- •Диплом алдындағы өндірістік практика бойынша
- •050508 «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенті
- •Ұйымның жалпы сипаттамасы
- •Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы
- •Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
- •Ағымдағы активтерді есепке алу: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері
- •Ағымдағы активтерді есепке алу: алуға шоттар және өзге де дебиторлық қарыздар
- •Қорларды есепке алу
- •Негізгі қаражаттарды және материалдық емес активтерді есепке алу
- •Міндеттемелерді есепке алу
- •Еңбекті және оған ақы төленуін есепке алу
- •Өзіндік капиталды есепке алу
- •Инвестицияларды есепке алу
- •Өндіруге кеткен шығындарды есепке алу
- •Дайын өнімді шығару мен сатуды есепке алу
- •Қаржылық есеп беруді ұсыну
- •3.Жылдық түгендеуді жүргізу
- •Талдамалық жұмыс
- •6. Салық салу
- •7. Аудит
- •7.1 Ақша қаражатының аудиті
- •7.2 Ұзақ мерзімді активтердің аудиті
- •Қорытынды
Ұйымның жалпы сипаттамасы
Жинауға болмайтын жалғыз нәрсе ол – уақыт, оны сақтау және ұлғайту мүмкін емес. Оны тек қана ақшаға немесе өнер – білімге айырбастауға болады. Уақыт – бұл ең маңыздысы.
(Ямагучи Тадао)
«Galanz Bottlers» Акционерлік Қоғам өз тарихын 1998 жылдан бастайды, оның ең алғаш нарыққа босатқан өнімі бөтелкеге құйылған ауыз су болды. Қазіргі кезде серіктес Қазақстан және Орталық Азия нарығындағы алкогольсіз сусындар өндірумен айналысатын ең ірі кәсіпорындардың бірі. Жыл сайын өткізілетін маркетингтік зерттеулеріне сәйкес, серіктестік 2005 жылдан бастап пайдалы және танымал сусындар өндірушілердің арасында абсолютті жетекшісі болып табылған. Тиімді стратигияның, инновацияардың дер кезінде енгізілуі мен тиісті инвестициялардың көмегінің арқасында серіктестік 14 жылдың ішінде өндірістің жаңа түрлерін, суық шай және бір қатар салқындатылған сусындарын негіздеді.
Бүгіні таңда «Galanz Bottlers» Акционерлік Қоғам баршаға танымал бренд «Махі чай», сонымен қатар Torpeda энергетикалық сусынының, Sevens ауыз суы мен Funky лимонадының өндірушісі болып табылады.
Серіктестік Қазақстан нарығына Dellos және Enerzen сияқты саудалық маркаларды ұсынады, сонымен қатар сусындар нарығының даму тенденцияларына жауап бере отырып, тұтынушылардың кез келген қалауын қанағаттандырады.
Тиімді менеджменттің арқасында «Galanz Bottlers» Акционерлік Қоғам бірнеше жыл бойы республикадағы алкогольсіз сусындар нарығының жетекшісі болуда және өндірістік саладағы динамикалық дамитын серіктестіктің мәртебесіне ие. Қазақстандық өндірушінің көптеген жоспарларының арасына кәсіпкерліктің ілгерлемелі және белсенді дамуы, өндіріс индустриясындағы жаңа жобаларын іске асыру, сонымен қатар ішкі және таяудағы шетел нарығында позицияларды ары қарай күшейту кіреді.
Кәсіпорын 2003 жылы Азықтық өнеркәсіптің және индустрияның Халықаралық аптасында «Қазақстан нарығындағы ең жақсы өнім» - деген медальға ие болды.
2004 жылы серіктестік Қазақстанда ең алғаш «Махі чай» брендімен аталған суық шай өндіретін жабдықты іске қосты. Суық шай өзінің пайдалы қасиеттері мен сирек кездесетін дәмінің арқасында тұтынушылардың көңілінен шықты.
2005 жылы «МАХІ ЧАЙ» саудалық марка суық шай санаттарының арасында талассыз жетекшісі болып табылды.
