- •І. Әлеуметтану ғылым ретінде
- •1. Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері
- •2.Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері
- •3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі
- •4. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен байланысы мен арақатынасы
- •1. Әлеуметтанудың пайда болуының алғашқы кезеңі –хіх ғасырдың 40- жылдары
- •2. Әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең
- •3. XIX ғасырдың әлеуметтануы
- •XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы
- •Ііі. Қоғам және оның мәні, әлеуметтік құрылымы, жіктелуі
- •1. «Қоғам» деген ұғымның мәні мен түсінігі, анықтамалары
- •1 Тақырып. Қоғамның әлеуметтік құрылымы
- •1.Әлеуметтік құрылымның басты элементтері
- •2. Әлеуметтік қауымдастықтар (топтар)
- •3. Әлеуметтік институттар
- •3. Қоғамдардың жіктелуі
- •IV. Тұлға - әлеуметтік қатынастардың субъектісі және объектісі ретінде
- •Тұлға ұғымының мәні мен түсінігі
- •Тұлға туралы теориялар. Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер
- •Тұлғаның әлеуметтену процесі.
- •Тұлға - әлеуметтік қатынастардың объектісі және субъектісі ретінде
- •V. Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильдік теориясы
- •Әлеуметтік стратификацияның теориясы және оның мәні.
- •2. Әлеуметтік мобильдік, оның түрлері
- •VI. Қоғамның демографиялық құрылымы
- •VII. Қоғамның этникалық құрылымы.
- •VIII. Қоғамның әлеуметтік-терииториялық құрылымы
- •2. Қала мен село - әлеуметтік-территориялық негізгі бірлік.
- •3. Қазіргі қазақстандағы қала мен селоның әлеуметтік көкейтесті мәселелері
- •1. Экономика - әлеуметтанудың зерттеу объектісі.
- •2. Экономикалық өмірдің көкейтесті әлеуметтік мәселелері.
- •1. Экономика - әлеуметтанудың зерттеу объектісі.
- •2. Экономикалық өмірдің көкейтесті әлеуметтік мәселелері.
- •2. Білім әлеуметтік институт ретінде
- •1. Құқықықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну.
- •2. Құқық әлеуметтік институт ретінде
- •3. Құқықтық әлеуметтанудың объектісі, пәні, әдісі, құрылымы және оның атқаратын қызметі (функциясы)
- •1. Отбасы және қатынастары әлеуметтік зерттеу объектісі ретінде.
- •2. Отбасының әлеуметтік мәні.
- •1. Отбасы және қатынастары әлеуметтік зерттеу объектісі ретінде.
- •1. Отбасының әлеуметтік мәні.
- •1. Әлеуметтік шиеліністер туралы түсінік. Шиеліністі құрайтын элементтер.
- •2.Әлеуметтік шиеліністердің себептері, атқаратын қызметтері және жіктелуі.
- •3. Әлеуметтік шиеленістер дамуындағы сатылар.
- •Шиеленістердің алдын алу мәселесі және шешужолдары.
1. Әлеуметтік шиеліністер туралы түсінік. Шиеліністі құрайтын элементтер.
Ғылыми әдебиеттерде шиелініс деген ұғымға бірқатар анықтамалар берілген (олардың қазіргі саны 50-ге жуық). Осы анықтамалардың бәрінде дерлік шиелініс ұғымы әлеуметтік қайшылықтар арқылы түсіндіріледі.
Мәселен, Е.М.Бабосов деген автордың анықтамасы бойынша әлеуметтік шиелініс – түрлі әлеуметтік қауымдастықтардың, яғни таптардың, ұлттардың, мемлекеттердің , әлеуметтік топтардың, әлеуметтік институттардың, т.б. арасындағы мүдделерінің, мақсат, даму бағыттарының қарама-қарсылығынан немесе мәнді айырмашылықтарынан шығып асқынған түрі. Әлеуметтік шиелініс шешілуі қажет әлеуметтік проблемаға байланысты нақты әлеуметтік жағдайда қалыптасады. Оның белгілі бір себептері, қозғаушы күштері ( таптар, ұлттар, әлеуметтік топтар, жеке адамдар, т.б.) болады. Сонымен бірге шиелініс ұзаққа созылуымен, қайшылықтың өткірлік дәрежесімен, атқаратын қызметімен сипатталады.
