11. Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
ҚР ұлттық валютасын енгізу туралы. Қазақстан Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасандағы жарлығы
«ҚР ақша жүйесі туралы» 1993 жылдың13 желтоқсаныныдағы ҚР Заңы
«ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар 1995 жылдың 30 наурызындағы жарлығы
«ҚР банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Президентінің заң күші бар 1995 жылдың 31 тамызындағы жарлығы
«Төлемдер мен ақша аудару туралы» ҚР 1998ж 26.06 Заңы
«ҚР-ғы вексель айналысы туралы» ҚР-ның 1997ж 28.04 Заңы
«Бағалы қағаздар туралы» 2003ж. 2.07 Заңы
«Валюталықреттеу және валюталық қадағалау туралы» 2005ж. 13.06 ҚР Заңы
«Ұлттық ваютаның айырбас бағамының саясаты туралы»1998ж. Сәуірдегі ҚР үкіметінің №30 қаулысы
Қазақстан Республикасында ұлттық валютаны енгізу туралы” ҚР президентінің заң күші бар жарлығы \\ 12.11.1993 ж.
ҚР экономикасын қысқа мерзімді несиелеу тәртібі. Ұлттық банк басқармасының 1994ж. 11.02 №4 қаулысы
ҚР территориясындағы чектерді пайдалану тәртібі 2006ж. 28.08 №157 қаулысы
Пруденциалдық нормативтер туралы ереже ҚР ҰБ басқармасының 2006ж.28. 8 №175 қаулысы
Екінші деңгейлік банктердің кассалық операцияларды жүргізу ережелері ҚР ҰБ басқармасының 2001ж. 20.04 №115 қаулысы
Қосымша:
Ақша несие банктер. Оқулық. \ Ғ.С Сейтқасымов, Алматы Экономика, 2001 ж.
Мақыш С.Б . Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. Алматы . Издат.- маркет . 2004 ж.
Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары. Оқу туралы. Алматы Издат- маркет –2004 ж .
Көшенова Б.А. Ақша, несие банктер, валюталық қатынастар. Алматы. Экономика –2000 ж .
Г.С. Сейткасымов Ақша, Несие, Банктер. // Алматы, Экономика 2005ж.
Банковское дело Под. Ред Г.С Сейткасымова \\ Алматы “Қаржы- Қаражат” 1998 ж.
Банковское дело Под. Ред. О.И Лаврушина \\ Москва “Финансы и статистика” 1998ж .
Деньги, кредит, банки Под.ред. Г.С Сейткасымова \\ Алматы “Экономика ”1998ж.
Финансы. Денежное обращение. Кредит. Под. Ред. Л.А Дробозиной. Москва Финансы,ЮНИТИ,1997ж.
Долан Э.Дж. и др.. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика \\ Москва- Санк-Петербург 1993.
Е.Б. Ширинская Операции коммерческих банков и зарубежный опыт \\ Москва “Финансы и статистика” –1993.
Общая теория денег и кредита Под.ред. Е.Ф. Жукова \\ Москва;Банки и биржи,1995.
О.М. Маркова и др. Коммерческие банки и их операции \\ Москва; Банки и биржт,1995.
Афонина С. Электронные денги. Оқу құралы- СПБ 2001ж
Валютные отношения. Ю.Ф. Сименовтың оқу құралы – М. Финансы и статистика 2002ж.
Саниев М.С. Ақша, несие, банктер Оқу құралы Алматы қаржы және статистика институты
Денгьги,кредит, банки Оқулық В.В. Ивнов, Б.И. Соколов, М-Проспект-2006ж.
Ескараев О.Қ.Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу. Оқулық. 2007ж
Умбеталиев А.Д. и др. Салык жане салык салу, 2006ж.
Глоссарий
Андеррайтер – бағалы қағаздар рыногының брокерлік -диллерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитенттке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушы.
