- •Бухгалтерлік есепке заңнамалы- нормативтік құжаттардың әдістемелік жинағы
- •0705002 «Бухгалтерлік есеп және аудит», 0703002 «Қыржы салалар бойынша» мамандықтарға арналған
- •2007 Жылғы «23» мамыр
- •Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Үлгілік жоспар
- •3. Үлгілік жоспардың бөлімдері
- •4. «Қысқа мерзімді активтер» 1 бөлімінің шоттары
- •5. «Ұзақ мерзімді активтер» 2 бөлімінің шоттары
- •6. «Қысқа мерзімді міндеттемелер» 3 бөлімінің шоттары
- •7. «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» 4 бөлімінің шоттары
- •8. «Капитал мен резервтер» 5 бөлімінің шоттары
- •9. «Кірістер» 6 бөлімінің шоттары
- •10. «Шығыстар» 7 бөлімінің шоттары
- •11. «Өндірістік есепке алу шоттары» 8 бөлімінің шоттары
- •Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы n 234 Заңы
- •2007Жылғы «21» маысымда
- •Ұлттық қаржылық есептілікТің № 2 стандарТы
- •1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Қолданылу аясы
- •2. Тұжырымдама және негізгі қағидаттар
- •§ 2. Қаржылық есептердің мақсаты және қаржылық есептерде берілетін ақпараттың сапалық сипаттамалары
- •§ 4. Орындылық
- •§ 5. Маңыздылық
- •§ 7. Мазмұнның нысаннан басымдығы
- •§ 9. Толықтық
- •§ 10. Салыстырмалылық
- •§ 11. Уақтылылық
- •§ 12. Пайда мен залал арасындағы баланс
- •§ 13. Қаржылық жағдай
- •§ 14. Активтер
- •§ 15. Міндеттемелер
- •§ 16. Капитал
- •§ 17. Қызмет нәтижелері
- •§ 19. Шығыстар
- •§ 20. Қаржылық есептер элементтерін тану
- •§ 21. Болашақтағы экономикалық пайданың ықтималдығы
- •§ 22. Өлшеудің сенімділігі
- •§ 23. Қаржылық есептер элементтерін өлшеу
- •§ 24. Тану мен өлшеудің негізгі қағидаттары
- •§ 25. Есептеу қағидаты
- •§ 26. Қаржылық есептердегі тану
- •§ 27. Бастапқы тану кезіндегі өлшеу
- •§ 28. Келесі өлшеулер
- •3. Қаржылық есептерді беру
- •§ 29. Дұрыс беру
- •§ 30. Осы Стандартқа сәйкес келу
- •§ 31. Қызметтің үздіксіздігі
- •§ 32. Есептіліктің кезеңділігі
- •§ 33. Берудің кезектілігі
- •§ 34. Салыстырмалы ақпарат
- •§ 35. Елеулілік пен жинақтау
- •§ 36. Қаржылық есептердің толық жинағы
- •§ 37. Қаржылық есептер нысанын айқындау
- •4. Бухгалтерлік баланс
- •§ 38. Мақсаты және бухгалтерлік баланстың өзінде тікелей беруге тиіс ақпарат
- •§ 39. Қысқа мерзімді активтер
- •§ 40. Қысқа мерзімді міндеттемелер
- •§ 41. Баптарды берудің кезектілігі мен оларды бухгалтерлік баланста беру форматы
- •§ 42. Тікелей бухгалтерлік баланстың өзінде не ескертпелерде берілуге тиіс ақпарат
- •5. Пайда мен залал туралы есеп
- •§ 43. Қолдану
- •§ 44. Пайда мен залал туралы есептің тікелей өзінде беруге тиіс ақпарат
- •§ 45. Пайда мен залал туралы есептің тікелей өзінде немесе оған ескертпелерде берілуге тиіс ақпарат
- •§ 46. Шығыстарды талдау
- •§ 47. Шығыстар сипаты бойынша талдау
- •§ 48. Шығыстар функциясы бойынша талдау
- •6. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп § 49. Капиталдағы өзгерістер туралы есептің өзінде тікелей берілуге тиіс ақпарат
- •7. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- •§ 50. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептің мазмұны
- •§ 51. Операциялық қызмет
- •§ 52. Инвестициялық қызмет
- •§ 53. Қаржыландыру жөнінде қызмет
- •§ 54. Операциялық қызметтен алынатын ақшалай қаражаттың қозғалысы жөнінде деректер беру
- •§ 55. Инвестициялық немесе қаржылық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы туралы деректер беру
