Қазақ әдебиеті
1. Қиял-ғажайып ертегіні табыңыз. A) «Күн астындағы Күнікей қыз». B) «Толағай». C) «Түлкі мен бөдене». D) «Қырық өтірік». E) «Аяз би». |
2. Мақалдардың ең негізгі ерекшелігі неде екенін анықтаңыз. A) Ырғақтығында. B) Дәлелділігінде. C) Өткірлігінде. D) Ықшамдылығында. E) Аз сөзбен көп мағына беруінде. |
3. Ақын Шернияздың әкесінің атын табыңыз. A) Баймағанбет. B) Жарылғас. C) Орынбай. D) Жайнақ. E) Қанай. |
4. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз. A) «Аягөз, қайда барасың?!» B) «Артықша туған азамат» C) «Абайдың суретіне» D) «Еділ бол да, Жайық бол» E) «Анаңнан асыл бар ма?!» |
5. Абай: “Талаптың мініп тұлпарын, Тас қияға өрледің,”- деп кімге айтатынын табыңыз. A) Әбдірахманға. B) Оспанға. C) Ақылбайға. D) Мағауияға. E) Құнанбайға. |
6. М.Жұмабаевтың өмір сүрген жылдарын табыңыз. A) 1897-1939 ж.ж. B) 1845-1904 ж.ж. C) 1800-1873 ж.ж. D) 1893-1930 ж.ж. E) 1893-1938 ж.ж. |
7. Ж.Жабаевтың ақындық қызметінің 75 жылдық мерекесінің қашан өткізілгендігін көрсетіңіз. A) 1939 жылы мамырда. B) 1937 жылы мамырды. C) 1936 жылы мамырда. D) 1940 жылы мамырда. E) 1938 жылы мамырды. |
8. Аяқталған біртұтас ойды білдіретін өлең өлшемінің атауын белгілеңіз. A) Ұйқас. B) Шумақ. C) Буын. D) Бунақ. E) Тармақ. |
9. Т.Әлімқұлұлының Махамбет туралы шығармасындағы «Қараой» ненің аты екенін табыңыз. A) Иттің. B) Қыран құстың. C) Жердің. D) Тұлпардың. E) Қамалдың (қорған). |
10. ’’Ер Тарғын’’ жырында: ’’Ай, Қартқожақ , Қартқожақ , атыңның басын тарт, Қожақ !’’- деп кім айтатынын белгілеңіз. A) Гүлбаршын. B) Ақшахан. C) Ақжүніс. D) Алпамыс. E) Ер Тарғын. |
11. «Айман-Шолпан» жырындағы Көтібардың баласының атын табыңыз. A) Естай. B) Есім. C) Ермек. D) Есет. E) Есен. |
12. Асан қайғының Еділ бол да Жайық бол деген образды тіркесінің мәнін көрсетіңіз. A) Туған жерді қорғауға шақырады. B) Кең пейілді бол және адамның жақсы мінездерін насихаттайды. C) Елге - қорек, жерге - тыныс болған өзендерді ардақтайды. D) Сол жерлерге көшіп баруды насихаттайды. E) Адамның жақсы мінезін өзендерге теңеген. |
13. Мына өлең жолдары қай жыраудан алынғанын табыңыз. Айналасын жер тұтқан, Айды батпас демеңіз. Айнала ішсе таусылмас, Көл суалмас демеңіз. A) Бұқар. B) Шалкиіз. C) Ақтамберді. D) Жиембет. E) Доспамбет. |
14. Махамбеттің Исатай атынан шығарған өлеңін атаңыз. A) “Ереуіл атқа ер салмай” B) “Біз неткен ер” C) “Ей, Махамбет, жолдасым” D) “Айныман” E) “Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ” |
15. Ы.Алтынсарин ²Береке кеткен елдерде² деген өлеңінде берекенің кетуі деп есептеген әрекетті көрсетіңіз. A) Елдің надан болуы. B) Бір - бірімен дауласу. C) Кедейшілікке ұшырау. D) Атаға ұл, анаға қыз қарсы келу. E) Алған жарыңның жаман болуы. |
16. С.Торайғыровтың ’’Адасқан өмір’’ поэмасы неше бөлімнен тұратындығын табыңыз. A) Алты бөлім. B) Төрт бөлім. C) Жеті бөлім. D) Бес бөлім. E) Үш бөлім. |
17. Терлікбай, Жәмила, Мүслима, Ермек - қандай драмалық шығарманың кейіпкерлері екенін анықтаңыз. A) "Бақыт жолына". B) "Неке қияр". C) "Шернияз". D) "Қызыл сұңқарлар". E) "Түнгі сарын". |
18. Ғ.Мүсірепов жасаған әйелдер бейнесінің ерекшелігін табыңыз. A) Қорланған қорғансыз әйелдер. B) Жағымсыз әйелдер. C) Күрескер, азамат әйелдер. D) Іскер, бизнесмен әйелдер. E) Қайратты, қуатты, жеңімпаз әйелдер. |
19. Ш.Айтматовтың туындысын табыңыз. A) ²Балалық шаққа саяхат². B) ²Боранды бекет², ²Жан пида². C) ²Қасен мен Жәмила². D) ²Алып адам², ²Ақмешіт². E) ²Алғашқы айлар². |
20. Ежелгі түркі жеріндегі әйел тәңірі кім болғанын жазыңыз. A) Домалақ ана. B) Айша-бибі. C) Ұмай ана. D) Елбілге. E) Томирис. |
21. А.Яссауидің «Диуани хикмат» кітабының қазақша атауын табыңыз. A) Сөздік кітабы. B) Ақиқат сыйы. C) Ақырзаман кітабы. D) Даналық кітабы. E) Құтты білік. |
22. ’’Еңсегей бойлы ер Есім, Есім сені есірткен Есіл менің кеңесім, Ес білгеннен, Есім хан, Қолыңа болдым сүйесін’’, - деген өлең жолдарының авторы қай жырау екенін анықтаңыз. A) Үмбетей. B) Шалкиіз. C) Доспамбет. D) Ақтамберді. E) Жиембет. |
23. Шоқан Уәлиханов 1857 жылы, 37 ақпанда кімнің ұсынысымен Орыс жағрафиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланғанын табыңыз. A) Ф.М.Достоевский. B) Н.Курочкин. C) Семенов-Тян-Шанский. D) А.Н.Бекетов. E) Я.Полонский. |
24. «Алдыңғы партада отыратын он сегіз жасар сыпайы, сұлу жас қазақтың қою шашы қап-қара, кең маңдайы кере қарыс, көзінде ақыл тұнып тұр, орысшаға жетік, ал эрудициясына бәріміз таң қалатынбыз».(В.Попов) Бұл пікірдің кім туралы айтылғанын табыңыз. A) М.Әуезов. B) Ш.Уәлиханов. C) М.Жұмабаев. D) Қ.Сәтбаев. E) С.Сейфуллин. |
25. О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіндегі Тортайдың ертегісі қалай басталатынын есіңізге түсіріңіз. A) Баяғыда бір Ораш деген бала болыпты… B) Баяғыда бір жетім бала болыпты… C) Баяғыда бір көк өгіз болыпты… D) Баяғыда бір ауылда… E) Баяғыда бір ақ боз ат болыпты…
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