Әрине, бұл берілген анықтама әлеуметтік шиелініс ұғымын толық ашып көрсетпегенімен, оның мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Келтірілген анықтамаға сүйене отырып, әлеуметтік шиеліністің қажетті құрылымдық элементтерін қарастырайық.
Шиелініс болуы үшін оның барлық алғышарттары пісіп-жетілуі қажет. Бұл қоғамдық құбылысты өзара байланыста болатын мәнді элементтер құрайды. Яғни, әлеуметтік шиеліністерді өзара тығыз байланыста болатын элементтер тұратын күрделі, тұтас процесс ретінде қарастыру қажет. Шиеліністі құрайтын элементтерге келсек. Олар төмендегідей;
шиеліністі жағдай қарама-қарсы жақтардың арасында болады. Олар кем дегенде екіжақ болуы мүмкін. Бұларды шиеліністің субъектілері деп атайды, оларға жекелеген индивидтер, әлеуметтік топтар, әлеуметтік жіктер, саяси партиялар, т.с. жатады.
Сол сияқты шиелініске оның негізгі субъектілерінен басқа да адамдар араласуы әбден мүмкін. Бұлар – екі жақтың қолдаушылары, бітімге келтірушілер, арандатушылар, арашашылар, ақыл-кеңес берушілер немесе тіпті кінәсіз құрбандар даболуы мүмкін. Шиеліністің субъектілерін бұл аталғандардан айыра білген жөн. Шиеліністі жағдайда субъектілердің әлеуметтік және психологиялық сипаттамалары басты рөл атқарады. Әлеуметтік сипаттамасы деп отырғанымыз, олардың әлеуметтік жағдайлары, қызмет жағдайлары, атқаратын кәсіптері, беделдері, т.б.
Ал, психологиялық сипаттамасы дегеніміз, жекелеген адамдардың мінез-құлықтарындағы ерекшеліктері. Мәселен, өмірде басқа адамдармен келісімге келебермейтін, бар мәселелерді ұрыс-таласпен шешуді қалайтын “қиын” мінезді адамдардың болатыны белгілі. Мұндай адамдар шиеліністің басталуына, оның барысы мен нәтижесіне елеулі ықпал ететіндері сөзсіз.
Шиелініс орын алу үшін қарама-қарсы жақтардың арасындағы қайшылық шегінен шығып, асқынуы қажет. Ал, қайшылық екі жақтың мүдделері мен мақсаттарының айырмашылығынан немесе қарама-қарсылығынан туындайды. Қоғамдағы жекеадамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың мүдделері бір-бірімен қабыса бермейді. Шиеліністі жағдайды көбінесе мүдделердің қақтығысуы ретінде түсіну керек. Американдық авторлар Р.Фишер мен У.Юри шиелініс дұрыс шешімін табуы үшін, ең алдымен екі жақты субъектілер мақсат, мүдделерінің қарама-қарсылығын айқын сезінеді.
Екі жақтың арасындағы қарама-қайшылық асқынып, субъектілер тікелей іс-әрекетке көшкен кезде шиеліністің қақтығысу кезеңі басталады. Яғни, екі жақ та бірдей іс-әрекетіне тойтарыс беруге тырысып, барынша батыл қимыл жасайды, өз мақсатына жетуге тырысады.
Шиеліністің барысына әлеуметтік орта даелеулі ықпал етеді. Қоғамның жалпы даму дәрежесі, нақты сол кездегі орын алып отырған экономикалық жағдай, коғамдағы дәстүр, ұлттық, демографиялық айырмашылықтар шиеліністі жағдайда елеулі рөл атқарады. Бұл жағдайлар шиеліністің нәтижесіне де әсерін тигізбей қоймайды.
