Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология лекция.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆

Ластаушы заттар

Радиоактивтік химиялық биологиялық

жылу аэрозолдар бактериялар

шу, жарық химиялық заттар микробтар

электромагниттік ауыр металдар паразиттер

сәулелер пестицидтер құрттар т.б.

Схемада көрсетілген зиянды заттардың бәрі тірі ағзалар мен адамдар үшін әртүрлі деңгейде әсер етеді. Зиянды заттардың мөлшеріне, улылығына қарай тірі ағзалар жеңіл немесе ауыр зардап шегуі мүмкін. Айталық адам ағзасына улы заттардың аздаған мөлшерінің түсуі басты айналдырып, құстырып, естен тандыруы мүмкін. Ал, осындай зиянды заттардың шектен тыс мөлшері түссе өлімге душар етуі әбден мүмкін.

Қоршаған ортаны ластаушы ретінде химиялық заттар тіршілікке өте қауіпті. Оны – химиялық ластану деп атайды. Қазіргі кезде ауаны ластаушы улы заттардың 150-ден астам түрі белгілі.

Химиялық ластаушы заттар өнеркәсіп, зауыт, жылу қазандықтары, автокөліктер, ұшақтар жұмыс істегенде бөлініп отырады. Олар қатты, сұйық, газ күйінде болуы мүмкін. Улы заттардың химиялық құрамын сендер 8-сыныптан бастап толық танысасыздар. Ал қазіргі ескеретін жағдай ашық өзен, көлдерден суды қайнатпай ішуге, жеміс-жидекті жумай жауге болмайды. Әсіресе, ірі қалалар, өнеркәсібі дамыған жерлерде, зауыт, фабрикалар маңы жоғарыда аталған зиянды заттарға толы болады. Сондықтан, химиялық заттармен улану бұл жерлерде жиі байқалады. Өйткені, улы заттар адам ағзасына түсіп бүкіл денеге тарайды да адамды бей-жәй қылып тез шаршатады, жұмыс қабілеті нашарлайды, тәбеті төмендеп ұйқы басып тұрады. Одан әрі ағзамыз уланып ішкі мүшелердің қабынуына, жүйкенің жұқарып естен тану немесе өкпе-тыныс жолдарының ентікпе, жүрек қан қысымы, аллергия, қатерлі ісік ауруларына шалдығады.

Улы заттардың қатарына темекі мен есірткі заттары да жатады. Темекіні жиі тарту (әсіресе балалар) өкпе мен қолқаның созылмалы ауруына, тіптен еріннің, өкпе жолдарының қатерлі ісік ауруын тудыратыны медицинада белгілі. Есірткі заттары да қолқа, өкпенің қатерлі ісік ауруларын туғызады.

Қоршаған ортаның химиялық ластануы жер шары бойынша әлемдік экологиялық проблемаларға жатады. Оны өздерің естіп жүрген «Жылу эффектісің, «Озонның жұқаруың, «қышқыл жауындарң, «фотохимиялық улы тұмандарң деп аталатын бүгінгі күннің қатерлі құбылыстары. Олар туралы жоғары сыныптарда толық мәлімет беріледі.

Табиғи ортаның радиациялық ластануы да бүгінгі таңдағы өзекті проблемалардың бірі. Оның химиялық ластанудан өзіндік ерекшелігі бар. Радиациялық ластану процесін жоғарғы сыныптарда толық оқып білесіңдер. Жалпы радиациялық ластану көздері дегеніміз – адам баласы өзі ойлап тапқан атом қаруларын сынаған кезде кейібр химиялық элементтерден зиянды сәулелердің бөлінуі. Ол сәулелер көзге көрінбейді, бірақ тірі ағзалардың ішкі клеткаларына өтіп оны зақымдап қанның құрамын бұзып тоқтаусыз дамиды. Мұндай қауіпті сәулелер көбінесе ядролық сынақтар жасаған полигондарда, ғарышқа ұшатын айлақтарда, ірі кешенді өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда жиі болады. Оның қарапайым мысалы кәдімгі рентген аппараты. Адам баласы рентгенге түскенде радиациялық сәуленің шекті мөлшерін ғана алады. Оның зияны болмайды.

