- •Хан билігін жоюдың себептері мен алғышарттары
- •Орта жүздегі хан билігінің жойыла бастауы
- •Басқарудың жаңа жүйесін енгізу
- •Сыртқы округтардағы сайлау тәртібі
- •Округтық приказдың негізгі міндеттері
- •Алым-салықтар
- •Қазақ даласында шаруашылық пен сауданың дамуы
- •Денсаулық сақтау, дін және халыққа білім беру салаларындағы жаңалықтар
- •Орта жүзде 1822 жылдан кейін орын алған оқиғалар
- •Кіші жүздегі хан билігінің жойылуы
- •Дистанциялардың құрылуы
- •«Орынбор қырғыздары (қазақтары) туралы ереже» (1844 ж.)
- •1822—1824 Жылдардағы жарғыларды енгізудің салдары
Басқарудың жаңа жүйесін енгізу
Басқарудың округтық жуйесі енгізілетін болды. Сөйтіп жаңа округтар құрылды. Округтар болыстарға бөлінді, ал болыстар ауыл әкімшіліктерінен тұрды. Әр округта 15—20 болыс, әр болыста 10—12 ауыл, ал әр ауылда 50—70 үй болатын болды. Сыртқы округтағылар Сібір қырғыздары (қазақтары) облысына біріктірілді. Жаңа әкімшілік бірлігі орасан зор аумақты алып жатқан Омбы облысының құрамына кірді. Томск және Тобыл губерниялары мен Омбы облысы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағындырылды. Оның орталығы Тобыл каласында орналасты. Әкімшілік бірліктерін құру кезінде патша үкіметі өзіне қолайлы жағдайды босқа жіберіп алмай, көшпелілердің рулық бөліністерін де ұмытқан жоқ, олардың қыстаулары мен жазғы жайылымдарын да мұқият еске алды. Далалықтардың бір округтың аумағынан екінші округқа ауысуына ондағы өкімет билігінің келісімі бойынша рұқсат етілді. Округтарды сайланып қойылатын аға сұлтандар, болыстарды болыстар, ал ауылдарды - ауыл старшындары басқарды. Болыс сұлтандары мен ауыл старшындары әкімшілік, шаруашылық және полицейлік қызметтерді қоса атқарды. Әр округта аға сұлтан басқаратын Округтық приказ (мекеме) құрылды. Оның құрамына Омбы облыстық басқарма бастығы тағайындайтын ресейлік екі заседателъ және сайланып қойылатын екі «құрметті қазақ» қатысуға тиісті болды. Ішкі күзет Сібір казактарынан іріктелді.
Сыртқы округтардағы сайлау тәртібі
Ауыл старшындарын көшпелілердің өздері сайлайтын және оларды бұл лауазымды қызметке округтық мекеме бекітетін. Сайлау үш жылда бір рет өткізіліп тұрды. Сұлтандар старшындарды сайлауға қатыспайтын. Сұлтандардың қатарынан сайланып қойылатын болыстар өздерінің қолындағы өкімет билігін балаларына мұра етіп қалдыру құқығын иеленді. Биліктің ауысуы жоғарыдан төмен қарай жүргізілді. Кейінгі кездерде болыстық қызметке сүлтан емес, қарапайым қазақтардың да сайлануына рүқсат етілді. Бірақ ондай адамдардың патша өкіметіне сіңірген еңбегі зор болуы тиіс еді. Сол арқылы патша үкіметі Шыңғыс әулетін билік құрылымынан бірте-бірте шеттете бастады. Аға сұлтанды тек сұлтандардың өздері ғана, ал оның құрметті қазақтардан іріктелетін екі заседателін билер мен старшындар ғана сайлайтын. Аға сұлтандар үш жылға, ал олардың заседательдері екі жылға сайланатын. Аға сұлтандар облыстық басқарма бастығының бекітуінсіз өз өкілеттігін жүзеге асыруға кірісе алмайтын. 1854 жылдан бастап аға сұлтандыққа шыққан тегі Шыңғыс әулеті емес адамдар да сайлана алатын болды.
Округтық приказдың негізгі міндеттері
Округтық приказдың қатаң белгіленген міндеттері болды. Ол атап айтқанда,
округтағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
халыққа білім беруге қамқорлық жасау;
тұрмыстық жағдайлар мен шаруашылық жұмыстарын
жақсарту;
қарақшылық тонауды, барымтаны және өкімет билігіне бағынбау әрекеттеріне тыйым салу;
өз бетімен кетіп, озбырлық жасауға жол бермеу;
тергеуді және сот істерін әділ жүргізу;
діни наным-сенімдерге байланысты проблемаларды шешу;
көпестер керуенінің жүріс-тұрысын бақылау және олардың қауіпсіздігін камтамасыз ету;
сондай-ақ жасақ (алым-салық) жинау. Округтық приказ, сонымен қатар егін шаруашылығын дамытуға да қамқорлық жасауы тиіс болды.
