- •Іскер адамның жұмыс күнін жоспарлауы
- •1. Берілген сөздермен сөз тіркесін жасап, сөйлемдер құраңыз.
- •2. Етістіктерді жедел өткен шақ формасына қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •3. Сұрақтарға болымсыз формада жауап беріңіз.
- •4. Берілген сұрақтарды мәтіннің баяндалу ретімен орналастырып, жауап беріңіз.
- •5. Мәтін бойынша берілген ақпараттың дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз.
- •6. Мәтінді керекті сөздермен толықтырыңыз.
- •Жұмыс күнін жоспарлауға арналған ақыл-кеңестер
- •1. Сөздердің синонимін табыңыз.
- •2. Берілген сөйлемдердің өткен шақтың қай түрі (жедел, бұрынғы) екенін ажыратыңыз.
- •3. Берілген сөйлемдерді ырықсыз етіс формасында беріңіз.
- •4. Мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Берілген сөйлемдерге 5 сұрақтан қойыңыз.
- •Табысты болудың сыры неде?
5. Мәтін бойынша берілген ақпараттың дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз.
Сөйлемдер |
Дұрыс |
Бұрыс |
1. Кез келген іскер адамның жұмысқа орналасуы жұмысын қалай жоспарлайтынына байланысты. |
|
|
2. Уақытты үнемдегіңіз келсе, жұмысыңызды жоспарлаңыз. |
|
|
3. Он минутыңызды жұмысыңызды жоспарлауға арнасаңыз, жұмысыңызды екі сағат ерте бітіресіз. |
|
|
4. Ұзақ жоспар дайындау көп уақытыңызды алмайды. |
|
|
5. Әр тапсырманың орындалу мерзімін жазып қойыңыз. |
|
|
6. Жоспарланбаған жұмыстарға уақытыңыздың 60%-ын арнаңыз. |
|
|
7. Орындау мерзімі көрсетілген жұмыстар аса маңызды жұмыстарға жатады. |
|
|
8. Күнделікті қайталанып отыратын жұмыстар да аса маңызды жұмыстар. |
|
|
9. Көп уақытты қажет ететін жұмыстар маңызды жұмыстар емес. |
|
|
10. Жоспарланған жұмыстың жартысы жүзеге асады. |
|
|
6. Мәтінді керекті сөздермен толықтырыңыз.
Керек сөздер: жайсыз жұмыстарды, аса маңызды, орындалмаған істерді, жұмыс күнінің соңына, келесі істі.
Жұмыс күнін жоспарлауға арналған ақыл-кеңестер
Бір күнге үштен артық ....................... іс жоспарламаңыз.
Аса маңызды, қиын немесе ......................... күннің өзіңізге қолайлы бөлігіне қойыңыз.
Жаныңыз рақаттанатын жұмыстарды ........................ қойыңыз.
Бір істі аяқтамай, ........................ бастамаңыз.
.......................... келесі күннің жоспарына жазыңыз.
7. Берілген жауаптардың біреуін таңдай отырып, өз жұмыс күніңіз туралы әңгімелеңіз.
1. Сіз жұмысқа уақытында келесіз бе әлде, ертерек келесіз бе?
Уақытында келем.
Ертерек келем. +
Әрқалай келем.
Сіздің жұмыстың алдында кофе ішесіз бе әлде ішпейсіз бе?
Иә, кофе ішемін.
Иә, кейде ішемін.
Жоқ, кофе ішпеймін. +
Жұмыс күнінің бірінші бөлігін қандай жұмыстардан бастайсыз әлде әр күні әрқалай ма?
Қиын жұмыстардан бастаймын.
Оңай жұмыстардан бастаймын.
Әр күні әрқалай. +
Түскі үзілісте тамақтануға шығасыз ба? Қайда барасыз?
Иә, кафеге немесе асханаға барамын. +
Жоқ, кабинетте тамақтанамын.
Үйіме барамын.
Сіз жұмыс күніңізді үнемі жоспарлайсыз ба?
Иә, үнемі жоспарлаймын. +
Кейде жоспарлаймын.
Жоқ, жоспарламаймын.
Жұмыс аптасын жоспарлау әдетіңіз бар ма?
Иә, жоспарлаймын.
Кейде жоспарлаймын. +
Жоқ, жоспарламаймын.
Жұмыс күнінің соңында жұмыстарыңызды бітіресіз бе?
Иә, бітіремін. +
Кейде жұмыстарым бітпейді, келесі күнге қалдырамын.
Жоқ, жұмыстарым бітпейді.
Жұмыс күнінің соңында шаршайсыз ба?
- Иә, қатты шаршаймын.
- Кейде шаршаймын. +
- Жоқ, шаршамаймын.
Жұмыстан кейін үйге қайтасыз ба әлде тағы бір жерге барасыз ба?
Иә, үйге қайтамын.
Кейде бір жерге барамын. +
Жоқ, бір жерге барамын.
Уақытымды тиімді пайдалана аламын деп ойлайсыз ба?
Иә, тиімді пайдаланамын.
Тиімді пайдаланатын сияқтымын. +
Жоқ, тиімді пайдалана алмаймын.
Үлгі:
Менің жұмыс күнім
Мен жұмысқа ертерек келемін. Үйде таңғы ас ішемін, сондықтан таңертең жұмыста кофе ішпеймін. Қиын жұмыстарды кейде бірінші бітіремін, ал кейде оңай жұмыстардан бастаймын. Түскі үзілісте асханада тамақтанамын. Жұмыс күнімді үнемі жоспарлауға тырысамын. Кейде жұмыс көп болса, жұмыс аптамды жоспарлаймын. Жұмыс күнінің соңына дейін жұмыстарымды бітіруге тырысамын. Жұмыс күнінің соңында кейде шаршаймын. Қазір жұмыс күнінің соңында аптасына үш рет ағылшын тілінің курсына барамын. Қалған күндері жұмыстан кейін үйге қайтамын. Менің ойымша, мен уақытымды тиімді пайдалана аламын.
VI- апта
2-сабақ
