2. Оқу тәжірибесінің мазмұны
Оқу-танысу тәжірибесінен өту барысында студент кәсіпорынды басқаруды ұйымдастырудағы келесідей сұрақтарды білуге көңіл бөлуі тиіс:
Даму тарихы;
Табиғи жағдайлары, орналасуы;
Меншік нысаны (жеке, мемелекеттік, аралас) және шаруашылық жүргізу нысаны (серіктестік, шаруа қожалығы, өндірістік кооператив, акционерлік қоғам);
Ұйым айналысатын қызмет түрі;
Ұйым тұтынатын ресурстар, оның қызметінің нәтижесі;
Кәсіпорын қызметін реттейтін заңды актілер;
өндірістік ресурстарды игерудің және дайын өнімді сатып алудың негізгі каналдары, сонымен бірге бәсекелес-кәсіпорындар қызметі;
ұйымдық құрылымы (негізгі және қосалқы бөлімшелер түрлері, олардың көлемі мен орналасуы);
басқарудың ұйымдық құрылымы, басқарудағы жұмысшылар құрамы және бағыну жүйесі;
ұйымда қолданылатын технологиялар;
қазіргі кезеңдегі жоспарлау жағдайы;
өнім түрлерін шығаруды ұйымдастыру;
еңбекақы төлеуді ұйымдастыру;
кәсіпорынның шаруашылық қызметіне бақылауды жүргізу.
Оқу-танысу тәжірибесі бойынша есепті дайындау үшін студенттер соңғы 3 жылдағы мәліметтерді жинауы қажет:
жалпы және тауарлық өнім көлемі;
жұмыс күшімен және негізгі құралдармен қамтамасыз етілуі;
өнімнің өзіндік құны;
өндірістің табыстылығы және басқа мәліметтер.
3. Тәжірибе бойынша есепті рәсімдеуге қойылатын талаптар
Есеп компьютер мен принтерді пайдаланып, А4 (210x297) стандартты форматтың бір жақ бетінде бір интервалмен 14 кегль шрифтімен теріледі. Есеп мәтінін келесідей жолдар өлшемін қадағалай отырып, басу керек: сол жақ - 30мм, оң жақ – 10мм, жоғарғы жақ – 20мм, төменгі -25мм. Түрлі шрифтерді қолданып, белгілі бір терминдерге, формулаларға, теоремаларға назар аударып, компьютерлік мүмкіндіктерді пайдалануға рұқсат етіледі. Жұмыстағы түзетулерге жол берілмейді. Қызыл жол (абзац) бірдей болуы керек және барлық мәтін бойынша бес белгіге тең болуы керек немесе 15-17мм.
Есептің мәтіні үшінші жақтың атынан жазылады, онда оқу-танысу тәжірибесінде атқарылған барлық жұмыс бейнеленеді. Мұнда нормативті құжаттардың немесе басқа да ақпарат көздерінің тікелей көшірмелеріне жол берілмейді. Олардың бар болуы жағдайында төменде көрсетілгендей сілтеме жасау керек (қараңыз: ақпарат көздеріне сілтеме жасау).
Жұмыстың құрылымдық элементтер тақырыбына НЕГІЗГІ БӨЛІМНІҢ бөлімдерінің атауы нүктесіз қызыл жолдан бас әріппен жазылады. Сөздерді тасымалдауға жол берілмейді. «Тарау» сөзі жазылмайды. Егер тақырып екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.
Бөлімшелердің атауы екі жағдайда да қызыл жолдан баспа әріптерімен жазылады (бас әрпінен басқа) жазылады. Бөлімшелердің әрбір бөлім (тарау) шегінде нөмірленуі керек. Бөлімшелердің нөмірлері нүктемен бөлінген бөлім нөмірлерінен және бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлім, бөлімше нөмірінің соңында нүкте қойылмайды, мысалы, «2.1» (екінші бөлімнің (тараудың) бірінші бөлімшесі). Егер бөлімшелерде пункттер болса, онда олардың нөмірленуі бөлімше шегінде болуы және пункт нөмірі нүктемен бөлінген бөлім, бөлімше және пункттен құралуы керек, мысалы, «2.1.4» (екінші бөлімнің бірінші бөлімшесінің төртінші пункті).
Бөлім атауының, бөлімше және мәтін арасындағы қашықтық барлық жерде бірдей болуы қажет (1-2 интервал). Тәжірибе бойынша есептің бөлім атаулары қысқа болуы керек, әрі олардың мазмұнын нақты бейнелеуі қажет.
