Емле-тест
Que: Қабылданған шартты қысқартулардың қайсысы дұрыс?
Ans: д.- даңғыл;
Ans: дғ.- даңғыл;
Ans: даң.- даңғыл;
Ans: даңғ.- даңғыл.
Que: Қабылданған шартты қысқартулардың қайсысы дұрыс?
Ans: к. – көше
Ans: кн. – көше
Ans: көш. – көше
Ans: кшн. – көше
Que: Қабылданған шартты қысқартулардың қайсысы дұрыс?
Ans: тг- теңге
Ans: тн- теңге
Ans: тгн- теңге
Ans: тен- теңге
Que: Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.
Ans: Ерегес
Ans: Ерегіс
Ans: Ерігіс
Ans: Ерігес
Que: Қазақша орфографиялық дұрыс жазылған текті табыңыз.
Ans: Тәжібаевқа, Мәметовке, Жүнісовке, Текебаевқа, Айғалиевқа.
Ans: Тәжібаевке, Мәметовқа, Жүнісовқа, Текебаевке, Айғалиевке
Ans: Тажибаевқа, Маметовқа, Жунисовке, Текибаевқа, Аигалиевқа
Ans: Тажибаиевқа, Маметовке, Жунисовқа, Текибаевке, Аигалиевке
Que: Қазақ тіліндегі -ов, -ев жұрнақтары арқылы жасалған фамилияларға қосымша қалай жалғанады?
Ans: тек жіңішке
Ans: тек қана жуан;
Ans: соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай;
Ans: бастапқы түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай.
Que: Қазақ тіліндегі -мен (-пен, -бен), -паз, -қор, -қой, -нікі, -тікі, -гер, -кеш, -гөй, -хана, -тал, -дар қосымшалары қалай жалғанады?
Ans: тек жіңішке
Ans: тек қана жуан;
Ans: соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай;
Ans: бастапқы түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай.
Que: Дұрыс қосымша жалғаңыз.
Мақтам ..., өнер ..., әсем..., жеңім... .
Ans: -паз
Ans: -шы, - ші.
Ans: -паз, -пез
Ans: -мен, -пен, -бен, кен
Que: Қазақ тілінде Ә әрпіне аяқталған немесе соңғы буынында ә әрпі жазылған сөздерге қосымша қалай жалғанады (кінә..., күнәс...з, күнә+Б.с., күмәнд...ну, Күлән+Б.с.)?
Ans: Жуан
Ans: Жіңішке
Ans: Үндестік заңына орай
Ans: Еш жалғау жалғанбайды
Que: Дұрыс жазылған қатарды көрсетіңіз.
Ans: орнады, ойнады, ойыным, ойыны, қырқыншы, айрықша
Ans: орынады, ойынады, ойыным, ойыны, қырықыншы, айырықша
Ans: орынады, ойнады, ойыным, ойыны, қырқыншы, айрықша
Ans: орнады, ойнады, ойным, ойыны, қырқыншы, айрықша
11. Que: Тәуелденгенде соңғы қатаң дауыссыз дыбысы ұяңдап кететін көрік, білік, бауыр секілді сөздерде ы, і әріптері қалай жазылады?
Ans: Түсіріліп жазылады
Ans: Түсірілмей жазылады
Ans: Жуан жалғау жалғанады
Ans: Үндестік заңына қарай жазылады
12. Que: Мына сияқты сөздерде бөрік, көрі (ажар, келбеті), халқы, еркі, -әрпі т.т, яғни соңғы буынындағы қысаң ы, і дыбыстары үнді дыбыс пен қатаң дыбыстың ортасында келген сөздерді тәуелдегенде, қысаң дыбыстар қалай жазылады?
Ans: Түсіріліп жазылады
Ans: Түсірілмей жазылады
Ans: Жуан жалғау жалғанады
Ans: Үндестік заңына қарай жазылады
Que: Орыс тілінен енген к, г дыбыстарына аяқталған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары қалай жалғанады?