Үш жыл қартрынан (2005-2007жж) «Махі чай» сусыны үнемі Азықтық өнеркәсіптің және индустрияның Халықаралық аптасында «Қазақстан нарығындағы ең жақсы өнім» - деген мәртебелі сыйлыққа ие болып отырды.
Серіктестіктің басқармалары кәсіпкерлікті кеңейту туралы стратегиялық шешим қабылдады және 2007 жылы салқындатылған сусын шығаратын екінші зауытты іске қосты. Бұл зауыт тек «Махі чай» брендімен аталатын суық шай ғана өндірмей, сонымен қатар Sevens деп аталатын ауыз су өндіре бастады. . Осы жылы зауытта реконструкция жұмыстары жүргізіліп, қазіргі кездегі бәсекеге қабілетті өнім шығару мақсатында жаңа құрал-жабдықтарды іске қосады
2009 жылы өндіріс технологтары «Махі чай» деп аталатын суық шайдың жаңа дәмдерін ойластыра бастады. Осы жылда серіктестік Қазақстан Республикасындағы ең ірі азық – түлік форумы «Азықтық өнеркәсіптің Халықаралық аптасында» (FoodWeek Kazakzstan) «Белсенді қатысушы» ретінде алтын медальға ие болды.
2010 жылы екі жаңа саудалық марка – Torpeda энергетикалық сусыны мен Funkу лимонадын іске қосты. Нарыққа перспективалық брендтер шығара отырып, «Galanz Bottlers» өз алдына озып келе жатқан бірін жаулап алуға кеудемсоқ жоспар құрды.
Серіктестіктің өнімі InterFood Novosibirsk Сібір жәрменкесінде сапасы үшін бірден үш медаль алды, «Сібір жәрменкесіндегі ITE алтын медалі» дәм тату жарысында «Funky Дюшес» алкогольсіз газды сусыны кішігірім алтын медаліне ие болды. Осы жәрменкеде «Funky Лимонады» және «Funky Тархун» алкогольсіз газды сусыны күміс медаль иеленді. «Сібір жәрменкесіндегі ITE алтын медалі» дәм тату жарысында алкогольсіз газдалмаған сусын жасыл «Махі чай» грейпфрут және лимон дәмімен, сонымен қатар қара «Махі чай» алма және бүлдірген дәмімен күміс медалімен марапатталды.
Бренд портфелінің тиімді құрастырылуы «Galanz Bottlers» Акционерлік Қоғам болашағына сенімді қарауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні өз ғасырына сәйкес технологияларды қолдана отырып, серіктестік келесі өнім түрлерін өндіріп отыр:
«Махі чай» суық шайы
«Sevens» ауыз суы
«Torpeda» энергетикалық сусыны
«Funky» лимонады
«Сок Березы» шырыны
«Dellos» сусынндары
«Milk Up» жеміс – сүтті сусыны
Серіктестік стратегиясы. «Әрқашан ауыр жолы таңда, онда сіз бәсекелесшілерді кездестірмейсіз» .
(Шарль Де Голь)
«Galanz Bottlers» - бұл ғұлама, дәйекті және қойылған тапсырмаларды творчествалық жолмен шеше білетін саналы мамандардың командасы. Серіктестік нарықта алдынғы қатарда орналасуға ұмтылады. Жұмыс жасап отырған мамандар шығарылған өнімнің сапасы мен сервистің деңгейі бойынша озығы болу үшін барыг салуда.
Серіктестік мақсаты. «Ең маңыздысы – бұл тұтынушылармен өзара байланысты қалыптастырып, олардан түскен мәліметтерден үнемі сабақ алу».
(Билл Гейтс)
Өндірістің алға қойған мақсаты – пайдалы және сапалы өнімдермен қазақстандық тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және өнімін өткізу арқылы табыс табу. Пайда табу негізінде кәсіпорын қатысушыларының экономикалық – әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру.
Серіктестік жетістігінің құпиясы. «Сіздің жетістігіңіздің жалғыз ғана дұрыс өлшемі – бұл сіздің нақты потенциялыңызбен салыстырмалы істеген ісіңіз».
