- •Жалпы ережелер
- •Қазақстан Республикасы азаматтығын алу
- •Азаматтықты тоқтату
- •Алған жағдайдағы баланың азаматтығы
- •Қазақстан Республикасы Президентiнiң және мемлекеттiк органдарының азаматтық мәселелер жөнiндегi өкiлеттiгi
- •Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі арыздар мен ұсыныстарды қарау бойынша іс жүргізу
- •Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалуы
- •Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдерге шағым беру
Азаматтықты тоқтату
19-бап. Азаматтықты тоқтату негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;
2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.
20-бап. Азаматтықтан шығу
Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.
Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін.
Егер шығу туралы өтініш жасаушы адам айыпкер ретінде қылмысты жауапқа тартылған болса не заң жүзінде күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе, немесе ол адамның Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға жол берілмейді.
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. N 2477 Жарлығына сәйкес 21-бап өзгертілді; ҚР 17.05.02 ж. N 322-II; 04.10.04 ж. N 600-II Заңдарымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Азаматтықтан айырылу
Қазақстан Республикасы азаматтығынан:
1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;
2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;
3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
4) егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адам дәлелсiз себептермен үш жыл бойы консулдық есепке тiркелмесе;
5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса, айырылады.
ҚР 17.05.02 ж. N 322-II Заңына сәйкес 4-тараудың тақырыбы өзгертілді
4-тарау
Ата-анасы азаматтығын өзгерткен және асырап
Алған жағдайдағы баланың азаматтығы
ҚР 17.05.02 ж. N 322-II Заңына сәйкес 22-бап өзгертілді
22-бап. Ата-анасының азаматтығы өзгерген жағдайда баланың азаматтығының өзгеруі
Ата-анасының азаматтығы өзгеріп, соның салдарынан екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болған, не екеуі де Қазақстан Республикасы азаматтығынан шыққан жағдайда тиісінше олардың 14 жасқа толмаған баласының азаматтығы да өзгереді.
Егер баланың ата-анасының біреуі белгілі болса, осы ата-ананың азаматтығы өзгерген жағдайда тиісінше 14 жасқа толмаған баланың азаматтығы да өзгереді.
ҚР 17.05.02 ж. N 322-II Заңына сәйкес 23-бап өзгертілді
23-бап. Ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығын алған ретте баланың Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы
Егер ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығын алып, ал екіншісі басқа мемлекеттің азаматы не азаматтығы жоқ адам болып қала берсе, Қазақстан Республикасы территориясында тұратын 14 жасқа дейінгі бала ата-анасының осы туралы жазбаша өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы мүмкін.
ҚР 17.05.02 ж. N 322-II Заңына сәйкес 24-бап өзгертілді
24-бап. Ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығынан шыққан ретте баланың Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы
Егер ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығып, ал екіншісі Қазақстан Республикасының азаматы болып қала берсе, 14 жасқа дейінгі бала Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады. Ата-анасының осы туралы жазбаша өтініші бойынша, мұндай баланың Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуына рұқсат етілуі мүмкін.
ҚР 17.05.02 ж. N 322-II Заңына сәйкес 25-баптың тақырыбы өзгертілді
25-бап. Асырап алған ретте баланың Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы
Қазақстан Республикасының азаматы асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала Қазақстан Республикасының азаматы болады.
Біреуі Қазақстан Республикасының азаматы, ал екіншісі оның азаматы емес ерлі-зайыптылар асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала асырап алушылардың жазбаша түрде білдірілген келісімімен Қазақстан Республикасының азаматы болады.
26-бап. Қамқоршы белгіленген баланың Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы
Егер Қазақстан Республикасы территориясында тұратын 14 жасқа дейінгі баланың ата-анасының екеуі де немесе жалғыз ата-анасы Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығып, бұл орайда ата-ана болу құқынан айырылса, бала қамқоршысының өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады.
ҚР 17.05.02 ж. N 322-II Заңына сәйкес 27-бап жаңа редакцияда
27-бап. Асырап алған ретте баланың Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтауы
Шетелдіктер асырап алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала Қазақстан Республикасының азаматтығын өзі кәмелетке толғанға дейін сақтайды.
Қазақстан Республикасының азаматтары асырап алған бала, асырап алушылардың екеуі де немесе асырап алушылардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын өзі кәмелетке толғанға дейін сақтайды.
Осы бапта аталған баланың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына ол кәмелетке толғаннан кейін және оның тілегі бойынша ғана жол беріледі.
ҚР 17.05.02 ж. N 322-II Заңына сәйкес 28-бап өзгертілді
28-бап. Баланың азаматтығын өзгерткен кезде онымен келісудің қажеттілігі
14 жастан 18 жасқа дейінгі баланың ата-анасы азаматтығын өзгерткен ретте, сондай-ақ асырап алған ретте оның азаматтығын осы Заңның 33-бабында көзделген тәртіп бойынша баланың келісуімен ғана өзгертуге болады.
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. N 2477 Жарлығына сәйкес 5-тараудың тақырыбы өзгертілді
5-тарау
