- •2 Семестр практикалық тақырыпқа арналған тапсырмалар.
- •2. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз
- •3.Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Көсемше
- •Тұмау – грипп
- •1. Мәтінмен танысыңыз. Сөз мәдениеті, тіл мәдениеті
- •Тілдік этикет
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •Кино Өнері
- •Қазақстанның музыка және балет өнері
- •1. Мәтіндегі халық композиторларының аты-жөнін дәптерлеріңізге көшіріп жазып, еңбектері туралы материалдар табыңыз.
- •2. Музыка және балет өнеріндегі қазіргі танымал тұлғалар туралы пікір алмасыңыз.
- •3. Абай атындағы опера және балет театрындағы «Біржан сал» қойылымын көріп, алған әсеріңізді айтып беріңіз.
- •Қазақ театр өнерінің дамуы
- •5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Мәтінді оқыңыз. Мұхтар Әуезов.
- •2. Мәтінді оқыңыз. Мұхтар Шаханов.
- •1. Қазақстанның танымал сазгерлері, әншілері. Септеуліктер.
- •2. Қазақстанның өнер қайраткерлері (театр, кино, балет). Үстеу, оның мағыналық түрлері.
- •3. Қазақстанның танымал суретшілері. Зат есмінің жалғаулары
- •Шәкен Айманов
- •Әбілхан қастеев (1904 – 1973)
- •1. Жатақханада. Көмекші есім
- •2.Студенттер қалашығында
- •3. Телефонмен сөйлесу.
- •Ұлттық мерекелер.
2. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз
3.Сұрақтарға жауап беріңіз.
Аударыспақ қандай ойын?
Ойынға кімдер қатысады?
Бәйге ойыны туралы не білесіз?
9-апта
Лексикалық тақырып: 1. Дәрумендер. Есімше.
2. Емханада. Көсемше.
1.1 Мәтінді оқып, аударыңыз, мазмұндап беріңіз.
Қазақ халқында «бірінші байлық – денсаулық» - деген мақал бар. Шынымен де, егер адамның денсаулығы болмаса, оның бүгінгі қоғамның толық белсенді мүшесі болуы қиынға түседі. Күнделікті өмір бізге әр түрлі қиындықтарды алға тартады. Оларды жеңу үшін, өз мақсаттарымызға жету үшін ең алдымен деніміз сау болуғаны дұрыс.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде», - деген де мақал бар. Ауырмау да өз қолымызда. Біз дұрыс тамақтанып, көптеген ағзаға зиян заттардан аулақ болып, денемізді шынықтыра білсек, дәрігерлерге жиі-жиі бара бермес едік. Халықтың денсаулығы оның әлеуметтік жағдайымен де байланысты. Сондықтан Қазақстан Республикасында халықтың денсаулығын сақтап қалу мәселесіне көп көңіл бөлінеді.
Қазіргі уақытта денсаулықты сақтап қалу - өте өзекті мәселелердің бірі. Өйткені қазір адам бойындағы ауруларға қарсы тұра білу әлсіреп барады. Ерте кезде қазақтар табиғатпен өте тығыз байланыста, үйлесімде өмір сүрген. Шөбі шүйгін жайлауларда, қысы қатал қыстауларда мал бағып, сол малдың етімен, сүтімен қоректенген қазақтар өте төзімді халық болған. Түйенің шұбаты, жылқының қымызы тек тамақ қана емес, сонымен қатар ауруға ем де болған. Ауыра қалса, емді ата–бабаларымыз табиғатта өскен шөптердің дәрілік қасиеттерінен тапқан.
Қазіргі медицинаның дамыған тұсында адам ағзасының ауруларға қарсы тұруы әлсіреген. Бұған экологиялық факторлардың әсері де бар. Дегенмен, жас буын өз денсаулығын қазірден ойлар болса, жағымсыз әдеттерден аулақ болғаны дұрыс. Бұлар: ішімдік, темекі, есірткі. Олардың орнына денсаулыққа пайдалы тағам, спорт, табиғатқа жақындық т.б. тәнге де, жанға да жайлы істермен айналысу абзал. Адамға берілер өмір де, денсаулық та - ең басты байлығымыз. Оларды қадірлей білейік!
1.2 Сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Мәтінде қандай мақал-мәтелдер қолданылған?
2. Олардың мағынасын ашып беріңіз.
3. Халықтың денсаулығы неге әлеуметтік жағдаймен байланысты?
4. Қазақ халқы ертеде қалай өмір сүрген?
5. Қандай тағамдар ем ретінде жұмсалған?
6. Жастар өз денсаулығына қалай көңіл бөледі?