(Пол Дж Мейер)
Сырттай қарағанда «жетістіктің құпиясы» - деген оңай сөйлемнің өз астарында үлкен мағынасы бар және өз күшінің сенімділігін арттырады. Табысты кәсіпкерлікті жүргізудің құпияларын және оны шебер пайдалана білу – ол оңай және нарықта жетекші болудың бірден бір кілті. Galanz Bottlers-тың жетістігінің құпиясы – өз клиенттері (сауда желісі және бөлшек дүкендер) мен өз тұтынушыларының максималды қажеттілігін қанағаттандыру үшін өнім сапасының жоғары болуын өндірістің барлық кезеңдерінде қадағалап, өз портфелінің кеңейуіне қатал бақылау жүргізу.
Серіктестік құрамы. «Бренд көбінесе қоғамға ықпалын тигізеді».
(Томас Гед)
«Galanz Bottlers» АҚ – ПЭТ ораушысындағы сусындарды өндірушісі.
«Вера Ловаль» ЖШС – дайын өнімді жүзеге асырумен айналысады.
«Адал Су» ЖШС – ауыз су өндіреді.
«Напитки на Дом» ЖШС – ауыз суды өндіру мен жеткізу ісін жүзеге асырады.
«Chemolgan Food Stаstion» ЖШС – логистика жұмысын атқарады. Мамандардың айтуынша «Логистика кәсіпкерліктің философиясы және діні».
«Galanz Bottlers» акционерлік қоғамы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтық кодекс, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексі (салық кодексі), кәсіпорынның жарғысы, ұйымдастырушы құжаттар және басқа да заң актілері негізінде жүзеге асырады. Қоғамының жеке фирмалық атауы көрсетілген мөр таңбасы, арнайы мүлкі бар. Ол Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді.
Компания Алматы қаласы, Сүйімбай көшесі №239 «б» орналасқан. Қызметінің жарғысы бойынша негізгі бағыттары:
алкогольсіз сусындар өндіру және шығару
сауда және сауда делдалдық қызметсатыа алу қамтамасыз ету қызметтері
халыққа тұрмыстық қызмет көрсету
адвокаттық қызметпен байланысты емес және өзге де кеңес беру қызметтері
Біртұтас және бөлшектеп сату бөлімдері мен кәсіпорын ұйымдастыру
Кәсіпорынның өндірістік базасы қызметінің табысты жұмыс жасауға қажетті алаңдары мен құрал-жабдықтары бар. Дайын өнімді өндіруге және олардың шикізаттарын сақтауға арналған цехтар мен қоймаларға ие. Өндіріске пайдаланатын шикізаттары сертификатталынған және үнемі қадағаланып, бақыланып отырылады. Компания сапалы сусын өнімдерін тұрақты жеткізу бойынша келісімдер жасасқан.
Басқарма төрағасы
Қаржылық бөлім
Техникалық бөлім
Алматы қаласы
бойынша сату
бөлімі
Бухгалтерия
Бас инжинер
Өндірістік цехы
Коммерциялық
депортамент
Логистика бөлімі
Юрист
ТПА цехы
Көлік бөлімі
Тазалау бөлімі
Маркетинг бөлімі
Аймақтық сату
бөлімі
Қойма Сүйінбай
Лаборотория
Жабдықтау бөлімі
Кадрлар бөлімі
IT
бөлімі
Қауіпсіздік
және қорғау бөлімі
Кәсіпорынның басқару құрылымы.
Зауыттың еңбек ұжымы тәжірибелі және осы салада көп жыл еңбек істеген өндірісті өз дәрежесінде білетін қызметкерлерден құрылған. Негізгі өндірісті ұйымдастыру жалпы қағидаларды ұстанады. Ол ұйымдастырудың ағымдық әдісі, яғни жұмыс процесі үзіліссіз қозғалыста және жиілікті қарастырады.
«Galanz Bottlers» акционерлік қоғамының өнімдері тұтынушыларға салыстырмалы түрде төмен бағамен жеткізіледі. Зауыт ұжымы үнемі жаңа өнім түрлерін шығаруды алға қойып отырады.
