Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-апта 1,2,3-сабақ - копия.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
59 Кб
Скачать
☆

Менің жұмыс орным

Жұмыс орны, білікті маман, таныту, іскери бет-бейне, жеке қасиеттер, кеңес, байқау, біліктілік, қадағалау, іскер адам, жағымды әсер қалдыру, жағымсыз әсер қалдыру, жұмыс барысы, айналаңыздағылар.

1. Берілген сөздермен сөз тіркесін жасаңыз.

1) жағымды әсер а) басылым

2) білікті маман ә) қасиеттер

4) іскери в) ретінде

5) жеке г) қалдыру

6) мерзімді ғ) бет-бейне

2. Сөйлемдерді дұрыс құраңыз.

1. Тырысамын, уақыттымды, бостан-босқа, мен, өткізбеуге.

...................................................................................

2. Керегін, қаптаған, дереу, қағаздың, Дарын, алды, арасынан, тауып.

...................................................................................

3. Жаңа, біртіндеп, жұмысына, үйрене, Сәбит, бастады.

...................................................................................

4. Жұмыстарын, ақырын, ол, жүріп-ақ, барлық, бітіреді.

...................................................................................

5. Сізбен, кім, кабинетте, отырады, бірге, тағы?

...................................................................................

6. Кофе, жұмыстың, сіз, екенсіз, бұрынғыша, алдында ішеді.

..................................................................................

3. Сөйлемдерді керекті сөздермен толықтырыңыз.

Керекті сөздер: ішінде, үсті, жағымда, қасында, артынан

Кабинетке бастықтың ....................... тағы екі қызметкер кірді. Үстелдің ....................... қағаздан көрінбейді. Менің сол ..................... бас маман отырады. Керекті құжаттарың папканың ........................ тұр. Бастықтың ....................... оның орынбасары, тағы бір-екі қызметкер отыр.

4. Көмекші есімдерге қажетті жалғауларды жалғап, сөйлемді толықтырыңыз.

Дипломың мен сертификаттарыңды портфеліңнің (іші) ...................... салдым. Олардың офистері Халық банкінің (жаны) .................... орналасқан. Құпия құжаттар сейфтің (іші) .................... сақталады. Біздің ұжым демалыс күндері қала (сырты) ................... демалғанды ұнатады. Қағазыңыз үстелдің (асты) ................... түсіп кетті. Бөлім бастығының (арты) ..................... отыған кім?

5. Берілген тақырыпшаларды мәтіннің мазмұндалу ретімен орналастырыңыз.

А) Мерзімді басылымдар мен кәсіби біліктілік

Ә) Жұмыс барысын қадағалап отырудың маңызы

Б) Жұмыс орныңыз – сіздің іскери бет-бейнеңіздің айнасы

В) Сіздің жеке қасиеттеріңіздің көрінісі

Г) Іскери әлемдегі сіздің ұраныңыз.

Жұмыс орныңызға қарап ...

1) Кез келген жұмыс беруші өз қызметкерінің жұмыс орнына мән береді. Өйткені қызметкердің жұмыс орнынан оның іскери бет-бейнесін байқауға болады. Сондықтан айналаңыздағыларға өзіңізді білікті маман ретінде танытқыңыз келсе, келесі кеңестерге құлақ түріңіз.

2) Біріншіден, сіздің жұмыс кабинетіңізді немесе отыратын орныңызды көрген адамның сіздің кәсіби біліктілігіңізді неден байқайтынын ойланыңыз. Әрине, үстеліңіздің үстіндегі қаптаған қағаз сізді өз ісінің білгірі етіп көрсетпесі анық. Сонда, бұл не болғаны? Сіздің біліктілігіңізден хабар беретін бірден-бір құрал – бұл сіздің мамандығыңыз бойынша шығатын мерзімді басылым немесе әдебиет. Бұлар сіздің өз салаңызға байланысты соңғы жаңалықтарды біліп отыратыныңызды білдіреді. Ал, керісінше, газет-журналдар мен әдебиеттердің жиналып қалуы сіздің олардың бетін ашпайтыныңызды байқатуы мүмкін. Сондықтан үстеліңіздің үстіне оқымайтын газет-журналдар мен кітаптарды жинап қоюдан аулақ болыңыз.

3) Келесі ескеретін нәрсе – әрқашан жұмыс барысын қадағалап отыратыныңызды байқату. Мұны үстеліңіздің үстінде елеусіз жатқан күнделігіңіз бен мониторға жапсырған екі-үш стикер арқылы көрсетуге болады.