- •§ 56. Шетелдік валютадағы ақша қаражатының қозғалысы
- •§ 57. Пайыздар мен дивидендтер
- •§ 58. Пайдаға салынатын салық
- •§ 59. Ақшалай емес операциялар
- •§ 60. Ақша қаражаты мен ақша қаражаты баламаларының құрамдас бөліктері
- •8. Қаржылық есептерге ескертпелер § 61. Мақсаты, құрылымы мен ашу
- •9. Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептер § 62. Бақылау
- •§ 63. Шоғырлану рәсімдері
- •§ 64. Еншілес ұйымдарды иелену және олардан шығу
- •§ 65. Еншілес кәсіпорындардағы азшылықтың үлесі
- •§ 66. Жеке қаржылық есептер
- •10. Есеп саясаты, есептік бағалаулар мен қателер § 67. Есеп саясатын таңдау мен қолдану
- •§ 68. Ретроспективті қолдану
- •§ 69. Есеп саясатының өзгеруі туралы ақпаратты ашу
- •§ 70. Есептік бағалаулардағы өзгерістер
- •§ 71. Есептік бағалаудың өзгерісі туралы ақпаратты ашу
- •§ 72. Алдыңғы кезеңдердің қателерін түзету
- •§ 73. Алдыңғы кезеңдердің қателерін түзету
- •§ 74. Есеп саясатын таңдау
- •§ 75. Активтер мен міндеттемелерді алғашқы тану және өлшеу
- •§ 77. Өзіндік құны немесе амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы құралдары құнының құнсыздануы
- •§ 78. Қаржылық активті тануды тоқтату
- •§ 79. Қаржылық міндеттемені тануды тоқтату
- •§ 80. Хеджирлеуді есепке алу
- •§ 81. Тіркелген пайыздық ставканың тәуекелін танылған қаржылық құрал бойынша немесе бағалық тәуекелді ұсталатын тауар бойынша хеджирлеу
- •§ 83. Ақпаратты ашу
- •12. Қорлар § 84. Қолданылу саласы
- •213. Қорлар – бұл:
- •§ 85. Қорларды өлшеу және олрадың өзіндік құны
- •§ 86. Өзіндік құнды өлшеу әдістері (нормативтік шығындар бойынша есептеу әдісі мен бөлшек сауда бағасының әдісі сияқты)
- •§ 87. Өзіндік құнды есептеу тәсілдері
- •§ 88. Қорлардың құнсыздануы
- •§ 89. Шығыс ретінде тану
- •§ 90. Ақпаратты ашу
- •13. Ассоциацияланған кәсіпорындарға инвестициялар
- •§ 91. Ассоциацияланған ұйымдардың анықтамасы
- •§ 92. Бастапқы танудан кейінгі өлшеу
- •§ 93. Іс жүзіндегі шығындар бойынша есептеу моделі
- •§ 94. Үлестік қатысу әдісі
- •§ 95. Пайда немесе залал арқылы әділ құн моделі
- •§ 96. Ақпаратты ашу
- •14. Бірлескен қызметке инвестициялар § 97. Бірлескен қызметтің анықтамасы
- •§ 98. Бірлесіп бақыланатын операциялар
- •§ 99. Бірлесіп бақыланатын активтер
- •§ 100. Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар
- •§ 101. Бастапқы танудан кейінгі өлшеу
- •§ 102. Іс жүзіндегі шығындар бойынша есептеу моделі
- •§ 103. Үлестік қатысу әдісі
- •§ 104. Пропорционалды шоғырлану
- •§ 105. Пайда немесе залал арқылы әділ құны моделі
- •§ 106. Бірлескен қызметке қатысушы мен бірлескен қызмет арасындағы операциялар
- •§ 107. Ақпаратты ашу
- •§ 108. Тану
- •§ 109. Бастапқы тану кезінде өлшеу
- •16. Негізгі құралдар § 115. Тану
- •§ 116. Өзіндік құнның элементтері мен оны өлшеу
- •§ 121. Амортизацияланатын құн мен амортизациялау кезеңі
- •§ 122. Амортизациялау әдісі
- •§ 123. Құнсыздану
- •§ 124. Тануды тоқтату
- •§ 125. Сату үшін ұсталатын негізгі құралдар
- •§ 126. Ақпаратты ашу
- •17. Гудвилді қоспағанда, материалдық емес активтер
- •§ 127. Тану
- •§ 128. Бастапқы өлшеу
- •§ 129. Сатып алу
- •§ 130. Активтермен алмасу
- •§ 131. Гудвилді қоспағанда, іштей құрылған материалдық емес активтер
- •§ 132. Шығындарды шығыстарға жатқызу моделі
- •§ 133. Шығыс ретінде тану
