Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Социал_политика_ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Кедей және кедей емес халықтың азық-түлік тауарларын жан басына шаққандағы тұтыну, 2003-2005

үй шаруашылығының бір тұрғынына шаққандағы кг, айына

Үй шаруашылығының бір тұрғыны тұтынған:

Кедей халық

Кедей емес халық

2003

2004

2005

2003

2004

2005

Нан және жарма

9,6

8,8

9

10,9

9,8

9,6

Ет және ет өнімдері

1,7

1,7

1,8

3,9

3,7

3,7

Балық және теңіз өнімдері

0,4

0,4

0,4

0,8

0,7

0,7

Сүт өнімдері

11

11,3

11,3

18,8

16,5

16,6

Жұмыртқа, дана

4,6

4,4

4,5

12

10,2

10,1

Май және тоң май

0,9

0,7

0,8

1,2

1

0,9

Көкөністер

1,3

1,4

1,6

3,2

3,1

3,3

Жемістер

4

3,7

3,9

7

6,6

6,4

Қартоп

3,1

2,9

2,7

4,6

4,1

4

Қант, балқайнатпа, шоколад, тәттіліктер, бал

2

1,7

1,8

3

2,5

2,5

Мұндай жағдайдың негізгі қалыптасу себебі тұрғындардың шынайы табысының төмендеуінде. Мысалы, Алматыда 10 жұмыртқаның бағасы шамамен 0,7 доллар болса, АҚШ-та бұл тағамның 12 данасы 0,7 доллар тұрады екен, арнайы кесіліп алынған сиыр етінің 1 килограмы Алматыда 3 доллар (АҚШ-та шамамен 4 доллар), шұжықтың 1 килограмы Алматыда 2,5 доллар тұрады (АҚШ-та 2-3 доллардан аспайды). Америкада 8 сағат жұмыс істейтіндердің ең төменгі айлық ақысы шамамен 900 доллар құрайды екен.

Жалпы 1997-2007 жылдары әлеуметтік экономикалық жағдайдың күрделене түсуіне байланысты Республикада денсаулық пен демография көрсеткіштері төмендеген. Жақында БҰҰ-ның адам дамуына арналған 1998 жылғы Бүкіләлемдік қорытынды баяндамасы жарияланды. Әлемнің 64 елінде адам дамуының ең жоғарғы деңгейі қамтамасыз етілген. Олардың ішінде алдыңғы 10 орында Канада, Франция, Норвегия, АҚШ, Исландия, Финляндия, Нидерланды, Жапония, Жаңа Зеландия және Швеция орналасыпты. Қазақстан адам дамуын орташа денгейде қалыптастырған елдер тобына жатқызылған. Адам дамуы индексінің (АДИ) орташа деңгейін қамтамасыз еткен елдердің саны әлемде 65 болса, Қазақстан олардың арасында 29-шы орынды иеленіпті. Бұрынғы Кеңес елдерінен Белорусь – 4 орында, Ресей - 8, Эстония – 13, Литва - 15, Латвия - 28, Армения - 35, Украина, Түркменстан, Өзбекстан - 38, 39, 40, Грузия, Қыргызстан және Әзірбайжан - 44, 45 жэне 46, Молдова - 49, Тәжікстан - 54 орында.

Сонымен қатар бұл баяндамада мынандай да мәліметтер келтіріліпті: әлемде 1 миллиардтан астам адам ауыз су тапшылығын бастан кешіріп отырған көрінеді, 880 миллион адам қажетті медициналық қызметке зәру, 880 миллионнан астам ересек адамдар әріп танымайды екен, 1 миллиардтан астам адам әлемде азық-түлік тапшылығында өмір сүріп жатқан көрінеді. Қазақстанда соңғы бір-екі жылда жиынтық ұлттық өнім деңгейінің біршама тұрақтануына байланысты және Үкіметтің еңбекақы мен зейнетақы төлемдерінің төленуін тікелей өз міндетіне алуының нәтижесінде әлеуметтік жағдай түзеліп келеді. Осы күндері Қазақстанда экономикалық-әлеуметтік дамудың жаңа кезеңі басталды деуге болады. Әрине соңғы 5-6 жылда, жалпы дағдарыс кезінде күрделеніп, тіпті асқынып кеткен әлеуметтік проблемаларды шешу оңайға түспейді. Екіншіден, әлеуметтік мәселені түбегейлі шешудің негізі ұлттық экономиканың өсуінде жатыр. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде бастау алып, Ресей мен Латын Америкасы елдерін шарпыған дүниежүзілік қаржы-валюта дағдарысы экономикасы нық Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінің өзін қобалжытуда. Үшіншіден, экономикалық құлдырау мен әлеуметтік дағдарыстың бұрын ашыла бермейтін себептерінің бірі – Қазақстанда мемлекеттік және азаматтық тәртіп пен жауапкершіліктің толық жетіліп, қалыптаспағанында. Бұл жағдай Елбасының Қазақстан халқына жолдауында («Қазақстан - 2030») нақты да тура айтылған. Соңғы кездері мемлекеттік тәртіп пен жауапкершілік қолға алынып, қоғам мен экономикада жалпы тұрақтылық пен алға жылжу белгілері қалыптаса бастады.

