- •«5В090200–Туризм» мамандығының студенттеріне арналған
- •Диплом жұмысын орындау ережесі
- •Алматы, 2012
- •Мазмұны
- •1 Диплом жұмысын дайындау, жазу, қорғау тәртібі бойынша жалпы ережелер
- •2 Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және оны жазу ережелері
- •3 Диплом жұмысының құрылымы және оның қысқаша мазмұны
- •4 Диплом жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •Мазмұны
- •Бас директор
- •5 Диплом жұмысын қорғаудың тәртібі
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша а
- •Қосымша б т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті
- •Тапсырма
- •Қосымша е «5в090200–Туризм» мамандығы студенттерінің дипломдық жұмыстарын алдын-ала қорғау мәжілісінің Хаттамасы № ___
- •1. «5В090200–Туризм» мамандығы 4 курс күндізгі бөлім студенттерінің дипломдық жұмыстарын алдын-ала қорғау.
- •«5В090200–Туризм» мамандығы сырттай және кешкі бөлім 4 курс студенттерінің дипломдық жұмыстарын алдын-ала қорғау.
4 Диплом жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар
Диплом жұмысы компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты «Times New Roman», кегль 14. Диплом жұмысының көлемі 60-90 бет.
Диплом жұмысының мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25 мм.
Айқындалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі.
Дипломдық жұмыстағы тегі, мекеменің, ұйымның, фирманың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тіліне келтіріледі.
Жалқы есімдерді қысқартып келтіруге, ұйымдар мен кәсіпорындардың атауын көрсетуге рұқсат етіледі.
Диплом жұмысының құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», сонымен қатар тараулардың атаулары құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс, оларды беттің жоғары жағында ортасында бас әріптен бастап, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай толық шрифтпен басу қажет.
Мысалы:
Кіріспе
Диплом жұмысын бөлімге және бөлімшелерге бөлу қажет. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған ақпараттан тұруы қажет.
Бөлімдердің атаулары диплом жұмысының тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атаулары өзі сәйкес бөлімінің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.
Дипломдық жұмыстың тарауларының бүкіл құжат шегінде реттік саны болу қажет. Олар нүктесіз араб сандармен белгіленген және абзацтан жазылуы тиіс. Бөлімшелер (параграфтар) әр тараудың шегінде реттік саны болуы керек. Бөлімшенің реттік саны тарау мен бөлімшелердің нүкте арқылы бөлінген реттік санынан тұрады. Бөлімшенің реттік санының соңында нүкте қойылмайды. «Тарау», «бөлімше» сөздері тақырыпшада жазылмайды. Дипломдық жұмыстың әр тарауын жаңа беттен бастау керек. Бір тараудың ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.
Дипломдық жұмыстың «Мазмұнына» тараулар мен бөлімшелердің беттері көрсетілген нөмірлері мен атаулары кіреді. «Мазмұны» деген сөзді бас әріптермен тақырыпша ретінде мәтінге симметриялы түрде жазады.
Мысалы: Тақырыбы «Кәсіпорындағы маркетингтік зерттеуді ұйымдастыру («Азия-Тур»ЖШС-нің мысалында )»
Мазмұны
|
|
Бет. |
|
Кіріспе |
3 |
1 |
Кәсіпорындағы маркетингтік зерттеулерді ұйымдастырудың теориялық аспектілері |
|
|
1.1 Маркетингтік зерттеулердің мәні мен ролі |
6 |
|
1.2 Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің негізгі бағыттары мен ұйымдастыру нысандары |
17 |
|
1.3 Туристік өнімдер нарығындағы маркетингтік зерттеулерді ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі |
26 |
|
|
|
2 |
«Азия-Тур» ЖШС-дегі маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру |
|
|
|
2.1 «Азия-Тур» ЖШС-нің жалпы сипаттамасы және негізгі экономикалық көрсеткіштеріне талдау |
37 |
|
|
2.2 «Азия-Тур» ЖШС-і қызметінде маркетинг элементерінің қолданылуын талдау |
47 |
|
|
2.3 «Азия-Тур» ЖШС-дегі маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру мен оның бәсекелестік артықшылықтарын бағалау |
57 |
|
|
|
3 |
«Азия-Тур» ЖШС-нің маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыруын жетілдіру |
|
|
3.1 Маркетингтік зерттеулер бюджетін әзірлеу |
67 |
|
3.2 Туристік өнімдер нарығындағы тұтынушылардың талғамдарын зерттеу әдістемесі және зерттеу нәтижелері |
77 |
|
3.3 ҚР туристік нарығын маркетингтік зерттеу негізінде жаңа туристік маршрут құрастыру |
|
|
Қорытынды |
87 |
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
90 |
|
Қосымшалар |
92 |
Кіріспе, тараулар, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және әр қосымша жаңа беттен басталады.
Мәтіндегі абзац мөлшері бес белгіге тең (1,0 см).
Диплом жұмысының беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмірі қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады. Титул бетіне нөмір қойылмайды. Жұмыстың мәтініне қосылған, бірақ жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер, компьютер арқылы жасалған басылымдар диплом жұмысы беттерінің жалпы нөмерлеріне қосылады.
А3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер компьютер арқылы жасалған басылымдар бір бет ретінде есептелінеді.
Диплом жұмысындағы иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі ескертілген мәтіннен кейін орналасуы керек. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.
А4 форматынан кіші түсірілген суреттер болған жағдайда олар стандартты ақ қағазға желімденуі керек.
Иллюстрациялардың
реттік нөмірлері және атаулары болуы
тиіс, ол суреттің астында жолдың ортасынан
жазылуы тиіс (Мысалы:
С
урет
1 – Қонақүйдің ұйымдастырушылық басқару
құрылымы).
