Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тунгишбаева ткн.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
44 Кб
Скачать
☆

Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы

Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан түрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.

Қоршаған ортаға қосылып жатқан көптеген химиялық заттардың ішіндегілердің ең зияндыларының бірі ауыр металдар. Биосфераның жылдан-жылға артық ластануымен байланысты ауыр металдардың таралу себептерін біліп, олардың мөлшерін анықтап тоқтату жолдарын білген жөн. Өнеркәсіптің ауылшаруашылығының және көліктің дамуы, қалалардың шоғырлануы, жер бетіндегі геотехникалық өзгерістер, ғарыштық және әлемдік мұхитты игеру — осы аталғандардың бәрі жергілікті, аймақтық және жаһандық көлемде табиғи жағдайлардың өзгерістеріне әкеледі.

Түрлі-түсті металлургия атмосфералық ауаны жэне су айдындарын, топырақты, өсімдіктерді түрлі-түсті металдармен, басқа газ тәрізді және ерігіш қосылыстарымен ластаушылардың көзі болып табылады. Осы ластауыштардың орналасқан аудандарында топырақ жэне өсімдіктерде улы элементтердің жоғары концентрациясы табылатын, радиусы ондаған километрге жететін жасанды биохимия провинциялары қалыптасады.

Металлургия зауыттарының жэне жылу электростанцияларының әсер ету аймағында қорғасынның, кадмийдің, мырыштың, никельдің және басқа элементтердің мөлшері орталық аудандармен салыстырғанда жемістерде 1,5-3,5 есе жоғары.

Қоршаған ортадан улы заттар адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы, тері, сондай-ақ ас қорыту жолдары арқылы түседі. Соның нәтижесінде элементтер мүшелер мен ұлпаларға жинақталады. Кадмийдің жоғары мөлшері бүйректе жинақталатыны анықталған.

Қазіргі кезде осы ластаушылардың тек жеке зат алмасу үрдістері, ағзаның иммундық және ферменттік жүйелеріне ғана емес, сондай-ақ тұрғындардың жалпы ауруларының артуына да қолайсыз әсеріне жүргізілген зерттеулері көп. Т.Е Науменконың зерттеулері бойынша тыныс алу мүшелерінің ауруына, әсіресе атмосфералық ауанының ластануы әсер етеді. Түрлі-түсті металлургия өндірістік өнеркэсіптік аудандардағы зерттеулер ауаның металл аэрозольдармен ластану деңгейі нәтижесінде адамдардың жүйке жүйесінің ауруы жэне бүйректің қабынуы арасында байланыс бар екендігі анықталды. Атмосфералық ауаның қорғасынмен, хроммен, никельмен, кадмиймен жэне басқа ауыр металдармен ластануы тұрғындардың ауруын 40-60% -қа арттырды.

Қазіргі кезде таралуы жағынан да, әрекет етуі жағынан да қоршаған ортаны негізгі ластаушылар қатарына қорғасын, кадмий, сынап, мыс, мырыш, никель, хром жатады.

Қазіргі өндіріс жұмыстарымен байланысты ауыр металдардың көп таралуы глобалдық проблемаға айналды. Бұны шешу үшін табиғи ортаны сақтау жұмыстарын жүргізу қажетті болып табылады.

Ауыр металдардың қатарына Менделеев таблицасындағы 40-тай химиялық элементтер кіреді. Осы элементтердің көбі микроэлементтерге жатады. Азғантай мөлшерде тірі организмдерге қажетті организмдердегі ақуызбен ферменттердің кешеніне кіріп, олардың жұмыстарын белсендетеді. Ең қауіпті түрі сынап, қорғасын, кадмий. Агроланшафттарда көп кездесетін түрі цинк, қорғасын, сынап және хром. Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануымен өсімдіктердің өнімі төмендейді. Қалыптасқан фитоценоз бұзылады. Адамның тіршілік ортасының сапасы төмендейді. Сонымен бірге адамның ішетін суымен, жейтін тамағы сапасы төмендейді. Кей жағдайларда өсімдіктердің өнімі жоғары болғанымен (оның ішіндегі ақуыз, май, витаминдер жеткілікті болса да) өсімдіктерде ауыр металдар жиналып, адам өмірімен жануарларға қауіп төндіреді жэне олар бірден байқалмайды.