Кез келген мемлекеттің негізгі міндеті халықты жұмыспен қамтамасыз ету және тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсарту екені белгілі. Қазақстанда тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етудің ұзақ және орта мерзімдік Бағдарламасы жасалып, Үкіметке ұсынылған. Халықты еңбекпен қамту саясатының негізгі бағыттары былай анықталған:

— еңбек және әлеуметтік Заң шығару жүйесін толықтыру және нақтылай түсу арқылы еңбек қатынастары мен еңбекпен қамтамасыз етудің құқықтық реттеу жүйесін жетілдіру;

— жұмыстан шығып қалған азаматтардың қайтадан жұмысқа тұруына көмектесу;

— жаңа жұмыс орындарының құрылуын қолдау және жеке кәсіпкерліктің дамуына көмектесу;

— жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау.

Нарық жағдайында әлеуметтік қатынастар жүйесін ұйымдастыру және реттеу – өте маңызды проблема. Әлеуметтік, оның ішінде еңбек қатынастарын ұйымдастырып, реттейтін ұйымдар мен ресми мекемелерді құру және олардың қызметтерін анықтау жоғарыда келтірілген әлеуметтік мақсаттарды іске асыру үшін өте қажет. Бұл жерде әлеуметтік әріптестік институты туралы сөз болып отыр. Соңғы екі-үш жыл ішінде жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде Министрлер Кабинеті, Кәсіподақтар федерациясының кеңесі және кәсіпкерлер арасында әлеуметтік әріптестік институтын құру қадамдары жасалған. Үкімет, кәсіподақ және жұмыспен қамтамасыз етуші жақ Республика бойынша келісілген әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізуге міндеттенді. Алайда, бүгінгі күнге дейін әлеуметтік әріптестік туралы келісімде анықталған міндеттерді жүзеге асыру механизмі әлі жасалған жоқ. Өйткені, үйлестіруші және бақылаушы орган ретінде құрылған Консультативтік кеңестің өкілеттілігі мен мәртебесі анықталмаған. Батыс елдерінде кәсіподақтар, кәсіпкерлер өкілдері, үкімет мүшелері және қоғамтану мамандары - экономистер, әлеуметтанушылар, әлеуметтік қызметкерлер, құқыктанушылар, психологтар, экологтар бірлесе жұмыс істейтін көптеген мемлекеттік емес ұйымдар (МЕҰ) құрылған, олардың құрамы, мәртебесі, қызметтері анықталған; сондықтан МЕҰ-ның қоғамдық өмірдегі ықпалы өте күшті. Мысалы, Италияда экономика және еңбек жөніндегі Ұлттық кеңес Парламент пен Үкіметтің консультативті органы болып саналады, сонымен бірге ол заң шығарушылық бастамасы құқығына ие. Экономика және еңбек кеңесінің құрамына экономика салалары бойынша жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері кіреді екен. Кеңес мүшелерін әр түрлі ұйымдардың ұсынысымен бес жылға Үкімет ресми түрде тағайындайды. Сегіз Кеңес мүшесін белгілі қоғамтанушы мамандардың арасынан таңдап Республика Президенті өзі тағайындайды, ал тәуелсіз төрт сарапшыны үкімет тағайындайды екен. Кеңестің төрағасы Президенттің декретімен тағайындалады. Мамандардың пікірінше бүгінгі күңдері Европада экономикалық және әлеуметтік мемлекеттік емес (қоғамдық) ұйымдар атқаратын қызметтер ауқымы қеңейіп, әртүрлі әлеуметтік және кәсіптік топтар мен жіктердің мүдделері мен көзқарастарын келістіру, бәріне бірдей ыңғайлы шешімдер мен бітімдерді жасап, жүргізуші әлеуметтік әріптестік институтына айналған. Соңғы жылдары Қазақстанда да бірталай мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар құрылған. Елбасының тікелей араласуымен Қазақстанда ұсақ кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаменті құрылғаны белгілі. Нарықтық экономика жағдайында ұсақ кәсіпкерлікті дамыту халықты жұмыспен қамтудың бірден-бір жолы екені белгілі. Сонымен қатар, бұл мәселе мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының нақты саласы ретінде арнайы тақырып болып жеке қарастырылады.

№15 дәріс. Әлеуметтік саясаттың шетелдік тәжірибесі. 2 сағат

  1. Әлеуметтік саясаттың модельдері (әлеуметтік-демократиялық, либералдық т.с.с.); сипатты белгілері.

Әр түрлі елдерде әлеуметтік саясатты қалыптастырудың, жүзеге асырудың ұлттық негіздері мен ерекшеліктері.

Мақсаты мен міндеттері:

- Шетелдік тәжірибенің ерекшелігін ашып көрсету.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты мәселелерінің өзектілігі оны ғылыми тұрғыда зерттеудің аса қажет екенін айқындап тұрса керек. 1999 жылы ЮНИСЕФ-тің Ұлттар Дамуы бағдарламасында: «Ұлттың болмысы әскери қуаты мен күші арқылы емес, астаналарының көркі мен қоғамдық сарайларымен емес, ондағы адамдардың өмір сүру сапасымен бағаланады; денсаулық жағдайы, тамағы мен білімі, еңбегінің жеткілікті ақысы, шешім шығара алатын мүмкіндіктері, азаматтық және саяси еркіндіктері құрметі, үйсіз-күйсіздерді қамқорлыққа алуы, өскелең ұрпақтың ақыл-есінің дамуы мен дендерінің саулығы арқылы бағаланады...» деп әлемдік саясаттың жаһандық сипаттағы қазіргі саяси үрдістерінің даму бағытына тереңірек принциптік түрде негіз қалады [2].

Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты мен әлеуметтік мемлекет құруының ғылыми-теориялық тұжырымдамасы және оның негізгі бағыттары мен жүзеге асырылу жолдары ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері мен жыл сайынғы халыққа Жолдауларында да ерекше атап көрсетіледі. Президенттің жыл сайынғы Жолдауларында әлеуметтік саясаттың мемлекеттік саясаттағы орны мен ролі қаншалықты дәрежеде екендігінен нақты мәліметтер беріледі.

Әлеуметтік мемлекет құруды басым бағыт ретінде таңдап алған мемлекет үшін оны жүзеге асырудың ең басты кепілі тиімді әрі тұрақты даму жағдайында болатын мемлекеттік әлеуметтік саясат жүйесін жасау болып табылады. Сол себепті мемлекеттің ішкі мүмкіндіктері мен әлемдік тәжірибені оңтайлы пайдалану ең алдымен халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына негіз болады.

  • әлеуметтік саясат мемлекеттің тұрақты саяси дамуын қамтамасыз ететін ең тиімді саяси құрал екені нақтыланды;

  • Қазақстан Республикасында әлеуметтік саясат жалпы қоғамның әлеуметтік даму үлгісіне емес, көп жағдайда әлеуметтік көмекті қажет ететін қоғам мүшелеріне көмек көрсету үлгісі ретінде жүзеге асырылып отырғаны айқындалды.

Әлеуметтік мемлекеттің қайнар көзі – әлеуметтік саясаттан басталады. Мәселен, дамыған Еуропа елдерінде әлеуметтік саясаттың екі үлгісі кеңінен қолданылады. Біріншісі «бисмарктық» әлеуметтік саясат үлгісі (неміс канцлері Бисмарктың есіміне байланысты аталған, өйткені ол осы үлгінің негізін салған болатын), екіншісі «беверидждік» үлгі.

«Бисмарктық» әлеуметтік саясат үлгісі бойынша әлеуметтік көмек пен белсенді еңбек қызметі арасында тығыз байланыс орнатылады. Жеке адам өзінің белсенді еңбек қызметі барысында келісім-шарт негізінде әлеуметтік қорға мөлшерлі аудармаларын жасап отырады. Кейін бұл аудармалардан сақтандырушы қорлар құрылып, одан әртүрлі әлеуметтік көмек көрсетіліп отырады. Мұндай қорларға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбейді. Ал, еңбек белсенділігі төмен отбасылар үшін ұлттық ынтымақтастық ұстанымы бойынша мемлекеттік органдар арқылы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

«Беверидждік» әлеуметтік саясат үлгісі бойынша кез келген қоғам мүшесі әл-ауқаты мен экономикалық белсенділігінің деңгейіне қарамастан денсаулық сақтау, зейнеткерлік тағы басқалар белгілер бойынша мемлекеттен минималды әлеуметтік көмек алуға құқылы. Бұл үлгіні ұстанатын елдердегі (Ұлыбритания, Швеция тағы басқалар) зейнетақы жүйесінде зейнетақы алатын жасқа жеткен әрбір азаматқа белгіленген зейнетақы төленеді, ал денсаулық сақтау саласы бойынша әрбір азамат медициналық сақтандыру жүйесіне автоматты түрде тіркеледі. Бұл үлгіде де ұлттық ынтымақтастық ұстанымы негізінде ұлттық байлықты әділетті бөлудің тұжырымдамасы қолданылады. Ал Қазақстанның өзіндік әлеуметтік саясатының үлгісі мен тұжырымдамасы қалыптасу үстінде екенін ескерсек, онда бұл екі үлгінің басты жетістіктері мен тиімді тетіктері нысанаға алынып отырғандығына көз жеткізуге болады.

