- •«Тіл мәдениеті және іскерлік шешендік өнер» курсының зерттеу нысаны, мақсаты және міндеттері
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Ауызша сөйлеу мәдениеті мен дыбыс тілінің тікелей байланыстылығы
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Сырым мен молда
- •Сөз қолдану мәдениеті мен жазу мәдениетінің байланысы, оған қойылатын талаптар
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Тіл тазалығы
- •Қарашаш сұлудың қайтыс болғанын естірту
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Сөз жатықтығы (әдеби тіл нормасы)
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Сөз жатықтығы (әдеби тіл нормасы)
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Сөз байлығы
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Сөз әсерлігі
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Ұлттық мәдениет және өнер
- •Тәжірибелік сабақтар
- •20 Ұпайдан төмен:
- •Құлыптағы шекара
- •Ым және қимыл тілінің тарихы.
- •Тәжірибелік тапсырмалар
- •Адам екі түрлі
- •Тұрақты сөз тіркестері
- •Техникалық жаттығулар
- •Мәнерлеп сөйлеудің эмоционалдығы
- •Сөйлеу мәдениеті
- •Сөйлеу мәдениетіндегі шешендік өнер
- •Сөзді тыңдай білмеу
- •Қаратпа сөз хақында
- •Пікірталас мәдениеті
- •Телефонмен сөйлесу этикеті
- •Пайдаланылған әдебиет тізімі:
Пікірталас мәдениеті
Пікірталас мәдениетіндегі ең бастысы аудиторияға ой тастау, ал көпшілік ойын әрқашан бір арнаға құя бермейді. «Ойды ой қозғайды», жаңа пікір тудырады немесе жаңа пікірдің ашылуына жағдай жасайды, не қарсы көзқарас пайда болады.
Сұрақтың мазмұнына қарап, оны екіге бөлуге болады:
түсіндірме сұрақтар;
қосымша сұрақтар
Сұраққа берілген жауапқа әрқашан да барлығы бірден келісіп, мойынсұну бола бермеуі де мүмкін, осы тұста пікірталас пайда болады.
Пікірталас – түрлі көзқарас, ой-пікірлерді қатар қою, салыстыру, салғастыру арқылы өзінің көзқарас, ой-пікірін дәлелдеу.
Пікірталасты мынадай түрлерге бөлуге болады:
Пікіралмасу
Ойталасы
Пікірсайыс
Ойбөліс
Айтыс
Пікір – көрген, оқыған, естіген әңгіме, баяндама, көркем шығарма т.б. еңбектер жайындағы әсер, туған ой.
Телефонмен сөйлесу этикеті
Телефонмен сөйлесу барысында қолданылатын сөйлеу этикетінің негізгі формалары және оны сөйлеу барысында дұрыс қолдану.
Қазақ тілінде: - Алло! көбіне-көп мына репликалармен ауыстырылып жүр: - Иә! Тыңдап тұрмын! – Сізді тыңдап тұрмын! – Телефон желісіндемін! (Мен телефон желімсіндемін!)
Егер жауап беріп тұрған адам мемлекеттік органдарда жұмыс жасаса, онда ол аты-жөнін айтып, өзін таныстырады:
Қасенов тыңдап тұр!
Қасенов телефонда!
Мекемеден телефон көтерген адам көбінесе сол жұмыс орнының атын айтады:
Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы.
Мекеме басшысының орынбасары.
Егер сөйлеп тұрған адам нөмірдің дұрыс терілгендігін тексергісі келсе, ол былай деп сұрайды:
Бұл «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ма? (қысқаша «Бұл ҚазМұнайГаз» ба?»)
Егер сөйлеп тұрған адам жауап берушінің аты-жөнін естімей қалған болса, онда қайта сұрауда сол субъектінің аты қосылады.
Кешіріңіз, бұл Әлима Тұрсынқызы ма?
Бұл Әлима Тұрсынқызы ма?