- •§ 139. Амортизациялау кезеңі және амортизациялауды есептеу әдісі
- •§ 140. Тарату құны
- •§ 141. Амортизациялауды есептеу мерзімі мен әдісін қайта қарау
- •§ 142. Пайдалы түрде қолданудың белгіленбеген мерзімі бар материалдық емес активтер амортизацияланбайды
- •§ 143. Есептен шығару және істен шығу
- •§ 144. Ақпаратты ашу
- •18. Бизнесті біріктіру және гудвилл
- •§ 145. Бизнесті біріктіру
- •§ 146. Біріктіруді есепке алу
- •§ 147. Бизнесті біріктіруге жұмсалатын шығындарды бөлу
- •§ 148. Шартты міндеттемелер
- •§ 149. Гудвилл
- •§ 150. Ақпаратты ашу
- •§ 151. Қолдану
- •§ 152. Жалға алуды жіктеу
- •§ 153. Қаржылық жалға алу – жалға алушылардың қаржылық есептері
- •§ 154. Қаржылық жалға алу – жалға берушілердің қаржылық есептері
- •§ 155. Операциялық жалға алу – жалға берушілердің қаржылық есептері
- •§ 156. Операциялық жалға алу – жалға берушілердің қаржылық есептері
- •§ 157. Кері жалға алумен сату операциялары
- •§ 158. Қаржылық жалға алуға әкелетін кері жалға алумен сату операциясы
- •§ 159. Операциялық жалға алуға әкелетін кері жалға алумен сату операциясы
- •§ 160. Ақпаратты ашу
- •20. Бағалау міндеттемелері мен шартты міндеттемелер
- •§ 161. Қолдану
- •§ 162. Бастапқы тану
- •§ 163. Бастапқы өлшеу
- •§ 164. Кейіннен өлшеу
- •§ 165. Шартты міндеттемелер
- •§ 166. Шартты активтер
- •§ 167. Бағалау міндеттемелері жөніндегі ақпаратты ашу
- •§ 168. Шартты міндеттемелер жөніндегі ақпаратты ашу
- •§ 169. Шартты активтер жөніндегі ақпаратты ашу
- •21. Капитал
- •§ 170. Капитал
- •§ 171. Акцияларды және өзге де үлестік құралдарды бастапқы шығару
- •§ 172. Опциондарды, варрантарды және өзге де құқықтарды сату
- •§ 173. Акцияларды капиталға айналдыру немесе сыйлық акцияларды шығару және акцияларды бөлшектеу
- •§ 174. Аралас қаржы құралдарын шығару
- •§ 175. Акциялардан сатып алынған меншікті акциялар
- •§ 176. Азшылық үлесі және шоғырландырылған еншілес ұйымның акцияларымен жасалатын операциялар
- •§ 177. Ақпаратты ашу
- •§ 178. Қолдану
- •§ 179. Кірістің өзгеруі
- •§ 180. Кейінге қалдырылған ақы
- •§ 181. Тауарлармен немесе қызметтермен алмасу
- •§ 182. Кірісті тану өлшемдері
- •§ 183. Тауарлар сату
- •§ 184. Қызметтер көрсету
- •§ 185. Пайыздар, роялтилер мен дивидендтер
- •§ 186. Құрылысқа арналған шарттар
- •§ 187. Орындау пайызының әдісі
- •§ 188. Ақпаратты ашу
- •§ 189. Құрылысқа арналған шарттар бойынша кіріс туралы ақпаратты ашу
- •23. Мемлекеттік субсидиялар
- •§ 190. Тану және өлшеу – есеп саясатын таңдау
- •§ 191. Ақпаратты ашу
- •24. Қарыздар бойынша шығындар
- •§ 192. Анықтама
- •25. Акцияларға негізделген төлем
- •§ 198. Тану
- •§ 199. Есептеме үлестік құралдармен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлемдердің операцияларын өлшеу
- •§ 200. Есептеме ақшалай қаражатпен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлемдердің операциялары
- •§ 201. Ақшалай қаражатпен төлеу мүмкіндігі бар, акцияларға негізделген төлемдердің операциялары
- •§ 202. Ақпаратты ашу
- •26. Қаржылық емес активтердің құнсыздануы
- •§ 203. Қолданылуы
- •§ 204. Қорлардың құнсыздануы
- •§ 205. Құнсыздануды реверсиялау
- •§ 206. Қорларды қоспағанда, қаржылық емес активтердің құнсыздануы және құнсыздану белгілері
- •§ 207. Сатуға жұмсалатын шығындарды шегере отырып, әділ құнды өлшеу
- •§ 208. Сатуға жұмсалатын шығындарды шегергендегі әділ құн