Әлеуметтік топтық қоғам шеңберінде өмір сүру қайсы бір мемлекет болмасын жат тірлік болып табылмайды. Себебі қоғамның саяси саласында мемлекеттің даму аясында тіршілік ете отырып, еңбек қатынасы негізінде мүмкіндіктерді аныктау және сол арқылы коғамның даму желісін мемлекеттік деңгейде шешу баянды істердің бірі болмақ. Осы орайда егемендік жылдарынан бастау алып, жүргізіліп және атқарылып жаткан әлеуметтік іс-шаралар ауқымы халыктың игілігіне материалдық ахуалды жақсартудың басты көріністері болып отыр. Әлеуметтік мүмкіндіктері шектелген тар ауқымды қоғамда күй кешіп отырғандар жағдайы мемлекеттің қолдауынсыз, оңалту шараларынсыз қадамдары өрге басулары екіталай. Үкімет тарапынан бюджеттен бөлініп жатқан қаржылар желісі - тікелей осы қоғам ағымынан табиғи немесе болмысынан мүгедек болып, не болмаса қарттығы мен жетімділігіне байланысты қалып қойғандарға жәрдемақылар, әлеуметтік көмектер, әртүрлі жеңілдіктер, оңалту іс - шаралары, төлемақылар жүргізулеріне негізделеді. Мемлекет өзінің даму мүмкіндіктеріне орай қабілетті азаматтарды жұмыспен қамти отырып, әлеуметтік мүмкіндіктері шектелген азаматтарға қарау жасайды. Бірақ еңбек процесінде еңбек қатынастарының ерекшеліктеріне және мүмкіндіктеріне орай қабілетті жандарды белгілі бір мөлшерде жұмыстарын ұйымдастыра отырып, олардың күн көріс мүмкіндіктерін дамыту керек. Күн санап өсіп келе жатқан мүгедектер саны қоғамға өзінің тәуелділігін жүктей отырып, мемлекет алдында тек көмек күтетіні әлемдік проблема болып отыр. Ал, республикада әрбір оныншы адамның проблемасы осыған келіп тірелетіні белгілі. Осыған орай «мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақылар туралы заң 1997 жылы жарық көрген болатын [1]. Бұл заң негізінде жәрдемақылар берілу және төлеу тәртіптері, мүгедектік санаттары, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлемдерін өтеу, сондай-ақ жәрдемақы төлемдерін жүргізудегі жалпы ережелер мен құқықтарын қарастыра отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының осы заңға сәйкес қабылданған республикамыздың өзге де" нормативтік құқықтық актілерінде көзделген негіздерде және тәртіппен мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға құқы бар - деп айтылған. Сондықтанда мемлекетте осы тұрпаттағы саяси өмір сүру немесе күн көріс деңгейінің мүмкіндігі шектелген жандардың тұрмысына қажетті деп танылған жәрдемақылардың белгіленуі және мекендер бойынша таратылуы материалдық ахуалды оңалту жолындағы жүргізіліп жаткан іс-шаралар болып табылады. Бұл заң Республикада тәуелсіздік жылдарынан бергі әлеуметтік салада жекелеген тұстардың дамуы көріністерінің бірі ретінде негіз болды. Қоғамда жәрдемақы алатын әлеуметтік топ өкілдерінің бірі - мүгедектер. Сондықтанда мүгедектер мәселесі мен олардың қажеттіліктері мемлекеттік деңгейде қарастырылып, шешілуі тиіс. Ел болып, елдік еркіндігін орнатып, теуелсіздік ұғымын сіндіруді бастаған тұста 1991 жылы тұңғыш рет «мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң қабылдады [2]. Бұл заң негізінде мүгедектердің әлеуметтік қамсыздануы, қажеттіліктерін ескеру, сондай-ақ жәрдемақылар тағайындау тарифтері сияқты тұстары ескерілді. Қабылданған заң бойынша халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйғарымымен (Қазақстан Республика Президенті мен Қазақстан Республика Үкіметінің актілер жинағы, 244 бап) бірқатар мәселелерді шешу көзделген:

  • мемлексттік зейнетақьімен, жәрдемақымен және басқа да әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету;

  • зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

  • зейнеткерлерді, мүгедектерді, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларын, халықтың мемлекеттік қолдауға мұқтаж басқа да топтарын қолдау мақсатымен өкілетті және атқарушы органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, қайырымдылық қорларымен өзара іс-қимыл жасау;

  • медициналық қызмет көрсету, емдеулер мен демалыс орталықтарында демалту бағдарламаларын іске қосу сияқты өзекті тұстары мемлекеттік қолдауға ие болып әлеуметтік көмек ретінде жүргізілуде. Жыл санап өсіп келе жатқан экономиканың даму желісінің мүмкіндігі бюджет тарапынан жәрдемақылар мен әлеуметтік көмектер, төлемдер, жеңілдіктер және төлемақылар өтеуге негізделіп отыр. Мемлекет хақындағы мұндай істерді халық игілігінде жүзеге асыру қоғам ағымынан әртүрлі себептерге байланысты қалып қойған азаматтар үшін оңалту жолындағы іс-қимылдар болып табылады. Экономикалық даму мейлінше тұрақталып, қоғам ағымының жалпы желісі күшейген сайын әлеуметтік ахуал назардан тыс қалмайды. Қайсы бір мемлекет болмасын, оның даму деңгейі әлеуметтік салалардың қамтылуымен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен анықталады. Халқының өткендегісіне ұлық ретінде қарау, оның саяси тәрбиелік мәнін ұлықты іс ретінде келешек ұрпаққа баяндау абзал тірлік болып табылады. Себебі Республикада күні бүгінде дүниеде келер жас сәби анасының денсаулығынан - қартайған қартбуын өкілдеріне дейін мемлекет тарапынан бөлінетін әлеуметтік жәрдемақылар бар. Әлеуметтік қолдау негізінде халықтың игілігінен шыққан бұл қомақты іс 1992 жылы бастау алып, күні бүгінде дамыған күйде әрбір санаттағы мүкіс жандар, қарттар, жас сәбилерге әлеуметтік жәрдемақылар тағайындалып, орындалуда.

