Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RK ekonom_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
66 Кб
Скачать
☆

2.Ақшаның пайда болуы, қызметтері мен түрлері?

Экономикалық мектеп өкілдерінің бірі ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны белгілі шарт адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі ретінде қарады. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған.Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.

Тарих куәләндырғандай монета Отаны Лидия мемлекеті. Ең алғаш шамамен б.д.д. 7-ғасырда ойып өрнектелген түрінде шыққан. Ал «монета» термині Юнон-Монета храмы атымен байланысты , себебі ертедегі Римде Алғашқы монета сарайы болды.

«Деньги» ұғымы түркіледің күміс металды «тенге» деп атауынан шыққан. Ол 15-ғасыр басында Әмір темірдің басқару кезеңінде дайындалған. Ең алғаш қағаз ақшалар 12-ғасырда Қытайда пайда болған.ал13-ғасырда Шыңғысхан өкіметі қағаз ақша белгілерін алтынға еркін айырбастаған.

Қызметтері

1.Құн өлшемі.

Ақша көмегімен барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады.Кез келген тауардың құнын ақшалай түрде көрсету үшін нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады.Баға сұраным мен ұсынымның әсерінен құннан ауытқуы мүмкін.Сондықтан тауар өз құнына да және сұраным мен ұсынымына да тәуелді.

2.Айналым құралы.

Осы қызметті ақша қолма қол түрінде атқарады. Себебі олар ннақты тауар айырбасында делдалдық жасайды.Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыа отырып ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептердер баяуласа және алтын қоры шашырайтын болса онда алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша резерфтік қор ретінде қажет.

3.Төлем құралы.

Бұл қызметті тауарды ақша несиеге сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты , жер рентасын,жалақыны,девидентті ,пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады.

4.Қазына жинау қорлану құралы

Ақша айналысын тоқтатады және жиналады.Сөйтіп станок , машина,жабдықтарды н)е ұзақ мерзімге пайдаланатын тауарларды сатып алу үшін қорланады.Ақшаның қазына түрінде қорлануы әобір тауар өндірушінің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды,сөйтіп өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады.Бұл рөльді толық бағалы ақша яғни алтын оындайды. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.

5.Ақшаның әлемдік ақша түрінде болуы.

Әлемдік ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.

3. Нарық экономикасы жүйе ретінде және оның элементтері?

Нарық- белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе өндіріс факторына қарай өндірістік қатынасттарды қысқарту, шруашылық субъектілерін байланыстырушы ұйым.

Нарық-тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушы арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы .

Нарық- сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды өткеру жайлы қатынастар жүйесін көрсетеді.

Нарық-өзін-өзі реттеуші ұдайы өндіріс жүйесі,барлық элемент пен буындар төлем қабілеттілігі бар сұраным мен ұсынымның тұрақты әсерінде болады.

Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы

Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.

Нарықтық жүйенің негізгі белгілірі мыналар:

  • өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;

  • кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;

  • экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;

  • экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;

  • өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]