Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
709 Англия. Кромвельдің протектораты.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
75 Кб
Скачать
☆

Индепенденттік республика және Кромвельдің протектораты

1649 жылы патшаны өлтірілген соң парламент Англияны республика ретінде жариялады. Лордтар палатасы жойылды, ал қауымдар палатасы өздерін жоғарғы биліктің иесі ретінде жариялады. Атқарушы жоғарғы орган ретінде Мемлекеттік кеңес құрылды.

Индепенденттер мен левеллерлердің арасында бұл оқиғаларға дейін бекітілген “Халықтық келісімде” келесі әрекеттер мақсаттар ретінде көзделді: Ұзақ парламентті тарату, барлық ер адамдардың қатысуымен жаңа сайлауларды ұйымдастыру, барлығының заң алдындағы теңдігі және т.б. Алайда, Кромвель үшін “Халықтық келісім” әрекеттердің шынайы бағдарламасы емес, айлалық мойынұсыну болып табылды. Мұны білген левеллерлер бірнеше әскери бөлімдердің қолдауымен көтеріліс бастады. Бірақ, Кромвель көтерілісті басып тастады. 1653 жылы парламенттен қолдау таппаған Кромвель оны таратып жіберді.

1653 жылдың соңында О.Кромвельдің диктатурасын нығайта түскен “Басқару қаруы” атты конституция қабылданды. Бұл актіге сәйкес жоғарғы заң шығару билігі лорд-протектор мен бір палаталы парламентке тиесілі болды. Атқарушы жоғарғы билік лорд-протектор мен құрамында 13-тен 21-ге дейін мүшесі бар Мемлекеттік кеңеске берілді. Кейінірек Кромвель парламентті шақыруды тоқтатты және Мемлекеттік кеңестің мүшелерін өз қалауы бойынша тағайындайтын болды. 1657 жылы парламенттің жоғарғы палатасы қалпына келтірілді. Осылай, Кромвельдің өзіндік диктатурасы революциялық көтерілістерді басып тастады — мемлекетте республиканың орнына монархияға ұқсас жалғызілікті билік орнады.

Революция және оның салдары

Жаңа патша ІІ Яков (1633-1701) буржуазияға қарсы саясатты жүргізді, сөйтіп, парламент вигилармен біріге отырып (парламенттің құрамында негізінен торилар болатын), “революцияны” жүзеге асырды. 1689 жылы таққа Нидерланды штатгальтері Вильгельм Оранский (1650-1702) отырды. Осы кезден бастап Англияда конституциялық монархия түбірімен орнады. Жаңа патша, таққа отырған соң, “Құқықтар туралы биллді” бекітті, оның негізгі мәні парламенттің заңнама саласындағы үстемдігін бекітуде болды. Алайда, патшада парламенттің заң жобаларына абсолюттік вето құқығы сақталып қалды.

1701 жылы конституциялық заң — “Тақты мұрагерлікке алу туралы заң” қабылданды. Бұл заң екі маңызды ережені орнықтырды: контрассигнатура ережесі, оған сәйкес, патшаның заң шығару актілері тек министр бекіткенде ғана күшіне енетін, және соттардың ауыстырылмайтындығы еді.

2 Хvіі ғасырдағы Англия

Парламент екі палаталы болды: жоғарғы палата (лордтар палатасы), өз орнын мұрагерлік бойынша, немесе лауазымы бойынша, немесе патшаның тағайындауы бойынша иеленген тұлғалардан құралды; төменгі палата (қауымдар палатасы), сайлау құқығының негізінде құрылды.

1710 жылы арнайы заң қабылданды, оған сәйкес, жылжымайтын мүліктен селолық жерлерде 500 фунт стерлинг, қалалық жерлерде 300 фунт стерлинг табыс табатын тұлғалар ғана парламентке сайлана алатын. 1707 жылы патшаның вето құқығы тоқтатылды, сөйтіп, заң шығару билігі толығымен парламентке тиесілі болды. 1716 жылы парламенттің төменгі палатасының өкілеттіктерінің мерзімін 3 жылдан 7 жылға ұзартқан заң қабылданды. Осы кезде министрлер кабинеті — мемлекеттік құрылымда ерекше орынды иеленген орган құрылды, себебі, бұл орган патшаның атқарушылық билігін шектейтін болды.

Патшаның министрлер кабинетіне әсер етуін әлсіреткен маңызды ереже болып патшаның жоғарғы мемлекеттік лауазымды тұлғаларды тағайындау және қызметінен босату құқығын шектеу табылды, бұл парламент пен саяси партиялардың күшеюіне алып келді. Патша парламенттік көпшіліктің көзқарасымен санасуға мәжбүр болды. Мысалы, 1727 жылы ІІ Георг 1721-1742 ж.ж. премьер-министрді қызметінен босатты, алайда, бұл әрекетті парламент қолдамаған соң оны қайтадан билікке шақыруға мәжбүр болды.

Патшаның министрлер кабинетіне қатысты билігінің әлсіреуімен қатар парламент тарапынан бақылау күшейе түсті. ХVІІІ ғасырдың ортасында мынадай маңызды қағида қалыптасты: министрлер кабинеті парламенттен қолдау тапқанда ғана билік басында болатын. Құрамына парламенттік көпшіліктің (партияның) бетке ұстарлары кірген кабинетке парламент тарапынан қолдау қамтамасыз етілетін. Осылай, кабинет партиялық негізде құрылатын болған. Үкіметтің құрамына кірген парламенттегі партияның лидерлері қауымдар палатасының алдында ұжымдық түрде жауапкершілікте болатын. “Жауапкершілікті үкімет” — ХVІІІ ғасырдың соңындағы Англияның парламенттік жүйесінің айрықша белгісі болған.