Халықтың әл-ауқатын көтеру кез келген мемлекеттің негізгі проблемасы болып табылады. Тек осы проблема толық күйде шешілгенде ғана қоғам тұрақтанып, мемлекет әрі қарай дамуға мүмкіңдік алады. Егемеңдік жылдарынан бері қайта жаңғырып, саяси мағыналы тұстарымыз халықтың тұрмыс-тіршілігі, ахуалы мен оңалту жұмыстарын жүргізіп, бірқатар жетістікке жеткен тұстары бар. Қоғамның ілгерілеп саяси мәнде толық қамтылуы әрдайым даму тұстары негізінде жүзеге асады. Экономикалық даму мүмкіндіктерге орай мемлекет шеңберіндегі тұрмысы нашар топтар мүдделері ескеріліп, қоғамдық қатынас негізінде сансыз көмектер мен жәрдемақылар бойынша жауап қайтарылып, олардың күнкөріс деңгсйінің жақсарып, қоғам қатарына тұрмысы жағынан қайта жол ашылды.

1990-1995 жылдар аралығында егемендік пен тәуелсіздікті шынайы түрде баяндауда мемлекеттің іргетасы қалануы басты мәселе болды да, алдағы жетістіктер мәселелері тек жоспарлаумен немесе реформалық желістермен шектелді. Қоғам өзінің саяси ағымында даму желісі үрдісімен жалғастыруы үшін экономикалық ахуалды саралап, әлеуметтік мәселелерді дұрыс жолға бағыттауы тиіс болды. Қабілетті азаматтар мүмкіндігі шектелген жандарды еңбек қатынасы негізінде мемлекет тарапынан қараласуға араласты. Ал қазіргі таңда мемлекет тарапынан бюджеттен бөлініп отырған әлеуметтік көмектер, төлемдер, жәрдемақылар олардың өмір сүру құштарлығын арттырып, тұрмысынан жақсаруына алып келді. Медициналық емдеу және демалыс орталықтары аясы мемлекеттік деңгейде шешіліп, жарым жан жандарға оңалту іс-шаралары бойынша қызмет көрсетіліп отыр. 2007 жылы мәліметтер бойынша рсспубликадағы тұрмысы нашар әлеуметтік әлсіз топтарға, сондай-ақ мемлекеттік емдеу мекемелеріне барлығы 40 миллион АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетілген. Әлемде озық үлгідегі мемлекеттерде әрбір адамның күн көріс тіршілігін есептей отырып, бюджеттен арнайы қаржы бөлініп, оның есебіне түсіп отырады. Қазіргі қоғамда осы мақсатқа жету жолында іс-шаралар атқарылып, экономикалық және әлеуметтік сферада халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуда, сондай-ақ жұмыс өтеуге қабілетсіз және күн көрісі кедей топтарды қамтамасыз ету басты меселе.

Кез келген мемлекетте әлеуметтік институттар бар, олардың мақсаты әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру болып табылады. Мемлекет шеңберінде әртүрлі жәрдемақылар мен көмектерді жүзеге асыру саясатын қолдауда қоғамдағы өркенді істермен айналысатын қайырымдылық қорлар, сақтандыру компаниялары, фондтардың рөлі ерекше. Бұл қайырымдылық қорлардың мемлекеттік жәрдемдер мен көмектерден бөлек жеке секторлы жұмыстардан қаржы көзінің бөлінуі немесе материалдық жағдай жасау негізінде қоғамдағы мүмкіндігі шектелген жандардың қажеттіліктерін өтеу жолындағы қайырымды іс болмақ. Мұндай шараларды жүзеге асыру негізінде өскелең жас буынды ұрпақтарға тәрбиелік мәні бар киелі істер мен жақсы жағынан көрінсе, мемлекеттің қамтамасыз етуіне қосымша қайырымдылық қорлар негізінде әрбір істер қоғамға өз үлесін қосуына мүмкіндігі бар.

2001 жылы шілде айында «Мемлекеттің мекендер бойынша белгіленген әлеуметтік көмектері» туралы заң қабылданды. Бұл мекендер бойынша жүргізілетін әлеуметтік көмектер ақшалай күйде беріліп, жүзеге асты. Мекендік әлеуметтік көмектер жүйесі 4 түрлі жәрдемақыларды қамтиды:

  • тұрғын үй бойынша көмектер;

  • ақшалай жүргізілетін өтемақылар мен жәрдемақылар;

  • 4 баласы бар жұмыс істемейтін аналар үшін балалары 7 жасқа толғанға дейін берілетін көмектер;

  • үйлерде тәрбиеленетін мүгедек балаларға берілетін жәрдемақылар.

Мемлекеттің бұл төрт мәселені назарға ұстап мекендік көмектерге тіркеуі, олардың қызмет аясының мүмкіндігінің кеңеюіне алып келеді. Төрт мекендік көмек бойынша мүмкіндігі шектелген жандарға берілетін жәрдемақылар мен түрлі көмектер олардың күн көрісін қамтамасыз етумен қатар мемлекетке төленетін салықтан да босатылуына алып келді. Мемлекет тарапынан қолдауға ие болған мүмкіндігі шектелгендер тұрғын үй бағдарламасы бойынша барлық коммуналдық өтемақылардан босатылып, өмір сүру мүмкіндігі кеңейді. Бұл және өзге де әлеуметтік қамсыздандыру процесі мемлекет бақынауында бола отырып, экономикалық ахуалдың тұрақталып дамуына орай, жәрдемақылар мен түрлі әлеуметтік көмектердің де мөлшері өсіп, жаңдана түсері белгілі.

