Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оқулық_ДиКС.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
822 Кб
Скачать
☆

7) Театрға, концертке бару.

Театрда (концертте) құрметті орындарға Жоғары мәртебелі мейман жұбайымен бірге және мейманды осы іс-шарада ертіп жүретін Қазақстан Республикасының Президенті (жұбайымен бірге) немесе Мемлекеттік хатшы (жұбайымен бірге) жайғасады.

Залда екі елдің мемлекеттік тулары мен сәлемдесу транспаранттары ілінеді. Спектакль (концерт) басталар алдында екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалады.

Спектакль (концерт) аяқталғаннан кейін сахнаға екі себет гүл қойылады (Қазақстан Республикасының Президенті мен Мейманның визит карточкаларымен бірге).

Спектакльге (концертке) шақырылған тұлғалардың тізімін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі анықтайды.

8) Елді аралау.

Мәртебелі мейманның тілегі бойынша ресми сапардың бағдарламасында ел ішін аралау процедурасы қарастырылуы мүмкін. Мейманның және делегация мүшелерінің Қазақстан Республикасы территориясында болуы ережеге сәйкес 3 күннен аспауы тиіс.

Ел ішін аралау барысында шет мемлекет басшысын Мемлекеттік хатшы (Үкімет мүшесі), Қонақ елдегі Қазақстанның Елшісі, Президент Хаттамасы, Сыртқы істер министрлігі және Президенттің күзет қызметінің қызметкерлері ілестіріп жүреді.

Облыстарды аралаудың бағдарламасын дайындау және жетілдіру мақсатында Президент Хаттамасы, Президенттің баспасөз қызметі, Сыртқы істер министрлігі және Президенттің күзет қызметінің қызметкерлерінен жасақталған жұмыс тобы жіберіледі.

Қонақтың келу бағдараламасында облыстың көрнекті жерлеріне бару, облыс әкімі атынан қабылдаулар өткізу қарастырылады.

Әуежайда мейманды облыс әкімі (жұбайымен бірге), облыстық маңызға ие қала әкімі күтіп алады (шығарып салады). Кездесу ұйымдастырылатын жерлерге екі елдің мемлекеттік тулары көтеріледі.

9) Естелік сыйлықтар.

Мемлекеттік және ресми сапарларда Жоғары мәртебелі мейман мен делегация мүшелеріне Қазақстан Республикасы Президенті атынан естелік сыйлықтарын беру қарастырылады. Делегация мүшелеріне сыйлықтар беру екі елдің хаттамалық қызметтері арқылы жүзеге асырылады.

Халықаралық және дипломатиялық іс-шараларды өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғаларының ағалық реті:

1. Президент.

2. Премьер-министр.

3. Парламент Сенаты Төрағасы.

4. Парламент Мәжілісі Төрағасы.

5. Мемлекеттік хатшы.

6. Сыртқы істер министрі.

7. Президент Әкімшілігі жетекшісі.

8. Конституциялық Кеңес Төрағасы.

9. Жоғарғы Сот Төрағасы.

10. Бас прокурор.

11. Ұлттық Банк Төрағасы.

12. Премьер-министр орынбасары.

13. Премьер-министр орынбасарлары – министрлер (министрліктердің әліпбилік реті бойынша).

14. Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілері (аты-жөндерінің әліпбилік тәртібі бойынша).

15. Президент Көмекшісі.

16. Ұлттық Қауіпсіздік мәселесі бойынша Президент Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысы.

17. «Алтын Қыран» және «Халық Қаһарманы» ордендерінің кавалерлері.

18. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы.

19. Жоғарғы Сот Кеңесі Төрағасы.

20. Сенат Төрағасының орынбасары.

21. Мәжіліс Төрағасының орынбасары.

22. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы.

23. Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау бойынша Есеп комитетінің Төрағасы.

24. Президент Істерін Басқарушы.

25. Премьер-министр Кеңсесі жетекшісі.

26. Президент Әкімшілігі Жетекшісінің орынбасары.

27. Президент Кеңесшісі.

28. Қорғаныс министрі.

