- •1.1.Еңбек төлемінің негізінде жалақыдан ұсталынатын ұстылымдар
- •2.1. «Адал» ақ-да еңбекақы төлеуді ұйымдастыру жолдары
- •Заттай түрдегі жалақы:
- •3 Кесте - "Адал" ақ-ның еңбекақы –қорының құрамы
- •3 Кесте - "Адал" ақ-ның жалақы түрлерінің арасалмағы
- •13 Кесте - "Адал" ақ-ның жалақы мен еңбек өнімділігінің өсуін талдау.
- •2.3. Өнімдер мен еңбек төлемінің есебін ұйымдастыру
- •2.4. Қазақстан республикасындағы шетелдік жеке тұлғалардың еңбек ету қызметі
2.4. Қазақстан республикасындағы шетелдік жеке тұлғалардың еңбек ету қызметі
Қазақстан Республикасында еңбек ету қызметін жүзеге асырып жүрген шетелдік азаматтарынын республиканың азаматтары сияқты міндеттемесі мен құқықтары бар, бірақ олар жекелеген қызметке тұруына немесе Қазақстан азаматтары сияқты белгілі бір қызмет түәрімен шұғылдануына болмайды, мысалға, олар мемлекеттік қызметке қабылданбайды немесе сот, нотариус, прокурор және т.б. қызметінен шұғылданбайды.
Жұмыс орнына және ваканттық қабылданған кезде республиканың азаматтарына басымдылық құқығы беріледі, дегенмен де жұмыс беруші Қазақстан Республикасының азаматына да, шетелдіктерге де бірдей жағдай жасайды.
Шетелдікті жұмысқа рәсімдеген кезде келген мақсатына сай және қызметке талап білдірушілердің шартына қарай қандай топқа жататындығын белгілеу қажет:
-заңды негізінде еңбек мирациясының тәртібінде келген тұлғалар;
- іскерлік міндеттемесін және қызмет борышын орындау мақсатында, заңды негізде Қазақстанға келген шетелдіктер;
- Республикада заңды негізінде тұратын: елшілік, консулдық қызметкерлерін жанұясының мүшелері, бірақ өздерінің ұйымдарында жұмыс істемейтіндер;
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ ТМД-на (тәуелсіз мемлекеттер достамтығына СНГ) қатысушы елдердің азаматы болып табылатын шетелдіктер;
- Жасырын (астыртын) немесе құжаты жоө иммигранттар.
Егер де жұмыс беруші өзінің кәсіпкерлік қызметіне шетелдіктерді тартатын болса, онда ол (жұмыс беруші- заңды не жеке тұлға) шетел жұмыс күшіне лицензия алуы керек. Ол үшін жергілікті әкімшілікке келесі құжаттарды тіркемесімен бірге ұсынуы керек:
- жұмыс берушінің қолы және әкелінетін жұмыс күшінің бес дана тізімі, сондай-ақ сол құжаттарда олардың: аты-жөні, туған жылы, мамандығы, әкелінген елі және т.б.
- контрактының көшірмесі;
- медициналық құжаттардың негізінде өкілетті органдар (акимат) екі аптаның ішінде тиісті шешімдерін береді. Егер де бұл мәселе оң шешімін тапса, онда жұмыс беруші компенсациондық төлем жасауы тиіс, оның мөлшері (әрбір адам басына) қызметкерлер үшін – 3 МЕК (МРП), ал жұмысшылар үшін- 4 МЕК деңгейінде беріледі.
Кейбір шетел азаматтарына қатысты жұмыс күшін әкелу үшін рұқсат алу қажет емес:
- ресми дипломатиялық, консулдық өкілеттіліктің құрамына кіретін және Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық келісім шарттың аясында эксперттеуші немесе халықаралық ұйым болып табылатын тұлғаға;
- Қазастан Республикасының аймағында машықтық қызметін жүзеге асыруға және ресми тіркеуден өткен діни қайраткерлерге;
- Арнайы орташа және жоғары оқу орнында оқуда жүрген студенттерге (жас мамандарға);
- Қазақстан Республикасында аккредитивтелген журналистер мен корреспонденттерге;
- Қазақстан Республикасында мекендеуге рұқсаты бар тұлғаға;
- Шетелдік заңды тұлғасының өкілі болып табылатын тұлғаға (олардың бірінші басшыларына).
