- •Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
- •Білім беру жүйесіне анықтама. Еліміздегі халыққа білім беру жүйесінің тарихы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы.
- •Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері.
- •Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
- •Орта білім беру жүйесі. Мектептің жаңа түрлері, гимназия, лицей.
- •4. Кәсіптік білім беру жүйесі. Кәсіптік мектеп, лицей, колледждер, институт, университет, академиялар.
4. Кәсіптік білім беру жүйесі. Кәсіптік мектеп, лицей, колледждер, институт, университет, академиялар.
Кәсіптік мектепте оқу мерзімі - 2-3 жыл, кәсіптік лицейде -3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін - 4 жылға дейін болады.
Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде негізгі жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған.
Кәсіптік орта білім беру
Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі - 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім алуына болады.
Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.
Кәсіптік жоғары білім беру
Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім
Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім беру
Жұмысшылар мен мамандардық басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнаулы білім асыру мекемелерінде, кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады.
Қосымша білім беру үшін денешынықтыру - сауықтыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылады. Оларды Білім министрлігі және жергілікті өкімет басқару органдары бекітеді.
Сонымен, білім мен тәрбие беру - бұл республика азаматтарының құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Республикада "Білім туралы" Заңды жүзеге асырудық маңызды жолының бірі - болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат - оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.
Әдебиеттер:
1 . Білім туралы. - Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. - Алматы: Литера, 2000. - 96 б.
2. Г.Қ. Нұрғалиева, С.Мусин. Салыстырмалы педагогика. -Алматы: Ғылым, 1999.
3. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. - Алматы: Сана, 1995.
4. Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев. - Астана, 1998.
5. Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы, 1999