Әрбір пункт, подпункт және аталымдарды қызыл жолдан жазады. Пункт немесе подпункт ішінде аталымдар келтірілуі мүмкін. Аталымдардың әрқайысысының алдында дефис қойылуы керек. Егер мәтінде аталымдардың біреуіне сілтеме жасалса, онда аталымдар алфавит бойынша жақшаны жабу белгісімен баспа әріптерімен белгіленеді. Аталымдарды әрі қарайғы детализациясы үшін араб цифрларын қолдану керек, олардан кейін жақша белгісі қойылады, ал жазу мысалда көрсетілгендей, қызыл жолдан жазылады. Мысалы:
а)................................
б)................................
1)
2)
в)...............................
Есептегі мазмұндалатын талаптардың, ережелердің аталымдары араб сандарымен жақшамен белгіленеді, мысалы: 1); 2); 3) т.с.с.
Есептің мәтіндік бөлігінде келесілерге ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ:
- бір ұғым үшін әртүрлі мағынасы бойынша жақын ғылыми-техникалық терминдерді, сонымен қатар тең мағыналы сөздер болғанда шетел сөздерін және терминдерін және орыс тіліндегі терминдерді қолдануға;
- мәтінде шамалардың теріс мәндері алдында (-) математикалық белгісін қолдануға. (-) математикалық белгісінің орнына «минус» сөзін жазу керек;
- тағайындалған орыс тілінің орфографиясы, пунктуациясы, сонымен қатар сәйкес мемлекеттік стандарттарынан басқа сөздерді қысқартуды қолдануға;
- сандарсыз математикалық белгілерді қолдану, мысалы, (аз немесе тең), (көп немесе тең), (тең емес), сонымен қатар N (номер), % (пайыз) белгілерін қолдануға;
- есепте физикалық шамаларды белгілеудің әртүрлі жүйелерін қолдануға;
- физикалық шамалар сандарсыз белгіленген жағдайда, олардың белгіленуін қысқарту, бұд жерде: кестедегі және формулаға кіретін әріптік белгіленуді ашып көрсетуде физикалық шамалар бірліктерінің қолдануынан басқа.
Есеп мәтінінде өлшемді сандарды сандармен, ал өлшемсіз – сөздермен жазу керек. Мысалы: «Ғимарат биіктігі – 12м», «Фильтрді екі рет қолдану».
Есеп мәтінінде физикалық шамалар бірліктерін және есеп бірліктерін белгіленумен шамалардың сандық мәндерін сандармен жазу керек, ал физикалық шамалар бірліктерін және есеп бірліктерін белгіленусіз шамалардың сандарын бірден тоғызға дейін сөзбен жазу керек. Мысалы:
Бес бағанның жұмысын тексеру, әрбіреуінің ұзындығы 4м.
Бухгалтерия бесінші қабатта орналасқан.
Тест үшін 15 жаттығуды таңдау.
Есеп аумағында бір көрсеткіш үшін физикалық шаманың бірлігі тұрақты болуы керек. Егер құжат мәтінінде физикалық шаманың бір бірлігінде көрсетілген шамалардың сандық мәнінің тізбегі келтірілген болса, онда оның белгіленуін соңғы санның соңында ғана белгілейді, мысалы:
1,0; 1,5; 2,0; 2,5 %.
10; 30; 60; 80 т.
Егер есеп мәтінінде бір физикалық шамада бейнеленген шамалардың сандық мәндерінің диапазоны берілетін болса, онда бірліктің белгіленуін диапазонның соңғы сандық мәнінен кейін белгілейді, мысалы:
1 –ден 5 %-ға дейін.
10- нан 100 тг. дейін.
Есеп элементтерінің орналасуы келесі түрде болуы керек:
Титулдық бет.
Күнтізбелік жоспар.
Күнделік.
Мінездеме.
Мазмұны.
Негізгі мәтін.
Қосымшалар.
Жұмыстың титулдық беті тағайындалған үлгі бойынша рәсімделеді. (Қосымша 1 қараңыз). Есептің барлық беттері, суреттер мен қосымшалармен қоса, титулдық беттен соңғы бетіне дейін ретімен нөмірленуі керек, бірінші беті болып титулдық бет саналады, бірақ онда «1» саны қойылмайды, нөмірі белгіленген бірінші болып мазмұнынан кейінгі бет болып саналады. Беттің рет нөмірі беттің төменгі жақтың ортасында қойылады. Титулдық бет, күнтізбелік жоспар (Қосымша 2 қараңыз), күнделік (толығымен) (қараңыз Қосымша В), мінездеме, мазмұны, қосымшалар нөмірлеуге қосылады, бірақ олардың беттерінде нөмір қойылмайды.
