- •Бірінші тақырып әлеуметтану - ғылым
- •1. Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
- •2. Әлеуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
- •3. Әлеуметтік ұғымы. Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары
- •4. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны
- •Екінші тақырып дүниежүзілік әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең (XIX ғасыр-хх гасырдың басы)
- •1. Огюст Конт — позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
- •2. Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
- •3. Маркстік әлеуметтанудын негізгі ілімдері
- •4. Э. Дюркгейм мен м. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
- •Үшінші тақырып әлеуметтану жөніндегі ойдың ресейде дамуы (XIX ғасырдың екінші жартысы —XX ғасыр)
- •1. Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар (XIX гасырдың екінші жартысы)
- •2. XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
- •Төртшші тақырып қазақстанда әлеуметтану ой-пікірінің дамуы (XIX ғасыр—XX ғасырдың бірінші жартысы)
- •1. Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
- •2. Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
- •3. Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
- •4. А. Байтұрсынов пен ә. Бөкейхановтың
- •2. XX гасырдың 70-жыддарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
- •1.Қогамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары
- •2. Қоғамның типтері, белгілері және даму заңдары
- •3. Қоғамдык прогресс өлшемдері және қарама-қайшылықтар. Қоғамның кызметі
- •2. Әлеуметтік мобильдік. Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының мәселелері
- •2. Ұлттық-этникалық қатынастар
- •3. Қазіргі жағдайдағы ұлт мәселелері
- •2. Отбасы құрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
- •2. Тұлганың әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
- •3. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
- •2. Саяси қатынастар, мүдделер, процестер мен институттар
- •3. Қоғамныц саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элементтері, функциялары мен формалары
- •2. Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
- •Он үшінші тақырып ұйым және басқару әлеуметтануы
- •1. Ұйымның пайда болуы және оның құрылымы
- •2. Үйымның тыныс-тіршілігі мен типтері
- •3. Әлеуметтік басқарудың мазмұны,
- •2. Әлеуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
- •Мазмұны
3. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Әлеуметтануда ен алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылымды индивидуалдықтан жоғары тұрған тұлға қызықтарады. Ол қоғам мен адамның өзара ықпалдасуының салдары ретінде түсіндіріледі. Сондықтан тұлға әлеуметтануының бірден-бір негізгі проблемасына әлеуметтену процесін зерттеу жатады, яғни адам қалайша, неге байланысты қызмет етуші қоғамдық субъект ретінде қалыптасады деген ауқымды мәселелерді зерттейді. XX ғасырда әлеуметтанушылар мен этнографтар жүргізген көптеген салыстырмалы зерттеулер тек әлеуметтік дағды-дәстүр, салт қана емес, сонымен қатар қызу қандылық және әйелдер мен еркектердің мінез-құлық ерекшеліктері әлеуметтендірудің жемісі болып табылатынын көрсетті. Мысалы, маскулдық (батылдык) және фенеминдік (биязылық) ұзақ уақыт бойы "табиғи", яғни табиғи-биологиялық жағдай себепші болған сапа деп саналып келді (қатал, күшті еркек және биязы, нәзік, адал әйел). Мысалы, маскулдық (батылдық) пен фенеминдік (биязылық) сапаның "табиғи" еместігі, яғни табиғи-биологиялық жағдай (қатал, күшті еркек, биязы, нәзік, адал әйел) себепші болған сапа еместігі анықталды. Бұған дейін аталған сапалар адам бойындағы табиғи сапалар ретінде танылып келді. Бұл сапалар қайсыбір қоғамдағы еркектер мен әйелдердің тұрмыс-тіршілігінде елеулі маңызға ие болған. Мысалы, Африканың бір тайпасында еркекгер мен әйелдердің міндеттері керісінше бөлінген: әйел белсенді қызметтер атқарады, қарапайым өндіріспен айналысады және отбасының асыраушысы болып саналады, ал ер адамдар жеңіл, қосалқы жұмыстарды орындайды: киім тігеді, зергерлік бұйымдар жасайды, үйді жинап-сыпырады, енжар және әйелдерге бағынышты жағдайда болады.
Әлеуметтендіру (социализация) терминінің пайда болу тарихына келетін болсақ, ең алдымен мына жағдайды айта кеткен жөн: алғашында термин неміс тілінен ағылшын тіліне қате аударылған. Соған қарамастан бұл жаңа сөз сақталды және классикалық әлеуметтану мәселелерін қамтиған ұгымға айналды. "Әлеуметтену" ұғымы дәстүрлі "білім" және "тәрбие" ұғымдарымен салыстырғанда кең ауқымды, терең мағыналы ұғым. Білім белгілі бір білім жиынтығын беруді көздейді. Тәрбие мақсатты, саналы түрде жоспарланған әрекеттер жүйесі ретінде түсіндіріледі, оның мақсаты — балада белгілі бір тұлғалық сапаларды және мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Әлеуметтендіру өзіне білім беруді де және тәрбиені де қосып алады, сонымен қатар тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін ешкім жоспарламаған тосын жағдайларды да, стихиялық жиынтығын да, әлеуметтік топтарға индивидтердің ену процесін де қамтиды.
Тұлғаның әлеуметтенуі топтық тәжірибенің негізінде іске асады. Шағын және ірі әлеуметтік топтардағы адамдардың әлеуметтік өзара әрекетінің нәтижесінде адам қоғамда жинақталған білім мен тәжірибені, ол қалыптастырған құңдылықтар мен нормаларды менгереді. Бұл кез-келген қалыпты тұлға бейнесінің іргетасын және сонымен қатар әлеуметтік топтардың, бүкіл қоғамның бірлігі мен тұтастығын құрайды. Бірақ әлеуметтену процесінде әрбір жеке тұлғаның қайталанбайтын даралығы мен бірегейлігін айқындайтын индивидуалдық тәжірибенің рөлін ескермеуге болмайды. Тұлғаның әлеуметтенуге екі бірдей абсолюттік процесс болған емес және болмайды да, сондықтан екі бірдей абсолютті тұлға да болған емес және болмайды. Бір отбасында тәрбиеленген балалар мен егіздердің міндетті түрде сыртқы ерекше айырмашылығы болады, оның себебі де түсінікті, өйткені ол әлеуметтендіру тәжірибесіндегі индивидуалдық өзгешеліктермен ғана анықталып қоймайды.
