- •«Банк ісі» пәнінен курстық жұмыс тақырыптары
- •III. Әдебиеттер мен нақты мәліметтерді жинақтау
- •Курс жұмысының мазмұнын жазудың тәртібі
- •V. Курс жұмысын дайындауға және оны қорғауға қойылатын талаптар
- •Қолданылатын әдебиеттер:
- •Қазақстан Республикасы ұлттық банкiнiң нормативтiк актiлерi мен инструкциялары.
- •Оқулықтар және оқу құралдары ғылыми басылымдар.
Курс жұмысының мазмұнын жазудың тәртібі
Керекті ақпараттарды жинақтап, жан-жақты және терең зерттегеннен кейін курс жұмысының жоспарын қайта қарап, кейбір сұрақтарын жаңадан тұжырымдап, олардың қаралу кезегін өзгерту, нақты және сандық мәліметтерді, кесте мен диаграммаларды енгізу тәртібін қарау керек. Жоспар құруды бітірген соң оның мазмұнын жазуға кіріскен жөн. Жинақтаған сөзді мәліметтерді жұмыс жоспарының сұрақтарына сай жүйелеп жазып, одан соң сандық мәліметтерді кесте ретінде, я болмаса диаграммаға келтіріп талдаған дұрыс.
Жұмысты жазу барысында кейбір ой-желісін мәлімдеп қана қоймай, оны тоериялық тұрғыдан дәлелдеп және жинақтаған нақты ақпарлармен толықтыру қажет. Сонда ғана қаралып отырған экономикалық құбылыстың тарихи дамуының шешімі көрсетіледі. Текстіні студент өз сөзімен жазу керек. Ал басқа авторлардың еңбегінен үзіндіні сөзбе–сөз тырнақшаға алып, нөмірлеп көшіріп сол беттің соңында тұп нұсқаға сілтеме көрсетіледі.
Кейбір экономикалық әдебиеттерде қаралып отырған сұрақ бойынша бір ыңғай көз қарас болмауы мүмкін. Бұндай жағдайда бірнеше авторлардың ой- желісін келтіріп, олардың көзқарасын сынап, студент, өз тұжырымын дәлелдеп келітіре білу керек. Әрине экономикалық тұжырымдары салыстырып қарап, өз ойын дәлелдеу курс жұмысының сапасын арттыруға және қаралып отырған мәселені терең түсінуге мүмкіндік береді.
Курс жұмысының мазмұны оның тақырыбын толық ашуы керек. Әрине, тақырып өте кең болып бір курс жұмысының шеңберіне сыймауы мүмкін. Сол үшін жұмыстың жоспарында көтерілген сұрақтар төңірегінде қараған жөн. Алғашқыда қаралып отырған құбылыстар мен процесстердің негізгі ұғымын, құрылымын, сипаттамасын нақты жазу керек. Біздің мысалда жалпы алғандағы несие жүйесінің мәні, құрылымы және маңызы (айта кету керек бұл жерде ешбір мемлекеттің несие жүйесін сипаттамай жалпы экономикалық ұғымды баяндау қажет).
Одан кейінгі сұрақта несие жүйесі деген ұғымды тұжырымдамай сол жүйенің Қазақстанда қалыптасу және өркендеу кезеңдерін қарау керек. Сұрақтарды тарихи тұрғыдан қарап, немесе басқа мемлекеттермен салыстырып, несие жүйесінің құрылымының өзгеруін сан және сапа жағынан схема түрінде көрсетсе, әрине, курс жұмысының мазмұны тереңдей түсу сөзсіз.
Біздің мысалда, соңғы сұрақ болып ерекше бөлініп тұрған несие жұйесінің негізгі буыны - Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Бұл сұрақта банк жүйесінің негізгі, жоғары деңгейдегі банк - Ұлттық банк - туралы егжей тегжейлі мағлұмат бүкіл несие жүйесін сиппаттайды. Себебі жоғарыда айтып кеткендей бүкіл несие жүйесінің жұмысын бір курс жұмысында қамту қиынға түседі.
Курс жұмысының негізгі мазмұнын жазып болған соң кіріспе мен қорытындысын жазу керек. Тақырыптың мазмұнын зерттеп, жазғаннан кейін оның маңыздылығын 1-1,5 бет көлемінде кіріспеде көрсету қиынға түспейді сонымен бірге кіріспеде курс жұмысының мақсаты, онда зерттелетін пән, пайдаланған әдебиеттер және т.с.с. оқулықтар көздерін көрсету керек. Біздің мысалда зерттелетін пәні –Қазақстан Респуликасы несие жұйесінің мәні мен маңызы; зерттеу мақсаты - респуликадағы несие және банк жүйелерінің қалыптасуы мен өркендеуін оқып білу. Курс жұмысының қорытындысында тақырыпты пайымдау, ал кей жағдайда ұсыныс жазу керек.
Соңынан пайдаланған әдебиеттер тізімін келтірілген талаптар бойынша (бөлімде) жасаған дұрыс.
Жазылып біткен жұмыс келісілген уақытта тексерілуге кафедраға тапсырылады. Оған ескерту жазылып, толықтыруға қайтарылуы мүмкін.
Курс жұмысы ауызша екі-үш маман оқытушылардың қатынасуымен оқу тобының (студенттердің) алдында ауызша қорғалады. Оның мазмұны және ол бойынша қойылған сұрақтарға жауап студенттің оқыған теориялық әдебиеттерімен, зерттеп талдаған нақты мәліметтерді терең меңгергенін аңғарту керек.