29. Ішкі істер министрі.

30. Министрлер (министрліктердің әліпбилік атауы бойынша).

31. Стратегиялық жоспарлау және реформалар бойынша Агенттіктің Төрағасы.

32. Парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Төрағасы.

33. Мемлекеттік қызмет істері бойынша Агенттік Төрағасы.

34. Президенттің күзет қызметінің бастығы.

35. Республикалық гвардияның жетекшісі.

36. Бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссияның Төрағасы.

37. Облыс, Астана, Алматы қаласының әкімдері (облыстардың әліпбилік реті бойынша).

38. Парламент депутаттары (аты-жөндерінің әліпбилік реті бойынша).

39. Қазақстан мұсылмандары Рухани Басқармасының Бас муфтиі мен Астана және Алматы архиепископы.

40. Парламент Палаталары аппаратының жетекшісі.

41. Үкімет құрамына енбейтін Агенттіктер Төрағалары (атауларының әліпбилік реті бойынша).

42. Ұлттық Компаниялардың жетекшілері.

43. Конституциялық Кеңес мүшелері.

44. Премьер-министр Кеңсесі Жетекшісінің орынбасары.

45. Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері.

46. Министрлер мен мемлекеттік органдардың төрағаларының орынбасарлары.

47. ІІ категориядағы қызметтегі өзге мемлекеттік қызметкерлер.

48. Қазақстанның саяси партиялары мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері.

49. Іскер орталардың көрнекті өкілдері, ғылым және спорт қайраткерлері.

Жұбайы (жолдасы) өз жолдасының (жұбайының) ағалық ретін иеленеді.

1815 жылы Вена конгресінде қабылданған «Дипломатиялық өкілдіктердің рангтері» туралы Регламентке сәйкес тек елшілер, легаттар мен нунцилер мемлекет басшыларының өкілдері бола алады. Қабылдаушы мемлекетте аккредитацияланған дипломатиялық өкілділік басшыларының жалпы жиынтығын «Дипломатиялық корпус» деп атайды.

Дипломаттар өзге де шетелдік дипломаттар ортасында жұмыс істейтіндіктен, олар өзара тығыз байланыста болады. Осы бағытта дипломатиялық корпус ерекше рөл ойнайды. Ол дипломатттардың ресми қызметтерінің және өмірлерінің маңызды бөлігі саналады. Американ дипломаты А. Уотсонның пікірінше «дипломатиялық корпус – дипломатиялық делдалдықтың көпжақты желісі ретінде іс-әрекет ететін бүкіл дипломатиялық миссиялардың жиынтығы».

Бұған қоса кең мағынада бұл термин барлық дипломатиялық жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелерін білдіреді. Дипломатиялық корпус арнайы ұйым болып табылмайды. Дипломатиялық корпус басшысы - дуайен дипломатиялық өкілділіктердің жетекшісі ретінде класс жағынан барлығынан жоғары және қызмет ету уақыты бойынша қалғандарынан алда тұрған тұлға. Кейбір котоликтік елдерде дуайен ретінде әрқашан Рим папасының нунцийі тағайындалады. Дуайен қабылдаушы мемлекеттен ресми ұлттық іс-шараларды өткізу барысында барлық шетелдік дипломатиялық жұмысшылардың атынан сөз сөйлейді және дипломатиялық корпус мүшелері арасындағы жекелей даулар мен келіспеушіліктерді (Мысалы, ағалық ретті сақтау мәселесі бойынша) қарастыра алады.

Студенттердің өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Дипломатиялық хаттама туралы жалпы түсінік және оның анықтамасы?

2. Хаттаманың дипломатиялық қызметтегі маңызы мен рөлі?

3. Дипломатиялық хаттаманың нормалары?

4. Мемлекеттік тудың, елтаңбаның және әнұранның дипломатиялық хаттамадағы маңызы?

5. Мемлекеттік ресми және бейресми іс-шаралары мен церемониялары?

6. Дипломатиялық қызметтегі ағалық ретті сақтау тәртібі?

7. Дипломатиялық корпус?