Әлеуметтендірудің қандай механизмдері бар? Бұл процеске ең алдымен екі жақ әлеуметтендірудің объектісі және субъектісі қатысады. Әлеуметтендірудің объектісі бұл процестің кімге бағытталуы, ягни жеке адамдар немесе адам топтары. Әлеуметтендірудің субъектісі — бұл осы процесті жүзеге асырушы, яғни жеке тұлға, әлеуметтік топ, әлеуметтік құрылым немесе ұйым, бұларды кейде әлеуметтендіру агенттері деп те атайды.
Әлеуметтендіру — ауқымды және күрделі процесс. Ол өзінің та-биғатынан әлеуметтік орта мен байланысты, әлеуметтік объектісі және субъектісі тұрақты, адамның (адам топтарының) үздіксіз және қарқынды өзара әрекеті. Сол бір ғана адам (мысалы, әке) бір байланыста (балаларымен қатынаста) субъект ретінде, әлеуметтендіру агенті ретінде көрінеді, ал келесі жағдайда (әлеуметтік топқа қатынасына қарай) ол әлеуметтендірудің объектісі ретінде көрінеді. Екінші жағынан алғанда, қайсыбір өзара әрекет шеңберіңде әлеуметтену субъектісі әлеуметтенудің объектісіне ықпал жасап қана қоймайды, сонымен қатар субъекті объекті тарапынан кері әсерді де сезінеді. Мысалы, ата-аналар балаларды тәрбиелеу процесінде балаларға шешуші ықпал жасай отырып, өз кезегінде, тәрбиеленушілердің тарапынан тәрбиеге белгілі бір кері әсерді де байқайды.
Әлеуметтендіруді бірінші және екінші әлеуметтендіру деп бөледі. Бірінші әлеуметтендіру адамға өзін тікелей қоршаған ортаның, алғашқы әлеуметтік топтардың: отбасының, туған-туыстардың, достардың, құрдастардың, оқу және еңбек ұжымдарының, тәрбиешілердің, ұстаздардың, оқудағы, қызметтегі, жұмыстағы тікелей басшылардың және т.б. тікелей ықпал жасауымен байланысты. Тұлғаның алғаш қалыптасуы мен дамуында бірінші әлеуметтендірудің рөлі аса зор. Екінші әлеуметтендіруді екінші қатардағы әлеуметтік топтар (шағын немесе ірі), құрылымдар мен ұйымдар және мекемелер тікелей және жалпы формада, көбінесе бір-екі бағытта жүзеге асырады. Мұндағы қатынастар көбіне институционалдық сипат алады. Екінші әлеуметтендірудің агенттері мемлекеттен оның органдарының (әскер, полиция, сот, прокуратура, т.б.), кәсіпорындардың, жоғары оқу орындарының, мектептердің, балабақшаларының, радио, теледидар, баспасөз және т.б. басшылары және ресми өкілдері болып табылады. Екінші әлеуметтеңдіру жасы кемеліне келген, есейген шақта өте манызды. Бұл тұста адамның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі негізінен анықталады, енді соларды жүзеге асыруға және ішінара өзгерістер жасауға көніл аударылады. Әлеуметтендірудің бірінші және екінші агенттерінің қызметін өзара байланыстыру мен үйлестіруді қамтамасыз ету аса маңызды.
Адам өмірінің әр түрлі кезендерінде әлеуметнендірудің өзіндік мәнді ерекшеліктері болады. Осыған байланысты әлеуметтендіру процесі өз ерекшелігі бар бірнеше сатыдан: балалық, жасөспірім, есейген, қартайған шақтан тұрады. Әлеуметтендіру процесі балалық және жастық шақта пәрменді әрі қарқынды жүреді.
Әлеуметтендірудің бастапқы сатысында балаларды ересектер алемін-дегі өмірге бейімдеу іске асырылады. Бұл жерде басты рөлді әлеуметтендірудің бірінші агенттері саналатын ата-аналар атқарады. Осы сатыда ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынастар олардың бір-біріне деген жақыңдық, жауапкершілік, ыстық ықылас сезімімен сипатталады, бұл әлеуметтендірудің келесі сатысына шешуші ықпал жасайды. Бұл кезеңде бала ойлау және танымдық дағдыларды меңгереді, күрделі тәртіп ережесінің жүйелерін игереді, мәдени құндылықтар мен нормалардың үлгісімен таныса бастайды, бұлардың мәнін және мазмұнын жақсы түсіне қоймаса да, оларды қолдануға ұмтылады.
Балалық сатыдағы әлеуметтендіру тәсілдері мен құралдары онша-лықты көп емес. Соның бірі — имитация. Мұнда бала саналы түрде белгілі бір мінез-құлық дағдысын үлгі тұтынып, көшіріп алуға ұмтылады. Тақылеттендіру балалардың ата-аналардың мінез-құлық тәртібін, әлеуметтік мақсаттар мен құндылықтарды өздерінікі іспетті меңгеру тәсілі ретінде қарастырылады. Сөз болып отырған екі тәсіл әлеуметтендірудің жағымды тетіктері болып табылады. Ал әлеуметтендірудің теріс көріністері: тыйым салатын немесе белгілі бір тәртіпке астамшылық жасайтын ұят істер (сыртқы жағдай әсерінің нәтижесі ретінде) және кінәсін сезіну (іштей күйзелу) жатады.
Балалық кезеңде әлеуметтендіру агенттерінің саны ғана артып қой-майды, сонымен бірге олардың қызметінің мазмұны мен бағдарламалары да түбегейлі өзгеріп, күрделене түседі. Ата-аналарымен қатар, тұлғаны әлеуметтендіруге балалардың мектепке дейінгі тәрбие орындары, мектеп, балалар бағдарламалары, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. барған сайын үлкен үлес қосады.
Жасөспірім кезеңге (13—19 жас), яғни "күрделі", "өтпелі", "қиын", "түбегейлі", "тұрақсыз"деп саналатын өмір кезеңінде жасөспірімдер мен жас адамдар біршама кең білім алады, өзінің тұлғалық іргетасын қалауды және дүниетанымын қалыптастыруды аяқтайды, өзінің өмірдегі орны мен рөлін жақын адамдары арқылы негізінен пайымдайтын болады. Бұл кезеңдегі әлеуметтендірудің бірнеше ерекшеліктері бар. Бұл — параллелді құндылықтар мен дүниеге көзқарас жүйесінің қатар пайда болуы, бұлар жас адамға әлеуметтендірудің әр түрлі агенттерінен — ата-аналардан, мектептен, құрбы-құрдастардан беріледі. Олар әлеуметтік дүниені әр түрлі түсінеді, бұл жасөспірімнің әлеуметтенуін қиындатады. Бұл жерде шындығында жас адамға қажеттіден гөрі жарқын, сезімге және символға толы іс-әрекеттер тиімді әсер етеді. Мұндай жағдай жастардан адамгершілік бағалары мен бағдарларды тұрақты ізденуді талап етеді, өйткені сезімдік жағдай тұрақсыз және ұзаққа бармайды. Нәтижесінде жасөспірім толқиды, өзіне сенімсіздік пайда болады, ақырында қателікке ұрынады. Бұған ата-аналар мен мектептің орынсыз шектеулері қосылады, мұндай шектеулер жақсы нәтиже бере бермейді. Ең соңында әлеуметтанушылар әлеуметтендіру сатысының жасөспірімдерге тән тағы да бір ерекшелігін атап көрсетіп жүр. Олардың пікірінше, осы сатыда жасөспірімдер белгілі бір әлеуметтік мэртебеге ие болуға және өзінің әлеуметтік рөлін атқаруға ұмтылады. Бірақ қоғамда бұл ұстанымдарды экономикалық жағынан тәуелсіз адамдар ғана берік және тұрақты ұстай алады, ал тым "ерте есею" көптеген жас адамдар үшін қайғылы аяқталады, әлеуметтанушылардың сөзімен айтқанда, әлеуметтендірудің табиғи процесі бұзылады, бұл олардың алдағы өміріне қатер төндіреді.
Тұлға кемел жасқа жетіп, есейген шағында оның белсенділігі артады, мұны әркім өз қалауынша, жеке өміріне және сыртқы жағдайларға сәйкестендіре бастайды, индивид экономикалық, әлеуметтік және моральдық-психологиялық тұрғыдан тәуелсіздік алады, саяси жағынан пісіп-жетіледі. Бұл өзін өмір сүруіне қажетті заттармен қамтамасыз ету қабілетінен көрінеді және өзгелерден тәуелсіз, өз табысымен тапқан материалдық игіліктерді пайдаланудан, өз бетінше өмір салтын құрудан, ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруден, некеге отырудан, заң алдында жауапкершілікті болудан, сайлауға қатысудан және т.б. байқалады. Бұл сатының биік белесі — адамның зейнетке шығуы, ол белгілі бір жасқа жетуіне байланысты бірнеше мәртебелерін жоғалтады және атқарып келген бірнеше рөлдерін тоқтатады.
Әлеуметтендірудің осы сатысында ең бастысы — тұлғаның әлеуметтік мәртебелер мен әлеуметтік рөлдерді ала білуі және меңгеруі, оларды белсенді түрде жүзеге асыруы. Мұның негізі бүкіл әлеуметтік өмірді қамтитын қоғамдық еңбек бөлінісінде жатыр, ол негізгі төрт түрден, атап айтқанда: жас-жыныстық, кәсіби, экономикалық және саяси еңбек бөлінісінен байқалады. Осыған сәйкес қоғамның өзіндік қаңқасын құрайтын, бүкіл әлеуметтік өмірді қатаң детерминдіретін әлеуметтік құрылым қалыптасады. Есейген тұлға нақты өмірдің сан алуан қажеттілігі туғызатын әлеуметтендіру процесінде өзінің мәртебесі мен рөлін қабылдау немесе оларды өзгерту арқылы әлеуметтік құрылымның қайсыбір түріне енеді.
Әлеуметтендіру адамның ер жетіп, есейген шағында әдетте аса өрлеу жағдайында жүреді, тұлға жоғары әлеуметтік мәртебеге қол жеткізіп, соған сәйкес әлеуметтік рөл атқарады. Бірақ бұл жолда сәттілік пен сәтсіздіктер, бұрылыстар, кедергілер, дағдарыстар болады, тіптен адамдардың кінәсінен болашаққа деп құрылған жоспарлар, сенім мен үміт атаулы тас-талқан болады. Әдетте бұл — адам өмірінде болатын өзгерістерге, оны қайта бағамдап, бағалауға, өмірлік жоспарлар құру мен болашақты анықтау жолында кездесетін өзгерістерге байланысты. Осыдан қайта әлеуметтендіру қажеттігі туындайды. Қайта әлеуметтендіру - бұл тұлғаның бұрыңғылардың баршасынан бас тартып, жаңа білімді, құндылықтарды, рөлдерді, дағдыларды меңгеру процесі. Кейде бұл процесс өмірдің әр кезеңінде де орын алады. Мысалы, мәдениеттің қайсыбір элементтері ескіргенде, тұлғаның және бүкіл қоғам өмірі маңызды өзгеріске түскенде қайта әлеуметтендіру жүзеге асып отырады. Бірақ бұл көбінесе есейген шақтағы әлеуметтендіруге тән. Қоғамға көзқарастың тиянақты түрде өзгеруі, маман адамдардың кәсіби қайта даярлықтардан өтуі немесе жаңа көзқарас пайда болуы және психотерапиялық ықпал ету әдісімен айналысатын адамдардың ұстанған қағидалары мен тәртібінің өзгеруі қайта әлеуметтендірудің айқын мысалы бола алады.
Адам қартайғанда, яғни әлеуметтендіру процесінің аяқталар кезеңінде олардың жасынын ұлғаюына және зейнеткерлікке шығуына, сонымен бірге адамдардың күш-қайраты мейлінше қайтып, қауқарсыз күйге түсуі мен психикалық мүмкіндіктерінің төмендеуіне байланысты әлеуметтендіру өзінің ауқымы мен қарқынын күрт төмендетіп қана қоймайды, сондай-ақ ол енжар формаға айналады. Бұл олардың негізінен алғанда жаңа жағдайға қалай бейімделе бастағанынан айқын көрінеді. Ең алдымен егде тартқан адамдар өздерінің күш-қуатын, білімін, тәжірибесін бұрыңғы деңгейде қолданудың мүмкіндіктерін іздестіруге тырысады және басқа да мүмкіндіктерін сарқа пайдалану арқылы қоғамға қызмет етуді жалғастыра бергісі келеді.
Зейнеткерлікке шығуларына байланысты егде адамдардың әлеуметтік мәртебелері күрт төмендейді және әлеуметтік тұрғыдағы рөлдерінің шеңбері де тарыла түседі. Денсаулықтарының нашарлауы және т.б. сипаттарға енді достары мен жолдастарының күрт азаюы секілді екінші бір ауыртпалық келіп қосылады. Осыдан барып ол тіптен жалғыздыққа да ұшырайды, сөйтіп, қарт адамның қызметі үй шаруашылығымен айналысудан, бау-бақша мен көкөніс өсіруді ермек етуден аспай қалады. Адамдар, әсіресе жалғыз қалғандар, мұндай жағдайда қатты торығады. Әлбетте, бұл жастағы адамдардың өмірі қуаныштан гөрі реніштерге толы болады. Сонымен қатар, зейнетке шыққан карт адамдардың әлеуметтік рөлі де көбіне-көп нақты анықталмайды. Бұл осы кезеңге тап болғандардың әлеуметтендіру жағдайының тағы да бір ерекшелігі болып табылады.
Тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын зерттегенде бірнеше күрделі теориялық мәселелерге ұшырады, оларды шешпейінше қазіргі ғылыми өлшемдер мен практиканың қажеттіліктеріне жауап беретін тұлға тұжырымдамасын құру мүмкін емес. Осындай проблемалардың қатарына тұлғаның әлеуметтік құрылымы жатады.
Күрделі құбылыстардың құрылымы, олардың қатарына сөзсіз адами тұлға жатады, әр түрлі элементтердің жиынтығы, иерархиясы және белгілі бір өзара әрекеттері болып көрінеді. Кез-келген құрылым белгілі бір тұрақтылықты игерген, сонымен бірге әр түрлі өзгерістерге түсуге де икемді — прогрессивтік, регрессивтік — тіптен ыдырағанға дейінгі өзгерістерді қамти да алады. Оны де құрылымдық деген ұғыммен сипаттайды. Тұлға құрылымындағы де құрылымдық құбылыстар алуан түрлі ауытқушылықтарға әкеп соқтыра-ды, мұндай ауытқушылықтарды девианттық мінез-құлық деп атайды. Тұлға алғаш рет биогендік, психогендік және социогендік компоненттердің құрылымдық тұтастығы ретінде қарастырышуы мүмкін. Бұл биология, психология және әлеуметтану зерттейтін тұлғаның биологиялық, психологиялық және әлеуметтанымдық құрылымын бөлу үшін негіз болады. Тұлғаның биологиялық құрылымын, әлбетте, әлеуметтанудың ескермеуі мүмкін емес, ол тек осы құрылымды деформациялаушы тұрғысынан ескеріледі. Өйткені мұндай жағдайда адамдар арасындағы нормальды өзара әрекет бұзылады. Ауру немесе кемтар адам дені сау адам орындайтын барлық әлеуметтік функцияларды атқара алмайды. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы көбіне-көп оның көңіл-күйі, қасіреті, талаптары, есі, қабілеті және т.б. жиынтығынан тұратын психологиялық құрылымымен байланысқан. Бұл жерде әр түрлі ауытқушылықтармен қатар индивидтің нормальды психологиялық әрекеті де маңызды. Алайда, тұлғаның әлеуметтік құрылымын психикалық, субъективтік сапалардың жиынтығынан тұрады деп қарау жеткіліксіз. Сондықтан тұлғаның әлеуметтік құрылымын анықтауда істі тек субъективтік жағына апаруга болмайды. Тұлғадағы ең басты нәрсе — оның әлеуметтік сапасы.
Тұлғаның әлеуметтік құрылымы индивид кірген қауымдастық пен бірлестіктің ықпал етуімен оның алуан түрлі қызметі процесінде қалыптасатын және өмір сүретін объективтік және субъективтік әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығынан тұрады. Осыдан келіп тұлғаның әлеуметтік құрылымының маңызды сипаттамасы болып өз қайраткерлігі ретінде және басқа адамдармен өзара әрекеті ретінде түсіндірілетін оның қызметі саналады. Тұлғаның құрылымын талдау, оның қызметінің формаларына сараптама жасамайынша, іске аспайды. Тұлғаның әлеуметтік құрылымының көптеген элементтері бар. Оның біріншісі, өмір салтынан және еңбек, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, отбасы-тұрмыстық сияқты қызмет түрлерінен көрініс табатын әлеуметтік сапалары қызметін жүзеге асыру тәсілдері. Бұл жерде еңбек тұлғаның әлеуметтік құрылымынан басқа элементтерін анықтайтын ең басты, мәнді буыны болып саналады. Екіншісі, тұлғаның объективтік әлеуметтік қажеттіліктері. Тұлға — қоғамның орғаникалық бөлігі, сондықтан оның әлеуметтік құрылымының негізіне қоғамдык қажеттілік жатады. Үшіншісі, шығармашылық қызметке қабілеттілігі, білімі, дағдылары. Қалыптасқан тұлғаны индивңдтен шығармашылық қабілетгері ерекшелейді. Төртіншісі, қоғамның модени қүндықтарын меңгеру дәрежесі, яғни түлғаның рухани дүниесі. Бесіншісі, түлғаның өмірде басшылыққа алатын адамгершілік нормалары мен принциптері. Алтыншы элементі, ол сенім. Ол адамның мінез-қүлқының басты бағытын анықтайтын ең тереңдегі принцип болып саналады. Бүкіл осы қүрылымдық элементтер қайсыбір дәрежеде әрбір тұлғаға қатысты болады. Өйткені орбір түлға қоғамдық өмірге катысады, білімді меңгереді, оларды басшылыққа алады. Тұлғаның олеуметтік қүрылымы әрдайым өзгеріске түсіп түрады. Себебі оны қоршаған әлеумеггік орта — туыстары, достары, таныстары, қоғам және т.б. өзгеріп отырады. Түлға жаңа акпарат, жаңа білім алады. Бүл білімдер сенімге айналады. Ал өз кезегінде сенім адам қылықтарының сипатын анықтайтын болады. Осыдан әлеуметтендірудін коғам талаптарына сәйкес түлғаның әлеуметтік күрылымын өзгертуші ретіидегі түсінігі шығады.
Әрбір қоғам мүддесін, үстанған қағидаларын жүзеге асыруға күш-жігерін, бүкіл білімі мен тожірибесін жүмылдыратын жақсы түлғаның болуын қалайды. Сондықтан да әлеуметтік сипаттың дүрыс қалыптасуына сол қоғам оз талаптарын қояды. Бүл максат күнделікті өмірде білім беру мен тәрбие жүйесі, бүқаралық акпарат құралдары, т.б. арқылы жүзеге асады. Түлғаны қалыптастыру процесі — орі қиын, әрі узақ мерзімге созылатын процесс. Солай дегенмен де, объективтік жағдай бірдей болғанымен, әр түрлі субъективтік жағдайлардың қалыптасуына орай, яғни соларға баға беру катынастарының салдарынан әр түрлі типтегі түлғалардың қалыптасуы да мүмкін.
Жеке түлғалардың әлеуметтік тыныс-тіршілігін сан жағынан да бағалауға болады. Мәселен, адамдарды әлеуметтік белсенділігінің деңгейі мен сапалық жағынан бағалайтын болсақ, оның бойындағы бұл сипаттар мен кдсиеттер онын сипаты мен бағыты бойынша іске асады. Өйткені оның белсенділігі үнамды, пайдалы дүниелер жасау және және біддіру арқылы саналы және стихиялы, т.б. сипатта болуы мүмкін. Бүлардың қайсысы болса да, біріншіден, қоғамның әлеуметтік қүрылымына, екіншіден, қоғамның нормативті модениеті мен қүнды бағыт-бағдарына, соның ішінде ол кандай болуы керек немесе болмауы қажет деген түсінік шеңберінде адамньщ нормативтік кағидасына, үшіншіден, жекелеген түлғалардың ойлау стилі мен өзіндік санасына тәуелді болып келеді.
Түлғаның әлеуметтік типі дегеніміз — адамдардъщ тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алғанда түрмыс қүру, тіршілік ету жағдайларының күрделі жиынтығының жемісі. Әлеу-неттануда түлғаны әлеуметтік түрге бөлудің әр түрлі варианттары үсынылған. Мысалы, М. Вебер түрге бөлудін негізіне әлеуметтік әрекеттің ерекшелігін, дәлірек айтқанда, оның үтымдық дәрежесін алса, К. Маркс формациялық және таптық үғымға осы тегін жат-қызған. Э. Фром болса орныққан мінез-қүлықты түлғаның әлеуметтік түрі, индивид пен социумның байланыс формасы деп қарайды.
Әлеуметтік мінез-қүлыктың түбегейлі калыптасуын Э. Фром әрбір тұлғаның қоғам талаптарына мейлінше тиімді бейімделуінде және қауіпсіздік пен өзін-өзі қорғаудағы сана-сезімін нығайтудың мүмкіндігінде деп бағалайды. Адамзат тарихын сараптаудың нәтижесінде Э. Фром әлеуметтік мінез-қүлықтың бірнеше типтерін: рецептік (енжар), қанаушылық, дүние жинаушылық жоне нарықтык деп түр-түрге бөледі.
Қазіргі әлеуметтану саласында түлғаларды олардың қүнды бағыт-бағдары мен қадір-қасиеттеріне байланысты болу кең түрде тарады. Олар: дәстүршілдер негізінен мынандай қүндылықтарды: міндетті, тәртіпті, жөнге салушылықты, занды қолдаушылықты ұстанса, ал креативтік болса: адамдардың өзін-өзі көрсету, өз бетімен жүру сиякты сапаларды басшылыққа алады. Мүндай мінез-қүлықтар ешкімге ұнамайды, оны орескел, өрмінезділікке үксатады; ал идеалистер, керісінше, дәстүрлік нормаларға, тәуелсіздікке бейім болады және басқа адамның беделін мансүк. етпейді, өзін-өзі ғана баскарады, басқаларға еліктеп алаңдамайды; фрустрировтік мінез-кұлыққа адамның озін өзгеден төмен бағалауы, көңіл-күйінің басыңқы болуы, озін өмір ағымынан тыс қалдым деп сезінуі жатады; реалистер озін-өзі ел алдында айрықша көрсетуді міндет санайды және халыққа деген жауапкершілік сезімін дамыта түсуге тытрысады, орынды скептицизмді өзін-өзі дәріптеу мен оз-өзіне бақылау жасау арқылы жүзеге асырады; гедонистік материалистер ең алдымен "осы жерде және дәл қазір" рахатқа кенелуте бағыт үстайды және бүл "өмір ләззәтінің" ізіне түсуғе тырысу қабілеті молшылық тілеуді канағаттандырудың формасына айналады.
Әлеуметтануда солармен қатар түлға типтерін модальдық, идеалдык және базистік деп ерекшелеу көзкарастары да қабылданған. Тұлғаның модальдық типі — қоғамда накты көпшіл болып корінгісі келетін, соған лайык. орындарда отырғандар. Тұлғаның идеалдық типі нақты жағдайға араласпайды, оған байланыспайды. Түлғаның бүл түрі болашақка тілек-үсыныс білдірумен шектелетін адамдар, мысалға алсак, олар К. Маркстің — жан-жакты дамыған тұлғасы немесе Э. Фромның жаңа адамы. Тұлғаның базистік тұр-тұлғасы қазіргі кезеңдегі қоғамдық дамудың қажеттіліктеріне барынша жауап бере алатындар. Баскаша айтар болсақ, түлғаның әлеуметтік типі — бүл адамның қүнды бағыт-бағдарына коғамдық жүйенің ықпал жасауының және сол арқылы оның нақты мінез-күлқына әсер етудін көрінісі болып саналады.
Батыс олеуметганушыларының зерттеулері көрсеткендей, қоғамдық өмірдің ор саласындағы бітім-болмыс пен ерекше іс-әрекеттер түлғаның белгілі бір сапалары мен мінез-күлык түрпаттарының қандай түрғыда көрінетінін айғақтайды. Мысалы, бүл сипаттар нарықтык. қатынастар прагматизмінің, қулық-сұмдықтың оріс алуына, өндіріс саласындағы эгоизмнің, мансапқорлықтың калыптасуына және еріксіз түрде кооперациялауға көшуге, ал отбасы саласында жоне жеке өмірде — көңіл-күй мен адамның ішкі сезіміне, т.б. ықпал етеді.
Сонымен қатар, әлеуметтануда осы айтылғандарға кереғар механизмдердің болатыны белгілі. Белгілі бір қоғамдық қатынастар үрдісінің пайда болуы мен дамуына түлғалық сапалардың ықпал ететіні анық. М. Вебер өз түжырымдамасында сана саласындағы өзгерістерді, күнды бағыт-бағдарларды қайта қүру және еңбекке деген көзқарасты жаңа түрғыда қалыптастыру капитализмнің пайда болуына серпіліс бергенін дәледдеді. Демек, белгілі бір жеке түлғаның бойындағы сапалардың кешені қайсыбір бағытта қоғамдык. дамуды тездете алады, керісінше, оның дамуына кедергі келтіруі немесе оны тіптен тоқтатуы да мүмкін.
Әлеуметтанушылар мен психологгар социалистік коғамда мейлінше түрақты түрде қалыптасқан бірнеше мінез-қүлық стереотиптерін, түлғалык комплекстерді айрыкша атап көрсетті. Бүл — "жаттанды шарасыздык", "ұзаққа созылган инфантилизм", екі мағыналык жоне кең колемді екі стандарттық практика, "паразиттік жаңашылдык".
Кез-келген түлға озінің әлсіздігі мен шарасыздығын психологиялық түрғыдан сезінсе — ол сол қоғамдағы күрылыстың занды түрдегі салдары болып саналады, өйткені мүндай қоғамда жеке адамның рөлі мүлде төмендетіледі. Тоталитарлық жағдайда немесе соған жақын сипаттағы өмірді қатаң бакылауға алатын және ондағы жағдайларды реттеп отыратын, өз мүддесіне орай үйлестіріп отыратын елде ерте ме, кеш пе, әйтеуір бүқараның шарасыздықкд ұшырайтыны анықталды. Бүл эффектінің мәні мынаған саяды. Адам қоғамдағы жағдайдың (ситуация) бақылаусыздыққа үшырағандығына әдденеше рет коз жеткізген соң, оқиғалардың барысын оз әрекетімен озгертуге мүмкін еместігін түсінеді де, оны жондеудің жолдарын ізденуден жалпы бас тартады. Сөйтіп, бас ию мен айтылғанды атқарушылық мінез-қүлықтың бөлінбес белгісіне айналады. Түлға өзіне сырттан ықпал еткісі, беделі арқылы әмірін жүргізгісі келетін билік күрылы-мының шешімінен тыс озі қабылдаған шешімге сүйенген кезде өзін-өзі еркін сезінеді. Бүған көнбеген жағдайда түлға тек қана олгілердің айтқанын орындаушы болудан бөтен жол таба алмайды.
Психотерапиялық жұмыстың тәжірибесі керсеткеніндей, оз шарасыздығын жиі сезінуі адамның жеке басына катысты жоне жалпы әлеуметтік жағдайды сипаттауымен ғана шектелмейді, онын сол жағдайды қалай және қай мағынада қабылдауына да катысты. Көлте-ген адамдар өз өміріне қатысты дүниені немесе соның тоңірегіндегі жағдайларды өзгерту мүмкіндігін дүрыс бағалай алмайды. Адам өмірде өзгерістер жасаудан өзі қашқақтауға тырысады, өйткені ондай өзгерістердің болашақта неге үрындыратынын коп адам накты болжап біле алмайды. Ол үшін мойнына жауапкершілік жүктеуі, ізденуі кажет.
Жагганды түрде шарасыздыққа үшырау эффектісі — пролонгиро-ванды инфантилизм (яғни үзаққа созылған балалық шак) деп аталатын түжырыммен де байланысты. Бүл ең алдымен жауапкершіліктен қорқу және одан ересек адамдардың өзін аластату, оны баска бір адамның иығына артуға тырысу секілді көріністерден байкалады.
Соның салдарынан адамдар өздерінің омір сүрулері, оны жақсарту жөніндегі талаптар мен олеуметтік жағымен қорғалу мақсатындағы сенімсіздіктерге үрынып, еиді тек өз күштеріне арқа сүйеуге тырысады, оның үстіне осы бағытта үкімет тарапынан бір көек болар деп, соған үмітгенеді. Бүл екі комплекстердің: халыктың жаттанды шара-сыздығы мен ұзаққа созылған инфантилизмнің келесі бір көрінісі — паразиттік жаңашылдық. Паразиттік жанашылдыққа мінез-қүлық-тың типі ретінде "мемлекетті алдаута және жүйені ақымақ етуге" тырысу жатады, яғни өзінін мақсатына жүйенің арқасында жетуді көздейді, оған қалайда жетеді. Мүндай тәртіп кезінде соған жұмсалған шығынды отеу немесе іске аспаған мүмкІндіктерді нақты немесе гипотетикалык түрғыда қайтару карастырылады. Бүл кезде халықты түрақты және заңсыз алдайтын өкіметтен "кек" алу жолы әлеуметтік әділеттікті калпына келтіру мақсатындағы қоғамның өзіндік тәсілі болып табылады.
Қазіргі ТМД елдеріндегі қоғамның жалпы сипаттамасы - күнды жоне практикалық қайта бағдарлауға кошу, яғни экономика саласында — жеке меншік формасындағы мемлекеттік жоспарлы шаруа-шылықтан нарықтық қатынастарға өту, саясат саласында — авторитаризмнен демократкяға, рухани салада — таптық қүндылықтардан жалпы адамзаттык қүндылыктарға көшу. Біздің өмір сүріп отырған кезенді өтпелі кезең дейді. Бүл әлеуметтік жүйенің ерекше тұрғыдағы және сапалы түрдегі өз бетінше өмір сүруге ұмтылу қалпы, олай дейтініміз — бүл кезең өмірлік қүбылыстардың түраксыздығы, дағдарыстары, баскарудың әлсіздігі, соны олеуметтік түрғыда реттеудің тиімділігінің төмендеуі, әр түрлі балама кұрылымдардың пайда болуы арқылы ерекшеленеді.
Мүдделердің арасындағы тепе-тендікті бүзу жеке түлғалардың әлеуметтік қорғалуы азайып барады деген сезімін қалыптастырады және мүндай бүзу түсында адамның үш реакциясы алдыңғы катарға шығады. Олардың біріншісі — вертикальды мобильдікке шығу мақсатындағы жеке түлғалардың бағыт-бағдарының енжарлығы, одан да өмірде тірі қалуға бағыт-бағдар үстаудың күшеюі. Екіншісі — топтық "эгоизм" деп аталатындарының артуы, яғни индивидуалдық мүддені топтык мүдде арқылы қорғауға талпынушылар, мүны олар кез-келген кұралдар мен тәсілдер арқылы іске асыруга тырысады: формаддык емес тосідцен оның ыкпалын күштеуге, қылмыска дейін шара қолданута барады. Үшіншісі - әлеуметтік салыстыруда сти-хиялық процестің күшеюі, соның нәтижесінде мінез-қүлыкдъщ ерекше агрессивті түрі пайда болады. Бүларды жүзеге асырушылар, яғни осы бағыттағылар жағдайының түбегейлі нашарлауын есепке ал-майды, керісінше, басқалардың жағдайын әділетсіз түрде жақсартуға ықпал етеді.
ТМД елдерінде жағдайлардың тез өзгеруі адамдардың алдына жаңа әрі тосын міндеттер қоюда. Мүндай міндетгерді шешуге қалыптасып отырған тәрбие жүйесі де, бүған дейінгі бүкіл өмір тәжірибесі де адамдарды дайындаған емес. Адамның осындай жағдайда жақсы омір сүруіне белгілі бір түлғалык белгілері мен мінез-қүлық, тортіп дағдылары ықиал етеді. Солардың арасынан ең алдымен іскерлікгі, адамның қуаттылығын, белсенділігін, бүрынғыға балама омір қалпын тандау кабілеттілігін және әрқилы оқиғалардың дамуына орай соған бейімделіп, алдын ала дайындалуын, когнитивтік плюрализмді, жауапкершілікті, профессионализмді және біліктілікті ерекше айтуға болады. Бұл белгілердің жарым-жартылай ғана қолданылуы бүрынғы жүйенің түрақты түрде дамуын қамтамасыз еггі және әлі де болса кездесіп отырған әлеуметтік бүрмалаушылықтарды тудырды.
Түлға әлеуметтануы арнайы элеуметтану теорияларының бір сала-сы ретінде түлғанын әлеуметтендірілуі мен калыптасуын, т.б. мәсе-лелерін зерттесе, саясат әлеуметтануы сол түлғалардын билік, саясат саласындағы қызметін қарастырады.
ОН БІРІНШІ ТАҚЫРЫП
САЯСАТ ӘЛЕУМЕТГАНУЫ
1. Саясат әлеуметтануының мәні, зандары, категориялары.
Саясат және саяси қызмет
Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жыл-дарында Батыс әлеуметтануында басталды, яғни негізі қаланған кезден бастап бүгінгі күнге дейін даму үстіндегі жас ғылым саласы болып саналады. Соған қарамастан саясат әлеуметтануының өз алды-на үғымдары, зандары, т.б. ғылым ретіндегі белгілері қалыптасты. Осы айтылғандардың танымдық маңызы зор болғандықтан саясат әлеуметтануының негізгі мәселелерін баяндаудың еш артықтығы жоқ шыгар деп ойлаймыз. Ең бастысы оның объектісін анықтаған жөн. Әлеуметтік-саяси қатынастар — саясат әлеуметтануының объектісі. Бүл катынастар таптар мен өзге де әлеуметтік топтар, этностар арасыңдағы, елдер — мемлекеттер, ұрпақтар, кәсіптік қүрылымдар, т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды.
Саясат әлеуметтануы әлеуметтік-саяси қатынастарға, санаға, мәдениетке, қызмет-әрекетке, олардың өмір сүруі мен өзгеруінің заңдарына байланысты бүкіл проблемалардың жиынтығьін терендете зерттейді. Қоғам өмірінің барлық саласындағы саяси қызмет пен саясат-қа талдау жасауға баса назар аударады'.
Мүнда "саясат әлеуметтануы", "саяси қатынастар әлеуметтануы", "саясат үғымы" үғымдары кеңінен қолданылады. Алайда, бүлардың ара жігі бүгінге дейін түбегейлі анықталған жоқ. Мысалы, АҚШ-та "саясат әлеуметгануы" үғымы аз пайдаланылады. Онда көбінесе сая-сат үғымы, саясаттану туралы жиі сөз болады. Батыс Еуропада, кері-сінше, "саясатгану" терминін сирек қолданып, "саясат әлеумеггануы" үғымына басымырақ маңыз береді.
Дегенмен, бүл екі ғылымның зерттеу объектілері бір болғанымен, карастыратын пәндері өзгеше. Зерттеу пәні түрғысынан алғанда, саясаттану негізінен саясат саласын, саясаттың бір түрін — "саяси саясатты", яғни мемлекеттік-әкімшілік билікті, оны жеңіп алу, үстап түру, қолдану аясына байланысты қатынастарды қарастырады. Ал саясат әлеуметтануы саясатгы қоғамнын өзге дербес салаларымен, яғни экономика, олеуметтік, саяси және рухани салаларымен байланыста зерттейді. Бүл ғылым саясатты әлеуметтік құрылымдарға және формалды емес олеуметтік жүйелерге, қоғамдык пікір мен тәртіпке, әлеуметтік-саяси процестердің бүкіл кешеніне, нормалар мен қатынастарға талдау жасау болашағымен, түлғалар мен шағын топтарды, олардың көптеген психологиялық және мәдени сипаттамаларын зерттеу түрғысынан қарастырады.
Саясат әлеуметтануынын пәніне — саясатпен тікелей байланысты қоғамның бүкіл саласы мен қүрылымының озара сабақтас заидары, әлеуметтік-саяси қажеттіліктер, мүдделер, түлғалардың қызметі, әлеуметгіктоптар, этностар, олардың үйымдары, козғалыстары, институттары жатады. Ғылым пәнін анықтау үшін зерггелінетін зандар мен категориялардың ерекшеліктерін айқындаудын да маңызы зор. Саясат әлеуметтануы бүгінгі өркениеттің ерекшеліктерін және оның қоғамдық жүйесінің коп түрлілігін ескере отырып, әлеуметтік-саяси қатынастардың өмір сүруі мен дамуының жалпыдүниежүзілік, жалпыадамзаттық заңдарын зерттеуте тиіс.
Осымен байланысты зандардың екі нүсқасын айтуға болады: әлеуметгік-саяси өмірдің өмір суру зандары. Бүған әлеуметтік-саяси өмірдің әрекет ету заңы, оны үйымдастыру тәсілдері саяды. Өмір сүру зандары әлеуметтік-саяси өмірдің әр түрлі элемештерінің, субъектілері мен объектілерінің байланыстарын, олардың өзара іс-кимылдарының мәнін ашады. Мысалы, биліктің үш тармаққа бөліну заңы, әр түрлі саяси күштердің келісімге келу заңы, ортақ мүдделерді жүзеге асыру заңы, т.б.
Даму заңы — бүл әлеуметгік-саяси емірдің бір күйден екінші күйге өту заңы, сапалық өзгерістер заңы. Бүлар әлеуметтік-саяси құбылыстар байланыстарының себебін ашады, езгерістердің бағыіын, факторлары мен формаларын аныктайды. Мысалы, саяси революция, саяси күрес, қоғамдық-саяси қозғалыс, тх.с.
Осы зандарға сәйкес саяси әлеуметтанудың категориялары да қалыптасады. Олар екі топка бөлінеді: І.Саяси омірдің омір сүру категориялары. Мысалы, саяси процесс, саяси қызмет, саяси мәдениет, билік жүйесі, партиялар, бейресми бірлестіктер, популизм, ереуілдер, т.с.с; 2. Даму категориялары. Мысалы, билік үшін күрес, реформа, жариялылық, көппікірлілік, саясаттандырылған тұлға және т.б.
Саясат үғымы саяси күбылыстар мен процестерді толык көрсетеді. Оған ең алдымен мемлекетке және оның барлык. деңгейіндегі жалпы саяси билігіне қатысты таптар мен басқа да әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар жатады. Саясаттың маңызды саласына ұлттық қатынастарды мемлекеттік реттеу жатады. Бүл көптеген қоғамдарда мемлекетгік қүрылыстың сипатына және мемлекеттік басқару түрін таңдауға себепші болады. Саясат саласына халыкаралық саясаттың негізгі мазмүнын күрайтын мемлекетаралык, қатынастарды реттеуде жатады. Аталмыш процестердің борі де жинақталып "саясат" үғымынан көрініс табады.
Саясаттың ортақ мәселесі таптар, өзге де әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастыктар, сондай-ак саяси билікке қатысты мемлекеттер арасындағы қатынастар болып табылады . Бұл қатынастар нақты құбылыс ретіңде саясаттың негізгі мазмұнын, оның өзегін құрайды, соның төңірегінде қоғамдағы жүріп жатқан сан алуан саяси процестердің элементтері топтасады, дамиды және бірін-бірі ауыстырады. Саясат ұғымы сол жағдайды (ситуацияны) бейнелейді, яғни саяси билікке қатысты әлеуметтік субъектілер арасындағы қатынастарды көрсетеді. Демек, саясат әлеуметтануы ең алдымен қоғамның нақты саяси өмірін зерттейтін саяси қатынастар әлеуметтануы болып табылады. Саяси қатынастар арқылы бүкіл саяси құбылыстардың байланыстары мен өзара әрекеттері қарастырылады.
Саяси билікті жеңіп алу немесе оны жүзеге асыруда кез-келген әлеуметтік субъектілер саясаттын субъектісі бола алады, сол субъектілер ішінде өзара қатынастарға түсетін таптар, саяси партиялар, жеке тұлғаларды бөліп айтуга болады. Өзара саяси қатынастарға түскен ұлттар мен тұтас халықтар, сондай-ақ мемлекет саясаттың субъектілері болып табылады.
Жоғарыда атап айтылғанындай, саясаттың негізгі мәселесі — саяси билік туралы мәселе. Соңғысы белгілі бір әлеуметтік күштердің өз саяси еріктерін басқа әлеуметтік күштерге және бүкіл қоғамға тану арқылы көрінеді. Мұны партиялық элитаның, яғни шағын топты партия басшылары мен олардың төңірегіндегілердің, сондай-ақ жеке партия көсемдерінің өз еріктерін бүкіл партияға таңатынынан жиі кездестіреміз. Бірақ саяси биліктің ең жоғарысы мемлекеттік билік болып табылады. Бұл жағдайда мемлекеттік билікті қолына жинаған әлеуметтік күштер өз еріктерін қалған қоғам мүшелеріне таңады, бұл істе мемлекеттік аппарат пен қоғамға ықпал ететін мемлекеттік тетіктерге, яғни идеологиядан бастап құқық пен әскерге сүйенеді. Мемлекеттік билік тетіктерін қолдана отырып, олар өздерінің экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани мүдделеріне қатысты кең ауқымды мәселелерді шешеді. Қоғамда өз саяси билігін нығайта отырып, олар өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын да нығайтады, өз жеке басының әлауқаты мен дамуы үшін жағдай жасайды. Билік үшін күрес, оны болу және оны нақты жүзеге асыру әр түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың, саяси билікке ие болган аппарат өкілдерінің, басқа да тұлғалардың саяси қызметінен көрініс табады. Олардың саяси қызметі сол қоғамда өмір сүріп отырған саяси құрылымдарды, азаматтық заңдар мен бостандықты, жалпы мемлекеттік құрылысты өзгертуте немесе нығайтуға бағытталган көптеген нақты саяси әрекеттерден тұрады. Бұл әрекеттер сол қоғамның баска субъектілеріне олардың бағытына қарсылық білдіру немесе үшінші субъектілердің кері әрекеттерін бейтараптандыру, не тежеу мақсатында да қолданылады. Кез-келген субъектінің саяси әрекеттерінде әрдайым сол әрекетті өзге субъектілердің қалай қабылдайтыны есепке алынады және бұл олардың саяси өзара іс-қимылдары ретінде көрінеді. Әрбір субъекті көбіне қайсыбір адамдардың үлкен әлеуметтік топтары немесе қауымдастығы, кейде бүкіл халық атынан өкілеттілік ете алады. Қалай дегенмен де, олардың саяси қызметі, әдетте, көпшілік бұқара халықтың мүддесін көздейтін болады. Саясатты миллиондардың ісі дейтіні де сондықтан. Саясат пен саяси қызмет саяси қатынастар мен процестерді қалыптастырады. Топтың, т.б. мүдделерін қорғайтын және жүзеге асыратын құрылымдарға негіз қалайды.