2002 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ТМД елдері арасында Қазақстан Республикасында алғашқы рет мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заң күшіне енгізілді. Бұл заң бойынша тұрмысы төмен адамдардың әлеуметтік жағдайына көмек жасау бағыталған. Атаулы көмектерді алушылар санатына балалар, жұмыссыздар, жұмыс істейтін адамдар, мүгедектер, зейнеткерлер, білімгерлер және кедейлік шегінен төмен тұратын басқа да адамдар енгізілді. Сондай-ақ жаңа заң бұқараның әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігінің тұрмыс деңгейін, әл-ауқатын жақсартуға бағытталған және заңға сәйкес, мемлекет бұдан былай өмір сүру деңгейі кедейшілік тауқыметін тартқан азаматтарға 1816 теңге көлемінде атаулы көмек берілді. 2001 жылы қорытынды мәліметтер бойынша атаулы әлеуметтік көмекті миллионнан астам адам алып мемлекет қолдауына ие болды. Әлеуметтік сферада әлеуметтік қолдау ұғымы назардан тыс қалмауы тиіс. Осы тұрғыда аналар мен балаларды әлеуметтік қорғау жобасы әзірленіп, мемлекеттік жәрдемақыларды отбасы табысына қарамастан, республикалық бюджеттен төлеу негізделді.

Жәрдемақылар төлену мүмкіндігі мен санатына орай 2001 жылы жарық көрген «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасына» сәйкес мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты, жұмыссыздығы мен жасы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі толық ынтымақтастық қағидасына негізделген. Тұжырымдамада «Қазақстанның бардық азаматтары өмірдегі қатерлі жағдайлар туындаған кезде еңбек үлесіне және жүйеге қосқан жарнасына қарамастан, бірдей деңгейде мемлекеттік жәрдемақылар алатын - делінген болатын [6]. Сондықтан да әлеуметтік қорғау, бұл – кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылу сияқты өткір тұстарда пайдаланылатын мемлекеттің арнайы оңалту шараларын жүргізу және әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етуде берілетін арнайы жүйесі болып табылады. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді және кешенді жүйелері негізінде деп қарастыра отырып, мемлекеттік жәрдемақылар, міндетті әлеуметтік сақтандырулар, жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік көмектер сияқты басты қағидаларды әлеуметтік қорғаудың басты кепілі деп білген жөн. Мемлекет тарапынан әлеуметтік сферада осы және өзге де қағидалар ескеріліп, әрдайым төлемдер мен өтемдер жүргізіп отырса, әлемдегі басты буынды мемлекеттер қатарынан әлеуметтік толықтырулар жүргізудегі жетекші мемлекетке айналары белгілі. Ол үшін мемлекеттік функция ретінде жәрдемақылар төлеу санатын және жәрдемақы алушылар әлеуетін әрдайым бақылауда ұстаған жөн. Күн көріс деңгейімен жәрдемақы өтемінің жалпы сомасын шағын, ортақ жүйеге енгізу керек. Себебі жәрдемақы алушы әлсіз топтар өзінің күнделікті тұрмыстағы қажеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.

Қоғамға тәуелділігі артқандар ішінен мүгедектердің жағдайы тікелей жәрдемақылар мен түрлі әлеуметтік көмектер жүргізулермен шешілетіні белгілі. 2006 жылы аурудың жалпы түрі бойынша мүгедектердің айлық жәрдемақысы 3245 теңге болды, оның ішінде: 1-ші топтағылардікі - 4720 теңге; 2-ші — 3408 теңге; 3-ші — 2424 теңге құрады. Еңбек етіп жүргенде жарақаттанып мүгедек болғандардың айлық жәрдемақысы — 2977 теңге, оның ішінде: 1-ші топтағылардікі — 4327 теңге, 2-ші -3507 теңге; 3-ші — 2578 теңге болды. Бала кезінен мүтедектердің айлық жәрдемақысы - 3323 теңге, оның ішінде: 1-ші топтағы — 4657 теңге; 2-ші — 3121 теңге, 3-ші — 2655 теңгені құраған.

Бұл көрсеткішке бүгінгі таңда әртүрлі медициналық тексерулер жүргізу, емделу, курорттық-санаториялық орындарда демалу, арнайы арбалар дайындау, дәрі-дәрмектер үйлестіру сияқты әлеуметтік көмектер қосылып, олардың қаржылай сомасына да атаулы өзгерістер енгізілді. Сондықтан да жәрдемақылар мен әртүрлі көмектерді нысаналы түрде жүргізу арқылы қоғамның әлсіз топтарын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар. Алайда, нарық заманына табан тіреген шақта қоғамда мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемақылар күн көріс деңгейімен шаққанда қажеттіліктерді өтеу мүмкіндігі шектеулі күйде қалып қойды. Сол себептен мемлекеттің бюджеттен бөлген қатысынан бөлек жеке секторда жұмыс істейтін іскер топтардың әлеуметтік мүддені оңалтуды көздей отырып, қаржыны арнайы әлеуметтік қорларға аударса, онда қоғамдағы әлсіз буын топ өкілдеріне оңалту шаралары жетік түрде жүргізілген болар еді. Деректерге қарағанда (2006 жылы) Қазақстанда бір миллион адам жеке, бір жарым миллионға жуығы орта және шағын кәсіппен айналысады екен. Әрбір жеке кәсіпкер – кәсіпкерлік жомарттық қағидасын мақсат тұтып әлеуметтік қорға белгілі бір мөлшерде қаржы аударған болса, онда қоғамдағы әлеуметтік қорлардан бөлінетін жәрдемақылар мен әртүрлі көмектер 2-3 есеге үлкейетіні сөзсіз. Сонымен қатар, оңалту іс-шаралары жүзеге асып, сауықтыру мәселесі басты орынға шыққан болар еді. Бұл орайда Республика Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Қазақстанның гүлденуі үшін Республиканың барлық халықтарының ынтымақтасуына, әр адамның бақыты мен бостандығына, барлық азаматтардың материалдық және рухани мәдениетін көтеруге қамқорлық жасау" — деген қанатты сөзінің мағынасы бөлек.

