Дүние жүзі тарихы
1. Афины басты ќала болған Грецияның аймағы: A) Итака аралы B) Пелопоннес C) Аттика аймағы D) Саламин аралы E) Солтүстік Греция |
2. Славяндар туралы деректер қалдырған: A) Франк тарихшылары B) Араб тарихшылары C) Ағылшын тарихшылары D) Шығыс Рим тарихшылары E) Неміс тарихшылары |
3. Орта ғасырда христиан моралі уағыздады A) Қалаларды қаратуға. B) Дінге қарсы шығуға. C) Салықтар төлемеуді. D) Өмірде өз орнын білуге. E) Өкіметке бағынбауды. |
4. Бабурдың әскерінің құрамында болды: A) Орта Азия халықтары, Ауған тайпалары B) Тек Ауған тайпалары ғана C) Кавказ халықтары D) Жоңғар тайпалары E) Тек Орта Азия халықтары ғана |
5. 1703 жылдан бастап Мәскеуде шыға бастаған басылым. A) «Ведомости». B) «Москва». C) «Россия». D) «Известия». E) «Навигатор». |
6. АҚШ Луизиананы сатып алған ел: A) Франция. B) Испания. C) Мексика. D) Англия. E) Португалия. |
7. Австралия доминиондық статус алған жыл. A) 1907 B) 1910 C) 1900 D) 1867 E) 1911 |
8. Атомдарда ауыр ядро болатынын дәлелдеген физик: A) Д. Максвелл. B) В. Рентген. C) А. Эйнштейн. D) М. Кюри. E) Э. Резерфорд. |
9. 1871 жылдың 26 наурызынан кейін Францияда революциялық үкімет санатында болған орган: A) Қоғамдық құтқару комитеті. B) Халықаралық жұмысшылар серіктестігі. C) Жалпы еңбек конференциясы. D) Ұлттық гвардияның ОК. E) Париж коммунасының кеңесі. |
10. Испан халқының өз жерін жат жерлік басқыншылардан азат ету күресі: A) Реконкиста. B) Халифат. C) Пиреней. D) Реформа. E) Кордова. |
11. Византия империясы қандай елдердің шапқыншылығынан жойылды? A) Иран, Парсы елдерінің B) Түрік Османдарының C) Кіші Азия елдерінің D) Моңғол мемлекетінің E) Қытай мемлекетінің |
12. XVІІ ғ. ағылшын буржуазиялық революциясының тарихи мәні: A) Республиканың орнауы. B) Феодалдық тәртіптің сақталуы. C) Капитализмнің дамуына жол ашылуы. D) Шіркеудің өкіметтен бөлінуі. E) Жерді национализациялау және лордтар палатасын жою. |
13. Қытайдағы буржуазиялық революция жылдары A) 1905-1911 ж.ж. B) 1899-1902 ж.ж. C) 1910-1917 ж.ж. D) 1904-1905 ж.ж. E) 1911-1912 ж.ж. |
14. В. Гюгоның белгілі романы: A) ’’Робинзон Крузо’’ B) ’’Фигароның үйленуі’’ C) ’’Гулливердің саяхаттары’’ D) ’’Күлегіш адам’’ E) ’’Севиль шаштаразы’’ |
15. 1919 ж. көктемінде Кеңес өкіметіне ең қауіп төндірген армия: A) Колчак армиясы. B) Деникин армиясы. C) Дутов әскері. D) Врангель армиясы. E) Ағылшындар корпусы. |
16. 1945 ж. 25 сәуірде Кеңес әскерімен АҚШ- тың алдыңғы қатардағы әскери бөлімдері кездескен жер: A) Прага B) Бухарест C) Торгау D) Берлин E) Вена |
17. Бірінші болып 6 айға ядролық қаруға бір жақты мораторий қабылдаған ел. A) АҚШ. B) КСРО. C) Англия. D) Қытай. E) Франция. |
18. Солтүстік Кореядағы жетекші партияның атын атаңыз: A) Солтүстік Кореяның коммунистік партиясы. B) Солтүстік Кореяның еңбек партиясы. C) Демократиялық партия. D) Солтүстік Кореяның социалистік партиясы. E) Халықтық партия. |
19. Ф. Кастроның армиясы Гаванаға кірген жыл. A) 1953 ж. B) 1958 ж. C) 1956 ж. D) 1957 ж. E) 1959 ж. |
20. Қыш кітаптардан кітапхана құрған ежелгі Ассирия патшасы: A) Дарий. B) Ашшурбанипал. C) Синахериб. D) Тутанхамон. E) Хаммурапи. |
21. Барлық Жерорта теңізіндегі Римнің билігі орнаған ғасыр: A) Б.з. ІІ ғ. B) Б.з. І ғ. C) Б.з. дейінгі ІІ ғ. D) Б.з. ІІІ ғ. E) Б.з. дейінгі ІV ғ. |
22. Жапонияның Ресейге ќарсы соғыс бастаған жылы: A) 1889. B) 1893. C) 1902. D) 1904. E) 1900. |
23. 1991жылғы референдумда Кеңес Одағын сақтауға дауыс берудің ең жоғарғы пайызы: A) Кавказ елдерінде байқалды. B) Орта Азияда байқалды. C) Балтық жағалауында байқалды. D) Ресейде байқалды. E) Молдовада байқалды. |
24. 1960 жылдары әскери-саяси блоктарға қосылмау қозғалысы елдері үкімет басшыларының бірінші конференциясы өткен қала: A) Дели. B) Нью-Йорк C) Москва. D) Каир. E) Белград. |
25. Бұрынғы кеңес ақыны, әдебиет жөніндегі Нобель сыйлығының лауреаты: A) Евтушенко. B) Вознесенский. C) Рождественский. D) Бродский. E) Ахмадуллина.
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