Бұл сен бе, Әлима?
Көбінесе құптайтыны немесе құптамайтыны жөнінде қысқаша жауап беріледі:
Иә
Иә, сіз қателескен жоқсыз.
Дәл солай.
Иә, бұл мен (Бұл менмін).
Егер сөйлеуші нөмірден қателескен болса, келіспеушілік жауабы төмендегнідей болады:
Сіз нөмірден қателестіңіз (Сіз қателестіңіз)
Сіз қате нөмірді тердіңіз (Сіз нөмірді қате тердіңіз)
Сіздің тергеніңіз дұрыс емес (олай емес).
Біреуді телефонға шақыру қазақтарда «кешіріңіз», «айыпқа бұйырмаңыз» деген сөздермен сұралады.
Кешіріңіз, телефонға Әлима Тұрсынқызын шақырып жіберуге бола ма?
Қазақ тілінде өзгенің көмегіне жүгінудің мынадай да сыпайы түрлері бар.
Сәкен Зейноллаұлын бола ма екен? (болмас па екен?)
Сәкен Зейноллаұлын шақырып жібермес пе екенсіз?
Өзін телефонға шақырған адамды қысқа да нұсқа сөйлеп, төмендегідей ризашылығын білдіреді.
Рахмет!
Рахмет, келе жатырмын
Қазір келемін де.
Егер сол мезетте телефонға шақырылған адам орнында жоқ болса, онда телефон желісінде сөйлесіп тұрған адам былай деп жауап береді:
Ол үйде жоқ. Жұмыста.
Ол қазір жоқ. Ол кетіп қалды. Шығып кетті.
Кешірек хабарласыңыз.
Өкінішке орай, ол әлі келген жоқ. Кештеу хабарласуыңызды өтінемін.
Телефон шалып тұрған адамның жауабы – бір нәрсені айтып жіберу, хабарласып жіберуін айту өтініші болуы мүмкін:
Әлима телефон соқты деп айта саласыз ба?
Өтінемін, Сәкен Зейноллаұлының хабарласқанын айтып жіберіңізші.
Мен кешқұрым тағы хабарласамын.
Егер сол адам телефон шалғаннан кейін келсе, онда оған кімнің, қашан және қай уақытта хабарласатынын айтады.
Сізге Қасенов телефон шалды.
Саған Сәкен хабарласты және телефон шалуыңды өтінді.
Сені Әлима Тұрсынқызы сұрады. Ол кешкілік 7-7.30-да қайта телефон соғатынын айтты.
Сәкен хабарласты және кешкілік телефон соғуыңды өтінді.
Ертеңгілік уақытта саған біреу хабарласты.
Егер телефон соғушы өзіне қажет адамы орнында болса, төмендегідей сөйлеседі:
Сәлеметсіз бе, Әлима Тұрсынқызы!
Сәлем, Әлима (егер достық қарым-қатынаста болса)
Телефон шалып тұрған адам сізбен ресми қарым-қатынаста болса, онда ол былай сөйлейді:
Сізбен сөйлесіп тұрған Әлима Тұрсынқызы Әлиева
Сізге профессор Оңғаров хабарласып тұр.
Жақындығы, туыстығы бар адам болса, онда ол төмендегідей сөйлеседі.
Бұл мен.
Мен сені танымадым.
Мен сенің дауысыңды танымадым.
Кейде желінің техникалық ақауларына байланысты немесе әңгіменің дұрыс естілмеуінен сөйлесілмей қалып жатады. Әңгіменің қайта жалғасуында екі субъект де былай айта алады:
Біздің желіні ажыратып жіберді. Біздің желіні үзіп жіберді.
Бұл жағдайда әңгімелесушілер әңгімелесуін келесі репликалармен бөліп жіберуіне болады:
Естілмейді. Мен қайта телефон соғамын. Тұтқаны қойыңыз.
Өтінемін, қайта телефон шалыңызшы.