Қазақстан Республикасы Үкіметі тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнінде жалпы ұлттық қор құру арқылы, оның қызметінің негізгі бағыттарын яғни тұрмысы төмен азаматтарға материалдық, қаржылық ресурстарды беру, қызметтер көрсету, әлеуметтік бағдарламалардын іске асырылуына жәрдемдесу, облыстарда халықтың табысы аз топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі аймақтық қайырымдылық қорларын құру қарастыруы тиіс және нарықтық қатынастарға көшу жағдайы және соған сәйкес Республикада экономиканың тұралап қалауына байланысты жетім балаларды, қарттарды, сонымен қатар тұрмыс жағдайы нашар азаматтарды әлеуметтік, құқықтық және материалдық жағынан қамқорлыққа алу мәселесі қоғам үшін маңызды сипат алып, оларды үкімет тарапынан дер кезінде шешу табанды түрде міндеттейді.

Кез келген мемлекетте әлеуметтік топтар орын алған болса, онда әлділері әлсіздерін томаға тіремеуі керек емес, керісінше, арнайы құрылған мекемелер немесе мемлекеттің қолдауы негізінде әлеуметтік көмектер жүргізеді. Бұл орайда Орталық Қазақстанда Қарағанды қаласында әлеуметтік жәрдемақы алатын 10343 адам бар, ал арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар 19043 адам 2006 жылға дейінгі уақыт ішінде әлеуметтік көмек беруге 121230 мың адам, облыстық бюджеттен 28929 адам, қалалық бюджеттен 10268 адам әлеуметтік көмек алған. Жыл басынан бері 27940 жағдайы төмен азаматтарға атаулы көмек көрсетілген.

Жекелеген қалалар бойынша да жергілікті бюджет есебінен бірқатар мәселелер де шешімін тауып жатыр. Алматы қаласы бойынша әлеуметтік деңгейде жәрдемақылар мен әртүрлі көмекттерді мемлекет тарапынан және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асыру көзделген. 2007 жылдың мәліметтері бойынша жергілікті бюджет уақытылы қаражат бөлудің арқасында 5,6 мың отбасы 198,8 миллион теңгенін мекендік жәрдемін алған және мүгедек балаларды оңалту үшін 5 миллион теңге көлемінде қаражат төленген. Сондай-ақ тұрын үй коммуналдық қызметі үшін 206,8 миллион теңге көлемінде ақшалай өтемақы бөлінді. Сөйтіп бұл жәрдемақының жалпы сомасы 2007 жылы 576,9 миллион теңгені құраған.

Республика бойынша қаланың әрбір тұрғындары мен облыс жұртшылығына бөлінген қаражат жәрдемақы мен әлеуметтік көмектер ретінде жұмсалып, халық игілігіне жарауды көздейді. Мемлекет тарапынан экомомикалық, әлеуметтік және саяси қолдауға ие болған халықтың мұң-мұқтажын өтеу ағымы әлеуметтік сфераны қамтамасыз етудің басты бір көрінісі ретінде танылды. Әлеуметтік тұрғыда жан-жақты қамтамасыз етілген халықтың тұрмыс-тіршілігінін жанданып, енсесін көтеруде болған өзгерістермен кезек күтіп тұрған толықтырулар күн санап артта қалып, жаңа даму белестеріне ұшырап отыр. Халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі республикамыздың заңының 13 бабының 1 бөлімінде қарастырылуына орай «мүгедектік бойынша және асырушысынан айырылған реттер бойынша мүгедек немесе асыраушы деп танылған адамдардың жұмыс стажына қарамастан, егер ядролық қаруды сынауға себепті байланыста болса, зейнетақы тағайындалады - деп қарастырылған. Осылайша мүгедектігінің ядролық сынақпен байланысы болған жағдайда зейнетақымен де қамтамасыз етіледі. Бұл қоғамның әлеуметтік сферада жан-жақты қамтылуы болып табылады.

