Қазақ әдебиеті
1. ’’Аяз би’’ ертегісінің кейіпкерін табыңыз. A) Кендебай. B) Жаман. C) Ерназар. D) Бапы. E) Шойынқұлақ. |
2. «Асылым құдай берген өз басыма, Тең келмес жеті Біржан тырнағына»,- деген жолдарда Сара ақын кім туралы айтып отырғанын табыңыз. A) Молықбай қобызшы. B) Тұрысбек. C) Есімбек. D) Жиенқұл. E) Түбек ақын. |
3. XVІІІ ғасырда өмір сүріп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесші болған қай жырау екенін белгілеңіз. A) Бұқар. B) Қазтуған. C) Доспамбет. D) Ақтамберді. E) Шалкиіз. |
4. Махамбет өлеңін көрсетіңіз. A) ’’Кел, балалар, оқылық’’. B) ’’Дүтбайға’’. C) ’’Қызғыш құс’’. D) ’’Жазғытұрым’’. E) ’’Өзен’’. |
5. Тұңғыш мұғалімдер мектебі қайда, қашан ашылғандығын табыңыз. A) Ырғызда, 1887 жылы. B) Торғайда, 1883 жылы. C) Орск қаласында, 1881 жылы. D) Торғайда, 1879 жылы. E) Орынборда, 1879 жылы. |
6. І.Жансүгіровтің қай шығармасында Сағынайдың асы суреттелетінін табыңыз. A) «Күйші». B) «Құлагер». C) «Күй». D) «Исатай-Махамбет». E) «Жолдастар». |
7. С. Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасының басты кейіпкерін табыңыз. A) Баян. B) Ноян. C) Тұтқыш. D) Алтай. E) Адақ. |
8. Рубаилары әлем поэзиясының өшпес жұлдыздарының бірінен саналатын ақынды табыңыз. A) Фирдоуси. B) Рудаки. C) Айбек. D) О.Хайям. E) Низами. |
9. «Мына қараңғы түнде, қараңғы көлеңке бөлмеде тағы да бір әлсіз шырақ тұтанып, жылтырап жанып келеді.» Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романынан алынған осы үзіндінің кімге арнап айтылғанын табыңыз. A) Бойға біткен балаға. B) Светаға. C) Қасымбекке. D) Назираға. E) Дариғаға. |
10. С.Сараидің назиралық үлгіде жазылған дастаны қалай аталатынын табыңыз. A) ’’Хибат-ул хақайық’’. B) ’’Гүлстан бит-турки’’. C) ’’Мұхаббат-наме’’. D) ’’Хұсрау-Шырын’’. E) ’’Диуани Хикмет’’. |
11. "Ер Тарғын" жырындағы ақылшы жырауды табыңыз. A) Шалкиіз жырау. B) Жиембет жырау. C) Марғасқа жырау. D) Ақтамберді жырау. E) Сыпыра жырау. |
12. «…Мен ажалым жетпей өлмеспін, ешкімнің қырсығына көнбеспін»-деген cөз қай кейіпкердікі екендігін табыңыз. A) Қозы Көрпеш. B) Гүлбаршын. C) Қыз Жібек. D) Баян сұлу. E) Айман. |
13. Доспамбет жырау мен Шалкиіз жыраудың аттас шығармасын табыңыз. A) ’’Ор, ор қоян, ор қоян’’ B) ’’Жауынды күні көп жүрме’’. C) ’’Шағырмақ бұлт жай тастар’’. D) ’’Қоғалы көлдер, қом сулар’’. E) ’’Жел, жел есер, жел есер’’. |
14. Беріште Есет, Айтуар, Анайы туған Қарқуар- Солардан қалған бұ дүния, Өлімнің сондай жайты бар,- деген шумақ Мұрат Мөңкеұлының қай өлеңінен алынғандығын анықтаңыз. A) «Өлім». B) «Әттең, бір қапы дүние-ай». C) «Үш қиян». D) «Еділді тартып алғаны». E) «Дұспан-тазы, біз- түлкі». |
15. Абайдың «Кейде есер көңіл құрғырың» өлеңінің лирикалық кейіпкерін табыңыз. A) Бақытсыз жан. B) Өлең құдіретін сезінген жан. C) Бақытты жан. D) Махаббат қызығына бөленген екі жан. E) Махаббаттын таппай күйзелген жан. |
16. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың феодалдық салтты әшкерелейтін өлеңін табыңыз. A) ’’Туған еліме’’. B) ’’Мәз болады болысың’’. C) ’’Анау-мынау’’. D) ’’Шәкірттерге’’. E) ’’Оқудағы мақсат не?’’ |
17. С.Сейфуллиннің романын табыңыз. A) “Ұлпан”. B) “Жолдастар”. C) “Ботагөз”. D) “Тар жол, тайғақ кешу”. E) “Көшпенділер”. |
18. Ғ.Мүсіреповтің пьесасын белгілеңіз. A) «Рабиға». B) «Амангелді». C) «Шекарада». D) «Бесеудің хаты». E) «Жалғыз ағаш орман емес». |
19. Сюжет дегеннің не екенін белгілеңіз. A) Қалыпты жағдайдан әсірелеп суреттеу. B) Табиғат көркін суреттеу. C) Әдеби шығармадағы оқиға желісі. D) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі. E) Бір адамның ұзақ сөзі. |
20. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанының басты идеясы неше принципке негізделіп жазылғанын табыңыз. A) Үш. B) Бес. C) Екі. D) Жеті. E) Төрт. |
21. Қазтуған жыраудың шыққан тегін анықтаңыз. A) Дана. B) Шонжар. C) Кедей. D) Қара. E) Хан. |
22. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз. A) «Тағдыр». B) «Елім-ай». C) «Ақжайлау мен Сандықтас». D) «Жаздыгүні шілде болғанда». E) «Сүйемін». |
23. Шоқан Уәлиханов қай жылы Орталық Қазақстанда, Жетісу мен Тарбағатайды аралағанын табыңыз. A) 1854 ж. B) 1853 ж. C) 1851ж. D) 1855 ж. E) 1852 ж. |
24. Абай Тоғжанды алғаш рет қай жерде көргенін табыңыз. A) Шыңғыс. B) Семей. C) Бетқұдық. D) Түйеөркеш. E) Жидебай. |
25. «Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады» деген нақыл сөздің иесін табыңыз. A) Б.Бұлқышев. B) Д.Исабеков. C) Б.Момышұлы. D) Ш.Мұртаза. E) О.Сүлейменов.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