Брокер – бағалы қағаздар рыногының клиенттің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүдделерін көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы
Бағалы қағаздардың қайталама рыногы – орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесінде бағалы қағаздар рыногының субъектілері арасында қалыптасатын құқықтық қатынастары
Бағалы қағаздарды ұстаушы – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген және бағалы қағаздар бойынша құқықтары бар тұлға.
Валюта нарығы – валюталық мәмілелер бекітілетін, яғни, бір елдің валютасы екінші елдің валютасына белгілі бір атаулы құны бар валюта бағамы бойынша айырбасталатын нарық. Валюта – мемлекеттің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша құралы немесе қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз формаларындағы құнның, банкнот, қазынашылық билет және тиын, оның ішінде бағалы металдардан жасалған тиын (айналыстағы ақшалай бірліктерге айырбасталатын, айналыстан алынатын) түріндегі құнның ресми стандарты, сондай-ақ, шоттардағы, оның ішінде, халықаралық ақшалай немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражат.
Валюта бағамы екі ақшалай бірліктің айырбасталу арақатынасын білдіреді немесе ол (валюта бағамы) басқа елдің ақшалай бірлігінде тұлғаланған бір ақша бірлігінің бағасы ретінде болады.
Валюталық алып-сатарлық – валюталық мәмілелерден барынша пайда алу мақсатында валюталардың алдағы кезеңдегі бағаларын ойнату.
Валюталық своп – келісілген бағам бойынша немесе кейін кері айырбасталатын.
Валюталық тепе-теңдік – валюталық бағамның негізі болып табылатын екі валютаның арасындағы заңмен белгіленген арақатынас.
Валюталық шектеу – валютамен, алтынмен және басқа да валюталық құндылықтармен жүзеге асырылатын операцияларды шектеуге бағытталған заңмен немесе әкімшілік жолмен белгіленген шаралар мен нормативті ережелердің жиынтығы.
Валютаның бағасын белгілеу – бұл елдер арасында валюта бағамын анықтауды ұйғарады. Осының негізінде айырбасталатын екі ақшалай бірліктің арақатанасы белгіленеді.
Валютаның құнын белгілеу – валюта бағамын таңдап алынған нарықтық тетіктердің негізінде анықтау.
Девальвация – тіркелген валюта бағамы жүйесінде орталық банктің ұлттық валюта бағамын төмендету жөніндегі қаулысы.
Дисконттық саясат – валюта бағамы мен төлем балансын реттеу үшін орталық банктің есептік мөлшермелерді өзгертетін саясаты.
Делистинг – бағалы қағаздарды сауда саттықты ұйымдастырушының тізімінен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау.
Депонент – орталық депозитарийдің клиенті болып табылатын ұйым.
Депозитке салу – орталық депозитарийдің депоненттерімен олардың клиенттерінің қаржы құралдарын есепке алуы.
Дефолт – эмиссиялық бағалы қағаздар және өзгеде пайда табу бойынша міндеттемелер.
Диллер – бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында баға белгілеуді ұсыну және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы өз мүдделерін көздеп және өз есебінен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзгеде қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушысы.
Евровексель – евродоллардағы қысқа мерзімді облигация.
Евронесие – бұл негізінен бірлестірілген евронесие, яғни, қарыз алушының банктердің синдикатымен құрылған несиеден евродолларда алатын несиесі.
Еврооблигация (евробонд) – шетелдік қарыз алушылардың (эмитенттердің) өтініші бойынша халықаралық банк синдикаттары (консорциумдары) шығаратын борыштық құнды қағаздар.
Қосарлы валюта нарығы – тіркелген және құбылмалы бағамдарының режимдері арасындағы орташаланған жағдайды білдіреді.
