Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tasilova_Aynura_ainura_stom_mail_ru.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
395 Кб
Скачать
☆

I типі -бекітуші(лютинг)цементтер

II типі-қалпына келтіруші(реставрациялық)цементтер

-эстетикалық реставрациялар үшін

–жүйелі реставрациялау үшін

III типі-төсемдік (лайнинг)цементтер

Соңғы кезде тағы ШИЦ-тердің бір тобы шығарылды,олар түбір өзектерін пломбылауға арналған.

ШИЦ-тің I типі

Өкілдері:

Aquacem(Dentsply фирмасы)

Fuji I(GC фирмасы)

Ketac-Cem(3M-Espe фирмасы)

Ionofix(Voco фирмасы)

Ionisit

Бұл топ цементтердің салыстырмалы белгілері шыны бөлшектердің кішірейген көлемі,сұйықтық пен ұнтақ арасындағы қатынастың төмендеуі,ұзақ жұмыс уақыты болып табылады(цементті араластыру және салу орта шамамен 2,5-3 минут алады).

ШИЦ-тің II типі

Реставрациялық ШИЦ-тер тістердегі ақауларды қалпына келтіруге арналған.Олардың ерекшелігі-бұл жоғары беріктілік пен басқа топ өкілдерімен салыстырғандағы ерігіштігінің төмендеу болуы.Қатаю уақыты орта шамамен 3-7 минутқа созылады.

Эстетикалық реставрациялар үшін

Өкілдері:

Ketac-Fil(3M-Espe фирмасы)

Ionofil(Voco фирмасы)

Fugi-II(GC фирмасы)

Алюминий оксиді мен кремний оксиді арасындағы қатынастың кремний оксиді жағына өзгеруі,сонымен қатар бұл топ цементтер құрамына арнайы дисперсиялы шынының кіруі материалдың эстетикалық қасиеттерін жақсартады,соның ішінде,олардың мөлдірлігін,бірақ та беріктілікті төмендетіп,оларды үлкен жүктемеге жүгінетін жерлерде қолдануды қажет етпейді,және біршама қатаю уақытын ұзартады.

Жүктелген реставрациялар үшін

Өкілдері:

Ketac-Molar(3M фирмасы)

Kavitan(Spofa Dental фирмасы)

Fugi-IX(GC фирмасы)

Бұл топтың шыныиономерлі цементтері жеткілікті түрде берік және оларды реставрацияның негізі ретінде қолданғанда қышқылмен өңдеуге болады ,егер материал қабатының қалыңдығы 1мм-ден көп болмаса.

ШИЦ-тің III типі

Төсемдік(лайнингті) ШИЦ амальгамадан қойылған және композиттік пломбалық материалдар астына төсем ретінде қолданылады.

Өкілдері:

Aqua Ionobond(Voco фирмасы)

Ionobond(Voco фирмасы)

Base line(Dentsply фирмасы)

Түбір өзектерін обтурациялауға арналған ШИЦ-тер

Әр түрлі модификациядағы штифтермен бірге қолданылады.

Өкілдері:

Ketac− Endo Aplicap(ESPE фирмасы) Endion(Voco фирмасы) Endo−Jen(Jendental фирмасы) Endoseal(Promedica фирмасы)

Стиодент(ВладМиВа фирмасы)

Металл құрамдас ШИЦ-тер

Бұл материалдар “керметтер”деген атауға ие болды.Күміс бөлшектерін енгізу цементтің қаттылығын,оның қажалуға тұрақтылығын жоғарылатады,материалдың беріктілік қасиеттерін ,оның тығыздығын жақсартады,кеуектілігін төмендетіп,рентгеноконтрастылығын қамтамасыз етеді.

Өкілдері:

Argion Molar(Voco фирмасы)

Chelon Silver(3M фирмасы)

Miracle mix(GC фирмасы)

Alpha Silver(DMG фирмасы)

ШИЦ-терді қолдануға көрсеткіштер:

  1. Тұрақты тістердің III және V класс бойынша тісжегі қуыстарын пломбылау

  2. Тұйық тесіктерде I класс тісжегі қуыстарын пломбылау

  3. Уақытша тістерде барлық кластағы тісжегі қуыстарын пломбылау

  4. Тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларын пломбылау

  5. Түбір тісжегісі кезінде тісжегі қуыстарын пломбылау

  6. Тұрақты тістерді мезгілінен кеш уақытша пломбылау

  7. Фиссураларды герметизациялау

  8. ART-әдісін қолданып тісжегіні емдеу

  9. Тоннельді егеп-тазалау техникасын қолданып тісжегіні емдеу

  10. Қызылиекотыруы кезінде сауыттардың жиектік ақауларын толтыру

  11. Сэндвич-техниканың жабық әдісін қолданғандағы дентиннің орынбасуы

  12. Сауыты қатты бұзылған кезде тіс тұқылын протездеу алдында реконструкциялау

  13. Композиттік материал,амальгама және керамикалық салмалар астына төсемдік материал ретінде қолдану.

  14. Салмалар,жасанды сауыттар,көпіртәрізді протез бен ортодонтиялық аппараттарды бекіту

  15. Металл штифтерді түбірішілік бекіту

  16. Түбір өзектерін гуттаперчалы штифтермен пломбылау

  17. Түбір ұшы резекциясын жасағанда түбір өзектерін ретроградты пломбылау

  18. Түбір қабырғасы мен тіс қуысы табанының перфорациялары кезінде оперативті және оперативті емес жабу.

Шыныиономерлі цементтермен жұмыс істеу қағидалары