[Өңдеу]Өрт сөндіру құралдары
Өрт
сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:
қол
көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм
салынған жәшіктер, асбест жабындары,
өртке қарсы құрал-саймандары бар
тақталар; химиялық көпіршікті от
сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер;
көміроттекті отсөндіргіштер; хладонды
отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер);
өртке
қарсы жүйелер (сумен
жабдықтау жүйелері; көпіршікті
генераторлар; автоматты сигнал беру
құралдарын қолдану арқылы автоматты
өрт сөндіру жүйелері).
Кез
келген объектілерді эксплуатациялауды
(туристік фирмаларды, қонақ үйлерді,
демалыс базаларын) бекітілген нормативті
құжаттар талаптарына сай қатаң түрде
жүзеге асыру қажет.
Барлық
қоғамдық және өндірістік ғимараттарда
нақты көрсетілген кедергісіз тез шығуға
кепіл беретін апатты жағдайларда шығатын
жерлер болуы тиіс. Есіктер іш жағынан
ашылуы керек. Бұл жерлерде кедергі
келтіретін бөгде заттар мен отқа жанғын
материалдар болмауы керек. Бұдан басқа
да құтқару жолдары қарастырылуы жөн
(мысалы, сыртқа шығатын сатылар мен
шатырға шығатын жерлер). Өрт кезінде
ешқашан лифтті қолдануға болмайды.