\
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекакы төлеуді тексерудің негізгі міндеті - еңбекақы төлеуде нормативтік-құкықтық актілердің сақталуын бақылау, жалақыдан ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде бухгалтерлік есепті жүргзудің дұрыстығын тексеру болып табылады.
Еңбекті уакыт бойынша төлеуде тарифтік мөлшерлеме немесе мәміле шарттарын қолданудың дұрыстығы, кесімді төлеуде - жұмыстың сандық және сапалык көрсеткіштерін орындау, нормалар мен баға қоюды қолданудың дұрыстығы тексерілуі қажет.
Еңбек туралы күші бар заңдарға сәйкес еңбек төлемін ұжымдық шартпен бекітілген мерзімдерде, айына екі рет береді. Онда айдың бірінші жартысы үшін еңбек төлемі бойынша аванстык және аванссыз тәртіптер белгіленуі мумкін. Есеп айырысудың аванстык тәртібінде жұмысшылар мен қызметшілерге жоспарлы аванс береді; тупкілікті есеп айырысу кезінде, айдың екінші жартысында еңбек ақы төлемін жасайды. Аванс мөлшерін ұжымдык шартжасасқан кезде әкімшілік пен кәсіподақ ұйымы анықтайды, алайда аванс жұмысшының жұмыс уакыты есебінің табелінен алынған нақты жұмыс істеген уақыты үшін тарифтік төлем мөлшері бойынша қойылған еңбек төлемінен кем болмауы тиіс. Есеп айырысудың аванссыз түрінде жоспарлы аванстың орнына айдың бірінші жартысы үшін нақты өңдірілген өнім (орындалған жұмыс) бойынша немесе накты істелінген жүмыс уақыты бойынша еңбек төлемі есептелінеді. Есеп айырысудың бірінші түрінің жұмысы аздау, сондықтан оны кәсіпорындарда жиі колданады.
Қазіргі кезде еңбек ақыны белгілеудің бүкіл жүйесі жеке жұмыс беруші қарамағында. Сондықтан еңбек ақы саласындағы үрдістер стихиялы сипатта жүреді, ол еңбек ақы жұмыс күшінің бағасы ретінде өзінің негізгі - ұдайы өндірістік, ынталандырушы және реттеуші функцияларын орындауды қойды.
Еңбек ақының ынталандырушы функциясын дұрыс түсіну үшін оның жұмысшыларға әсер ету күшінің жолдары мен әдістерін анықтау үшін келесі жағдайларды көңілге алудың маңызы зор.
Еңбек ақы төлеуге пайдаланылатын, өндірілген өнімдегі үлесті көбейту мәселесі ұжымдық шартта еңбек ақының әрбір өскен пайыздық өсімінің көрсеткіштерін белгілеу жолымен де табысты шешілуі мүмкін. Аталған көрсеткіштердің артықшылықтары, олардың өндіріс тиімділігінің өсуі негізінде қосымша өндірілген құнның қай бөлігі жұмысшылардың тұтыну деңгейін жоғарлатуға бағытталғанын санмен анықтай отырып, өндірілген өнімдегі еңбек ақы төлеудің үлесін көтеру мәселесін шешуге жол беретіндігінде.
ҚР-сы мен РФ-сы экономикасының көптеген факторларының, атап айтқаанда, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, жұмыссыздықтың болуы, әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудің қолданылмайтын жүйесі екі республикаға да еңбек ақыны жоғарыда келтірілген бағыттар бойынша ұйымдастыруға жол береді.
Дамыған елдердің тәжірбиесі еңбек ақыны ұйымдастырудың саласындағы мәселелерді шешудің әдістерін көрсетуі мүмкін.
