- •Студенттердің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмыстары
- •Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.
- •Бақ материалдарын пайдаланып, мәтінді толықтырыңыз.
- •Тоғызқұмалақ
- •4. Диалогтарды рөлдерге бөліп оқыңыз:
- •1. Ой шақыру сұрақтарына жауап беріңіз.
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •3. Жоғарыдағы сөздермен сөз тіркестерін құраңыз
- •Мұқан Төлебаев
- •Мәтін бойынша сөйлемдерді қостамаңыз немесе растаңыз
- •6. Мәтінді пайдаланып, сөздердің өз орнын табыңыз
4. Диалогтарды рөлдерге бөліп оқыңыз:
Дәрігерде:
- Сәлеметсіз бе? Кіруге бола ма?
- Сәлемет пе? Кіріңіз, отырыңыз. Қай жеріңіз ауырады?
- Басым ауырып, дене қызуым көтеріліп тұр.
- Үйде өлшедіңіз бе? Неше градус?
- 38 градус болған.
- Қашаннан бері ауырдыңыз?
- Кеше кешке, тынысым тарылып, басым ауыра бастады. Түнімен дәрі іштім, таңертең жұмысқа бара алмадым, Сізге келдім.
- Келгеніңіз жақсы болды. Жөтеліңіз бар ма?
- Жоқ. Бірақ біраз әлсізденіп тұрмын.
- Жарайды, қазір Сізді тыңдаймыз. Дене қызуыңызды өлшейміз.
Енді тамағыңызды көрейін. Аузыңызды ашып, тіліңізді шығарыңыз. Жақсы. Сізге біраз суық тиіпті. Бірақ емделу керек. Әйтпесе қатты тұмауранып қаласыз. Мен Сізге қазір рецепт жазып беремін. Үйде емделесіз. Екі күннен кейін қайта келесіз. Түсіндіңіз бе?
- Иә, рақмет Сізге.
- Сау болыңыз.
Сабақта:
- Айгүл, сіз бүгін неге көңілсізсіз? Бір жеріңіз ауырып тұрған сияқты ғой.
- Иә, мен ауырып қалған сияқтымын. Таңертеңнен бері тынысым тарылып, басым ауырып тұр.
- Тұмау емес пе?
- Білмеймін. Кеше достарыммен бірге волейбол ойнағанмын. Ойыннан кейін кафеде суық шырын ішіп, балмұздақ жегенмін. Тамағыма суық тиген сияқты.
- Дене қызуыңызды өлшедіңіз бе?
- Таңертең өлшегенде әдеттегідей болатын, ал қазір біресе тоңып, біресе ыстықтап тұрмын.
- Тұмауға ұқсайды. Дауысыңыз да қарлыққан.
- Тамағым сөйлегенде ауырады.
- Жөтеліңіз бар ма?
- Анда-санда аздап жөтелемін.
- Ем жасадыңыз ба?
- Әлі ешқандай ем жасаған жоқпын. Таңертең тіпті шай да іше алмадым. Сондықтан болар қазір әлсізденіп тұрмын.
- Айгүл, тамағыңызды көрейін. Аузыңызды ашып, тіліңізді шығарыңыз. Расында, сіздің тамағыңыз қызарып тұр.
- Меніңше, сіз үйіңізге барып, балмен сүт ішіп, жылы киініп, төсекке жатуыңыз керек.
- Көк шай да жақсы көмектеседі. Дегенмен, дәрігер шақыруды ұмытпаңыз. Дәрігер өкпеңізді тыңдап, ем жазып береді. Мүмкін сізге дәрі ішу қажет болар.
- Айгүл, уайымдамаңыз. Жассыз ғой! Екі-үш күн үйде жатып емделсеңіз, тез жазылып кетесіз. Дәрі керек болса, бізге телефон соғыңыз. Кешке жұмыстан кейін дәріханадан алып, әкеп береміз.
- Барлығыңызға рақмет! Сіздерді мазалағаныма кешірім сұраймын.
- Ештеңе етпейді. Тез жазылып кетуіңізге тілектеспіз.
- Рақмет. Сау болыңыздар.
10-апта
Парасаттылық – кісі кемелділігі.
Сын есім. Оның шырайлары.
Парасаттылық – кісі кемелділігі.
Тапсырмалар:
Сөздік
Парасатты – смышленный, умный
Жан-жақты – всесторонне
Іздену – искать
Шұғылдану – заниматься
Ұлттық тәрбие – национальное воспитание
Қарыз, парыз – долг
Бітім-кескіні – обли
өзекті – актуальный
мәселе – проблема
іштей сезіну – внутренне чувствовать
сана – сознание
сілкініс – встряхивание
сіңіру – впитывать
Тапсырма: Жоғарыда берілген сөздікті пайдалана отырып, парасаттылық жөнінде сұхбат құрыңыз.
Тапсырма: Төмендегі мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
Ұлттық отбасы тәрбиесі
Әрбір отбасының қалыптасқан әдет-ғұрып, ата дәстүрі болады. Сонымен бірге жалпы қазақ отбасына ортақ дәстүрлер де бар. Олар мыналар: жасы кішілер үлкендердің атын атамай, ата, әже, әке, аға, көке деп сыпайы қарым-қатынас жасауы, сондай-ақ кіші үлкендердің, әсіресе, қариялардың алдын кесіп өтпеуі, отбасы мүшелерінің бірін-бірі ренжітпеуі, үлкеннің тілін кішінің алуы, елгезек, тіл алғыш, қолғанат болуы. Ал үлкендердің өздерінен кішілерге қамқоршы, ақылшы болуы, еңбекті үй ішінде бірлесіп істеуі болып табылады.
11-апта
Мінез және келбет. Сын есім.
4. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді санамалап көріңіз және айтқаныңызды мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
5. Өз бойыңыздағы жаман қасиеттерді қалай мойындайсыз?
6. Мәтіндегі мына жолдарға өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
«Қоғамдық жұмыстарға қабілеті аз, білімі мен талабы жоқ, бірақ қалталылар мен сүйеніші мықтылар көздеген мақсаттарына, аңсаған армандарына жетіп жатыр. Мұндай атаққұмарлық мен мансапқорлық адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың қалыптасуына кері әсер етіп және қоғамның ілгері басуына кедергі келтіреді».
7. Адам бойындағы жағымды қасиеттерді оң бағанға, жағымсыз қасиеттерді сол бағанға жазып шығыңыз.
Жағымсыз қасиеттер |
Жағымды қасиеттер |
1. |
1. |
2. |
2. |
3. |
3. |
4. |
4. |
5. |
5. |
6. |
6. |
7. |
7. |
8. |
8. |
9. |
9. |
Тапсырмалар
1) Мінезді сипаттайтын сөздерді теріп жазыңыз.
2) Сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрастырыңыз.
Еркек шора, еркек балаша, еркіндеу мінез, өр мінез, дүние малы, отау үй.
3) Қатыстық сын есімді пайдаланып, өз мінездеріңізді сипаттаңыз.
4) Сангвиник, холерик, меланхолик, флегматик темпераменттерін қазақ тілінде суреттеңіз.
12-апта