Грамматика
Есімше – есімдердің, етістіктердің орнына жұмсалатын етістіктің формасы. Есімшелердің жасалуы
№ |
Есімшенің түрлері |
жұрнақтары |
Мысалдары |
1 |
өткен шақ есімшесі |
-ған/-ген |
Жанған, білген, айтқан |
2 |
Келер шақ есімшесі |
-ар/ер, -р , -мас (болымсыз) |
|
3 |
Ауыспалы шақ есімшесі |
-атын,-етің, -итын,-итін, -ушы, -уші |
Баратын, келетін, барушы, ойлайтын |
1.3 Мәтіннен есімшесі бар сөйлемдерді теріп жазыңыздар, олардың қандай сөйлем мүшесі болатынына назар аударыңыздар, сұрақ қойыңыздар.
Үлгі: Ауырып ем іздегенше (не істегенше, баяндауыш) ауырмаудың жолын ізде.
1.4 Төмендегі ойларды өз тұжырымдарыңызбен толықтырыңыз. Есімдіктерді сөйлесімде қолданыңыз.
Үлгі: Күнделікті өмір ұсынар қиындықтарға толы. Олар қандай? Маған жақсы маман болу үшін оқу қажет. Оқу үшін күш-жігер қажет.
Ауырмау өз қолымызда. Өйткені.....
Шұбат, қымыз – ауруға ем болатын тағамдар. Оның құрамында...
Біздің өлкемізде өсетін өсімдіктердің дәрілік қасиеттері мол. Мысалы.....
Денсаулыққа экологиялық факторлар әсер етеді. Олар.....
Табиғатқа жақындық дегеніміз.....
1.5. Көп нүктенің орнына есімшелер қойыңыз Сіз ......жаңалық . Асқар ...... әнді мен де айтамын. Досым .......... ұмытпайды. ...... күн сөнбесін! Мен ....... қызығымды көргенмін. Сағат ....... болды? Үйге .
Есімшелер: кірген, айтатын, ашқан, оқығанын, жарқыраған, көрер
1.6. Мәтінді оқып, таныс емес сөздерді теріп жазыңыз, мазмұндап беріңіз.
Дәрумендер
Витаминдер (vita- өмір,amin- қажетті) – бұл организмнің тіршілігіне қажетті заттар. Витаминдер организмге қоректік заттармен бірге жеткізіледі. Олар организмде өтетін барлық процестерге қатысады: организмнің қалыпты жағдайын қамтамасыз етеді, өсіп дамуы, қоршаған орта факторларының ықпалына тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Кейбір организмнің тіршілігіне қажетті вмтаминдердің түрлерін қарастырайық.
А витамині - өсу витамині деп аталады, ол көзге пайдалы, теріге де әсері бар. Ол жетіспеген жағдайда адамның көру қабілеті нашарлайды, адам жұқпалы ауруларға жиі ұшырайды. А витамині сүт тағамдарында, жұмыртқа, бауыр, сәбіз, бұрыш, итмұрын, шие, асқабақ, сары өрік, жасыл жапырақты көкөністерде болады.
С витамині (аскорбин қышқылы) – организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді, жарақаттардың, күйгеннің жазылуын жеделдетеді. С витамині жас жемістер, көкөністер, аскөк (укроп), әшкөк, цитрустардың құрамында болады. Әсіресе итмұрын, ұшқат, лимон, қара бүлдірген, аскөк, көк пияз С витаминіне өте бай.
В витамині. Витамин жүйке жүйесінің қызметін реттеуге қатысады, тері, шаш, тырнақтың сау болуына, адамның еске сақтау қабілетіне де әсер етеді. Организмге В витамині жетіспеген жағдайда қозғалу қызметі нашарлайды, жүйке жүйесінің аурулары қозады, қан аздық байқалады. В тобындағы витаминдер бауыр, қара құмық (гречка) және сұлы жармалары, кебек, балық, жұмыртқа, ірімшік, теңіз өнімдерінің құрамында көп болады.
Д витамині сүйектердің дамуына және қаңқаның қалыптасуы үшін қажет. Екі жасқа дейінгі балалар Д витамині жетіспеген жағдайда «рахит» ауруына шалдығады. Д витамині адамның терісіне күн сәулесінің немесе жасанды ультракүлгін сәулелері әсерінен түзіледі. Ол балық майында және сүт өнімдерінде көп болады.
Е витамині – организмде оттегін тасымалдауға қатысады, улы заттарды залалсыздандырады, көбею процесіне қатысады. Ол өсімдік майы, соя, қара құмық (гречка) жармасы, жұмыртқа, жаңғақтың құрамында кездеседі.
(Р.Ә.Көзденова, Н.Қ.Сейтмамбетова. Медициналық валеология. «Бастау» ЖШС, Алматы,2004)
Грамматика