ҚР-да еңбек ақы азаматтардың игіліктерінің негізгі көзі және еңбек қызметінің ынтасы болу үшін, менің ойымша келесі міндеттерді шешу керек:
1) кепілденген минималды еңбек ақыны нақты өмір сүру минимумының деңгейіне дейін сатылап өсіруді жүргізу, ал кейіннен минималды тұтыну бюджетінің деңгейіне, содан кейін үнемді бюджет деңгейіне дейін жеткізу;
2) кәсіпорын табысын еңбек пен капитал, кәсіпкер мен жұмысшы, пайда мен еңбек ақы төлеу арасында әділ бөлуді белгілеу;
3) сала, кәсіп және аймақ бойынша минималды және орташа еңбек ақы арасындағы қатынасты, өнеркәсіпте және әлеуметтік аядағы жұмысшылардың еңбек ақысын төлеудегі экономикалық және әлеуметтік анықталмаған дифференциясын қысқарту;
4) еңбек ақы мөлшері мен құрылымында инфляция қарқыны мен бағаның өсу қарқынын, жұмысшының отбасы құрамын, үй шығындарын, білім беру, медициналық қызметкөрсету, көлік және т.б. әлеуметтік қызмет көрсету шығындарын есепке алу;
5) салық органдарының, жұмысшының еңбек ақысын мемлекеттік бюджет табысына айналдыруға жол беретін, қолданыстағы заңдардағы кері әсерді жою, еңбеккер адамның еңбек ақысына тимеу керек.
Әлеуметтік және экономикалық сұрақтарды шешуде үш тараптың - үкіметтің, кәсіподақтың және жұмыс берушінің келісімі қажет. Бұл міндетті қажеттілік бүгінгі нақтылық. Жүйені жұмыс жалпымен ортақ қабылданған халықаралық нормаларға және стандарттарға, ең алдымен адам құқығының жалпыға бірдей декларациясына, еңбекті халықаралық ұйымдастыру конвенцияларына негізделуі мүмкін. үш жақты келіссөздегі басты міндеттердің бірі – бұл кәсіпорындарда және салаларда ондағы нақты экономикалық жағдайды есепке ала отырып еңбек ақыны өсірудің бағыттарын келістіру.
Өз елінің азаматы, негізгі салық төлеуші бола отырып, әрбір жұмысшы өзінің тікелей жеке меншігі болып табылатын жұмыс күшінің нарықтық құнына сәйкес еңбек ақыны дер кезінде және толық алуға құқылы.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы ҚР-ның Заңы, Алматы; Юрист-2005 ж.
2. Оплата труда: заработная плата, гарантии и компенсационные выплаты работникам/Досье бухгалтера /№1 (25), январь-февраль 2003 г.
3. Условия труда/ Труд-Зарплата-Пенсия в Казахстане/№16(40) /Август 2004 г./
4. Оплата труда в бюджетных учреждениях /ББ-Отраслевые и иные особенности налогооблажения и учета/ №2, февраль 2004г.
5. Митюгина Г.Д «Оплата труда: удержания, вычеты, начисления;/ Библиотека бухгалтера и предпринимателя, №7(132) июль 2001 г;
6. Алехина О. Стимулирующий эффект систем заработной платы // Человек и труд. – 1997. - № 1. – С. 90-92.
7. Қалдыбаев О., Темірбаев А. «Кәсіпорын экономикасы» Алматы «Санат», 1997.
8. Дурановская Г.Г Заработная плата : порядок начисления –Алматы, 2000г.
9. Бухгалтерский учет в нефтяной и газовой промышленности/Под ред. А.Ф.Зимин - М: Недра, 1983 г.
10. Мазманова Б.Г. Управление оплатой труда-М: Финансы и статистика, 2001 г.
11. В.А. Плотников Бух.учет в произвдственных геологических объединениях-М: недра, 1987 г.
12. И.А. Поляков Справочник экономиста по труду-М:Экономика, 1988г.
13. Аманиязова Г.Д. «Экономика нефтяной и газовой промышленности» ;КазЭУ, 2004 г;
14. Численность работников и фонд заработной платы /Отчет по труду ОАО "Каражанбасмунай" за 2001-04 гг./
15. Бухгалтерские балансы/ Финансовая отчетность ОАО "Каражанбасмунай за 2001-04 гг./
16. Оплата труда в РК:1993-2003; Стат. Сборник/Под ред. К. Абдиева, 2004 г.
17. Казахстан: Доклад о нац. Счетах; Национальное стат. Агенство РК-Всемирный банк, 1997 г.
18. Статистический ежегодник-2004/ Стат. Агенство РК, 2005 г
19. Промышленность РК и его регионы 1998-1999 г: Статистический сборник, Алматы 2000 г;
20. Нефть и газ: Сборник нормативных правовых актов, Алматы: Юрист, 2003 г;
