- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
- •Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Базистік сұрақтар
- •Формулаларды құрастыру және енгізу
- •Суммаларды есептеу (автосуммалау).
- •Функцияны қолдану
- •Сурет 1 Лентаның «Формулы» қаптамасынан функция таңдап алудамыз
- •Формулармен жұмыс жасауда пайдалы Байланысқан ұяшықтарды көрсету.
- •Сурет 3 Қажетсіз стрелкаларды жасыру
- •Диаграмманы редактрлеу.
- •Диаграмманың орнын ауыстыру.
- •Диаграмма өлшемдерін өзгерту.
- •Жазбаларды редактрлеу.
- •Диаграмманы өшіру.
- •1. Шаблон құру.
- •2. Емтихандық ведомость құру.
Суммаларды есептеу (автосуммалау).
Кестелерді құрастыру кезінде суииалау операциясы жиі қолданылады. Суммалау үшін функциялар мастерін қолдануға болады, басқа да жолы бар: келесі әрекеттер тізбегін орындайды.
Сумма орналасуы қажет ұяшықты белсенді ету
Саймандар панеліндегі Автосумма батырмасын басу.
Суммалау диапазонына сәйкес келетін ұяшықтар блогын тышқан нұсқағышының көмегімен белгілеу.
Enter пернесін басу.
Нәтижесінде белсенді ұяшықта сумма есептеледі.
Функцияны қолдану
Жоғарыда қарастырғанымыздай қарапайым арифметикалық есептеулерден басқа Excel – де өзінің функциялары да бар. Осыған байланысты Excel бағдарламасының есептеу мүмкіндіктері артады.
Осы функцияларындың ішіндегі ең көп қолданылатыны қосындылау функциясы – СУММ. Стандартты аспаптар панелінде осы функцияда ғана жеке батырма бар – Автоқосынды (Автосумма) батырмасы. Автоматты түрде қосындылау ағымдағы ұяшықтың немесе сол жағындағы ауқымды қамтиды. Автоматты түрде таңдалынып алынған ауқымды қайтадан өзгертіп, функцияның қосымша параметрлерін беруге болады. Қортындылау есептеулеріне арналған басқа функциялар Функцияларды өзгерту батырмасы немесе Функциялар шеңбері арқылы алынады. Бұл функциялардың қатарына ДИСП (дисперсия), МАКС (ауқымдағы ең үлкен сан), МИН (ауқымдағы ең кіші сан), СРЗНАЧ (ауқымдағы сандардың арифметикалық ортасы), СЧЕТ (ауқымдағы мәндері бар ұяшықтар саны) және т.б. жатады. Көптеген экономикалық есептерді жеңілдету үшін функциялар қолданылады. Функциялар y = f(x) түрінде жазылады, мұндағы х – функцияның аргументі, ал у – функцияның мәні, f – функция. Функцияларды қолдануға мысалы қарастырайық: С7 ұяшығында АВС(А7) + LOG(В7( формуласын есептейік). Мұндағы А7, В7 – ұяшықтарға салыстырмалы сілтемелер; АВС(А7) – А7 ұяшығындағы мәннің абсалютті шамасын есептейтін функция; LOG(В7) – В7ұяшығындағы мәннің логарифімін есептейтін функция. Excel програмысында қолданылатын стандарт функциялар тізімі: • SIN, COS, TAN – тригонометриялық функциялар; • ASIN, ACOS, ATAN – кері тригонометриялық функциялар; • МАКС, МИН, СРЗНАЧ – массивтерге қолданылатын функция; • LN, LOG, LOG10 – натурал, жай ондық логарифмдер; • КОРЕНЬ – кватрад он түбірді анықтайтын функция; • ЕСЛИ, И, НЕ, ИЛИ, ЛОЖЬ – логикалық функциялар; • ЗАМЕНИТЬ, НАЙТИ, КОДСИМВ, ЛЕВСИМВ, ПОВТОР- мәтіндік функциялар. Бұл тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады, өйткені олардың саны өте көп. Ұяшықтағы мәліметтерді қорғау. Excel програмасында бүкіл жұмысы кітабын кез-келген парақты немесе ұяшықты қайсыбір көлденең жағдайлардан, сақтап қоюға болады. Мәліметтерді қорғап қою оны өзгерістерден қорғау қасиетін алып тастағанға дейін сақталады. Әдетте жиі өзгермейтін мәліметтер ( есептеу формалары, кестенің тақырыптары, ұяшықтың аттары) ғана өзгертуден қорғалуы тиіс Мәліметтерді қорғау екі бөліктен тұрады: • өзгертілуге тиіс ұяшықтардың бұрынғы қорғау қасиеттері алынады; • ағымдағы парақа немесе оның кейбір ауқымдарына қорғалу қасиеті енгізіледі. Бұдан кейін тек қорғалу енгізілген ұяшықтар мен ауқымдарға ғана мәліметтер енгіземіз. Бұл функцияларды 1 суреттен таңдай аламыз.