4) Қабырғаға ілінген классиктердің немесе белгілі тұлғалардың қанатты сөздері де сіздің іскерлік бет-бейнеңізді айқындауға көмектеседі. Қанатты сөздердің мазмұны сізге ұран болатындай болуы тиіс. Басшыңызбен түсініспеушілік туындамас үшін, басшы туралы айтылған қанатты сөздерден аулақ болғаныңыз дұрыс.

5) Айналағыңыздағылар сіздің іскери бет-бейнеңізбен қатар жеке қасиеттеріңізді де танығаны жөн. Сондықтан жұмыс орныңызда жеке-дара қасиеттеріңізді көрсететін экзотикалық заттарды (сувенир, бөлме өсімдіктері және т.б.) дұрыс орналастыра білсеңіз, олар да сіз туралы жағымды әсер қалдыруы сөзсіз.

қаптаған қағаз – много бумаг или кипа бумаг

бетін ашпау – не откывать ни одну страницу, не читать

айқындауға көмектеседі – поможет определить

жапсырған – приклеить

аулақ болғаныңыз дұрыс – держаться подальше

қанатты сөздер – крылатые выражения

ұран – девиз

4. Берілген сөйлемдерге мағынасы сәйкес келетін сөйлемдерді табыңыз.

1) Кез келген жұмыс беруші өз қызметкерінің жұмыс орнына мән береді.

А) Әрбір басшы өз қызметкерлеріне жұмыс орнын береді.

Ә) Кез келген қызметкер өз орнын жұмыс берушіге көрсетеді.

Б) Әрбір басшы өз қызметкерлерінің жұмыс орнынан көп нәрсені байқайды.

2) Үстеліңіздің үстіндегі қаптаған қағаз сіздің кәсіби біліктілігіңізді көрсетпейді.

А) Үстеліңіздің үстіндегі көп қағаз сіздің жетістіктеріңізді көрсетпейді.

Ә) Үстеліңіздің үстіндегі көп қағаз сіздің өз ісіңіздің білгірі екеніңіздің көрсеткіші емес.

Б) Үстеліңіздің үстіндегі мерзімді басылымдар сіздің кәсіби біліктілігіңізді байқатпайды.

3) Үстеліңіздің үстінде жатқан сіздің салаңызға қатысты газет-журналдар сіздің білікті маман екеніңізді танытуы мүмкін.

А) Үстеліңіздің үстінде жатқан сіздің мамандығыңызға қатысты мерзімді басылымдар сіздің білікті маман екеніңізді байқатуы мүмкін.

Ә) Үстеліңіздің үстінде жатқан сіздің салаңызға қатысты мерзімді басылымдар сіздің білікті қызметкер екеніңізді байқатпауы мүмкін.

Б) Үстеліңіздің астында жатқан сіздің салаңызға қатысты газет-журналдар сіздің білікті маман екеніңізді көрсетпейді.

4) Үстелдің үстінде газет-журналдар мен әдебиеттердің жиналып қалуы сіздің білікті маман екеніңізді көрсетпейді.

А) Үстелдің үстінде газет-журналдар мен әдебиеттердің көп болуы сіздің білікті маман екеніңізді білдіреді.

Ә) Үстелдің үстінде газет-журналдар мен әдебиеттердің көп болуы сіздің білікті маман екеніңізді білдірмейді.

Б) Үстелдің астында мерзімді басылымдар мен әдебиеттердің жиналып қалуы сіздің білікті маман екеніңізді білдірмейді.

5) Белгілі тұлғалардың қанатты сөздері сіздің іскерлік бет-бейнеңізді айқындауға көмектеседі.

А) Белгілі адамдардың қанатты сөздері сіздің іскерлік бет-бейнеңізді көрсетеді.

Ә) Атақты адамдардың қанатты сөздері сіздің іскерлік бет-бейнеңізді білдірмейді.

Б) Бастығыңыздың сөздері сіздің іскерлік бет-бейнеңізді айқындауға көмектеседі.

6) Айналаңыздағылар үшін сіздің жеке қасиеттеріңізді білу де маңызды.

А) Қасыңыздағы адамдар үшін сіздің іскерлік қасиеттеріңізді білу маңызды.

Ә) Тұтынушыларға сіздің жеке қасиеттеріңізді білу керек.

Б) Қасыңыздағы адамдар үшін сіздің жеке қасиеттеріңізді білу маңызды.

5. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қызметкердің жұмыс орнынан нені байқауға болады?

2. Сіздің біліктілігіңізден хабар беретін бірден-бір құрал не?

3. Үстеліңіздің үстіне нені жинап қоюдан аулақ болыңыз?

4. Қанатты сөздердің мазмұны қандай болуы тиіс?

5. Қайда жеке-дара қасиеттеріңізді көрсететін экзотикалық заттарды дұрыс орналастыра білу керек?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]