- •1 Жалпы жағдайлары
- •2 Курстық жоба мен есептеу түсіндірме жазбаның мазмұны
- •2.1 Есептеу-түсіндірме жазбаның құрылымымен әр бөлімге қойылатын шамамен беттер саны
- •2.2 Графикалық бөлім
- •2.3 Курстық жобаның рәсімделуі
- •3 Есептеу – түсіндірме жазба бөлімдерінің мазмұны
- •3.1 Өндіріс тәсіліне әдеби шолу
- •3.2 Технологиялық процестің физика химиялық негіздері
- •3.4 Технологиялық процесс пен сызбаны суреттеу
- •3.3 Дайын және жартылай өнімдердің, материалдардың, бастапқы шикізаттардың сипаттамасы
- •4 Технологиялық бөлім
- •4.1 Материалдық есептеулер
- •4.2 Жылулық есептеулер
- •4.3 Қондырғының технологиялық есептелуі мен таңдалуы
- •5 Өндіріс экологиясы
- •6 Қорытынды
- •7 Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •8 Жобаны қорғау
- •9 Әдебиеттер тізімі
- •ТүсінДірме жазбасы
- •Курстық жұмыс
- •(Міндетті түрде)
- •Тапсырма
3 Есептеу – түсіндірме жазба бөлімдерінің мазмұны
Кіріспе
Кіріспеде жобаланатын өндірісте алынатын өнімнің қолданылу аумағы, осы өнімге деген қажеттілік көрсетіледі, әрі сапасы мен көлемі бойынша өнім өндірісінің даму перспективасы туралы хабарланады.
3.1 Өндіріс тәсіліне әдеби шолу
Бұл бөлімде қысқаша әдеби шолу мен мақсатты өнімнің өндіріс тәсіліне патенттік шолу келтіріледі. Қолданылатын қондырғының сипаттамасы мен процестің технологиялық параметрлері, шикізаттың табылуы, сол немесе басқа әдістердің техника-экономикалық артықшылықтары көрсетіледі. Өндіріс тәсілін таңдау технологиялық және экономикалық негізделген болуы жөн, әрі келесі долбардан шығады:
процесті жүргізген кезде мақсатты өнімнің үлкен шығымы;
бастапқы шикізат пен көмекші материалдардың табылуы;
процестерді автоматтаныдру мен механикаландыру мүмкіндігі, аппаратуралық суреттелу қарапайымдылығы;
типті аппараттарды Қазақстанның өндірістерінде қолдану мүмкіндігі.
Әдеби шолу салалық журналдар, интернет және электрондық каталог бойынша жүргізіледі.
Бұл бөлім реферат немесе болжау мақаласы түрінде жазылады да алғашқы мәлімет көзіне сілтеме жасалады (ғылыми-техникалық журналдар, патенттер, авторлық куәліктер, монографиялар, ғылыми есептер). Сілтеме тік жақшаға алынып цифрмен көрсетіледі, мысалы [23].
3.2 Технологиялық процестің физика химиялық негіздері
Бұл бөлімнің негізгі мақсаты негізгі және қосымша реакциялардың мөлшерлі бағасымен бірге процесс химизмін нақты сипаттау, негізгі аппараттағы технологиялық режим нормасын негіздеу (концентрация, температура, қысым, түйісу уақыты). Бұл сұрақтарға жауап жазу үшін термодинамика бойынша мәліметтер тартылады, сонымен қатар негізгі әрі қосымша реакциялардың кинетикасы мен механизмі бойынша мәліметтер.
Термодинамикалық мәліметтер процесс жүретін параметрлер мәнін анықтау үшін қолданады, сонымен қатар егер процесс тепе теңдікті болса бастапқы заттардың максимальды мүмкін болатын түрлену дәрежесін есептеуге.
Кинетикалық мәліметтер (химиялық реакциялардың жылдамдық константалары, тепе теңдік константасы, активтену энергиясы), процестің технологиялық параметрлерін анықтағанда, реакторлар өлшемдерін есептегенде керек.
Технологиялық режим нормалары кинетикалық және техника-экономикалық көрсеткіштермен анықталады. Мысалы, температураны жоғарылату процесс жылдамдығы артуына және реактордың меншікті өнімділігі жоғарылауына әкеледі, бірақ температура өскен сайын процесс селективтілігі төмендейді, яғни шикізат жұмсалуы артып, процесті жүргізуге энергетикалық шығындар жоғарылайды. Одан басқа жоғарғы температуралық шек алынатын заттар мен өңделетін термиялық тұрақтылықпен анықталады.
Шикізаттың түрлену дәрежесі ережеге сай түйісу уақытының шамасы түрлену дәрежесінен селективтіліктің тәуелділігімен анықталады. Шикізат толық түрленуі үшін реакциялық көлемнің жоғарылауының бірқатар жағдайларына әкеледі.
Реагенттердің концентрациясы тек процесс жылдамдығы жоғарылауына негізделіп қана қоймай, негізгі және қосымша реакциялардың кинетикалық ретін ескерумен жоғары селективтілікпен жабдықталады.
Реагенттер концентрациясы процестің тек жоғарғы жылдамдығына тырысуға негізделіп қана қоймай, негізгі әрі қосымша реакциялардың кинетикалық ретін ескере отырып, жоғары селективтілікпен қамтамасыз етуге бағытталған. Кейде процестің жоғары жылдамдығы мен түрленудің үлкен дәрежесін ұстап тұру үшін реакторда бір реагентті артық мөлшерде алуға тура келеді. Көбінше бұл мақсатқа біршама арзан, әрі тазалау сатысында жеңіл бөлінетін реагент таңдалады.
Бұл бөлім әртүрлі әдеби мәліметтерді қолдана отырып орындалады [2-1].