Ans: буын үндестігіне қарай
Ans: үнемі жуан жалғау жалғанады
Ans: үнемі жіңішке жалғау жалғанады
Ans: г-ден соң жіңішке, к-ден соң жуан
Que: Орыс тілінен енген ог, уг дыбыстарына аяқталған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары қалай жалғанады?
Ans: буын үндестігіне қарай
Ans: жуан жалғау жалғанады
Ans: жіңішке жалғау жалғанады
Ans: уг-ден соң жіңішке, ог-ден соң жуан
15. Que: Орыс тілінен енген рк, рг, ск, кт, кс, нк, лк, нкт деген дыбыстар тізбегіне қазақ тілінің қосымшалары қалай жалғанады?
Ans: буын үндестігіне қарай
Ans: жуан жалғау жалғанады
Ans: жіңішке жалғау жалғанады
Ans: уг-ден соң жіңішке, ог-ден соң жуан
16. Que: Жіңішкелік белгісіне аяқталған көп буынды сөздерге қазақ тілі қосымшалары (тәуелдік жалғаудан басқалары) қалай жалғанады?
Ans: жуан жалғау жалғанады
Ans: жіңішке жалғау жалғанады
Ans: уг-ден соң жіңішке, ог-ден соң жуан
Ans: буын үндестігі бойынша жалғанады
17. Que: Жіңішке ль дыбысына аяқталатын сөздерге (дизель, феестиваль) тәуелдік жалғаулары (яғни дауыстыдан басталатын қосымшалар) қалай жалғанады?
Ans: Ь түсіріліп, тек қана жіңішке жалғанады
Ans: Ь түсірілмей-ақ жіңішке жалғау жалғанады
Ans: Ь түсірілмей-ақ жуан жалғау жалғанады
Ans: Ь түсіріліп, буын үндестігі бойынша жалғанады
18. Que: Соңғы екі дауыссыздың арасында жіңішкелік белгісі бар сөздерге вальс, асфальт, рельс қазақ тілі қосымшалары қалай жалғанады?
Ans: жуан жалғау жалғанады
Ans: жіңішке жалғау жалғанады
Ans: буын үндестігі бойынша жалғанады
Ans: Ь түсіріліп, буын үндестігі бойынша жалғанады
19. Que: кль, брь, бль тәрізді дауыссыз дыбыстар мен жіңішкелік белгісіне аяқталған сөздерге және жіңішкелік белгісіне аяқталатын бір буынды сөздерге қазақ тілі қосымшалары қалай жалғанады?
Ans: әрдайым жіңішке жалғанады
Ans: Ь түсіріліп, жіңішке жалғанады
Ans: буын үндестігі бойынша жалғанады
Ans: Ь түсіріліп, буын үндестігі бойынша жалғанады
20. Que: Орыс тілінде сөз түбірінде л-дан кейін жіңішкелік белгісі жазылатын сөздер (мораль, артель, акварель) қазақ тіліне калькаланғанда қалай жазылады?
