португал теңіз жүзушісі Гонсалу Куэлью.
Бразилияны ашқан португал теңіз жүзушісі – Педру Кабрал.
Бразилия қант құрағынан алынатын этил спиртімен жұмыс істейтін 1 млн-нан астам автомобиль шығарады.
Бразилия «индустриялық ұшбұрышы» Сан-Паулу. Рио-де-Жанейро. Белу Оризонти.
1960 Жылдан астанасы - Бразилиа. 22 штаттан тұратын федерациялы ел.
Транс Амазония тас жолы батыстан - шығысқа 5,5 мың.км, 1970 жылдан салынды.
Дүние жүзіндегі ең биік астана- Ла-Пас 3630м, ең биіктегі темір жол Перуде 4800м-де.
Жануарлар дүниесі (Фауна) - маймылдардың ілмекті, бақырауықты түрлері, жалқауаң, тапир, опоссум,құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанат, пекари, ірі су шошқасы капибара, жыртқыштар - ягуар мен пума, бақалар мен жорғалаушылар, 12м. әлемдегі ең үлкен жылан Анаконда, ергежейлі бұғылар, жалды қасқыр, сауыттылар, пампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер, теңіз шошқасы, терісі бағалы құндыз, гуанако ламасы, викунья ламасы, көзілдірікті аю, магеллан пингвині. Жергілікті халық – алпака және кәдімгі ламаны қолда ұстайды.
Өсімдіктер дүниесі (Флора): папоротниктер, орхидеялар, каучук алатын гевея, ең жеңіл бальс ағашы, дәрілік шикізат беретін хина ағашы, сейба, қауын ағашы, араукария және парагвай шайы, пальма, акация, кактус, мимоза, сүттіген, бөтелке ағаштары, тері илеуге қажетті шикізат беретін кебрачо (балта сынар) ағашы, қоңырбас, кофе, селеу, бетеге, Раймонд пуйясы.
Құстар: тоты құстар, тукандар, гаоциндер, ең кішкентай құс колибри, нанду түйеқұсы, аса ірі жыртқыш құс кондор. Атакама шөлі жағалауында «құс базары».
Латын Америкасында дүние жүзінде күмістен жетекші орын алатын ел – Мексика.
Пампадағы батыл шабандоз малшылар – гаучо.
Экваторлық Андыда орманның жоғарғы шекарасы 3000-3200м биікте орналасқан.
Оңтүстік Америка халқы негізінен теңіз жағалауы мен Анды тау етегінде.
Оңтүстік Америка экваторлық орманындағы қауіпті жыртқыш – ягуар.
Отты Жер аралы – Аргентина мен Чилиге қарайды.
Оңтүстік Америка – мақта, қызанақ, картоп, жүгерінің отаны.
Дүние жүзіндегі ең ұзын ел-Чили.
Колумбияның алтын мұражайы Богота қаласында орналасқан.
Оңтүстік Америка.
Шеткі нүктелері:
Солтүстікте – Гальинас мүйісі. Батыста – Париньяс мүйісі.
Оңтүстікте – Фроуэрд мүйісі. Шығыста – Кабу Бранку мүйісі.
Елдері мен астаналары:
Чили – Сантьяго Аргентина – Буэнос-Айрес
Парагвай – Асунсьон Бразилия – Бразилиа
Перу – Лима Эквадор – Кито
Боливия – Ла-Пас Колумбия – Санто Феро Богото
Венесуэла – Каракас Гайана – Джорджтаун
Суринам – Параморибо Уругвай – Монтевидео
Француз Гвианасы – Кайенна
Өзендер: Парана, Уругвай, Сан-Франциску, Амазонка, Ориноко, Магделена,
Рио-Негро, Рио-колорадо.
Көлдер: Титикака, Буэнос-Айрес, Вьедма, Лаго-Архентино, Мар-Чикито,
Поопо, Маракайбо.
Теңіздер: Кариб.
Жылы ағыстары - Гвиана, Бразилия, Гольфстрим, Эль-Ниньо.
Суық ағыстар - Перуан, Фолькленд, Батыс желдер.
Шығанақтар: Венесуэла, Байя-Гранде, Сан-Хорке, Сан-Матиас, Байя-Бланка, Панама, Гуаякиль.
Түбектер: Гуахира, Вальдес.
Шөлдер: Атакама.
Жазықтар: Амазонка, Ла-Плата, Ориноко, Гран-Чако, Маморе, Пантанал.
Бұғаздар: Дрейк, Магеллан.
Таулар: Анд.
Таулы үстірт: Гвиана, Бразилия.
Аралдары: Отты Жер, Фолкленд, Кіші Антиль, Галапагос, Тринидад,Чилоэ.