Ал, рентгенді жиі алу зиян. Сол үшін рентгенге түсуді дәрігерлер реттеп отырады.

Ірі өнеркәсіп, атом реакторларының қалдықтары, космос корабльдерінің сынақтары бәріде зиянды сәулелер шығарады.

Сәуле, ақ қан, қатерлі ісік аурулары радиактивті заттардың әсерінен болатыны әлдеқашан дәлелденген. Сәуле ауруымен әсіресе қарттар мен жас сәбилер жиі ауырады. Оның негізгі белгілері: әлсіздік, бас айналу, көздің бұлдырауы, жүректің айнуы, құсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының ауытқуы, естен айыру болып табылады. Мұндай жағдайда адамдар тез арада дәрігерге көрінген жөн.

Жер шары бойынша адам баласы бірнеше таризи радиациялық апаттардың куәсі болып зардап шекті. Мәселен, 1945 жылғы АҚШ мемлекетінің Жапон елінің Хиросима, Нагасаки қалаларына атом бомбасын тастауы. Нәтижесінде бүгінгі күнге дейін мыңдаған адамдар сәуле ауруының азабын көруде. Одан кейінгі жылдары атом қаруларын суда, жер астында және атмосферада сынау басталды. Сол сияқты ірі елдерде атом электр станциялары, мұз жарғыш кемелер, ядролық қондырғылары бар сүңгір кемелер кең түрде пайдалана бастады. Әрине атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану өте тиімді әрі арзанға түседі. Ал, атом станциялары мен кемелерде авария болған жағдайда қоршаған орта өте қауіпті. Оның мысалы – Чернобыль ядролық апаты. Апат кезінде атмосфераға радиоактивті заттар шығарылып ауданы 3000 км жерге тарады. Ең бастысы Еуропаның барлық елдері зардап шекті.

Біздің республикамызда 40 жылдан астам уақыт бойы Семей өңірінде, сол сияқты Тайсойған, Азғыр, Нарын жерлерінде 500-ден астам ядролық сынақ жасалғаны мәлім. Оның әрбіреуінің қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан кем болмады. Оның тигізіп отырған зардабы еліміздің әрбір тұрғыны жақсы сезініп одан сауығудың жолын іздестіруде.

Табиғи ортаның биологиялық ластануы да ерекше орын алады. Биологиялық ластаушыларға ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, қарапайымдылар жатады. Олар ауа, су, топырақ, тірі ағзалардың денесінде, адам ағзасында кездеседі. Тек қана адам ағзасында 500-дей паразитті ағзалар тіршілік етеді. Олар сыртқы және ішкі паразиттер болып жіктеліп түрлі ауруларға душар етеді. Мәселен, бүрге, маса, сүлік, кенелер адам денесін уақытша пайдалана отырып безгек, тырысқақ, қотыр, сүзек, оба ауруларын таратып отырады.

Аталған аурулардың көбі жұқпалы әрі тез таралады. Ауру адамнан сау адамға ауру түрлері бірнеше жолдармен жұғады. Мәселен, тұмау, қызылша, күл, шешек аурулары адам түшкіргенде, жөтелгенде ауа арқылы жұғады. Кейбір ауру түрлері – адамның ауыз қуысы арқылы азық-түлікпен таралады. Оларға – қантышқақ, тырысқақ, сальмонелез, полимелит т.б. аурулар жатады.

Аурудың енді бір тобы – қан арқылы тарау, яғни бүрге, маса, сона, қандала, бит, кене т.б. жәндіктер шаққан кезде вирустардың қанға түсуі. Бұл аурулар тобына – безгек, бөртпе, сүзек, оба, туляремия, энцефалит т.б. жатады.

Соңғы жылдары жер шарында жұқпалы аурулардың бір тобының жыныс жолдары арқылы таралуы етек алуда. Бұған жыныстық жұқпалы аурулары – мерез, соз, СПИД, құтыру, сіреспе, гангрена т.б. жатады. Соның ішінде СПИД өте қауіпті.

