Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2015.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
929 Кб
Скачать
☆

Қазақ әдебиеті

1. Қожа Ахмет Яссауидің кітабы қалай аталатынын анықтаңыз.

A) ’’Кодекс-Куманикус’’.

B) ’’Оғыз-нама’’.

C) ’’Құдатғу біліг’’.

D) ’’Диуани хикмет’’.

E) ’’Мұхаббат-наме’’.

2. Толағайдың әкесінің даңқы немен шыққанын көрсетіңіз.

A) Күйші

B) Айтыскер ақын.

C) Мерген.

D) Ер жүрек батыр.

E) Әнші.

3. Жиреншеге қандай жаманат хабарға байланысты естірту айтылғанын табыңыз.

A) Анасы қайтыс болғанда.

B) Туысы өлгенде.

C) Әкесі бақиға аттанғанда.

D) Баласы қайтыс болғанда.

E) Әйеліне уақыт жеткенде.

4. Ыбырай Алтынсариннің Орынбордағы шекаралық комиссияға қай жылы тілмаш болып ауысқанын анықтаңыз.

A) 1860 жыл.

B) 1859 жыл.

C) 1876 жыл.

D) 1864 жыл.

E) 1857 жыл.

5. А.Байтұрсынұлының туған жерін көрсетіңіз.

A) Қапал уезі, Ақсу болысы.

B) Ақмола облысы, Ақмола уезі.

C) Қостанай облысы, Торғай атырабындағы Сартүбек жері.

D) Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабы.

E) Ақмола уезіндегі Полуденовский жері.

6. С. Мұқановтың «Ботагөз» романының алғашқы атауын табыңыз.

A) «Таң атарда».

B) «Жұмбақ жалау».

C) «Тұңғиықта».

D) «Күн күлімдегенде».

E) «Мөлдір махаббат».

7. ²Егемен Қазақстан² газетінің 1920 жылдардағы атын көрсетіңіз.

A) ²Кедей сөзі².

B) ²Тіршілік².

C) ²Әдебиет майданы².

D) ²Еңбекші қазақ².

E) ²Орда².

8. «Менің Дағыстаным» кітабының авторын көрсетіңіз.

A) Р.Ғамзатов.

B) Ш.Айтматов.

C) П.Тычина.

D) С.Айни.

E) Б.Кербабаев.

9. Екінші дүниежүзілік соғыстың көркем шежіресі болып табылатын туындыны көрсетіңіз.

A) «Жанталас».

B) «Алмас қылыш».

C) «Сұлушаш».

D) «Қаһарлы күндер».

E) «Қаһар».

10. Жәдігер қай батырдың баласы екенін табыңыз.

A) Қамбардың.

B) Қобыландының.

C) Тарғынның.

D) Қарадөңнің.

E) Алпамыстың.

11. В.В.Радлов неміс тіліне аударып бастырған жырды табыңыз.

A) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу».

B) «Қобыланды батыр».

C) «Қыз Жібек».

D) «Айман-Шолпан».

E) «Ер Тарғын».

12. Шалкиіз жырау қай жерде дүниеге келгенін табыңыз.

A) Жетісу.

B) Жайық.

C) Тарбағатай.

D) Көкше.

E) Есіл.

13. Ханның жақсы болмағы-

Қарашының елдігі,

Қарашы халық сыйласа,

Алтыннан болар белдігі, -деген өлең шумағы кімдікі екенін табыңыз.

A) Махамбеттікі.

B) Ақтамбердінікі.

C) Бұқардікі.

D) Асан қайғынікі.

E) Жиембеттікі.

14. Махамбет қаза болған жерді көрсетіңіз.

A) Сарайшықта.

B) Белгісіз.

C) Қаройда.

D) Еділ бойында.

E) Алғада.

15. Аққан бұлақ сай-салаң,

Шытырман тоғай айналаң,

Жоның жайлау, кең алаң,

Атам қонған кең далам! - деген үзінді Дулаттың қай шығармасынан алынғандығын табыңыз.

A) “Арнау өлеңдер”

B) “Еспенбет”

C) “Ақжайлау мен Сандықтас”

D) “Аягөз”

E) “Өсиетнама”

16. «Махаббатсыз дүние бос,

Хайуанға оны қосыңдар.» - деп Абай қай өлеңінде айтқандығын анықтаңыз.

A) “Өкінішті көп өмір өтіп кеткен”.

B) “Әсемпаз болма әрнеге”.

C) “Өлең – сөздің патшасы”.

D) “Жарқ етпес қара көңілім”.

E) «Кейде есер көңіл құрғырың».

17. С.Торайғыровты малай орнына жұмсап, өлең жазуына тыйым салған молданың атын табыңыз.

A) Мұқан.

B) Тортай.

C) Нұрғали.

D) Әлі.

E) Әбдірахман.

18. І.Жансүгіров «Әнші» өлеңіне қандай анықтама жазғанын табыңыз.

A) Ел аузынан.

B) Ескі әнші аузынан.

C) Әсет ақын аузынан.

D) Өз атынан.

E) Ескі ақын аузынан.

19. Тағы да таласып келіп, тағы да тақасып келіп қонып жатқан екі бай ауыл ақ үйлерін әлі тіккен жоқ еді... – деген жолдармен басталатын

Ғ. Мүсіреповтің романын табыңыз.

A) «Ұлпан».

B) «Оянған өлке».

C) «Қазақ солдаты».

D) «Ботагөз».

E) «Қос Шалқар».

20. Сайф Сараидың «Гүлстан бит-туркі» неше тараудан тұратынын белгілеңіз.

A) Сегіз.

B) Жиырма.

C) Он.

D) Алты.

E) Он екі.

21. Асан қайғы 120 жасқа келгенде ел бастауды 2 батырға жүктейді; олар кімдер екенін анықтаңыз (аңыз).

A) Ақтамберді, Жиембет.

B) Бөкей хан, Жәңгір.

C) Доспамбет, Үмбетей.

D) Шерқұтты.

E) Абат, Қазтуған.

22. Арқадан дәурен кеткен соң,

Қуғындап орыс жеткен соң,

Тіпті амал жоқ, қазақтар,

Енді сенің торыңа…

Байлар ұрлық қылады,- деген тармақтар Шортанбай Қанайұлының қай шығармасынан алынғандығын табыңыз.

A) «Зар заман».

B) «Алдаушы жалған».

C) «Бала зары».

D) «Замана».

E) «Насихат».

23. Мына жолдар Шоқан Уәлихановтың қай еңбегінен алынғанын табыңыз.

«Едіге жыры XIV ғасыр соңындағы оқиғаларға қатысты, бірақ XV ғасыр басында құрастырылған».

A) «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы»

B) «Жоңғария очерктері»

C) А.Н.Майковқа жазған хаты.

D) Ф.М.Достоевскийге жазған хаты.

E) «Сот реформасы туралы жазбалар»

24. М.Әуезовтің өмір сүрген жылдарын көрсетіңіз.

A) 1898-1960 ж.ж.

B) 1896-1962 ж,ж.

C) 1895-1965 ж.ж.

D) 1897-1961 ж.ж.

E) 1899-1963 ж.ж.

25. Ақын Қ.Мырзалиевтің туған жерін есіңізге түсіріңіз.

A) Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданы.

B) Оңтүстік Қазақстан облысының,Леңгір ауданы.

C) Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы.

D) Семей облысының Аягөз ауданы.

E) Семей облысының Абай ауданы.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]