Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка физ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
152 Кб
Скачать
☆

Бақылау (сұрақтар, тестер, тапсырмалар және т.Б.):

Сұрақтар

1. Қандай тіндерді қозғыш тіндер деп аталады.

2. Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері.

3. Қозғыштық анықтамасы, көрсеткіштері.

4. Қозу уақытындағы қозғыштықтың өзгерісі.

5. Қозғыштықтың параметрлері.

Тестер

1. Тіннің кез-келген тітіркендіргіш әсеріне метаболизм өзгерісімен жауап беруін, ... деп аталады:

1) Өткізгіштік 2) Лабильдік 3) Қозғыштық 4) Тітіркендіргіштік 5) Жергілікті жауап

2. Жасушаның тітіркендіргіш әсеріне арнайы жауап реакциясы, уақытша мембрана деполяризациясымен және метаболизм озгерісімен сипатталуын, ... деп атайды:

1) Тітіркендіргіштік 2) Қозғыштық 3) Лабильдік 4) Өткізгіштік 5) Жергілікті жауап

3. Жауап реакциясые тудыратын тітіркендіргіштің минимальды күшін, ... деп атайды:

1) Табалдырық 2) Табалдырықтан шектен тыс жоғары 3) Субмаксимальды 4) Табалдырықтан төмен 5) Табалдырықтан жоғары

4. Дара бұлшықет талшығының жиырылу амплитудасы табалдырықтан жоғары тітіркендіргіш күшімен әсер еткенде:

1) Төмендейді 2) Алғашқыда жоғарлайды, кейін төмендщейді. 3) Жоғары дәрежесіне жеткенше жоғарлайды. 4) Өзгеріссіз қалады. 5) Жоғарлайды.

5. Ұзақ әсер еткенде қозу тудыратын тұрақты тоқтың максимальды күші:

1) Хронаксия 2) пайдалы уақыт 3) Реобаза 4) Электротон 5) лабильдік

6. Тінді қоздыратын екі реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақыты, ... деп аталады:

1) Реобаза 2) Реакция уақыты 3) Хронаксия 4) Пайдалы уақыт 5) Лабильдік

7. Барлық тірі жасушалардың белгілі бір сыртқы және ішкі орта факторларының әсерінен физиологиялық тыныштық күйінен белсенділік күйіне өте алу қабілеті

  1. Тітіркендіргіштік

  2. Өткізгіштік

  3. Жиырылғыштық

  4. Қозғыштық

  5. Лабильділік

8. Тірі құрылымдардың физиологиялық тыныштық күйінен белсенділік күйге көшіретін ағзаның сыртқы және орта факторларын, деп атайды?

  1. Қоздырғыштар

  2. Тітіркендіргіштер

  3. Зақымдайтындар

  4. Активаторлар

  5. Зақымдайтын қоздырғыштар

9. Тітіркендіргішке жауап ретінде қозу жағдайына көше алатын тіндерді, деп атайды:

  1. Тітіркенетін

  2. Қозатын

  3. Өткізетін

  4. Жиырылатын

  5. Тітіркенетін

  6. Және жырылатын

10. Қозғыш тіндерге жатады

  1. Эпителиальды, бұлшықет

  2. Жүйке, бұлшықет

  3. Жүйке, бұлшықет, безді

  4. Қаңқа, дәнекер

  5. Эпителиальды, сүйек, дәнекер

11. Эволюция процессінде берілген жасушаның мамандауына алып келетін тітіркендіргіш:

  1. Адекватты емес

  2. Табалдырық

  3. Субтабалдырықтың

  4. Aдекватты

  5. Табалдырықтан жоғары

13. Қозғыш тіннің күші бойынша біртіндеп өсіп жатқан тітіркендіргішке бейімделуі:

  1. Лабильділік

  2. Функциональді мобильдік

  3. Сенсибилизация

  4. Стабилизация

  5. Аккомадация

14. Тіндер мен абсолюттік рефрактерлік кезеңі арасындағы сәйкестікті анықта:

А. Жүйке талшығы 1. 0,001-0,002 сек

Б. Бұлшықет талшығы 2. 0,004-0,005 сек

В. Синапс 3. 0,008-0,010 сек

1. А2, Б1, В3 2. А1, Б2, В3 3. А3, Б1, В2

15. Гальванидің бірінші тәжірибесі негізделген:

  1. Жүйкеге биметалл пинцетін тигізу

  2. Бұлшықеттің зақымдалған және зақымданбаған бөліктерін жүйке – ет препаратының жүйкесімен түйістіруге

  3. Бір жүйке – ет препаратының жүйкесін келесі бір жиырылып тұрған жүйке – ет препаратына қоюға

  4. Жүйке – ет препаратының жүйкесін қоздыруға

  5. Жүйке – ет препаратының бұлшықетін қоздыруға

16. Гальванидің екіншісі тәжірибесі негізделген:

  1. Жүйкеге биметалл пинцетін тигізу

  2. Бұлшық еттің зақымдалған және зақымданбаған бөліктерін жүйке – ет препаратының жүйкесімен түйістіруге

  3. Бір жүйке – ет препаратының жүйкесін келесі бір жиырылып тұрған жүйке – ет препаратына қоюға

  4. Жүйке – ет препаратының жүйкесін қоздыруға

  5. Жүйке – ет препаратының бұлшықетін қоздыруға

Тақырып № 2: Бұлшықеттер физиологиясы.

Мақсаты: Студенттерді бұлшықеттер физиологиясы қызметін және оларды реттеу механизмдерінің негізгі заңдылықтарынан білімін қалыптастыру.

Міндеттері:

1) Студенттерді бұлшық еттердің негізгі физиологиялық қасиеттерімен таныстыру

2) БДЖ қисығын жазу (кезеңдерін белгілеу).

3) Тісті және тегіс тетанусты жазып алу, оптимум және пессимум тітіркендіргіш жиілігін бақылау.

4) Студенттерді парбиоз тәсілімен таныстыру.

Тақырып бойынша негізгі сұрақтар.

1. БДЖ қисығын тіркеу тәсілі.

2. Тегіс және тісті тетанусты тіркеу тәсілі.

3. Жүйке парабиозы

Оқыту және сабақ беру әдісі: Зертханалық жұмысты талдау және орындау, протоколды толтыру

Жұмыстар:

- БДЖ жазу (әдиб. 3; 12 бет; № 1 жұмыс)

- Тетанусты жазу (әдиб. 3; 13 бет; № 2 жұмыс)

- Динамометрия (әдеб. 3; 15 бет; № 4 жұмыс)

Оқыту әдістері: аралас түрі