- •§ 209. Құнсызданудан болған залалды реверсиялау
- •§ 210. Гудвилдің құнсыздануына қойылатын қосымша талаптар
- •§ 211. Ақпаратты ашу
- •27. Қызметкерлерге берілетін сыйақылар
- •§ 212. Қолданылуы
- •§ 213. Қызметкерлерге берілетін сыйақылардың барлық түрлері үшін танудың жалпы қағидаттары
- •§ 214. Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар
- •§ 215. Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақыларды өлшеу – жалпы қағидат
- •§ 216. Тану және өлшеу – жұмыста ақы төленетін қысқа мерзімді болмау
- •§ 217. Тану – пайдаға қатысу жоспарлары және сыйлық беру жүйелері
- •§ 218. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақы жоспарлары
- •§ 219. Жұмыс берушілер тобының зейнетақы жоспарлары және мемлекеттік зейнетақы жоспарлары
- •§ 220. Сақтандырылған сыйақылар
- •§ 221. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақыны тану және өлшеу: белгіленген жарнамалары бар зейнетақы жоспарлары
- •§ 222. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақыны тану: белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары
- •§ 223. Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша берешекті өлшеу
- •§ 224. Дисконттау
- •§ 225. Актуарлық бағалау әдісі
- •§ 226. Зейнетақы жоспарын құру, өзгерту, ол бойынша секвестрлер мен есептемелер
- •§ 227. Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарына байланысты активтер
- •228. Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарына байланысты шығындар
- •§ 230. Қызметкерлерге берілетін өзге де ұзақ мерзімді сыйақылар
- •§ 231. Шығу жәрдемақылары
- •§ 232. Ақпаратты ашу
- •§ 233. Белгіленген жарналары бар жоспарлар туралы ақпаратты ашу
- •§ 234. Қызметкерлерге берілетін өзге де ұзақ мерзімді сыйақылар туралы ақпаратты ашу
- •§ 235. Шығу жәрдемақылары туралы ақпаратты ашу
- •28. Пайдаға салынатын салық
- •§ 237. Салық базасы
- •§ 238. Уақытша айырмалар
- •§ 239. Уақытша болып табылатын уақытша айырмалар
- •§ 240. Уақытша айырмаларға мысалдар
- •§ 241. Уақытша болып табылмайтын өзге де уақытша айырмалар
- •§ 242. Гудвилл
- •§ 243. Шоғырландырылған қаржылық есептердегі уақытша айырма
- •§ 244. Ағымдағы салықтық міндеттемелерді және ағымдағы салықтық активтерді тану
- •§ 245. Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелерді және кейінге қалдырылған салықтық активтерді тану
- •§ 246. Активтер мен міндеттемелерді бастапқы тану
- •§ 247. Кейінге қалдырылған салықтарды танудың негізгі қағидаттарына берілетін ерекшеліктер
- •§ 253. Кейінге қалдырылған салықтық активтерді қайта қарау
- •§ 254. Дивидендтерге салынатын салықты ұстап қалу
- •§ 255. Ақпаратты ашу
- •29. Гиперинфляциялық экономика жағдайындағы қаржылық есептілік
- •§ 256. Қолданылуы
- •30. Шетел валютасындағы операцияларды ауыстыру
- •§ 257. Қолданылуы
- •§ 258. Функционалдық валюта
- •§ 259. Шетелдік валютадағы операцияларды функционалдық валютада көрсету
- •§ 260. Кейінгі есепті кезеңдердің соңындағы есептілік
- •§ 261. Шетелдік қызметке алынатын инвестициялардың таза сомасы
- •§ 262. Шетелдік валюта бағамының өзгеруі
- •§ 263. Функционалдық валютадан айырмашылығы бар ұсынатын валютаның пайдаланылуы
- •§ 264. Шетелдік қызметті инвестор ұсынатын валютаға ауыстыру
- •§ 265. Шетелдік қызметтің істен шығуы
- •§ 266. Ақпаратты ашу
- •31. Есепті кезең аяқталғаннан кейінгі оқиғалар