Ans: Ь белгісі сақталады
Ans: Ь белгісі сақталынбайды
Ans: буын үндестігі бойынша жалғанады
Ans: Ь түсіріліп, буын үндестігі бойынша жалғанады
6-АПТА. ТАҚЫРЫП:
Қазақ тілінің шақ категориясы |
Қалып етістіктердің түрлі мәнмәтіндегі қолданысы |
Етістіктің шақ категориясы —іс-әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Етістіктің шақ категориясы қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, әр түрлі жолдармен жасалады. Етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ. Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. Мысалы, “келе жатыр”, “оқып отыр”, “жел соғады”. Осы шақтың 2 түрі бар: 1)Ауыспалы осы шақ. 2) Нақ осы шақ. Ауыспалы осы шақ “-а”, “-е”, “-й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады (“Мен жүземін, оқимын”. “Сен жүзесің, оқисың”. “Сіз жүзесіз, оқисыз”. “Ол жүзеді, оқиды”). Немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: “жаңбыр жауады”, “құс ұшады”, “ит үреді”. Бұл етістіктің осы не келер шақты білдіріп тұрғаны сөйлемнен анықталады. Нақ осы шақ қалып етістіктің (“жүр”, “жатыр”, “отыр”, “тұр”) тікелей жіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердің тіркесіп, жіктеліп келуі арқылы жасалады (“Мен отырмын, жазып отырмын”. “Сен отырсың, жазып отырсың”. “Сіз отырсыз, жазып отырсыз”. “Ол отыр, жазып отыр”). Мұнда нақ осы шақтық мәнді қалып етістіктердің семантикасы береді, сондықтан өзге түбір етістіктерден өзгеше тікелей жіктеледі. Оның мәні қалып етістіктердің қазіргі тұлғалары түбір емес: “отыр” — “ол турур”, “тұр” — “тұрұр”, “жүр” — “Жүрүр”, “жат” — “жатыр”, яғни болып жатқан қимылды білдіретін “ур”, “ұр”, “үр”, “р” қосымшаларының кірігуінен жасалған. Өткен шақ — іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі. Өткен шақ 3 топқа бөлінеді: 1) Жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: “келдім”, “таптыңдар”. 2)Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің “-ған, -ген”, айғақсыз түрі көсемшенің “-п”, “-ып”, “-іп” тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: “барған”, “айтқан”, “барыпты”. 3) Ауыспалы өткен шақ — іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің “-атын, -етін”, “-йтін” формалары арқылы жасалады. Мысалы, “тыңдайтынбыз”, “көретінсіңдер”. Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы. Келер шақтың негізгі 3 түрі бар: 1) Болжамды келер шақ — есімшенің “-ар”, “-ер”, “-р”, “-с” қосымшалары арқылы жасалады: “берерміз”, “айтпассың”. Болжамды келер шақ аналитикалық тәсілмен: “-атын”, “-етін” есімше тұлғалы етістікке “шығар”, “секілді”, “тәрізді” сөздері тіркесуі мен “-і” тұлғалы тұйық етістіктің тәуелдік немесе барыс септік формасына “мүмкін”, “тиіс”, “қажет”, “керек” тәрізді сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. 2)Мақсатты келер шақ етістік түбірге “-мақ, -мек”, “-бақ, -бек”, “-пақ, -пек” қосымшалары жалғану арқылы жасалады: “жүрмек”, “айтпақпын”. 3) Ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ — етістік түбірге көсемшенің “-а”, “-е”, “-й” қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалады. Мыс.: “барады, оқиды”.
Етістіктің түбірі глагол |
Лексикалық мағынасы Лексическое значение |
Осы шақта қолданудағы мағынасы Временное значение |
Отыр |
Сидеть, сиди, сидит, сять |
Вырожает действие происходящее в данное время. Действие моментальное. При употреблении данного глагола для вырожения ностоящего времени учитывается его прямое лексическое значение. |
Тұр |
Стоять, встань стоит |
При употреблении данного глагола для вырожения ностоящего времени учитывается его прямое лексическое значение. Вырожает действие происходящее в данное время. Выражает работу механизмов, электроники и автоматики в данное время. Например: магнитофон істеп тұр (работает). |
Жүр |
Ходит, ходи. |
При употреблении данного глагола для вырожения ностоящего времени не учитывается его лексическое значение. Вырожает действие происходящее в промежуток времени. Начало действия было в прошедшом, а конец будет в будущем. Например: Оқып жүр (учиться) |
(Жат)ыр |
Лежить, лежать, ложись |
При употреблении данного глагола для вырожения ностоящего времени не учитывается его лексическое значение. Вырожает действие происходящее в промежуток времени. Начало действия было в прошедшом, а конец будет в ностоящем. Например: Жазып жатыр |
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
Етістіктің неше шағы бар?
Келер шақ қалай жасалынады?
Өткен жақтағы етістіктерді жіктегенде қандай жалғаулар жалғанады?
Осы шақтың қандай түрлері бар?
Қалып етістіктің шақтық мағыналары қандай?
Қалып етістіктердің тура мағынадағы қолданысы мен шақтық мағынасының ерекшеліктері қандай?
