- •Беларусь Республикасы.
- •1991 Жылдың 25 тамызынан тәуелсіз ел.
- •1997 Жылы рф-мен одақ құрды, шекарасының 1/3 бөлігі Ресеймен өтеді.
- •Егістік жерлер елдің орталық бөлігінде, оның 60-80% -ы жыртылған.
- •Украин халқының тарихи қалыптасуы хіv - хv ғасырларда .
- •1991 Жылдың 24 тамызы - тәуелсіздік күні.
- •Украина- индустриялы –аграрлы ел.
- •Молдова халқы өте тығыз қоныстанған ел. 1 км²-ге 119 адам.
- •Молдова Республикасы.
- •Днестр, Прут өзендері су мен энергияның көзі және кеме қатынасына да қолданылады.
- •Кавказ елдері.
- •1991 Жылдан Грузия, Армения, Азербайжан тәуелсіз мемлекеттер.
- •Ең биік нүктесі – Арагац тауы 4090 м.
- •Орта Азия елдері. Өзбекстан Республикасы.
- •Қырғызстан Республикасы.
- •Түрікменстан Республикасы.
- •Қарақұм каналының ел экономикасындағы орны ерекше.
- •Дүние жүзіне белгілі Түрікмен кілемдері 15 кілем фабрикасында тоқылады.
- •Тәжікстан Республикасы.
- •Сарез көлі ауданы-79,6 км², тереңдігі- 500 м, 3263 м биікте орналасқан.
- •Дүние жүзілік экологиялық ұйымдар.
- •Дүние жүзіндегі мемлекет басқарудың монархиялық формасы
Түрікменстан Республикасы.
Жерінің ауданы - 491,2 мың км².
Халқы - 4,8 млн адам (2001 ж)
Астанасы - Ашғабад.
Мемлекеттік құрылымы - республика.
Мемлекет басшысы - президент.
Заң шығарушы органы - парламент.
Мемлекеттік тілі - түрікмен тілі.
Ұлттық валютасы - түрікмен манаты.
Әмудария мен Каспий теңізі аралығында орналасқан. Қазақстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Иранмен шектескен(4 елмен), ал батысында Каспий теңізінің сулары шайып жатыр.
Бірнеше елдің геосаяси мүддесі тоғысқан Каспий алабында орналасуының ел экономикасындағы орны ерекше.
Түрікменстан жеріндегі алғашқы қоныстар б. з. д. І мыңжылдықта пайда болған. Мургаб өзені бойындағы шұраттарда ежелгі қалалар мен мемлекеттер ( Маргиана, Парфия, Мидия) пайда болған.
Шығыс пен батысты қосқан Ұлы Жібек жолы және Үндістан мен Қытайды Жерорта теңізі елдерімен байланыстыратын керуен жолдар өткен. Х ғасырда Ұлы Жібек жолы бойындағы Мерв қаласы ірі сауда орталығы әрі ХІ-ХІІ ғасырда елдің астанасы болды.
Монғол шапқыншылығы кезінде гүлденген қалалар қирап, отырықшы мәдениет күйреді. Әмір Темір мен оның ұрпақтарының және ХVІ–ХVІІ ғасырда Бұхара мен Хиуа хандықтарының қол астында болды.
ХІХ ғасыр соңында Ресей империясының құрамына өтті.
1918 жылы Түркістан Автономиялық республикасы құрамына енді. 1924 жылы КСРО құрамында Түрікмен КСР-і болып құрылды.
1991 жылдың 27 қазаны тәуелсіздік мерекесі, әкімшілігі 5 уәлаяттан(облыс) тұрады.
Жерінің 80% -ы Тұран ойпатының шөлдері, Қарақұм шөлі бар. Шөлдерде жер бедері 100-200 м-ден аспайды, сусымалы құмдар,сазды шөлдер мен тақырлар өте көп.
Оңтүстігіндегі аласа Бадхыз,Копетдаг таулары шығу тегі жағынан Альпі қатпарлығындағы жас таулар. Таулы аудандар сейсмикалық тұрақсыз, 1948 жылғы Копетдагтағы 10 баллдық жер сілкінуде ел астанасы Ашғабад түгелдей қираған.
Пайдалы қазбалары :Тұран плитасы мен Каспий теңізі қайраңында табиғи газ(Ачак, Шатлык) бен мұнайдың аса мол қоры шоғырланған. Газ қоры жөнінен алғашқа 5-тікке енеді. Қарақұмда күкірт, Қара-Бұғазкөл шығанағында калий, магний, натрий, бром, йод, глаубер тұздары мол қоры шоғырланған.
Климаты шұғыл континентті, «нағыз күн сәулелі ел, онда 290 күн ашық бұлтсыз» күндер болады. Жауын-шашын жылына 100 мм, ал таулы аудандарда 350 мм-дей. Елдің оңтүстік-батысы субтропиктік белдеуде, ең жылы аудан, жылдық орташа температура +17ºС, жазы ыстық әрі құрғақ.
Жазда Әмудария аңғарындағы ыстық «ауған желі» жер бетін 60-70ºС-ге дейін қыздырады.
Өзендері - Әмудария, Мургаб, Теджен сулары құмға сіңеді. Сарықамыс тұзды көлінен ас тұзы өндіріледі.
Қарақұм каналының ел экономикасындағы орны ерекше.
Қарақұмда 200 м тереңдікте жер асты мол суы бар. Шұраттар өзен бойларында кездеседі.
Түрікмен жері табиғатының басты белгісі –шөлдер мен шұраттардың қатар кездесуі.
Халқы 4,8 млн адам(2001 ж), өсудің дәстүрлі типі тән, табиғи өсу 1,5%, туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 21 адам, ал өлім 6 адам. Халқының саны ауыл халқы есебінен 90-100 мың адамға артады.
Көп ұлтты, 100-ден аса ұлт мен ұлыстар қоныстанған. Түрікмендер халықтың ¼ бөлігі, өзбектер 9,2%, орыстар 6,7%, қазақтар 2,2% .Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 9,8 адамнан келеді, шұраттарда 200 адамға жетеді. Қала халқы 44% .
Жерінің 80% -ын алып жатқан Қарақұмда халық қоныстанбаған.
Ірі қалалары : Ашғабад(540,6 мың), Чарджоу (189,2 мың), Ташауыз (141,8 мың).
Экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізудегі мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары :
• экономикада құрылымдық өзгерістер жүргізу.
• әлеуметтік саладағы бағдарламаларды жүзеге асыру.
• азық-түлік және халыққа қажетті тауарларды өндіру көлемін арттыру.
• нарықтық қатынастар мен кәсіпкерлікті одан әрі дамыту.
• ел экономикасына шетел инвестицияларын тарту.