Жанартаулар: Котопахи, Саншай, Руис, Ликанкабур, Домуйо,
Минчинмавида, Тупунгато, Берни, Сан-Педро, Охос-дель Саладо.
Ұлттық парктер: Канайми, Ману, Пакас-Новус, Арагуая, Игуасу, Науэль-Уапи, Лос-Гласиарес, Альберто-Агостини, Ислас-Гуайтекас, Амазония, Пику-де-Неблина, Галапагосс, Сьерра-да-Бокайна, Лаука, Котопахи, Ясуни, Жау, Кабу-Оранжи, Эль-Тупорро.
Африка.
Африка ауданы 30,3 млн.км². Африка атауы - материк солтүстігін мекендеген «африги» тайпасы атымен байланысты.
Экватор сызығы мен бас меридиан кесіп өтетін материк, оның шеткі нүктелері дүниенің төрт бұрышында. Жерінің 20% биік тау, 10% ойпат, 70% жазық пен үстірттер. Жалпы жерінің 80% жазықты болып келеді. Африкада ұзын әрі биік тау тізбектерінің болмауы – ежелгі платформада орналасуынан.
Жер шарындағы ең ұзын өзен - Ніл, саласы Кагерамен 6671 км.
Ең үлкен тропиктік Сахара шөлі, ауданы 7 млн.км²-ден артық.
Сахара солтүстігінде Әл-Азизия қаласында 1933 жылы +58ºС тіркелген, бұл Жер шарындағы ең жоғарғы температура.
Құрлықтағы ең ірі жануар – Африка пілі жабайы күйінде тіршілік етеді, салмағы 7,5 т.
Материк жағалауындағы ең ірі материктік арал – Мадагаскардың ауданы 590 мың км², материктен дүние жүзіндегі ең ұзын бұғаз – Мозамбик бұғазымен бөлінеді, ұзындығы 1670 км. Маймыл лемур мен пальманың бір түрі саяхатшы ағашы.
Африкадағы ең ірі көл – Виктория, ауданы 68мың км² (Каспийден соңғы ІІ орын), ал ең терең көлі Танганьиканың тереңдігі 1470 м. Ол тереңдігі жөнінен Байкалдан соңғы ІІ-орында. Ұзындығы 650 км.
Материктегі ең биік сарқырама – Оңтүстік Африкадағы Тугела, оның биіктігі 933м. Тугела өзенінде, биіктігі бойынша дүние жүзінде ІІ-орында.
Материк солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км, батыстан шығысқа 7,5 мың км.
Екі тропик шеңбері аралығында орналасқандықтан, ең ыстық материк.
Материк ежелгі гондваналық Африка платформасында орналасқан.
Пайдалы қазбалары: темір, мыс, мырыш,қалайы,уран,алтын,алмастың ірі қорлары бар. ОАР-да алтын,алмас, платина, көмірдің мол қоры.Сахара мен Намиб шөлінде-уран. Жерорта теңізі мен Гвинея жағалауы мұнайға бай. Атлас тауларында-фосфорит. ОАР-дағы алмас 1869 жылы табылған.
Заир мен Замбия жерінде 500 метрде Мыс белдеуі орналасқан.
Экватор сызығы ортасынан өткендіктен жыл мезгілдері ауысуы анық байқалмайды, жылдық орташа температура +20ºС.
Климатына экваторлық, тропиктік, қоңыржай ауа массалары әсер етеді.
Африкада 7 климаттық белдеу, экватор материк ортасынан өткендіктен белдеулер екі реттен қайталанады. Экваторлық, 2 субэкваторлық, 2 тропиктік, 2 субтропиктік белдеулер бар. Жерінің 40% саванналар.
Саваннадағы өсімдіктер құрғақ кезеңде жапырағын түсіріп, қурап сарғыш реңге боялады да жаңбырлы кезде биік шөптесін өсімдіктер қаулап өседі. Шөптесін өсімдіктер басым сондықтан ірі тұяқты жануарлардың барлық түрлері кездеседі.
Гвинея шығанағы жағалауындағы Дебунджа қаласында жылдық жауын-шашын 10470 мм. Экватордың бойында жауын-шашын 3000 мм.
Тропиктік ауа массасы үстемдік ететін Сахара шөлі мен оңтүстігінде жауын-шашын өте аз.
Сахара оңтүстігінде Мавританиядан Эфиопияға дейін 10 ел территориясынан өтетін қуаңшылық пен шөлдің басты ауданы Сахель зонасы, 1968-74 жылдар арасында шөл оңтүстікке қарай жылжыды.
Себептері : 1) Малды үнемі жаю;
2) Орманның көп кесілуі;
3) Жауын жаумауы.