Кестелер, суреттер, сызбалар жұмыстың мәтінінде де, қосымшада да стандартты беттерде орындалуы керек. Міндетті кестелер қаржы-экономикалық мәселелер бойынша жұмыстың бір бөлігі, 8-10 жолдардан артық тұратын кестелерді қосымшаларға орналастыру керек, жұмыстың мәтініне аз көлемді кестелер енгізіледі. Есепке орналастырылған талдау кестелерінің реттік нөмірлері және олардың тақырыбы мен мазмұнын анықтайтын атаулары болуы керек. Кестелерді әдетте сол жақтан, оң жақтан және төменгі жағынан сызықтармен шектейді. Кестені рәсімдеуде «Кесте» сөзі жазылады және «№» белгісіз араб сандарымен реттік нөмірі қойылады, одан кейін атауы беріледі. Әрбір кесте мазмұнды атауға ие болуы керек, оны баспа әріптерімен (бас әрпінен басқа) орындау керек және кесте сөзінен кейін дефис арқылы бір жолда орналастыру керек. Мысалға:
Кесте 3. Шетелдердегі негізгі салықтардың ставкалары
Кестедегі барлық баған атаулары болуы керек: қысқа әрі нұсқа, сөздері қысқартылмауы керек. Онда міндетті түрде өлшем бірліктері көрсетіледі, алынған кезең аралықтары (жылдар, кварталдар, айлар). Егер де кестедегі барлық өлшем бірліктер бірдей болатын болса, онда үтір арқылы кесте атауынан кейін, көрсетуге де болады.
Мысалы:
Кесте 1. Қаржылық тұтқаның шаруашылық тәуекелділігін бағалау үлгісі, млн. теңге
|
Клиент 1 |
Клиент 2 |
Клиент 3 |
Клиент 4 |
|
100 0 0 30 % |
100 100 100 % 30 % |
100 0 0 5 % |
100 100 100 % 5 % |
|
30
0 0
30
30 % 9
21
21 % |
60
20 % 20
40
30 % 12
28
28 % |
5
0 0
5
30 % 1,5
3,5
3,5 % |
10
20 % 20
0
30 % 0
-10
- 10 % |
Қаржылық тетіктің тәуекелділігі |
||||
Егер де барлық көрсеткіштердің өлшем бірліктері әр түрлі болатын болса, онда олар сәйкесінше бағанға қойылады. Мысалы:
Кесте 1. 01.01.2003 ж. ҚР қаржылық жүйесінің құрылымы
Қаржылық институттар |
Активтердің көлемі, млн теңге |
Актердің көлемі, млн. доллар |
Активтердің көлемі, процентен жалпыға |
БВУ Зейнеткерлік қорлар Сақтандыру қорлары Басқа да ұйымдар |
595440 149916,746 8382 70893,042 |
48,68 1019,35 56,99 482,03 |
56,2 14,1 0,79 6,6 |
Кестеге дейінгі оның атауы да, кестеден кейінгі мәтіннің де алшақтығы одан бір интервалға тең болуы керек. Кестенің нөмірленуі бүкіл жұмыс бойында, қосымшаларының кестелерінен басқа, мәтін бойынша араб сандарымен белгіленуі тиіс. Кестенің нөмері тараудың рет санын көрсетуі мүмкін. Мысалға, бірінші бөлім кестесінің нөмірі – 1.1, 1.2 т.с.с. екіншісіне сәйкесінше – 2.1; 2.2
Егер де кесте бір бетке сыймаса, онда келесі бетке жалғастырып, ең жоғарғы жағында мысалға «2.1 кестесінің жалғасы» деп қойылады немесе 2.1 кестесінің аяқталуы (кесте бағандарында бос орын қалдыруға болмайды). Сонымен бірге, кестенің бір бөлігін келесі бетке ауыстыру кезінде, кестенің аяғындағы көлденең сызықшасы қойылмайды. Егер де мәліметтер болмаған жағдайда, «жоқ» деп немесе сызықша қойылады, сандар үтірмен ажыратылмайды. Мәтіннен қарағанда, кестенің ішіндегі шрифті өзге болуы мүнкін.