Мемлекет белгілеген арнайы жәрдемақылар алушылардан бөлек Президентіміздің «Ұлы отан соғысына қатысқандармен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы 1995 жылы 28 сәуірдегі 2247 заң күші бар жарлығына сәйкес Ауған соғысына қатысқандар осы теңестірілгендер тобына кіреді. «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы заңға сәйкес Ауғандықтар Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге теңестірілгендер ретінде 2,4 және 5,7 айлық есеп көлемінде мемлекеттік жәрдемақы алды. Осы жарлықтан кейін заң күшіне енген тұстан бастап ардагерлері мемлекет тарапынан әділ түрде қолдауға ие болған шешім нәтижесінде белгіленген жәрдемақылар алып отыр. Қоғам дамуының келесі бір өзекті мәселеге арналған тұсы - жетім балалардың әлеуметтік қамтамасыз етілу деңгейі болып табылады. 2005 жылы статистикалық мәлімет деректері бойынша Қазақстанда 73 мың жетім балалар бар екен. Бұған дейін 1999 жылы 3 мың жетім балаларды асырау құқығына ие болып, шетелге алып кеткен 10 мыңын Республика тұрғындары асырауға алған. Сондай-ақ балалар үйіндегі жетім балалардың 100 мыңы 3 жасқа дейінгілері құраса, 1990 жылы бұл көрсеткіш Қазақсанда 121,4 болды, 2000 жылы 2,5 өсіп 292 құрады, (Ресейде 2000 жылы 386.7, Қырғызстанда - 63.4. Осыған орай елеміздегі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау міндетті құбылыс екендігіне дау жоқ. Мемлекетіміздің министрлер кабинетінің қаулысымен «жанұялық жәрдемақылар белгілеу мен төлемдер жүргізу тәртібі туралы шара бекітілді. Олардың қатарына: жұмыс істемейтін аналарға, балалардың туылуына орай (жөргекпұл) жалғызбасты аналарға, төрт және одап да көп балалары бар аналарға (7 жасқа дейін) әскери қызметкерлер балаларына, иммунодефицид вирусына ұшырағандарға және СПИД ауруына шалдыққандарға және өзге де тұстарына мемлекеттік жәрдемақылар өтеледі. Сондай-ақ аяғы ауыр аналарға мемлекеттік демографияны қолдау негізінде бірқатар жеңілдіктер мен мүмкіндіктер жасау барысында барлық медициналық қызмет көрсетулермен дәрі-дәрмек, витаминдер тегін берілді. Бұл мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болып, жәрдемақы төлемін алуына мүмкіндігін асыра түсері сөзсіз.

2005 жылы әлеуметтік саладағы мәліметтер төркіні атаулы көмектер мен жәрдемақылар негізінде халық игілігіне жұмсалды. Астана қаласы бойынша жергілікті бюджеттен жұмсалған әлеуметтік көмектің мөлшері 456 млн, теңгені құрады. Ал жәрдемақы алғандар санына тоқталсақ 12019 адам жергілікті бюджеттен арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алды. Республика бойынша мемлекеттік және жергілікті билік органдарының шешетін проблемалары яғни жәрдемақылар мен атаулы көмектер жүргізу бағдарламасының жүзеге асуы-қоғам игілігіндегі келелі жұмыстардын жанданып, жүзеге асуы болып табылады.

Президенттің әлеуметтік жағдайды түзеуге белсенді түрде ат салысуы қоғам өмірінің әртүрлі желісінен көрініс береді. Соның бірі - мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушыларға мемлекеттік жәрдеақылардьг 2006 жылдан бастап енген 1000 теңгеге арттыру мәселесі Елбасымыздың жолдауының өзекті тұстарының бірі болып табылады. Сондай-ақ 2005 жылы нақты шешімін тапқан «балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңының 12 бабында баланың дүниеге келуінен бастап оның күтімі, жасына қарай жәрдемақының бөлінуі, әртүрлі санаттарының ескерілуі, жанұялық табысты есептей, баланын күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындау мен төлеу және жәрдемақылар мөлшері қарастырылған.

Қазақстанның экономикасы өркендеп, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық хал-ахуалы жыл өткен сайын жақсаруы қоғамның барлық сферасына әсерін тигізді. Мемлекеттік өтемақылар мен жәрдемақылар, әлеуметтік көмектер мен төлемдер, әртүрлі жеңілдіктер жүргізу қоғамдық игілік жұмыстардың өзекті тұстарының бірі болып табылады. Сондықтан да Қазақстан Республикасыда халықты қорғаудың негізгі бағыттарының бірі - азаматтарға заңдарда көрсетілген жағдайлар пайда болған кезде мемлекет тарапынан әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау, есептеу және төлеу болып табылады. Бұл жәрдемақылар мен әртүрлі көмек түрлерінің мөлшері шектеусіз. Өйткені қоғам дамумен қатар экономикалық ахуалымызда оңалту шараларын бастан кешірін, мемлекет табысына орай ішкі жалпы өнім көрсеткіші алғашқы жылдары жан басына шаққандағы көлемі 700 АҚШ долларды құраса, күні бүгінгі жағдайда 2700 АҚШ долларға жеткен.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Григорьев С.И. Теория и методология социальной работы. М., 1994.

  2. История социальной работы // Кузьмин К.В., Сутырин Б.А. М., 2002.

  3. Введение в теоретическую основу социальной работы. М., 1997.

  4. Бабосов Е.М., Борковская Е.А., Веэрмен Р.К. Нравственный облик социального работника. М.: Наука и техника, 1995.