? 1. Қоршаған ортаның сапасы қандай болуы керек? 2. Табиғи ортаның ластануы не себептен? 3. Зиянды химиялық заттар? 4. Ластауыш заттар қалай топталады? 5. Химиялық ластану көздері неден болады? 6. Зиянды заттардан және жұқпалы аурулардан қалай сақтануға болады? 7. Радиактивті ластану.

*Қоршаған ортаның химиялық, биологиялық және радиациялық ластануының себептерін және олардан қорғану шаралары туралы реферат жазып соңынан конференция өткізуге дайындалыңдар.

Тақырып.2. Қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы.

Табиғат пен қоғамнығң арасындағы қарым – қатынастың мән – мағынасы сипаты қандай, адамдар өзін қоршаған табиғиортамен қалай байланыс жасайды, олардың бұл ортадағы орны қандай, қоғамның өмір сүруінің және дамуының басты шарты қайсы деген сияқтысұрақтардың философиялық ой талғамдар жүйесінде ерекше дүниетанымдық маңызы бар.

Ежелгі заманда адам табиғатқа бағынды, өзін табиғаттың бір бөлігі ретінде қарастырады.

К. Маркс адамзат тарихының даму заңдылығын ашып көрсету барысында мынадай әрі қарапайым, әрі бұлтартпайтын өмірлік мысалға жүгінген болатын: адамдар саясатпен, ғылыммен, өнермен, дінмен т.б шұғылданбас бұрын, ең әуелі тамақтануы керек, үстіне киім, басына пана қажет, ол үшін адамдар еңбектенуі, әрекет жасап, тер төгуі сол арқылы қажетті материалдық игіліктерді өндіруі қажет. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш бала мен ойнамайдың, деп халқымыз ежелде тұжырымдағандай, қарны аш, киімі жыртық, үйсіз, күйсіз жағдайда адамдар басқа тіршілікпен қайтіп айналыса қойсын. Олай болса, қоғамдық өмірдің мәні, қайнар көзі материалдық игіліктерді өндірумен тікелей байланысты. Қоғам материалдық игіліктерді өндіруді сондай- ақ өндірумен материалдық игіліктерді тұтынуды бір сәтке де тоқтата алмайды. Қоғамның онсыз мәні де, мағынасы да жоқ..

Ал енді өмірге қажетті материалдық игіліктерді адамдар қалай өндіреді, неден жасайды, тиісті бұйымдарды қайдан алады деген заңды сұрақ туады. Әрине олар аспаннан салбырап дайын күйінде түспейді. Адамдар оны табиғи байлықтардан өндіреді. Яғни, қоғам табиғаттан тысқары, табиғатпен байланыссыз ешқашан өмір сүре алмайды. Адам да, қоғам да табиғаттың төл баласы, жалғасы.

Алғашқы адам тақылеттес тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылықтарының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өліп тұрған дәндерді, жеміс- жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап олардың етімен қоректенеді.Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым- қатынасы олардың теңдігіне еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделеді.

Адамзат баласы тіршілік етуінің алғашқы кезеңінен бастап өздерінің күнделікті тіршілік өміріне керекті заттарының бәрін табиғат байлықтары:жерден, судан, өсімдіктер әлемінен, жануарлар дүниесінен, жер қойнауынан алып келгені баршаға белгілі.

Біздің ата – бабаларымыз жерді өңдеп, егін егумен шұғылданған. Жердің құдіретті күшіне адамзат баласы тәуелді болып, оған үнемі бас иіп, тіпті құлшылық еткен.

Көне заманда адамдар егін өсіру алдында тасаттық жасап құдайға жалбарынған. Егіннің жақсы өсіп,мол түсім беру үшін адамдар тәңірге құрбандық беріп отырған.

Көне дәуірде жабайы адамдар табиғаттың тек дайын түрдегі өнімдерін пайдаланған болса, осы кездегі адам, ракета, компьютер космос заманында біз оның алуан түрлі құпия жатқан байлықтарын тауып, барлық тіршілікке жаратудамыз.