- •§ 267. Анықтама
- •§ 268. Есепті кезең аяқтағаннан кейінгі түзетуші оқиғалар
- •§ 269. Есепті кезең аяқталғаннан кейін түзетілмейтін жағдайлар
- •§ 270. Дивидендтер
- •§ 271. Ақпаратты ашу
- •32. Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашу
- •§ 272. Негізгі талаптар
- •§ 273. Қарым-қатынастар туралы ақпаратты ашу
- •§ 274. Жоғары буынның басқарушы қызметкерлерінің өтемақылары туралы ақпаратты ашу
- •§ 275. Байланысты тараптар арасындағы операциялар туралы ақпаратты ашу
- •33. Мамандандырылған салалар § 276. Ауыл шаруашылығы
- •§ 277. Өндіруші сала
- •34. Тоқтатылған қызмет және сатуға арналған активтер
- •§ 278. Тоқтатылған қызмет
- •§ 279. Ақпаратты ұсыну және ашу
- •§ 280. Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер
- •§ 281. Ақпаратты ашу
- •35. Аралық қаржылық есептілік
- •§ 282. Қолданылуы
- •36. Хқес-ті алғаш рет қолданатын субъектілер үшін хқес-ке көшу
- •§ 282. Қолданылуы
- •§ 284. Ақпаратты ашу
- •№ 2 Ұлттық стандартына
- •Пайыздың тиімді ставкасы
- •Қаржылық есептіліктің № 2 ұлттық стандартына
- •Әділ құн бойынша өлшеу
- •Қаржылық есептіліктің № 2 ұлттық стандартына
- •Қолдану жөнінде нұсқау
- •Қаржылық есептіліктің № 2 ұлттық стандартына
- •Кірісті тану мысалдары
- •Министр н.Коржова
- •Ұлттық қаржылық есептіліктің № 1 стандарты
- •§ 1 Қолдану мақсаты және саласы
- •§ 2 Осы Стандартта қолданылатын анықтаулар
- •§5 Қаржылық есептілік құрауыштары
- •§6 Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің қағидаттары және сапалық сипаттамалары
- •§ 11 Түсіндірме жазба және ескерту
- •§ 12 Өзге де ақпаратты ашу
- •§ 13 Қаржылық есептіліктің құрауыштары
- •§ 14 Маусымды, циклды немесе кездейсоқ алынатын кіріс
- •§ 15 Қаржы жылының ішінде біркелкі келтірілмеген шығындар
- •§ 16 Есептік бағалауларды пайдалану
- •§ 17 Баланс күнінен кейінгі түзететін оқиғалар
- •§ 18 Баланс күнінен кейін түзетілмейтін оқиғалар
- •§ 19 Ақпаратты ашу
- •§ 20 Баланс күніне бар шарттар туралы ашуларды нақтылау
- •§ 21 Баланс күнінен кейін түзетілмейтін оқиғалар
- •§ 22 Қателер
- •§ 23 Бастапқы есепке алу құжаттарында қамтылған ақпаратты қорытындылау, сыныптау және жинақтау
- •§ 24 Кірісті тану өлшемдері
- •§ 25 Кірісті өлшеу
- •§ 26 Тауарларды сату
- •§ 27 Қызметтер көрсету
- •§ 28 Қаржыландырудан түсетін кірістер
- •§ 29 Өзге де кірістер
- •§ 30 Операцияны анықтау
- •§ 31 Пайыздар
- •§ 32 Ақпараты ашу
- •§ 33 Негізгі құралдардың баптарын тану
- •§ 34 Негізгі құралдардың баптарын бастапқы өлшеу
- •§ 35 Активтермен алмасу
- •§ 36 Келесі шығындар
- •§ 37 Бастапқы танудан кейін өлшеу
- •§ 38 Амортизация
- •§ 39 Есептен шығару және істен шығару
- •§ 40 Ақпаратты ашу
- •Өнімдерін есепке алу
- •§ 41 Тану және өлшеу
- •§ 42 Ақпаратты ашу
- •§ 43 Материалдық емес активтер
- •§ 44 Материалдық емес активті тану және бастапқы өлшеу
- •§ 45 Материалдық емес активтің өзіндік құны
- •§ 46 Активтер алмасу
- •§ 47 Ішкі құрылған материалдық емес актив
- •§ 48 Бастапқы танудан кейінгі өлшеу
- •§ 49 Амортизация
- •§ 50 Тарату құны
- •§ 51 Активті есептен шығару және істен шығару
- •§ 52 Ақпаратты ашу
- •§ 53 Қорлардың сыныптамасы
- •§ 54 Қорлардың талдамалы белгілері
- •§ 55 Қорларды есепте тану
- •§ 56 Қорларды өлшеу
- •§ 57 Қорлардың өзіндік құны
- •§ 63 Ақпаратты ашу
- •§ 64 Қаржылық жалдау
- •§ 65 Операциялық жалдау
