Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД 2 семестр.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
545 Кб
Скачать
☆

3. Сөздерден сөйлем құрастырыңыз.

Ірі, жеңу, күрес, зор, маңызы, куәсі

4. «Ленинградтық өренім» атты өлеңді мәнерлеп оқыңыз.

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің

Нева өзенін сүйкімді

Бұлағымдай көремін.

Көпіріне қарасам,

Көмкерген су көремін.

Өркеш-өркеш жарасқан

Шоқылардай дер едім.

Сапырылған көк теңіз,

Шомылдырған кемерін!

Шамы күндей жайнаған

Аспанға үйлер бойлаған...

Ленинградцы, дети мои!

Ленинградцы, гордость моя!

Мне в струе степного ручья

Виден отблеск невской струи.

Если вдоль снеговых хребтов

Взором старческим я скользну, -

Вижу своды ваших мостов,

Зорь балтийских голубизну,

Фонарей вечерних рои,

Золоченых крыш острия...

№ 3 практикалық сабақ.

Модулдің аты: Өлең – сөздің патшасы

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы

1. Мәтінді оқыңыз.

Шәкәрім Құдайбергенұлы 1858 жылдың 24 шілдесі күні бұрынғы Семей облысының Абай ауданында туып, 1931 жылдың 21 қыркүйегінде сол мекенде қайтыс болды. Ол ақын, жазушы, аудармашы әрі композитор болған. Шәкәрім атасы Құнанбайдың бауырында өсіп ержетеді. Бойында табиғи таланты, ақындық дарыны бар Шәкәрімнің өмірдегі ұстазы, мектебі, университеті – Абай болды. Бес жасынан оқып, аз ғана жылда сауатын ашқан зейінді де зерек жас көне түрік, араб, парсы тілдерін игеріп, көп ұзатпай орыс тілін де еркін меңгереді.

Шәкәрімнің алғашқы жинағы «Қазақ айнасындағы» (1912ж.) өлеңдері қамтитын тақырыптың бастысы – адам өмірінің мәні, адамгершілік тәрізді философиялық ой-таным.

2. Төмендегі сөздердің аудармасымен танысыңыз.

Дарын – талант

Ержету – взрослеть

Еркін – свободно

Зейінді – сообразительный

Зерек – понятливый

Игеру – осваивать

Қамту – охватывать

Мекен – местность

Меңгеру – овладеть, усваивать

Өсу – вырасти

Сауат ашу – учиться грамоте

Тәрізді – похоже

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Шәкәрім Құдайбергенұлы қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

2. Шәкәрімнің өмірдегі ұстазы кім болған?

3. Шәкәрімнің өлеңдері қандай тақырыпты қамтиды?

4. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

Ержету, игеру, меңгеру, өсу, еркін.

5. «Адамдық борышың» атты өлеңді мәнерлеп оқыңыз.

Адамдық борышың -

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай

Ар сақта, оны бiл.

Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен,

Бiлiмсiз,

Өнерсiз,

Болады ақыл тұл.

Мақтанға салынба

Мансаптың тағы үшiн.

№4 практикалық сабақ.

Модулдің аты: Көркем сөз – көркем өнер

Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы

1. Мәтінді оқыңыз.

Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады, "Абай" журналын шығаруға ат салысады.

1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, "халық жауы" деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі.

Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, "Қартқожа", "Ақбілек" романдары, "Күнікейдің жазығы" хикаяты мен "Әнші" секілді бірқатар көркем әңгімелері, "Рәбиға", "Мансапқорлар", "Қанапия мен Шәрбану", "Ел қорғаны", "Шернияз" пьесалары, "Нұр күйі" поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар.