Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-292 (1).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
174 Кб
Скачать
☆

Тапсырма №6

( Құлақ аурулары)

Науқас жарты жыл бойы шыдап жүрген сол құлақ қалқаншасының, әсіресе суға түскеннен кейін қышынуға, қыжылдың сезілуіне шағымданады. Дәрімен емдеу және физиотерапия әсер еткен жоқ.

Обьективті: Құлақ қалқанының түтігінің және сол жақ есту терісі гипперемирленген және инфильтрацияланған. Терінің сыртқы қабатында сары түсті жара, қабыршақтың ылғалды бөлігі көрінеді. Есту түтігінің оң жағындағы саңылауы кішкене тығыздалған.

Диагнозы қандай? Науқасты қалай емдеу керек?

Тапсырма№7

( Құлақ аурулары)

Науқастың кеше бас жуғаннан кейін кенеттен сол құлағының естуі төмендегеніне шағымданады. Құлағы бұрын ауырмаған.

Обьективті: Оң құлақ қалқанының терісі мен есту түтігі өзгермеген. Сыбырды оң құлағымен 3м, сол құлағымен 6м арақашықтықты естиді.

Диагнозы қандай? Науқасты қалай емдеу керек?

====================================================

Тапсырма №8

( Құлақ аурулары)

Ата анасымен дәрігерге келген 5 жасар бала бұршақпен ойнап отырып құлағына тығып алады.

Отоскопия кезінде: сол жақ құлақ қалқанының терісі өзгермеген. Есту түтігінің сыртқы бөлігінде беті тегіс жат дене табылды. Дабыл жарғағы көрінбейді.

Диагнозы қандай? Науқасты қалай емдеу керек?

Тапсырма №9

( Құлақ аурулары)

7жасар қыз моншақпен ойнап отырып есту түтігіне тыққан. Көмекке келген медбике жат денені алып тастауға тырысқаннан нәтиже шықпады. Моншақ есту түтігінің түбіне кетті. Қыз ЛОР бөлімшесіне жеткізілді.

Обьективті: Қарау кезінде есту түтігінің тінінде жеңіл инфильтрацияланған терінің жеке жаралары табылды. Есту түтікшесінің түбінде моншақтың артында жат дене анықталды. Дабыл жарғағы көрінбейді. Жат денені шаю тәсілімен алып тастау сәтті болмады. Дәрігердің тактикасы қалай?

Диагнозы қандай? Науқасты қалай емдеу керек?

================================================

Тапсырма № 10

( Құлақ аурулары)

Екі күн бұрын суық тиген тұмауға байланысты науқас құлақ бітелуіне есту төмендеуіне, құлақтағы шуылдың болуына шағымданады.

Обективті: мұрынның кілегейлі қабығының инфильтрациясы. Мұрын жолынан кілегейлі бөлінділер табылды, жұтқыншақтың артқы қабырғасы гиперемирленген.

Отоскопия кезінде: балғашықтың саптарының жүрісі бойынша инфильцирленген, дабыл жарғағы ақшыл қызыл түсті. Екі құлақ сыбырды 4 м арақашықтықта естиді.

Диагнозы қандай? Науқасты қалай емдеу керек?

Тапсырма №11

( Құлақ аурулары)

Оторинолорингологқа 7 жасар баланы алып келді.есту түтікшесінің сырты жиі қышынуына,құлақтың бітелуіне, жат дененің сезілуіне,екі құлағының естуінің төмендеуіне шағымданды.ауырғанына уш ай болды.

Обьективті: жалпы куйі қанағаттанарлық температура 36,7 С. Есту түтігінің сыртқы терісі гиперемирленген,инфильтрацияланған.смушенного эпидермис қабығы көптік кебек тәрізді қабыршақтардың жарғақты шеміршек бөлімдерінде сыртқы акустикалық өтулердің суйек бөлімдерінің терісінде жасыл тустің мицилиннің көптік жерлері айқын көрінген. Дабыл жарғағы аздап гиперемирленген,инфильтрацияланған пленкамен жабылған суланып қалған қағазға ұқсайды. Регионарлы лимфа туйіні улкеймеген ұстап көру кезінде ауырсыну белгісі жоқ.

Диагноыз қандай? Науқасты қалай емдеу керек?

==================================================

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]