Кросс-бағам – бұл валюта мәмілесінің қатысушылары үшін бірде-біреуі ұлттық болып табылмайтын екі шетелдік валютаның белгіленген
Өкілетті банк – банк туралы заңдарда қарастырылған операцияларды жүргізуге орталық банктің лицензиясын алған, валюталық операцияларды, оның ішінде, клиенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк
Лаг – уақытша аралық. Бұл аралықта ақша массасының өзгеруі бағалар мен тарифтердің тиісті өзгерісін тудырады
Листинг – қор биржасының сауда жүйесінде эмиссиялық бағалы қағаздарды айналысқа жіберу рәсімі
Левередж – эмитенттің міндеттемелері мен өз капиталы мөлшерлерінің арақатынасы
Кастодиан – бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып оларды сақтауды жүзеге асыратын кәсіби қатынасы
Сатушының бағамы – бұл бағам. Ол бойынша резидент-банк ұлттық валютаға шетелдік валютаны сатады.
Сатып алу қабілетінің бірдейлігі – теория. Бұл теорияға сәйкес әр түрлі елдерде өндірілсе де бір валютада тұлғаланған, өзара алмастырылатын тауарлардың бағасы ұзақ мерзімді кезеңде бірдей болуы керек.
Сатып алушының бағамы – бұл бағам. Ол бойынша резидент-банк ұлттық валютаға шетелдік валютаны сатып алады.
«Спот» валюта операциясы – мәмілені ресімдеу сәтінде немесе 48 сағаттың шегінде (ішінде) қолма-қол валютаны пайдаланумен жүзеге асырылатын операция.
Тіркелген валюта бағамы – валюта бағамының ресми белгіленген арақатынасы. Онда орталық банк валюта бағамын тіркейді әрі оның деңгейін өзгеріссіз сақтау міндеттемесін өз мойнына алады.
Тіркелген тұлға – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімі жүйесінде немесе нақтылы ұстау есебі жүйесінде жеке шоты бар тұлға
«Форвард» валюта операциясы – банктердің немесе қаржылық компаниялардың келісімшарт негізінде телефон немесе телекс бойынша жүргізілетін биржадан тыс мерзімді валюталық мәміле. Форвард операциясы биржада фьючерлік және опциондық операцияларымен баламалы түрде жүргізіледі
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз – қарыз алушы ҚР Үкіметі, жергілікті атқарушы орган немесе ҚР Ұлттық банкі алатын қарыз алуға қатысы жөнінен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз.
Қаржы құралы – қаржы рыногының Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жіберілген бағалы қағаздары(туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда) мен өзге де активтері
Қаржы нарығы – қаржы қызметін көрсету мен тұтынуға және қаржы құралдарының айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы
Қор биржасы – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
13. Білімді бағалау бойынша ақпарат
Аттестация бағалары мен аттестациялық рейтинг баллдарының сәйкестілігі келесі кесте негізінде анықталады.
Кредиттiк жүйе |
Оқу пәнiн игеру дәрежесi % |
Студенттер рейтингi |
Дәстүрлi жүйе бойынша қойылатын баға |
||
сандық баға |
әрiптiк баға |
60 балдық ЖКИсем максимальдық семестрлiк рейтингi |
40 балдық ЖКИемт максимальдық қорытынды рейтингi |
||
4,0 |
А |
95-100 |
57-60 |
38-40 |
5-«өте жақсы»
|
3,67 |
А- |
90-94 |
54-56 |
36-37 |
|
3,33 |
В+ |
85-89 |
51-53 |
34-35 |
4-«жақсы» |
3,0 |
В |
80-84 |
48-50 |
32-33 |
|
2,67 |
В- |
75-79 |
45-47 |
30-31 |
|
2,33 |
С+ |
70-74 |
42-44 |
28-29 |
3-«қанағат» |
2,0 |
С |
65-69 |
39-41 |
26-27 |
|
1,67 |
С- |
60-64 |
36-38 |
24-25 |
|
1,33 |
D+ |
55-59 |
33-35 |
22-23 |
|
1,0 |
D |
50-54 |
30-32 |
20-21 |
|
0 |
F |
0-49 |
0-29 |
0-19 |
2-«қанағатсыз» |
Дайындаған: Шамишева Н.К., Сулеева Е.А.