Көне заманның жабайы адамдары табиғат байлығын шексіз деп ойлаған. Оларды адам айтқысыз ысырапсыз пайдалану жағдайында адамзат баласы биосферадағы экологиялық – биологиялық тепе- теңдікті бұзып, биосфера компоненттерін (өсімдіктер әлемін, жануарлар дүниесін, жер, су, ауа т.б) кейбір түрлерін жойып жібергенін бүгінгі таңда біздер ертеде өмір сүрген, жануарлар мен өсімдік қалдықтарынан көруге болады.

Тіпті адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі жан – жануар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сиы.

Жоғарыдағы айтылғаннан шығатын түйін:қоғам табиғаттың дамуының жалғасы, екеуі тығыз бірлікте. Табиғат пен қоғамды байланыстырып та, далғастырып та тұрған материалдық өндіріс процесі, еңбек процесі деп нық айта аламыз.

Қоғам табиғаттың ұзақ эволюциялық дамуының нәтижесі, басқаша айтқанда, қоғамның пайда болуы дегеніміз материя қозғалысының жоғары, әлеуметтік түріне көшуі деген сөз. Қоғамның пайда болуының түр негізі еңбек процесімен, мақсатты түрде атқарылатын іс- әрекетпен тікелей байланысты. Қоғамдық өмірдің, адамзат тіршілігінің ең әдемі әрі басты шарты - еңбек. Еңбектің арқасында ғана адамдар жануарлар дүниесінен ажырап шыққанын, адамдық бейнеге ауысып, табиғаттың керемет құдіреті ақыл – ойға, санаға тілге болғанын білеміз. Ф.Энгельс сондықтан да «адамды адам еткен еңбек ң деп тұжырымдаған. Ал еңбек дегеніміздің өзі – адамның табиғатқа деген белсенді қарым – қатынасы. Еңбек барысында адам өзінің табиғи күш – қуатын қозғалысқа түсіре отырып, табиғатты өзгертеді, оны өзінің қажетіне қарай бейімдейді. Табиғат пен қоғамның байланысы К.Маркстың сөзімен айтқанда: «Бір жағында адам және оның еңбегі, екінші жағында табиғат және оның материалдарың- тұрған бірлікпен сипатталады.

Бұл жерде мынадай заңды сұрақ тууы мүмкін. Табиғатқа, оның өзгеруіне адам ғана емес, жануарлар да өз әсерін тигізеді. Ендеше бұл реттегі адамның іс- әрекетінің сапалық өзгешелігі неде? Біріншіден, жануарлар сыртқы табиғат дүниесін пайдаланады, ал адам болса табиғатты мақсатты түрде өзгертеді, оны қоғам игілігіне қызмет істеуге бағындырады.Екіншіден, жануарлар табиғатпен қарым – қатынас барысында, өздерінің дене мүшелерін яғни, тісін, мүйізін, тұяғын т.б. пайдаланады. Ал адам еңбек құралын пайдаланады. Ең бастысы ол оны өзі жасайды. Үшіншіден, жануарлардың әрекеті таза биологиялық қажеттіктен туындайды, хайуандық сипатқа ие, ал адам еңбегі ту бастан қоғамдық, коллективтік сипатқа ие, мақсатты түрде іске асатын әрекет.

Мұның бәрі нені көрсетеді десек, адамзат қоғамы пайда болуынан бастап, өзіндік ерекшеліктері бар, мүлде, жаңа, әлеуметтік заңдылықтардың өмірге келгенін аңғарамыз.

Қоғам бұл табиғаттың материалдық әлемнің бір бөлімі. Қоғаммен табиғат екеуі тығыз байланысты, біреуі бірі арқылы анықталады. Қоғам табиғатпен өзінің шығу тегі бойынша тығыз байланыста.Адамның табиғаттан бөлінуіне еңбек әсер етті. Энгельстің сөзі бойынша, қоғам – адамдардың еңбегінің жемісі. Адамдар табиғатпен байланысты. Олар табиғи ортаға бейімделу үшін қоршаған ортаны өзгертіп, тіршілік ету үшін жаңа орталар құрады. Адам жасаған, екінші табиғат деген пайда болады. Сонымен, екі түрлі табиғат пайда болып шығады. Биологиялық масса (биомасса) – бұл табиғатта тіршілік ететін барлық тірі организмдердің массасы.

