Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХІХ-ХХ ғ.ғ. ағартушы философиясының қалыптасуы...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
339 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Дала әр түрлі қайта құру шараларын өткізуге дайын емес еді. Ағартушылар отарлаушы әкімшіліктің қазақтардың сұранысы мен қажеттіліктеріне ықыласпен қарауға қол жеткізуге тырысты, олар білімді және өркениетті орыс сияқты халқы бар үкіметтің өзінің әрекеттерінде қамқорлықты қажет ететін елдердің прогрессивті дамуынан өзге мақсаттарды көздемейтініне шын жүректен сенді. Бұл сенім олардың Қазақстандағы патша үкіметінің өкілдеріне әр түрлі сұраныстар жіберіп отыруға түрткі болды. Амал не, халық өмірін жақсарту үшін күрестің бұндай түрі қазақтардың қоғамдық-саяси құрылысының мәнді өзгерістеріне қол жеткізсек деген үмітінің ақталмауына алып келді.

Ізгі өнегелерін сақтаған халық мәңгі жасайды, ал өнелілігін жоғалтқан халық жоғалды деген анық, әрі дана пікірді мойындаймыз.

Қазақ ағартушылығының ерекше белгісі- оны феодалдық құрылыс дағдарысының өнімі ретінде емес, ол қазақ даласының Ресейге қосылу салдарының идеялық бейнесі ретінде көрінуі.

Өзіндік идеялық мазмұны жағынан еуропалық және ресейлік ағартушылықтан ерекшелігі, ол нашар дамыған халықтың ғасыр бойы артта қалу мәселелерін шешудің теориялық жақтарын қарастырды. Қазақ ағартушылары ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан жағдайында қазақтарды әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуға итермелеудің жалғыз мүмкіндігі- орыс өркениетімен қоян-қолтық араласу деп тұжырымдадыжәне де кез келген соған дәнекер болып, көмек көрсетуге тырысты.

Ағартушылық дәуірдегі болашық қоғамдық құрылыс мәселесіне байланысты қазақ ойшылдарының идеалы батыс ағартушылары өкілдерінің идеалымен сай келмеді. Батыс ағартушылары өз сенімдеріне қарамастан қоғамының сұранысына жауап беретін буржуазиялық құрылысты объективті идеализацияласа, қазақ ағартушылары барлық мүшелері сауаттандырылған, толық еркіндік пән әділдік және адамдардың өз елінің саяси өміріне толық араласуын қамтамасыз еткен, білімге негізделген қоғам және демократиялық тәртіп орнату үшін күресті.

Ағатушылардың ойынша қазақ халқының артта қалуының басқа да себептерінің барлығын бір өзі анықтайтын ең маңызды кемшілігі-халықтың түк білместігі, оның мәдениетінің төмен деңгейде екендігі, онда өркениеттіліктің ең қарапайым атрибуттарының да жоқтығы болды.

Ақырында, қазақ ағартушыларының батыстық ағартушылардан айырмашылығы қанауды қатаң сынға алды. Бұл орайда Қазақстанның ағартушылары әлемдік ағартушылық ойдың дамуына теңдесі жоқ үлес қосты.

Ізгі өнегелерін сақтаған халық мәңгі жасайды, ал өнегілігін жоғалтқан халық жоғалады деген анық, әрі дана пікірді мойындаймыз.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Бейсенов Қ.Ш. Философия.-Шымкент: Нұрлы бейне, 2005-372 б.

  2. Қазақ ағартушыларының философиясы. Жиырма томдық. 10-том. –Астана: Аударма, 2007 .-472 б.

  3. Философия тарихы. Жиырма томдық. 14-том.-Астана:Аударма, 2006.-488 б.

  4. Ғабитов Т. Философия.- Алматы:Раритет, 2004.- 392 б.

  5. Алтай Ж. Қасабек А. Мұхамбетәли. Философия тарихы. –Алматы: Жеті Жарғы, 1999- 288 б.

  6. Алтаев Ж., Ғабитов Т., Қасабеков А. Философия және мәдениеттану. – Алматы: Жеті Жарғы, 1998.- 272 б.

  7. Нұркеева С.С., Нұрбеков С.Ж., Қашқаров Л.О. Өзін-өзі тану.- Алматы: Бөбек, 2007.-322 б.

  8. Ақшолақов Т., Жұманова Т., Қалиев С., Дүйсебаев С.- Алматы: Мектеп, 2005.- 376 б.

  9. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия.- Алматы: Білім, 2001.- 328 б.

  10. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия.-Алматы: Эверо, 2004.-388 б.

12