- •§ 66 Кері жалдаумен жасалатын сауда операциясы
- •§ 67 Шығыстардың түрлері
- •§ 68 Кезең шығыстары
- •§ 69 Болашақ кезеңдердің шығыстары
- •§ 70 Шығыстарды тану
- •§ 71 Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
- •§ 72 Өнімді және көрсетілген қызметтерді сату жөніндегі шығыстар
- •§ 80 Құрылысқа арналған шарт жөніндегі кіріс
- •§ 81 Құрылысқа арналған шарт бойынша шығыстар
- •§ 82 Құрылысқа арналған шарт бойынша кірістер мен шығыстарды тану
- •§ 83 Күтілетін шығындарды тану
- •§ 84 Ақпаратты ашу
- •§ 85 Қаржы инвестицияларын есепке алу
- •§ 86 Қарыздар жөніндегі шығындарды есепке алу
- •§ 87 Қорытынды
- •Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің №221 22 маусым 2007 жылғы Бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібі жөніндегі бұйрығы.
- •Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі
- •1. Жалпы сипаттамасы
- •2. Бухгалтерлік қызмет жұмысын ұйымдастыру
- •3. Шаруашылық операцияларды құжаттандыру
- •§ 1. Бастапқы құжаттар
- •§ 2. Бухгалтерлік есептің регистрлері
- •4. Кассалық операциялардың есебі.
- •§ 3 Қолма-қол ақшаны қабылдау мен беру тәртібі және кассалық құжаттарды рәсімдеу.
- •§ 4 Кассалық кітаптың жүргізу тәртібі мен ақшаны сақтау ережелері.
- •§ 5 Кассаны түгендеуі және кассалық тәртіптің сақталуына бақылау.
- •5. Қорлардың есебі.
- •6. Негізгі құралдар есебі.
- •7. Түгендеу
- •§6. Түгендеу жасау тәртібі
- •§7. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді түгендеу
- •§8. Қорлардың түгендеуі.
- •§9. Есеп айырысуды түгендеу.
- •§10. Ақша қаражатының, ақшалай құжаттың және қатаң бланктік есепті түгендеу.
- •§11. Түгендеудің құжаттауы
- •§12. Түгендеу айырмашылығының реттелуі мен түгендеудің қорытындысын рәсімдеу.
- •8. Бухгалтерлік есептің құжатарының сақталуы.
- •2008Ж. «авс» жшс –тің есеп саясаты
- •Жалпы ережелер
- •1. Ұйымдастырылу –техникалық бөлімі
- •2. Әдістемелік бөлім
- •3. Есеп саясаттың орындалуына бақылау жасалу.
- •Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы n 251 Кодексi
- •Бухгалтерлік есептің типтік шаруашылық операцияларының шот корреспонденциялары
- •Жолдағы ақша қаражаты есебінің синтетикалық есебі.
- •Қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар есебінің синтетикалық есебі.
- •Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек бойынша синтетикалық есебі
- •Басқада дебиторлық берешек есебі
- •Ағымдағы салық активтері бойынша есебі
- •Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер есебі.
- •Өзге қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер есебі.
- •Негізгі құралдар есебі
- •Меа синтетикалық есебі
- •Биологиялық активтер есебі
- •Меншікті капиталдың синтетикалық есебі
- •Сэқ синтетикалық есебі
- •Кірістер есебі
- •Өндірістік шоттарды есепке алудың синтетикалық есебі
- •Қаржылық есеп беру есебі
- •Салар бойынша бухгалтерлік есеп
- •Құрылыс өндіріс кәсіпорындарының бухгалтерлік есеп ерекшелігі
- •Глоссарий
2007 Жылғы «23» мамыр
№ 185 бұйрығымен
бекітілген
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары
1. Жалпы ережелер
1. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары (бұдан әрі – Үлгілік жоспар) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Үлгілік жоспар
2. Үлгілік жоспар қаржылық есептілік элементтерін топтауға және құндық мәнде ағымдағы көрсетуге арналған.
3. Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Үлгілік жоспарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтімділігін азайту тәртібімен орналастырылған. Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есеп шоттары нөмірлерінің төрт саны бар. Нөмірдің бірінші саны бөлімдерге тиістілігін, екіншісі – кіші бөлімдерге тиістілігін, үшіншісі – синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін көрсетеді, төртінші санды ұйым дербес анықтайды.
Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебiн жүргiзу тәртiбiн дара кәсiпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары белгiлейдi, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және құрылтай құжаттарға сәйкес дара кәсiпкердiң немесе ұйымның қажеттiлiктерiн негiзге ала отырып ағымдағы басшылықты және iстердi жүргiзудi жүзеге асырады.
3. Үлгілік жоспардың бөлімдері
5. Үлгілік жоспар мынадай бөлімдерді қамтиды:
1-бөлім – «Қысқа мерзімді активтер»;
2-бөлім – «Ұзақ мерзімді активтер»;
3-бөлім – «Қысқа мерзімді міндеттемелер»;
4-бөлім – «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»;
5-бөлім – «Капитал мен резервтер»;
6-бөлім – «Кірістер»;
7-бөлім – «Шығыстар»;
8-бөлім – «Өндірістік есепке алу шоттары».
4. «Қысқа мерзімді активтер» 1 бөлімінің шоттары
6. «Қысқа мерзімді активтер» 1бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған.
7. «Қысқа мерзімді активтер» 1 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
1000 – «Ақша қаражаты»;
1100 – «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»;
1200 – «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;
1300 – «Қорлар»;
1400 – «Ағымдағы салық активтері»;
1500 – «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер»;
1600 – «Өзге қысқа мерзімді активтер».
8. 1000 «Ақша қаражаты» кіші бөлімі ақша қаражатын есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1010 – «Кассадағы ақша қаражаты», онда кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1020 – «Жолдағы ақша қаражаты», онда жолдағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1030 – «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты», онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1040 – «Карт-шоттардағы ақша қаражаты», онда карт-шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1050 – «Жинақ шоттарындағы қаражаты», онда жинақ шоттарындағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1060 – «Өзге ақша қаражаты», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ақша қаражаты есепке алынады.
9. 1100 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» кіші бөлімі қысқа мерзімді қаржы инвестицияларын есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1110 – «Қысқа мерзімді ұсынылған қарыздар», онда ұйымдардың мерзімі бір жылға дейін берген қарыздары есепке алынады;
1120 – «Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржы активтері», онда бағалардың қысқа мерзімді ауытқуларынан пайда алу мақсатында сатып алынған қысқа мерзімді активтер есепке алынады. Қаржы активтерін егер ол құрылымы қысқа мерзімді перспективада пайда алуға ынталандыру туралы куәландыратын портфельдің бір бөлігі болып табылса, оны сатып алу себептеріне қарамай саудаға арналған ретінде жіктеген жөн. Туынды қаржы активтері хеджерлеудің тиімді құралдары ретінде анықталған жағдайларды қоспағанда саудаға арналған ретінде қаралады;
1130 – «Өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар», онда ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда өтеу мерзімі басталғанға дейін ұйым иелік етуге берік ниетті және қабілетті тіркелген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қысқа мерзімді қаржы активтері есепке алынады;
1140 – «Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы инвестициялары», онда мынадай санаттарға кірмеген қысқа мерзімді қаржы инвестициялары есепке алынады:
ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек;
өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;
саудаға арналған қаржы активтері;
1150 – «Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялар есепке алынады.
