Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор анатомия.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
56 Кб
Скачать
☆

3 Бас сүйектің милық бөлігінің сүйектері.

Бассүйек – бір бірімен өзара шеміршектік сүйектік ткандармен және жіктер арқылы берік байланысқан сүйектік құрамалардан тұрады. Негізгі қызметі: мидың қорабын беттің алпетін құрап қана қоймай асқорыту және тыныс алу жүйесінің бастапқы бөлігін көздің шарасын мұрын қуысын және есту жүйесінің қабырғаларын құрайтын өте күрделі мүше. Бассүйек топографиялық орналасуына қарай және атқаратынқызметіне қарай екі топ сүйектен тұрады: ми сауыты және бет сүйектерден тұрады.

Ми сауытының сүйектері деп аталу себебі мидың сауытын немесе қорабын құрайтындықтан. Бұл сүйектерге маңдай, төбе, сына, самай, шүйде және тор сүйектер жатады.

Шүйде сүйегі – occipitale ол ми сауыты сүйегінің артқы қапталында орналасқан. Сыртқы беті дөңестеу, ішкі беті ойыстау келген. Тақ сүйекке жатады. Шүйде сүйегінің артқы төменгі жағында ми саутын омыртқа өзекшесі мен жалғастыратын шүйделік үлкен тесік бүйір қапталында сигма тәрізді қойнаудың жүлгесі орналасқан.

Шүйде сүйегі 4 бөлікті болады.

Төбе сүйек, parietale ол бас сүйек қақпағының жоғары бүйір қабырғасын құраушы жұп қабыршақтық сүйек. Сыртқы пішіні жалпақ төрт бұрышты келген. Екі беті, төрт қыры, төрт бұрышы ажыратылады. Төбе сүйектің тісшеленген үш қыры және бір қабыршақтық қырлары ажыратылады.

Маңдай сүйегі,frontaleол бас сүйектің негізі мен қақпағын және көз шарасының және мұрын қуысының қабырғаларын құраушы күрделі сүйектерге жатады. Орналасуына және атқаратын қызметіне қарай төрт бөлікке бөлінеді, қабыршақтық, жұп көз және тақ мұрын бөлігінен тұрады.

Сына сүйегі,sphenoidaleбас сүйектің негізінде орналасқаны үшін немесе ми сауыты сүйектерінің өзара бір – бірімен түйіскен жерінде орналасқаны үшін сына тәрізді сүйек деп атайды. Сыртқы пішіні жарғанаққа ұқсайды. 4 бөліктен тұрады, денесінен үлкен кіші қанатынан және қанат тәрізді өсіндісінен тұрады.

Самай сүйегі, temporaleми саутының негізі мен қақпағының бүйір қабырғасын құрауға қатысады. Құрылысы күрделі жұп сүйек. Құрылысының күрделі болуының себебі, терең қабатында есту тепе-теңдік органдардың және ішкі ұйқы артерияның бет ми нервінің және дабыл жұтқыншақ атты өзекшелер орналасқан. Самай суйегі қабыршақтық дабыл және тастақты немесе пирамида тәрізді бөліктерге бөлінеді.

Тор сүйек ethmoidaleбұл сүйектің жартысынан астам бөлігі мұрын қуысының маңында орналасса қалған бөлігі ми саутының негізін құрауға қатысады. Тор сүйектің пішіні текше тәрізді терең қабаты қуысталып бір – бірімен күрделі өзара байланысқан ауалы қуыстардан тұрады. Терең қабаты бір – бірімен перпендикуляр бағытта қиылысып орналасқан горизонтальды және перпендикулярлық табақшадан және өту жолы күрделі бір – бірімен өзара жалғасқан лабринттен тұрады.

4. Бас сүйектің бет бөлігінің сүйектері

Бет сүйектері – беттің негізін түр-әлпетін құрайтындықтан бет сүйектері деп аталынады. Бет сүйектер тобына: жоғарғы төменгі жақ сүйектер таңдай кеңсірік, мұрын көзжас, төменгі кеуілжір және меншікті бет сүйектері жатады.

Төменгі кеуілжір сүйегіconcha nasalis inf – өте жұқа келген сыртқы пішіні сопақшалау келген жұп дербес табақшалы сүйек. Төменгі кеуілжір сүйегінің денесі төрт қыры үш өсіндісі ажыратылады.Денесінің медиальды беті бұдырлы және дөңестеу болып келсе латеральды беті ойыстау келген қырлары болады.

Мұрын сүйегі,nasalisжұп сүйектердің қатарына жатады. Бұл сүйектің медиальды қырлары өазара бір – бірімен беттесіп мұрынның сүйектік қырын құрайды. Мұрын сүйегінің сыртқы пішіні жалпақ төрт қырлы ұзындығы еніне қарағандда ұзындау келген. Жоғарғы қыры енсіз және қалыңдау келген. Ол маңдай сүйегінің мұрын бөлігі мен жоғарғы жақ сүйегінің маңдайлық өсіндісінің алдынғы қырымен өзара байланысқан.

Көз жас сүйегі-lacrimaleкөз шарасының медиальды қабырғасының алдынғы қапталында орналасқан жұп суйектерден тұрады. Сыртқы пішіні төрт қырлы болып келген. Бул суйектің төрт қыры және екі беті болады.

Кеңсірік сүйегі,vomerсыртқы пішіні ромб тәрізді болып келген тақ табақша.ол мұрын қуысының сүйек аралық табақшасын құруға қатысады. Кеңсірік сүйегінде төрт қыр болады.

Жоғарғы жақ сүйегі,maxillaжұп қуысты сүйектердің қатарына жатады. Бұл сүйекте денесі және өсіндісі болады.

Төменгі жақ сүйегі,mandibulareбет сүйектер тобының ішіндегі ең ірі тақ сүйек болып саналады. Топаграфиялық орналасуына қарай денесінен, өсінділерінен және денесінің сосын бұтақтарынан тұрады.

Таңдай сүйегі,palatinumауыз қуысымен мұрын қуысының көз шарасының және қанат таңдай ойысының қабырғаларын құруға қатысатын жұп сүйек. Ол перпендикулярлы бағытта қиылысып орналасқан горизонталды табақшамен перпенндикулярлы табақшадан тұрады.