Есепте көрнекіліктер пайдаланылуы мүмкін. Көрнекіліктер ретінде фотолар, суреттер, сызбалар пайдаланылуы мүмкін. Көрнекіліктерді оларды айтылған беттен кейін қойған жөн. Көрнекіліктердің барлығында сілтемелері болуы керек. Көрнекіліктер керек кезінде атаулар және түсіндірмелі мәліметтер де болуы мүмкін. «Сурет» сөзі түсіндірмелі мәліметтерден кейін жазылуы тиіс. Мысалы, «Сурет 8. Салықтық бақылаудың формаларының сыныптамасы». Көрнекіліктерді бүкіл есеп бойында араб сандарымен нөмірлеу қажет. Есептегі көрнекіліктерге сілтеме жасау үшін, егер де жалпылама нөмірлену кезінде болса: « ... 8 суретке сәйкес» және тек бөлімдерге байланысты болса, келесідей « ... 1.2 суретке сәйкес».
Жұмыста жиі әртүрлі формулалар қолданылады. Формула құрамындағы белгілер мен сандық коэффициенттер мәндері тікелей формула астында келтірілуі керек. Әрбір белгінің мағынасы олар формулада келтірілген ретімен жаңа жолдан беріледі. Оның мәнін ашу бірінші жолы «мұндағы» сөзінен кейін қос нүкте қойылмай, басталады, мысалы:
ССТ= ЖЖТ – ТШ, (2.1)
мұндағы ССТ –салық салынатын табыс, теңге;
ЖЖТ – жылдық жиынтық табыс, теңге;
ТШ – тағайындалған шегерімдер, теңге.
Формулалар биіктігі 2,5мм кем емес сызбалық шрифтпен жазылуы керек. Егер есептегі формулалар бірден көп болса, барлық формулаларды бөлім аумағында араб сандарымен нөмірленеді, формула нөмірі нүктемен бөлінген бөлім нөмірі мен формуланың реттік нөмірінен құралады. Нөмірді беттің оң жағынан домалақ жақшадағы формула деңгейінде көрсетеді. Формулалардың нөмірленуіне жол беріледі.
Мәтіндегі формула нөміріне сілтемелер домалақ жақшаларда беріледі, мысалы: «(2.1) формуласында ...», екінші бөлімнің бірінші формуласы.
Тақырыптың неғұрлым толық бейнелеуде және жұмыстың ыңғайлылығы үшін қосымша сипатқа ие болатын ҚОСЫМШАЛАРДЫ қолдануға болады. Қосымшалар құрамына: үлкен форматтағы кестелер, графикалық материал, диаграммалар, суреттер, есептер, ЭЕМ –де шығарылатын есептердің бағдарламалары мен алгоритмдерді сипаттау және есепті толықтыратын басқа да материалдар кіреді. Олар жұмыстың келесі беттерінде келтірілген жұмыстың жалғасы ретінде рәсімделеді және жұмыстың жалпы нөмірленуіне кіреді. Жұмыс мәтінінде міндетті түрде қосымшаларға сілтемелер жасалуы керек. Қосымшалараның реті мәтінде оларға сілтеме жасау ретіне байланысты орналастырылады.
Әрбір қосымшаны жаңа беттің ортасынан «ҚОСЫМША ...» сөзінің жазбаша әріптерінен және оның белгіленуінен бастау керек, мысалы – «ҚОСЫМША А». Қосымшада жеке жолмен жазбаша әріппен мәтінге симметриялы (ортасынан) жазылатын атауы болуы мүмкін. Қосымшаларды орыс алфавитінің бас әріптерімен Ё, И, Й, З, О, Ч, Ъ,Ы, Ь, Щ әріптерінен басқа әріптерімен белгілейді. Я әрпінен кейін қосымшаларды араб сандарымен белгілейді.
Жұмыстың соңғы бетіне студенттің және оның ғылыми жетекшісінің қолы қойылады.
Аяқталғаннан кейін есеп тәжірибе жетекшісіне тексеруге тапсырылады, ол оны тесергеннен кейін кафедрада құрастырылған кесте уақытына сәйкес қорғауға жіберіледі. Есеп талаптарға сәйкес болмаған жағдайда қайта өңдеуге жіберіледі. Есепті қорғау арнайы құрылған комиссия алдында жүзеге асырылады.