Технологиялық масса (техномасса) – бұл адам жасаған тірі және өлі денелер массасы. Техномасса ілгері өсуде, биомасса азаюда.

Табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынасты нақты, әрі терең түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қолданылады. Бұл ұғымды ғылымға XІX ғасырдың ортасында француз географы әрі социологы, Париж Коммунасына қатысушы Элизе Реклю кіргізген болатын, одан әрі Г.В.Плеханов еңбектері арқылы маркстік әдебиеттен орын тепті. Географиялық орта дегеніміз - қоғамдық өмірмен тікелей байланысқа түсіп, қарым – қатынас жасайтын, оның дамуына тікелей қажетті болып табылатын табиғат дүниесінің бір бөлігі. Оған, ең әуелі жер қыртысы, пайдалы қазбалар, атмосфера, су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады.Қоғамдық өмірге қажеттінің бәрін осы ортадан өндіреміз. Қоғам ілгерілеген сайын географиялық ортаның шекарасы кеңейіп, ауқымы арта түседі.

Географиялық орта өндіріс арқылы халықтардың тарихи дамуының қарқынына әсер етеді. Қолайлы географиялық ортада өндірістік дамуына жақсы жағдай болады да, қолайсыз ортада даму процесі көптеген қиыншылықтар арқылы өтеді. Алайда, географиялық орта өндірістің жалпы шаруашылықтың дамуына қажетті кейбір мүмкіндіктерді ғана дайындайды, ал ол мүмкіндіктерді пайдалану қоғамның өзіне байланысты, оның сұранымдарына, өндіріс құрал – жабдықтарының деңгейіне тәуелді. Сондықтан да бір тектес табиғи ортаның өзі әртүрлі және әрқалай пайдалануы мүмкін. Айталық, Қазақ халқы сан ғасырлар бойы кең байтақ жерді мекендеп, мал шаруашылығымен шұғылданып келді. Төрт түлік мал өсіруге географиялық орта қолайлы еді. Жаз жайлауы, қыс қыстауы дегендей, сарқыраған өзендер мен көкорай шалғыны мол далалы, таулы мекен халықтың тек кәсібіне ғана емес, сондай – ақ өмір салтының, рухани дүниенің қалыптасуына әсер етті.

Бұл айтылғандардан туындайтын тағы бір маңызды мәселе - географиялық ортаны ұқыпты да, мақсатты пайдаланудағы қоғамдық құрылыс сипатының ерекше роль атқаратындығы. Мысалы, өндіріс құрал – жабдықтарына жеке меншік, үстемдік ететін таптық қоғамда географиялық ортаның байлығы қалай болса солай, пайдаланып келді. Бақталастық, пайда қуу, жанталасып қарулану табиғат байлығын талан – таражға салдырып, көп зардабын тигізді. Тек соңғы кезде табиғатты қорғау әлемдік мәселеге айналғанда ғана «жау кеткен соң қылышыңды тасқа шапң, деп сан соғып, өкініп жатқан жай барлық елдерге де тән нәрсе.

Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым – қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халықтың жедел өлуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде.

Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының азаюы, жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жойылуы және сондай-ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр. Кейбір елдерде, әсіресе дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлығы соншалық, адамдардың денсаулығы бұзыла бастады. Осының бәрі қоғамды қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге,таблиғатты сақтау және қалпына келтіру, мәселелерімен жақсырақ айналысуға, сондай – ақ оның ресурстарын тиімді пайдалануға итермелейді. Сондықтан жыл сайын жерлерді суландыру, ормандарды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды тазарту, топырақтың құнарлығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу төңірегіндегі жұмыстар кең көлемде жүргізілуде.

Табиғаттың өзгертуді қаламайтыны белгілі. Ондағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді, өзін - өзі реттеумен өзін -өзі қалпына келтіру процестері ұзаққа созылады. Адамның зиянды істері бірден байқалмайды, тек ұзақ жылдардан соң, бір нәрсені өзгерту немесе түзеу өте қымбатқа түскенде әрі кешігіңкірегенде, кейде тіпті нәтижесіз болған кезде ғана көрінеді.

