- •Мазмұны
- •1.1 «Нүкте эпюраның құрылымы» тақырыбына арналған қысқаша нұсқамалар
- •1.2 «Нүкте проекциясы» тақырыбы бойынша тапсырмалар
- •1.3 Типтік тапсырманы шешу мысалы
- •1.4 «Жазық проекция жүйесіндегі нүкте» №1 блогі
- •1.5 «Нүкте. Нүктенің жатқызылуы» тақырыбына ашық тест түріндегі бақылау сұрақтар
- •Қосымша тест түріндегі сұрақтар
- •1.6 Графикалық модульді орындау үшін арналған тапсырмалар «Үшбұрыштың кеңістіктік және кешендік сызбасы»
- •2.2 «Нүкте мен түзу. Түзулердің дара орны» тақырыбына арналған жаттығулар
- •2.1 «Түзу» тақырыбына арналған қысқаша нұсқамалар
- •2.3 Типтік тапсырмаларды шешу мысалы
- •2.4 Блоктар «Тік түзулердің түрлері» № 2 Блогі
- •«Түзулердің өзара орналасуы» № 3 Блогі
- •2.5 «Түзу» тақырыбына ашық тест түріндегі бақылау сұрақтары
- •Толықтыруға арналған тест түріндегі сұрақтар
- •2.6 Графикалық модуль бойынша тапсырмалар
- •3. Жазықтық
- •3.1 «Жазықтық» тақырыбына қысқаша сипаттама
- •3.2 «Жазықтықта жатқан нүктелер мен түзулер. Түзу мен жазықтықтың өзара қатынасы» тақырыбтарына тапсырмалар
- •3.3 Типтік тапсырмаларды шешу мысалы
- •3.4 Блоктар «Жазықтық» № 4 блогі
- •«Жазықтықтың негізгі сызығы» № 5 блогі
- •«Жазықтық нүктесінің жатуы» № 6 блогі
- •3.5 «Жазықтық» тақырыбына ашық тест түріндегі бақылау сұрақтары
- •Толықтыруға арналған тест түріндегі сұрақтар
- •3.6 Графикалық модуль бойынша тапсырма «Түзудің жазықтықпен қиылысуы»
- •4. Беттер
- •4.1 «Беті» тақырыбына қысқа ережелер
- •4.2 «Бетіндегі нүкте» тақырыбына тапсырмалар
- •4.3 «Геометриялық дененің ортогональдық проекциясы» № 7 блогі
- •4.4 «Беті» тақырыбына арналған ашық тест түріндегі бақылау сұрақтары
- •Толықтыруға арналған тест түріндегі сұрақтар
- •4.5 Графикалық модуль бойынша тапсырмалар
- •4.5.2 Қима бетінің жазықтығының жеке орналасуы. Қашау бетінің салынуы
- •5. Беттердің қиылысуы
- •5.1 Қысқаша нұсқамалар
- •5.2 Типтік тапсырманы шешу мысалы
- •5.3 «Ойылған бетінде» №8 блогі
- •5.4 «Беттердің қиылысуы» тақырыбына арналған ашық тест түріндегі бақылау сұрақтары
- •Толықтыруға арналған тест түріндегі сұрақтар
- •5.5 «Көпшектінің айналым бетімен ерікті қиылысуы» графикалық модульге арналған тапсырмалар
- •Мысал және тапсырма ретінде берілген сызба геометриясының негіздері
1.1 «Нүкте эпюраның құрылымы» тақырыбына арналған қысқаша нұсқамалар
Проекционалдағы үш жазықтық жүйесіндегі нүкте үш түрде болуы мүмкін: кеңістікте болады, проекцияның біреуіне жатады (V, H немесе W), проекция осіне жатады (x, y, z).
Осы мысалдардың әрбіреуін талдайық. Бірінші жағдайында нүктенің барлық үш коордионаттары бар А(20, 15, 10): нөлге тең емес абциссасы, ординатасы және аппликатасы. Екінші мысалда. В нүктесі проекциясының үш жазықтық тың біреуіне жатады. Осы жағдайда нүктенің бір координатасы 0-ге тең болады. Мысалы, егер де нүкте жазықтықта көлденең жататын болса, онда оның аппликатасы 0-ге тең болады. Онда нүктенің мынандай координаталары болады – В (10, 20, 0). Егерде нүкте проекциясының фронтальды жазығына орналасатын болса (1.5сур.), онда оның ординатасы 0-ге тең болады, яғни В (10, 0, 20). Сонымен қатар нүкте проекциясының профильді жазығына да жатуы мүмкін, сол кезде абциссасының мәні 0-ге сәйкес келетін болады. Бұндай нүктенің координаттары келесідей В (0, 10, 20) болады.
Үшінші жағдайда - нүкте прекция осінде жатуы мүмкін. Оның координаталарында 0-ге тең болатын екі мәні болуы мүмкін. Мысалы, нүкте Х осіне жататын болса (1.4сур.), онда оның координаттары С (10, 0, 0). Y осінде жататын нүкте (1.5сур.), келесідей координаттары сәйкес келетін болады С (0, 15, 0). Z осіндегі нүктенің сәйкестілігі келесі координаталарын көрсетеді С (0, 0, 15).