Қалып етістікерінің ресми құжаттарда қолданылу ерекшеліктері қандай?
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ЖАТТЫҒУЛАР:
1-ТАПСЫРМА.Өзініңздің бір күндік жоспарыңызды келер шақта жазып шығыңыз (7 сөйлем).
Мысал, мен ертең кинотеатрға барамын. Біз дүйсенбіде тауға шығамыз.
2-ТАПСЫРМА.Өз басыңыздан өткерген күніңізді, іс-әрекеттеріңізді тізбектеп жазыңыз (7 сөйлем).
Мысал, кеше мен кинотеатрға бардым, Біз семинарға қатынастық.
3-ТАПСЫРМА.Модельдерді оқып танысыңыз, қалып етістіктің қолданысына талдау жасаңыз, мағынасын, функциональдық қызметін ажыратыңыз.
ОТЫР – КИІНІП ОТЫР – ТҰР – КИІНІП ТҰР
Бұл баланың аты – Боря.
Ол футбол ойнын жақсы көреді.
Суретте Боря аяқ киімін киіп отыр.
Б
оряның
үстінде жеңіл жейде, қысқа шорты бар.
Жейдесінің түсі ақ, ал шортысының түсі қара. Аяғында тарғыл шұлық және спортқа арналған кеді бар.
Боря орташа бойлы, қою, сары шашты бала.
Ол арықша келген, сымбатты. Қыр мырынды, көк көзді болуы мүмкін.
Боря аулада достарымен футбол ойнап жүр. Допты ширатып тепкілеп тұр.
Оның достары допқа таласып жүр. Қақпашы допты қағып алуға даяндалып тұр.
4-ТАПСЫРМА.Сұрақ формасына сай жауап жазыңыздар.
… адамдар не істеп отыр? ... олар не істеп жатыр? ... ол /олар/ не істеп жүр?
әңгімелесу
сөйлесу
пікір алысу
ой бөлісу
кеңесу
жаттығу
тойлау
ойлану
тамақтану
тамақ ішу
тапсырма беру
киіну
ойнау
терезе ашу
беру
5-ТАПСЫРМА.Сөз тіркестерін пайдаланып сұхбат мәтінін құрастырыңыз / «Сіз жұмыста не істейсіз?», Сіз қазір не істеп жатырсыз?», «Отыр, жүр жатыр, тұр» сөздерін қолданыңыз/
Іс қағаздарын жүргізу.
Құжаттар қабылдау
Құжаттарды тексеру
Сарбаздарға тапсырма беру
Жаттығу жүргізу
Хаттар қабылдау
Кіріс құжаттарды өңдеу
Шығыс құжаттарды тіркеу
Қызметтік жазба жазу
Қызметтік хаттарды жөнелту
Қол қойғызу
Қол қою
Жұмысты қадағалау
Баға беру
Компьютерде мәтін теру
Компьютерді қосу
6-ТАПСЫРМА.Сұхбатты жатқа рөлде ойнап, етістіктердің қолданысына назар аударыңыз.
Саша, сен драма театрда болдың ба?
Иә, бірнеше рет болдым. Алдыңғы аптада «Ревизор» спектаклін тамашаладым.
Қалай екен?
Жақсы, бұл қойылымды мен бұрын да көрген едім. Осында сахна безендірілуі жақсартылып, бейне және дыбыстық эффектілер қолданылған.
Ал әртістер бұрынғылар ма?
Негізінен бұрынғы әртістер. Тек басты кейіпкер Хлестаковтың рөлін өзге әртіс ойнады. Дегенмен шебер ойнайды. Тақырыпты ашып, идеяға жету үшін үлкен себептестігін тигізді. Кім екенін танымадым!
Иә, Гоголь комедия жанрының қас шебері ғой. Шындықты әжуа арқылы жеткізу, меніңше, қазіргі таңда да өз орнын алып жүр. Осы аптада Островскийдің шығармаларынан қойлымдар басталады. Мен сені шақырамын, театрға барайық!
Жақсы, мен қарсы емеспін!
Көріскенше
Көріскенше