Өткен кезеңдердің барлық тәжірибиесі көрсетіп отырғандай, табиғатқа ұқыптылықпен қарамау, бүгінгі пайда үшін атқарған істеріміздің күні ертең орны толмас зиянға ұшыратарын алдын ала болжап барып әрекет етуіміздің қажет екенін естен шығармаған жөн.

Қазір атмосфера кірлеген, топырақ тозған, өзендердің өзегі толып, суы тартылған, әрі уланған, табиғаттың өңі солып, мұңы көбейген кезге келді. «Табиғатты бас игіздік, жеңдікң деп даурығып жүріп, өзімізге - өзіміз қастық жасадық, өз қолымызды өзіміз кесуге шақ қалдық. Соның бір куәсі – Арал катастрофасы былаайша айтқанда, теңіздің тартылып бітуі. Аралдың алтын өзегі Амудария мен Сырдарияның суын жырымдап, «мақта суарамыз, күріш өсіремізң деп бұра тартып, құмды жерден канал салып,тоған қазып, көл жасап жүргенде ертеңді ойламаппыз. Табиғатқа жасалған қиянат деген осы.

Қоғамдық өмірдің дамуының аса қажетті табиғи жағдайларының бірі- ел жұрт, тұрғын халық. Елсіз, жұртсыз халықтың белгілі бір жиынтығысыз өндіріс те болмайды, табиғаттың байлығын меңгеру де, ілгерілеп даму да мүмкін емес. Адамның кісілік қасиетке ие болып, кемелденуі де жұрттың арасында өмір сүріп, бірге еңбек етіп, қарым – қатынас жасауында. Қазақтың «жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адасң дейтіні де тегін емес. К. Маркстың сөзімен айтқанда «халық – қоғамдық өндірістік процестің негізгі әрі субьектісің.

Шынында да, ел – жұрттың, халықтың көп немесе аз екені, оның орналасуы, тығыздығы, өсу қарқының жылдамдығы немесе баяулығы қоғамның, нақты елдің дамуын тездетеді, немесе баяулатуға себеп болады.

Адамзаттың ерте даму кезінде қоғам табиғатқа бағынды. Табиғаттың байлығы шексіз емес, оның қоры сарқылады. Сондықтан бүкіл дүниедегі барлық тіршілік заттарды және қоғамды өзара байланысты жүйе деп қарау керек.

Ф.Энгельстің пікірінше: хайуандар табиғатты пайдаланады, бірақ оны онша өзгертпейді. Ал адамдар бұнда үстем болып, күн көріс жүргізеді. Қоғамның табиғатқа ықпал тигізуінің екі түрі бар: стихиялық және жоспарлы.Адам табиғатқа әсерін тигізгенде осының салдарын біліп, ойлау керек. Адамдар табиғатқа ықпалын тигізгенде тонаушы немесе қиратушы емес, ақыл – парасат берілген тірі жан ретінде болу керек.

Қазіргі кезде қоғам емес табиғат қоғамға бағынады. XX ғасырда қоғамда ғылыми- техникалық революция қоршаған ортаны қорғау деген проблема қояды.

Экология – бұл өсімдік пен жануарлар организмдердің қатынасы мен бір – бірімен келіскен әрекеттің зерттейтін ғылым.

Әлеуметтік экология – бұл қоғам мен табиғаттың өзара қарым- қатынасын зерттейтін ғылым.

Бүгінгі күнде табиғат қорғау мәселесі, қоршаған ортаның тазалық үшін күрес дүниежүзі елдерін, халықтарын қамтып отырған «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарудың талап ететін әлемдік мәселеге айналды. Біздің елімізде табиғатты қорғау, оның байлығын жоспарлы түрде ұқыпты пайдалану мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде қаралып отыр.

Экологиялық мәдениетке ие болып, табиғатқа туған анасындай аяулы сезіммен қарау бүгінгі таңда әрбір азаматтың абыройлы борышы.

Қоғам мен табиғат тығыз, бір бүтін жүйе құрайды. Қоғам осы жүйенің басты құраушы элементі болып келеді. Қоғам мен табиғаттың қатынасына жауапкерлікпен өту керек.