Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты - казахский язык, 2011 г..doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
136 Кб
Скачать
☆
  1. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге қандай ат қоюға болады?

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазан айының 20 жұлдызында Қостанай облысы, Қостанай ауданында туған. Ағартушы, балалар әдебиетінің атасы. Ыбырай атақты би Балғожа Жаңбыршаұлының қолында өсті. Тоғыз жасында Орынбордағы қазақ балаларына арналған бірінші ерекше мектепте оқып, оны 1857 жылы бітірген соң, Омбыдағы облыстық басқармаға тілмаш ретінде қызметке қалдырылады. 1864 жылы қазақ балаларына арналған тұңғыш мектеп ашты.

  1. Мәтінде асты сызылған сөздерге жазбаша түрде морфологиялық талдау жасаңыз.

  2. ҚР рәміздері туралы айтып беріңіз.

6-билет

  1. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге қандай ат қоюға болады?

Тоқтар Әубәкіров нақ 45 жасында ғарышкер атанды... Ал, Кеңес Одағының батыры деген жоғарғы атақты 1988 жылы алды. Онда оған бұл биік мәртебе, зор қуаныш дыбыстан да шапшаң ұшатын, мүлде жаңадан жасалған, әлі сынақтан жөнді өтпеген «МиГ» ұшақтарын сынауды және оларды кеме палубасына қондырып, одан ұшып шығуды қамтамасыз еткені үшін беріліп еді. А.И.Микоян атындағы авиаконструкторлар бюросының бір құжатында 26 сынақшы-ұшқышы болғандардың ішіне Қазақстаннан жалғыз Тоқтар Әубәкіров қана ілігіпті. Солардың 9-ы сынақ кезінде апатқа ұшырап, қаза тапқан. Ал, қалғандары батыр атағына ие болған.

  1. Мәтінде асты сызылған сөздерге жазбаша түрде морфологиялық талдау жасаңыз.

  2. Қазақтың атақты адамдары туралы айтып беріңіз.

7-билет

  1. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге қандай ат қоюға болады?

Тоқтар Әубәкіров нақ 45 жасында ғарышкер атанды...

1965 жылы Қарағанды облыстық комсомол комитетінің жолдамасымен Краснодар өлкесіндегі ұшқыштар даярлайтын жоғары әскери училищеге жол тартқан. Бұдан кейінгі өсу, ержету кезінде зеңгір аспанда «МиГ» ұшағымен мінсіз ұшу, тәжірибе жинақтау міндеті көп уақытын алды. 1976 жылы А.И.Микоян атындағы авиаконструкторлар бюросына қызметке қабылданып, ғұмырының ең қиын сәттерін бастан кешірді. Бұл тұста Тоқтар үшін өмір мен өлім ылғи қатар беттесіп отырыпты.

  1. Мәтінде асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

  2. Туған жеріңіз туралы айтып беріңіз. Туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесіз?

8-билет

  1. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге қандай ат қоюға болады?

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысы. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.

  1. Мәтінде асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.

  2. Білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіз?

9-билет

  1. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге қандай ат қоюға болады?

Бар екен де, жоқ екен, Ертек-ертек, ерте екен. Ешкілері бөрте екен, Қырғауылы қызыл екен, Құйрық жүні ұзын екен.

Бұрын, бұрын, бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық ұстап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан оған Қаңбақ шал деп ат қойылған екен. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі, әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдай алмай, шал бір күні екінші жерге көшіп кетеді.

  1. Мәтінде асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

  2. Отаныңыз туралы айтып беріңіз. Отан туралы қандай мақал-мәтел білесіз?

10-билет