1.2 «Нүкте проекциясы» тақырыбы бойынша тапсырмалар
№1 есеп. Бірінші суреттегі берілген нүктелердің қайсысы А, В немесе С проекциясының фронтальды жазығына жатады? Осы координаттарын жазу және осы нүктенің эпюраларын құрастыру.
№2 есеп. А нүктесі қандай келесі проекция жазығының біреуіне жақын орналасқан: фронтальді, көлденең немесе профиль (1.2сур.) А нүктесінің координаттарын жазу және эпюраларын құрастыру.
1.1 - сурет 1.2 - сурет 1.3 - сурет
№3 есеп. 1.3-суретте көрсетілген В нүктесінің А нүктесінен 5 мм төмен орналасу проекциясын құрастыр. В нүктесінің координатасын жазу.
№4 есеп. Берілген екі проекция бойынша А, В және С (1.4сур.) нүктелерінің жетіспейтін проекциясын құрастыру.
1.4 - сурет 1.5 - сурет 1.6 - сурет
№5 есеп. Нүктелердің қайсысы проекция жазығынның фронтальды түріне жатады?
С нүктесінің жетіспейтін проекциясын құрастыру (1.5 - сур.).
№6 есеп. Проеция осінің көлденең орналасуын табу (1.6сур.).
1.7- сурет 1.8 - сурет 1.9 - сурет
№7 есеп. Фронтальды жазығынан 30 мм қашықтықта артта қалған М нүктенің көлденең және профильді проекциясын құрастыру (1.7 - сур.).
№8 есеп. А (15, 25, 10) нүктесінен 10 мм-ге жоғары орналасқан В нүкте проекциясын құрастыру.
№9есеп. А, В, С (1.8сур.) нүктелерінің жетіспейтін проекцияларын құрастыру.
№ 10есеп. Проекцияның тік осінен орналасқан бөлігін табу (1.9 - сур.).
1.10 - сурет 1.11 - сурет 1.12 - сурет
№11 есеп. В (30, 40, 50) нүктесі проекция жазығының қайсысынан фронтальды, көлденең немесе профильді түрінен алыс орналасқан? В нүктесінің эпюрасын құрастыру.
№12 есеп. Қай жазық - фронтальды, көлденең немесе профильді А (20, 30, 0) нүктесіне жатады? Нүкте эпюрасын құрастыру.
№13 есеп. Келесі координаталар бар нүктелердің проекцияларын қрастыру: А (0, 20, 30), В (0, 0, 35).
№14 есеп. В (50, 40, 30) нүктесі проекция жазығының қайсысына фронтальды, көлденең немесе профильді түрінен алыс орналасқан? В нүктесінің эпюрасын құрастыру.
№15 есеп. Келесі координаталары бар нүктелердің проекциясын құрастыру
А (20, 15, 25), В (30, 15, 0), С (0, 20, 0). Осы нүктелер проекция жазығына қатысты қалай орналасқан?
№16 есеп. Орналасқан А (10, 40, 20) нүктесі 5 мм-ге солға қарай тұратын А нүктесінен кейін В нүктесі орналасқан. А және В нүктелерінің эпюраларын құрастыр.
№17 есеп. А, В және С (1.10сур) жетіспейтін нүктелер проекциясын құрастыру.
№18 есеп. Z осіне жататын және 25 мм қашықтықта орналасқан проекцияның көлденең жазығынан арта қалған М нүкте проекциясын құрастыр.
№19 есеп. Фронтальді жазығынан 30 мм қашықтықта артта қалған К нүктесіні (1.11 - сур.) көлденең және профильді проекциясын құрастыр.
№20 есеп. А нүктесінен сол жақ 10 мм (1.12-сур.) қашықтықта орналасқан В нүкте проекциясын құрастыру. А және В нүктесінің жетіспейтін проекциясын табу, егер де А және В нүктелері фронтальді жазық проекциясынан 20 мм қашықтықта орналасқандығы белгілі болатын болса.
1.13 - сурет 1.14 - сурет 1.15 - сурет
№21 есеп. Тік осі проекциясының орналасуын табу (1.13 - сур.)
№22 есеп. Х осіне жататын және проекциясының профильді жазығынан 40 мм қашықтықта артта қалған К нүктесінің проекциясын құрастыру.
№23 есеп. Тік осі проекциясының орналасуын табу (1.14 - сур.)
№24 есеп. В нүктесі А нүктесінің (20, 20, 35) алдында орналасқан, А және В нүктелер эпюраларын құрастыру.
№25 есеп. Егерде көлденең проекциясы берілген болса, А нүктесінің фронтальді және профильді проекцияларын құрастыру (1.15 - сур.) А нүктесі көлденең жазықтығынан
15 мм қашықтықта орналасқан.