10. 1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек» кіші бөлімі қысқа мерзімді дебиторлық берешекті есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1210 – «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар активтер және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1220 – «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдарға ұсынылған құжаттар бойынша есептеулердің бар-жоғы мен қозғалысына байланысты операциялар және еншілес ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1230 – «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1240 – «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда филиалдардың шоттарына ақша қаражатының түсуі және есептен шығуы жөніндегі операциялар және филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1250 – «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда қызметкерлердің:
активтерді сатып алуға есеппен берілген ақша қаражаты, қызметтерге ақы төлеу, қызметтік іссапарлар мен басқалар;
қызметкерлерге берілген қарыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысына байланысты операциялар, сондай-ақ ұйымға қызметкер келтірген материалдық шығынды (кемшін шығу, талан-таражға салу, бүліну және басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу және қызметкерлердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1260 – «Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», онда ағымдағы кезеңде операциялық және қаржылық жалдау бойынша ағымдағы жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар есепке алынады;
1270 – «Алуға қысқа мерзімді сыйақылар», онда мыналар:
акциялар (қатысу үлестері) бойынша есептелген дивидендтер;
қаржылық жалдау бойынша есептелген сыйақылар, берілген қарыздар, сатып алынған қаржы инвестициялары, сенімді басқару және өзге есептелген сыйақылар жөніндегі дебиторлық берешектің қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;
1280 – «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген, бір жылға дейін мерзімі бар өзге дебиторлық берешек бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы, алынған вексельдер бойынша, сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша берешек;
1290 – «Күмәнді талаптар бойынша резерв», онда күмәнді талаптар бойынша резервтерді құруға және оның қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі.
11. 1300 «Қорлар» кіші бөлімі қарапайым қызмет барысында сатуға арналған, немесе сату үшін өндіріс процесінде, немесе өндірістік процесте немесе қызметтер ұсыну кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтерді есепке алуға арналған. Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1310 – «Шикізат және материалдар», онда өндірістік процесте одан әрі пайдалануға арналған шикізат және материалдар, оның ішінде ауыл шаруашылық шикізаттар және материалдар есепке алынады;
1320 – «Дайын өнім», онда дайын, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімі есепке алынады;
1330 – «Тауарлар», онда тауарлардың, оның ішінде сатып алынған және қайта сатуға сақталған ауыл шаруашылығы тауарларының қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;
1340 – «Аяқталмаған өндіріс», онда аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар есепке алынады;
1350 – «Өзге қорлар», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қорлар есепке алынады;
1360 – «Қорларды есептен шығару бойынша резерв», онда қорлардың құнын сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға және қозғалысына байланысты немесе моральдық жағынан ескеруге байланысты операциялар көрсетіледі.
12. 1400 «Ағымдағы салық активтері» кіші бөлімі бюджетпен есеп айырысу кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің артық төленген сомасын, сондай-ақ ұсынылған шот-фактуралар бойынша есепке алуға жататын қосылған құн салығының сомасын есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1410 – «Корпорациялық табыс салығы», онда бюджетке артық төленген корпорациялық табыс салығын көрсетуге байланысты операциялар, сондай-ақ корпорациялық табыс салығын төлеу бойынша аванстық төлемдер көрсетіледі;
1420 – «Қосылған құн салығы», онда есепке алуға жататын, оның ішінде салық заңнамасына сәйкес өтеуге жататын қосылған құн салығы, сондай-ақ бюджетке артық төленген қосылған құн салығы бойынша операциялар көрсетіледі;
1430 – «Өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер», онда ұйымның банктік шотына аударуға жататын және салық заңнамасына сәйкес есепке алуға жататын өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер есепке алынады.
13. 1500 «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер» кіші бөлімі егер олардың теңгерімдік құны жалғастыратын пайдалану жолымен емес, негізінен сату есебінен өтелетін болса, сатуға арналған ретінде жіктелетін ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған, бұл ретте сату ықтималдығы жоғары болып табылады.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1510 – «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер», онда сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жабдық;
1520 – «Сатуға арналған істен шығатын топтар», онда сатуға арналған істен шығатын топтар есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жұмыс істейтін зауыт.
14. 1600 «Өзге қысқа мерзімді активтер» кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді активтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1610 – «Берілген қысқа мерзімді аванстар», онда активтерді жеткізу негізінде берілген, сондай-ақ есепті кезең ішінде тапсырысшылардан ішінара дайын бойынша қабылданған өнімдерге, қызметтерге ақы төлеу жөніндегі аванстар және өзге берілген қысқа мерзімді аванстар есепке алынады;
1620 – «Алдағы кезеңдердің шығыстары», онда есепті жылдың ішінде қазіргі кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы кезеңдерге қатысты шығыстар (сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сыйлықтары, жалдау ақысы және т.б.) есепке алынады;
1630 – «Өзге қысқа мерзімді активтер», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді активтер бойынша операциялар есепке алынады.
